жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.
жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дұрыс.
Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан Д. азшылықтың көпшілікке бағынуы жататын. Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау, онымен санасу керектігі мойындалды.
Қазіргі Д. процесте мынадай Д. рәсімдер де қарастырылған: барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердің болуы, тізім бойынша сайламау, Д. үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т.с.с.
Д. болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр түрлі Д. елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады.
Қорыта десек, Д. деп – халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.