Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық болып бөлінеді.
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға қатысына қарай саяси партиялар билеуші және оппозициялық болып бөлінеді.
Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуіне байланысты партияларды ресми, жартылай ресми, құпия деп жіктейді.
Партиялық жүйе деп мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси партиялар жиынтығын айтады.
Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.
Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның “бөлшектену”, “бөлектену” деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады: 1) бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған ұйымы; 2) бір партияның ішінде өзіндік бағыты, құрылысы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шықпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай азшылықтың құқы бұрмалаған кезде дүниеге келуі мүмкін.