Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің біріне либерализм (латынша либералис – еркін деген сөзінен) жатады.
Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.
Либерализмнің қате жақтарын ескерген кейін неолиберализм (жаңарған либерализм) пайда болды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық, бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі негізделді.
Либерализмнің қате жақтарын ескерген кейін неолиберализм (жаңарған либерализм) пайда болды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық, бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі негізделді.
Консервативтік (латынның консервативус – қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келеді. Олар бойынша өмірде әдет-ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері – күшті мемлекет, айқыгн саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді.
XIX ғ. аяғы XX ғ. басында неолиберализм сияқты неоконсерватизм (жаңарған консерватизм) дүниеге келді. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды. Билікке төбе топ, аристократиялық көзқарастар тұрғысынан қарауды бәсендетті.