Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өңдеп, мәдени өзгертіп отырады.
Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты кездейсоқ тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап тапты.
Саяси психология саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады.***
Саяси психологияда адамдардың көңіл-күйін зерттеп, олардың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамды дау-дамай, шиеленістер, адамдар, ұлттар арасында қырғиқабақтық, тіпті егес тудыруы мүмкін.
Ал идеология деп адмдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, философиялық болып келеді. Саяси идеология (с.и.) белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнық-