Саясаттану және әлеуметтану негіздері



бет40/71
Дата31.12.2021
өлшемі0,55 Mb.
#22913
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
Байланысты:
Саясаттану және әлеуметтану негіздеріФ-31-5

Саяси идеология

  • Саяси идеологияның жалпы түсінігі
  • Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағанаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі.
  • Саяси сана мына қызметтерді атқарады:
  • 1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;
  • 2)тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызмет іс жүзінде идеология атқарады;
  • 3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.
  • Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси иделогия атты деңгейлерден тұрады.
  • Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Бұл саяси сананың төмеңгі сатысына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет