Саясаттану Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі. Мемлекет —



бет4/16
Дата31.12.2021
өлшемі59,26 Kb.
#23642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Саяси дағдарыс - қоғамның саяси жүйесінің қызметі мен дамуындағы ерекше жағдай, әсіресе, оған мемлекеттік-биліктік құрылымындағы саяси институттар қызметіндегі түрақсыздық, тепе-теңдікті жоғалту, экономикалық үрдістерді басқару деңгейінің төмендеуі, бұқараның сыни белсенділігінің өсуі сияқты құбылыстар тән.

Қоғамның саяси жүйесі шеңберіндегі ішкі саяси дағдарыстар: 
1) конституциялық дағдарыс (мемлекеттің негізгі заңының қызметін тоқтатуын білдіреді); 
2) өкіметтік дағдарыс (өкімет беделінің жоғалуы); 
3) ішкіпартиялық дағдарыс (саяси партияның жікке бөлінуі).

8. Саяси сана түсінігі, мәні және деңгейлері
Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеяларды, көзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Саяси сана деңгейлері - қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық түрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана стихиялық түрде туындамайды, оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар қалыптастырады.

9. Қорқыт ата, Ж. Баласағұн, А. Яссауидың саяси ойлары мен көзқарастары.
Ойшыл саяси мәселелерге де айрықша көңіл бөлген.Мысалы,мемлекетті орталықтандыру және басқару ,қоғамда әділ заңдардың ,еркіндікпен бостандықтың болуын қалайды.

10. Қазіргі замандағы элитаның концепциялары. В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулыларға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және төменгі (қарапайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші философтарға, әскерлерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. калыптастырды.

Гаэтано Моска (1854—1941) элита теориясын “Саяси ғылым негіздері” (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы бола- тын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады.



11. «Сайлау жүйесі» түсінігі және оның қоғамның саяси жүйесінің дамуындағы рөлі.
Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардыңнемесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет