Саясаттану Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі. Мемлекет —


Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі



бет5/16
Дата31.12.2021
өлшемі59,26 Kb.
#23642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі.

Өркениетті,демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады.Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын,түрлерін,әдіс-тәсілдерін анықтайтын,тәртіпке келтірілген нормалар ,ережелер жиынтығын айтады.Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді ұсынудың тәртібі,процесі және негізгі принциптері,оны ұйымдастыру,материалдық жағынан қамтамасыз ету т.б. шаралар кіреді.Ол азаматтардың саяси құқығын жүзеге асырылуын білдіреді.Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады.Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғанына бақылау жасау мүмкіндігін береді.



12. XIX ғ. Батыс еуропадағы саяси ой-пікірлер.

XVIII - ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында Батыс Еуропа елдерінде өркениеті дамудың негізі қаланды. Оған Ұлы Француз революциясынан кейінгі онеркәсіп төңкерісі себеп болды. Капиталистік қатынастар дамып, буржуазиялық қоғам тарихи сахнаға шықты. Сонымен бірге саяси өмірде буржуазия бостандыққа, прогреске, заңдылықтың болуына ұмтылды. Буржуазияның осы кезеңдегі идеологиясы либерализм болды. Олардың идеологтары Б.Констан, И.Бентам т.б. болды. Либералдар буржуазияның құқы мен бостандығын ең алдымен жеке бас еркіндігін, дербестігіне қолсұғылмаушылығын жеке меншікке еркіндік, мемлекеттің экономикаға араласпауын негіздеп берді. Бұл кезеңдегі либерализмге буржуазияның дамудағы революция мен радикализмнен гөрі байыпты дамитын эволюциялық жолға түсуі байқалды. Оның көрнекті өкілі француз Бенамен Констан (1767-1830 жж.) болды. Ол буржуазияның құқы мен бостандығын қорғап, либералдық саяси тәртіпті жақтады. Сондай-ақ, ол революциялық демократтардың идеологиясын оның ішінде Ж. Руссоның халыққа егемендік беру керек деген теориясына қарсы шығып соны сынады. Ол жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мәселеге де назар аударып, оны либерализм тұрғысынан шешуге тырысады. Халықтардың бостандықтарының ірге тасы олардың жеке құқы, саяси еркіндігі деп біледі. Азаматтық бостандықты мойындамайтын билік тиранға айналып өзінің негізін жояды дейді. Бұдан шығатын қорытынды мынау: саяси билік монархтың ба, әлде халықтың ба қолында болса да бәрібір шексіз болмауы тиіс. Оны болдырмайтын шекара болып жеке тұлғаның құқы есептеледі. Өкіметтің қызмет бабын асыра пайдалануына қарсы күш біріншіден, парламентте шоғырландырылған қоғамдық пікірдің күші болса, екіншіден, билікті бөліп басқаратын, олардың теңдігін қамтамасыз ету деп біледі.
13. Саяси биліктің субъектілері, легитимділігі.

Саяси билiк егер, оны бұқара epiктi келiсiм бойынша қабылдап, оның дeгeндepiнe бaғынса, онда ол заңды билiк деп аталады. Легитимдiлiк саяси билiктiң берiк сипаттaмаларының қатарына жататыны деп тұжырымдаyға болады.

«Легитимдiлiк» терминi aлғашында XIX ғасырдың басында Францияда пайда болды. Ал «билiктiң легитимдiлiгi» (заңдылығы) туралы ұғымды ғылымдa aлғаш рет нeмic әлеуметтанушы әрі саясаттaнушысы Макс Вебер енгiздi. Қазiрде саясаттaну ғылымы бұл терминсiз aлғa баса алмaйды.

Легитимдiлiк ұғымы және бұдан туындайтын легитимация (заңды деп тану) деген сөз өзiнің бастамасын латынның (заңды және зaңдылығы негiздеу) деген сөзiнен алған. Бұл сөздiң түбiрiмен бaйланысты легальділік-ресмилілік (aшық) және легализация деген күнделiктi өмipдe жиi қолданылатын ұғымдардың бiршама басқаша мағынасы бар.

Егер, тек саяси мекемелер мен ұйымдаp ғaнa емес, сонымен бiрге басқа да мекемелер мен ұйымдаp өздерiнiң заңды түрде жұмыс жасау құқығынa ие болyға тиістi бола тұрып, мұндай құқыққа ие болмаса, онда олар ашық-легальдық емес түрде жұмыс жасауына мәжбүр болады.

14. Әлемдік саясат, сыртқы саясат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет