Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет26/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Таптық және тапаралық партиялар дегеніміз не?
2. Қазақстандағы көп партиялық жүйенің қалыптасу мәселелері және оның келешегі қандай?
3. ХХ ғасырдағы қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдарға тоқтал?
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

  2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

  3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.

  4. Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

  5. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

  6. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №9 Саяси режимдер
Сабақтың мақсаты:
Саяси тәртіптің белгілері мен түрлеріне талдау жасау
Негізгі мәселелері:



  1. Саяси режим ұғымы, типтері

  2. Тоталитаризм ұғымы

  3. Авторитаризмнен демократияға өтудің жолдары

  4. Демокартия ұғымы

(Қазіргі Қазақстандағы демократия мәселесі)

Саяси режим деп саяси билік, қоғамдағы басқарудың әдіс –тәсілдер жиынтығын, азамматтардың құқықтары мен еркіндіктерін демокртиялық дәрежесін айтады.





Саяси режим:




Антидемократиялық



Демократиялық

Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді щещуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік – саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Саяси өмір демократиялық негізде кең өріс алады. Саясат мәселелері ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтіндей тетік жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқындалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Сонымен қатар демократиялық тәртіп мынадай белгілермен сипатталады:



  1. Адал, шынайы сайыс арқылы. Жүйелі түрде өткізілетін сайлау. Ол амал-айласыз, қулық-сұмдықсыз жүргізілсе, және оның шынайы өткізудің жолы табылғанда ғана адал болады. Егер мемлекеттік билік бір партияның қолында болса да сайлау адалдыққа жатпайды. Шынайы сайыс арқылы дегенде өзінің кандидатурасын еркін ұсынуға мүмкіндігі бар әр түрлі топтар мен жеке тұлғалар болуын айтады. Егер бір топтар қатысып, екіншілері қатыса алмайтындай болса, ондай сайлау жарыс арқылы өтпегені. Жүйелі түрде деп сайлаудың белгілі бір мерзімде өткізілуін айтады. Үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі. Демократияны қамтамасыз ету үшін сайлаудың жүйелі түрде жүргізілуі жеткіліксіз.

  2. Мысалы Латын Америкасында сайлау жиі болып тұрады, бірақ содан кейін көп ұзамай әскери төңкеріс жасалып, билік басына басқа біреу келіп отырып алады. Бұл дұрыс емес. Себебі үкімет басына сайлау арқылы келу керек.

  3. Демократия және тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Әдетте, демократияға азшыллықтың көпшілікке бағынуын айтады. Бірақ ол аз. Көпшіліктің үкіметі жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың құқығын қорғағанда ғана демократиялы бола алады. Демократиялық режим президенттік және парламенттік болып екіге бөлінеді. Ал антидемократиялық режим тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет