Саясаттану пәні бойынша дәрістер Алматы 2019 мазмұНЫ



бет29/41
Дата25.11.2022
өлшемі191,88 Kb.
#52507
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Саясаттану лекциялар

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1.Қазақстандағы билік түрі қандай?
2. Қазақстандағы қазіргі саяси тәртіп биліктің қандай қорларын пайдаланады?
3. Демократиялық билік қандай белгілерімен сипатталады?
ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Жамбылов Д.А.Саясаттану. Алматы, 2005 ж

  2. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы. Астана, 2000 ж.

  3. Общая и прикладная политология. Под ред. Краснова Б.И. М., 1997.Основы политологии. Курс лекций под ред. Капесова Н.К. //Алматы: “Жеты Жаргы”, 1995.

  4. Политология. Под ред. Т.Т. Мустафина. Алматы, 1994.

  5. Политология. Под ред. Л.А. Байдельдинова Л.А. Алматы, 1995.

Тақырып №10 Қоғамдағы демократияландыру және саяси жаңару
Сабақтың мақсаты:
Демократия ұғымына халықаралық көлемде сипаттама беру, Қазақстан жағдайында демократияның әмбебаптық дәрежесіне, оның әлемдік стандартқа сәйкестігіне тоқталу

Негізгі мәселелері:





  1. Демократия – мемлекеттік құрылыс, формасы мен режимі ретінде.

  2. Демократиялық тарихи формалар: антикалық, классикалық, қазіргі демократияның қазақстандық моделін қалыптастыру, саяси жүйені жаңалау мәселелері.

  3. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.

1. Демократия – мемлекеттік құрылыс, формасы мен режимі ретінде.Демократия мен демография сөзі біздің тілге аударғанда «халықтық билеу» және «халықтың орналасуы» ұғымын білдіреді. Күнделікті өмірімізде осы екі ұғымның мән-мағынасы бір-бірімен жиі қабысып ұштас келеді. Демографиялық процестерге обьективтік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес. Оның соңғы үш жыл ішіндегі тарихын түрлі демографиялық метаморфозалардың, яғни күрт және кілт өзгерістердің кезеңі деп сипаттауға болады. Кезінде олардың Қазақстанның бүгінгі этногрфиялық келбетінің өзгеруіне әкеліп соқтырған этникалық астары тым мол болды. Егеменді ел болып, іргемізді бүіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде болды. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың териториямызда орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді Европалық және Евразиялық мемлекет деп есептеуге болады. Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгірт көріністер туындайын болса оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді. Шығысымызда халқының саны қазақтан 100 еседен астам милиардтан астам Қытай мемлекеті орналасқанын естен шығармауымыз керек. «Қара қытай қаптаса – ақыр заман болады» деп бабаларымыз бұдан 500 жыл бұрын өз ұрпағын ерекше ескерткен. Солтүстігімізде Қазақстан 15 еседен артық «ормандай көп орыс» жайғасқан. «Орыспен дос болсаң – айбалтаң жаныңда болсын» деп бұдан 300 жыл бұрын айтқан екен отаршылдық өктемдіктен әбден мезі болған момын қазақ бабамыз. Республикамызда славян халықтарымен қатар түркі тілдес халықтар сан жағынан айтарлықтай дәрежеде қоныстанған. Олардан араласудан тілімізді байытып, дінімізді берік етеміз, мәдениетімізді өркендетіп, мемлекетімізді күшейте аламыз. Түркі тілдес ұлт өкілдері, нәсілі де, тілі де, мәдениеті де бөтен келімсіктерді арамыздан жылдам ығыстырып шығаруға себін тигізе алады. Жақын арада 3-4 есеге дейін өсім бере алатын шығыс халықтарының саны республикада 1,5 млн. адам. Туған отанымыз Қазақстанның бүкіл Евразия құрлығындағы нағыз демократиялық өркениетті, жан-жақты дамыған, жетілген елге айналары анық. Бұл кезеңдерде қазақ халқының алғашқы ұлттық мемлекеттегі қазақ хандығы құрылып, орнықты Алаш ұлысы қазақ ұлты болып қайта қалыптаса бастады. Ұлттық ынтымақтықтың нәтижесінде сол тарихи кезеңде қазақтар саны жағынан тез өсіп, өзінің ата-мекенін толық игеріп үлгерді. Ортақ ұлттық тіршілігіміз – халықтық демографиялық өмірбаянымыздың жемісті де жеңісті өсу қарқыны басталды. Алда тосып тұрған жауапкершілік пен отаршылдық сияқты әртүрлі тарихи қиыншылықтар мен сан қилы әлеуметтік апаттарға қарамай, осы өткен 525 жылдың ішінде біздің санамыз 10 есеге жуық өсе алған. Біздің жыл санауымызға дейін, яғни осыдан 2000 жыл бұрын қазақ халқының құрамына енген түркі тілдес ру-тайпалар саны 200 мың адамға жеткен. Қазақ халқы сәтті өсіп келе жатқан кезінде алғаш рет қатты жауапкершілікке ұшырар «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарына тап болды. Осы екі жылдың қияметті кезең халқымыздың тірнектеп 258 жыл бойы жинаған санының жартысын жоқ етіп, оны демографиялық деңгейі жағынан 128 жылғатөмен түсіріп тастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет