Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


  Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45
6. 
Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, 
Платон, Аристотель, Цицерон). 
Платон б. з. б. 427-347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты Аристокл. Жасында 
спортпен көп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең 
болды. Сондықтан оны Платон (кең жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол 
адамзат тарихында мәңгілік қалды. Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. 
Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті 
болды. Ол қаза болғаннан кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін 
Афиныға келіп өз мектебін - академияны ашты. Платонның екі жүздей 
еңбектері бар. Олардың ішінде біздің 66 ғылымымызға тікелей қатысы бар 
шығармалары "Мемлекет", "Саясатшы", "Зандар", "Софист", "Парменид" және 
т. б. Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке- дара өтей алмайды. 
Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндірулері, үй салулары және т. т. жасаулары 
керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері 
құрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т. с. с. айналысады. 
Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін өтейді. Осы бірігудің 
арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдарды алаламай
байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қарамай - бәріне бірдей әділ қызмет 
етуі керек. Бірақ бұдан Платон адамдардың бәрін тендестірген екен деген ой 
тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа 
(сословиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп бөлді. Әкімдерге 
фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік 
идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар 
әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер 
(егіншілер мен қолөнер) өмірге керекті қаржыларды тауып, мемлекетті 
материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды. Әр 
топ өзіне тиісті қызметті атқаруы керек. Сонда ғана әділдік орнайды. Бір 
таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы таптарға) өтуге 
болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың. Адамдарды осылай 
жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке жібергісі келмеді. 
Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орнамайды. Сондықтан орта деңгейді 
ұнатты. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. 
Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшы- лықтарды тудыратын 
жеке меншік деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде 


 
жеке меншік пен отбасы болмауын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек 
етулері керек. Сондықтан оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, 
баю жолынан құтқарғысы келді. Сол себепті олардың әйелдері мен балалары 
ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет өз қамқорлығына алуға тиіс. 
Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, 
олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына 
аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық 
билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. 
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын 
шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б. з. б. 384 -322 ж. ж.) болды. Ол 
17 жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп окуға түседі. Оны 
үздік бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң 
біраз елдерді аралады. Б. з. б. 342-340 жылдары Македония патшасы II 
Филиптің шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді 
(Александр Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз 
мектебін (лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде 
кіргізіп, өзі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан. 
Саясаттануға қатысты "Саясат", "Афиналық полития", "Этика", "Риторика" 
деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, 
экономиканы да енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның 
мақсаты - адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу 
деп білді. Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті 
кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет - 
қауымның дамыған түрі, алқауым - отбасының дамыған түрі. Мемлекетке 
адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және 
бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және 
политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) 
жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрыс түрі 
деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, 
билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын 
ойлайтын көрінеді, Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын 
дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу- ызаға 
берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. 
Аристотель Платон айтқан қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті 
жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса : байып немесе шектен тыс 
кедейленіп кетуін құптамады. Себебі, мұндайда қоғамның тұрақтылығы 
бұзылады дей келіп, орта деңгейді дұрыс көрді. 
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. 
Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий 


 
Цицерон (б. з. б. 106-43 жж.) өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Зандар 
туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі. Цицерон 
мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі - адамдардың бірігіп өмір сүруге 
тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды 
дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың 
мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей 
көрді. Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының "мінезі мен 
еркіне" байланысты болады дептүсіндірді. Басқару- шылардың санына қарай 
ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) 
және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының 
өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша 
рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім 
қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық- 
зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) 
даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін 
пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы 
мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық 
билігі зиянды зардаптарға, "тобырдың зорлығы мен есаландығына" әкеліп 
соқтыруы мүмкін. Цицерон мүліктік тендік идеясына қарсы болды, қоғамдық- 
саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады. 
Конфуций саяси доктринасын моральды максималарға негіздендірді, үлгілі 
адам концепциясын жасады. Конфуций айтуы бойынша, үлгілі кдкм 
адамгершілікті, адал, таза ниетті болу керек. Ойшыл идеяларын жанұйя, 
қоғамғкэа, мемлекет ұйымдастыруға байланыстырған. Конфуций (б.з.б 551- 
б.з.б 479) көне қытай ойшылы болып, оның ілімі мен философиясы көне 
Қытаймәдениетіне, сондай-ақ Корей, Вьетнам жәнк Жапония мәдениеттеріне 
үлкен ықпал еткен. Конфуций ел басқарудың “адамгершілікті басқару” 
принципін ұсынды. Басшы адам негізгі шешім қабылдауда тұрақты және адал 
болып, өз халқының жағдайын ойлап тұруы керек деген. Дана адам- 
басқарушысы жақсы біледі. Адамның барлығы абырой мнн байлыққа 
ұмтылады, ал кедейлік пен беделсіздіктен қашады. Жалпы айтқагда, 
Конфуций үшін әлеуметтік дифференциацияны жақтау жәнк қоғам мүшелері 
арасында міндеттерді иерархиялық бөлу сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет