Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет23/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

17. Саяси көшбасшылық түсінігі мен табиғаты, оның әлеуметтік 
функциялары. 
Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе 
белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына 
саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға 


 
қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде 
адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде 
бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы 
қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан 
адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси 
ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны 
айтады. 
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар: 
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 
2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде. 
Саяси көшбасшылықтың жіктелуі - Неміс ойшылы М.Вебер саяси көш 
бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасады. Ол саяси серкелерді 
"бедел" ұғымына негіздеп былай жіктеуді ұсынды: 
1) билік әкеден балаға мирас ретінде қалатын әдет-ғұрып жетекшілігі; 
2) ерекше қадір-қасиеті, қабілетіне (ақылдылығына, батырлығына, т.б.) 
байланысты билік басына келген харизматикалық топ бастар
3) Конституция негізінде сайлау арқылы басшылық орынға келген саяси 
серкелер. 
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі 
құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын 
біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың 
қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси 
бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың 
әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті 
өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз 
байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін 
қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет