Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет24/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

18. Саяси жүйе туралы ұғым. 
Саяси жүйе туралы ұғым “ Жүйе ” ұғымын XX ғасырдың 20 жылдары ғылыми 
айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л. Фон Борталанфи ( 1901—1972 ) . 
Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсе ту үшін 
пайдаланды . Ғалым жүйеге өзара байланыста болатын элементтердің біртұтас 
жиынтығы ретінде қарады . Жүйенің бір элементі өзгеріске ұшыраса , барлық 
тұтастық өзгереді . Жүйе сыртқы дабылдарға және өзінің ішкі элементтерінің 
талаптары на жауап қайтару арқасында дамиды. Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық 
ғылымдарда пайдаланыла бас тады . Социологияда қоғамды жүйелік түрде 
талдаған - Т .Парсонс . Ол қоғамды 


 
өзара байланыста болатын 4 жүйешіктен ( эко номикалык , саяси , әлеуметтік 
және рухани ) тұрады деді . Жүйешіктің әрқайсысы белгiлi бiр кызметті 
атқарады , іштен және сырттан түсетін талаптарға құлақ асып , жауап 
қайтарады . Олар қосылып жалпы қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етеді . 
Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен 
мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық 
пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар 
жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін 
орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. Бұл барлық органдары 
бар мемлекет;қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық 
ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер 
ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т.б.) қоғамдық, ұйымдар, 
сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыратын 
барлық мекемелер. 
19. Саяси жүйенің құрылымы. 
Саяси жүйе құрылымы - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, 
ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда 
тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен 
институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси 
партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады. 
Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін атайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет