Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, 
қызмет етеді: 
1. Жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 
саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі 
деңгей. 
2. Орта буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, 
облыстық, аудандық шенбердегі жергілікті әкімшілік билік кіретін орта 
деңгей. 
3. Адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар 
арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси 
және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей. 
Ал демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару мақсатында, 
мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі деп үш тармакқа 
бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк(1632 - 1704) пен 
француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689 - 1753) болды. 


 
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе 
жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті 
тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және әскермен қамтамасыз 
етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады халықаралық келісім 
шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын 
анықтайды. Конституция атынан оның жұмысына арнайы органдар бақылау 
жасайды. 
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы 
өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің 
бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға 
негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң 
шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды 
бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси 
шешімдер қабылдайды, ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады. 
Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заң бұзушылықтан сақтайды, 
парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялы жарғылардың 
сәйкестігін 
анықтайды. 
Оны 
халық 
немесе 
өкілетті 
мекемелер 
қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз 
жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік 
органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол 
шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне 
жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы 
шағым арыз беруге құқығы жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет