Басқару түріне байланысты билік
монархиялық және
республикалық болып
бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің
қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан,
патша,
император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы
болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті
атағы бірге беріледі).Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және
конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы
өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде
де шектелместен бір адамның
(монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде
басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар
династиясы басқарған шақта) болатын.
Қазіргі дамыған елдердің
ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда
монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен
шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет
Англияда пайда болды және
қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық
құрылыс Бельгия,Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал,
Люсембург, Морокко,
Сауд Арабиясы, Швеция, Жапония және т.б. елдерде
сақталған.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір
уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент)
арқылы
қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.Республика президентік,
парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке
бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де
басшысы президент болып санады. Оны парламент
немесе халық сайлауы
мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған
коллегия сайласа, оны парламенттік президент дейді. Ол-салтанатты өкілдігі
бар символдық қайраткер. Конституция боцынша оған белгілі бір құқықтар
беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін
тиісті құжатқа премьер-
министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші
болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады.
Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.
Билік басқару түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді. Билік
мемлекеттің
құрылысына қарай унитарлық, федеративтік және
Достарыңызбен бөлісу: