1) саяси институттар;
2) саяси қатынастар;
3) саяси ережелер;
4) саяси мәдениет.
Соларға қысқаша сипаттама берелік.
Саяси институттарға (ұйымдар, мекемелер) мемлекет, саяси партиялар,
кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен
бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық,
жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с. байланысты пайда
болатын көптеген әлеуметтік мақсат-мүдделерді білдіріп, корғау үшін
құрылады.
20. Саяси жүйенің жіктелуі.
Саяси жүйенің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Олар бұл
мәселеге әр жақтан қарайды, әр тұрлі өлшемді (критерийді) пайдаланады.
Мысалы, марксизм формациялық көзқарасты басшылыққа алып (өндіріс
тәсілінін, және қоғамның таптық кұрылымының өзгешеліктеріне қарай) оны
құлдық, феодалдық, капиталистік және коммунистік саяси жүйе деп бөледі.
Ал У. Ростоу және т.б. "экономикалық өсу сатысы" деген тұжырымдаманы
алға тартады. Олардың ойынша, адамзаттың даму тарихы мынадай бес
сатыдан тұрады: 1) дәстүрлі қоғам; 2) өтпелі қоғам; 3) алға басу (жылжу)
қоғамы;
4)
индустриялық
және
5)
индустрияланғаннан
кейінгі
(постиндустриялдық) қоғам. Бірінші сатыға алғашқы қауымдык, рулық және
феодалдық қоғамның бір бөлігін, екінші сатыға өндірістік революцияны,
үшіншісіне 70-80 жылдардағы капитализмді, төртіншісіне 2000 жылға дейінгі
капитализмді жатқызады. Бұлайша сатыға бөлудің өлшемі ретінде техникалық
даму деңгейін алады. Марксизмнің басшылыққа алатын өндірістік
қатынастарымен олар санаспайды.
Саяси жүйені оның саяси тәртібіне (режиміне) қарай тоталитарлық,
авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Мұнда топтастырудың негізіне
билік, тұлға және қоғам арасындағы өзара іс-әрекеттің сипаты мен тәсілі
негізге алынады. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен
билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің
бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам
немесе адамдар тобы шексіз билікке ие болады. Парламент, оппозициялық
партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Мемлекеттің
сайланбалы органдары, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктері шектеледі.
Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам
бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдарын жалпыға бірдей сайлау
арқылы халык сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі,
елде заңдылық билейді.
Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен
түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси,
мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік,
еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады; 2) коммунистік жүйе. Ол
әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар үсатайды; 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ар
төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;
4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда
авторитарлық басқару белең алады; 5) авторитарлық-консервативтік жүйе.
Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси
билікке қатысуына шек қойылады.
Саяси жүйені жіктеудің тағы басқа да түрлері бар. Ол мәселенің көпқырлығын
керсетеді. Сондықтан саяси жүйені топтастырғанда әр түрлі өлшемдері,
белгілері, тәсілдері басшылыққа ала отырып қарастырған жөн.
Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы ор
алуандықты талдауға, жекелей алғанда шатаспас үшін және оларды түсінуге
қол жеткізу үшін олардың формалары мен типтерін анықтауға әрдайым
талаптанып келеді. Саяси ғылымда саяси жүйелердің келесі бір критерийлері
бойынша белгілі философ және саясаттанушы А. С. Балғымбаев бірқатар
типологиясын көрсетеді :
1) Әлеуметтік-экономикалық формация типі маңызды критерий болып
табылады. Осы тип бойынша саяси жүйелердің маркстік типологиясы
құрылған. Формациялық принциптерге сай құл иеленушілік, феодалдық,
буржуазиялык, және социалистік саяси жуйелерді бөліп көрсетеді. Бірақ саяси
жүйені лайықты түсіну үшін формациялық тәсіл антикалық дәуірден бастау
алған өркениеттілікпен толықтырылуы қажет. Бүл әсіресе қазіргі саяси
жүйелердің типологиясы үшін маңызды, өйткені қазіргі дәуірде формациялық
принцип толықтай жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылған.
2)
Мұндай
тәсілдің
негізін
М.Вебер
қалаған.
Саяси
жүйені
типологияландырудың критерийі немесе негізі билікті негіздеудің, оның
легитимділігінің әдісі болады. Осы критерийге сай саяси жүйелер дәстүрлі
және рациональды болып бөлінеді.
Біріншіден, бағыну түрткілері болып дағды мен харизма, екіншіден - мүдде
қызмет етеді. Биліктің дәстүрлі типі дәстүр көрсеткенді атқаратын
принциппен қызмет етсе, рационалды немесе легитимді-құқықтық жүйеде
билік принциптер мен құқықтық нормаларға негізделінген.
М.Вебердің тәсілі саяси жүйелердің қазіргі классификациясының
ерекшеліктеріне айтарлықтай ықпапын тигізді. Оларда, жекелей алғанда,
классификацияның негізіне жүйснің қызмет етуінің формалары мен әдістері
секілді критерийлер де қойылған.
Бір сөзбен айтқанда, негізі болып саяси режимнің сипаты қаланған
типологияның мәні артуда. Марксизм саяси жүйенің таптық табиғатына басты
назар аудара отырып бұл аспектіні жоққа шығарады. Антагонистік қоғам
сипаты үшін мұндай тәсіл өзін ақтай алады. Антагонистік формациялардын
саяси жүйелері әркилы болуы мүмкін, бірақ марксизм назар аударып отырған
олардың таптық табиғаты бүл жағдайда өзгеріссіз қалады.
3) Саяси режимнің сипаттамасына сай саяси жүйелер демократиялық емес
(тоталитарлық және авторитарлық) және демократиялық болып бөлінеді. Бұл
бөлініс
саяси
жүйе
негізделген
құндылықтармен,
«құндылықтық
пайымдардың» әлеуметтік болмыстың нағыз әмбебап құндылықтарымен
сәйкестігімен, сондай-ақ оны ұйымдастырудың іргелі принциптерімен
анықталынады. Орыс саяси ойшылы П.И.Новгородцев айтып кеткендей
«жоғары билік үшін халық пен тұлғаның тәуелсіздік идеясы императив болыл
қала береді».
Саяси жүйелердің демократиялық және демократиялық емес (автократиялық)
болып бөлінуі нақтылауды қажет етеді, өйткені әмбебаптық принциптеріне
сәйкестік критерийі өте жалпы, ал саяси салада анықталмаған болып
табылады.
Типтердің ауқымы неғұрлым кең болған сайын, жүйелердің өлшемі неғұрлым
үлкен назарға алынады.
4) Мәселен Аптердің жүйесінде типтер екі белгі есебінен бөлінеді: билікті
орталықтандыру деңгейі және осы билік бөлетін құндылықтар жүйесі.
Нәтижесінде ол екі типті бөліп көрсетеді: тоталитарлық және либералды-
демократиялық. Автордың билікті шоғырландырудың әртүрлі болатындығына
есеп беріп отырғандығы анық, сондықтан да авторитарлық деңгейі де әртүрлі
болады; тоталитарлық термині автократияны белгілеу үшін қолданылады.
5) Егер қандай да бір мәдениетте үстем болатын құндылықтар жүйесін
нақтыласақ және осы негізде мәдениет типін анықтасақ, онда саяси
жүйелердің тіптен бөлек, мейлінше орталықтандырылған классификациясы
мүмкін болады. Бұл мүмкіндік Алмондтың типологиясында жүзеге асырылған.
Алмонд бойынша, мәдениет типтері еркіндік, мемлекеттің жеке сфераға
араласпауы тәрізді құндылықтарға деген қатынаспен анықталынады.
Осыған байланысты саяси жүйенің мәдениеттің төрт типіне негізделген төрт
типін айырады. Біріншісі - англо-американдық саяси жүйе. Саяси жүйенің
ағылшын-америкалық турі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен,
біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси
мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халыктың
бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, қауіпсіздік, тиімді есепқорлық,
пысықтық, ұқыптылық сияқты либералдық кұндылықтарға негізделеді. Билік
тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді
қызмет атқарады. Англо-американдық жүйені деэтатистік тенденциялар үстем
болатын жүйе деп айтуға болады. Олар дәуірлердің қалыптан тыс этатистік
тенденцияларына қарсы құрылған.Оған АҚШ-ты, Англия, Австралия,
Канаданы жатқызуға болады.
Этатизмге негізделген екінші мәдениет жаңа мен ескінің элементтері қатар
турған индустриалды немесе ішінара индустриалды жүйенің негізінде жатыр.
Жүйенің бұл типіне күш көрсетудің жоғары потенциалы тән, себебі жүйенің
ішіндегі үлкен топтар саяси жүйе мен оның аспектілерін әртүрлі түсінеді.
Мұндай жүйелер өздеріне заң шығару функцияларын алады, заң шығару
органдары сот процедураларына да араласады, партиялық шешімдер саяси
шешімдерді ауыстырады.Құрылықтық (континенталдық) - еуропалық саяси
жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі
мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның
бәрінін либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйенген ортақ негізі бар.
Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады.
Индустриалды немесе ішінара индустриалды жүйедегі құндылықтар
құрлықтық Еуропа елдерінде белгілі орын алады және осы негізде саяси
жүйенің континенталды-еуропалык типі құрылады. Ең алдымен бұл типке
Франция, Германия мен Италия кіреді. Скандинавия елдері мен Бенилюкс
англо-американдық
жүйе
мен
еуропалық-континенталдық
жүйенің
арасындағы аралық орынды алады. Континенталды-еуропалық жүйеде
гомогендік емес, гетерогендік үстем, яғни олар дамудың, өркендеу мен
құлдыраудың бір өлшемді еместігі, индустриалды қоғам үшін тән болатын ескі
мәдениет элементтерінің реанимациясы тән аралас мәдениетті білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |