11-тақырып. Саяси мәдениет пен мінез-құлық.
101. Белгілі бір қоғамға немесе индивидке тән болатын тарихи түрде қалыптасқан, салыстырмалы түрде алғанда тұрақты болатын олардың саяси жүйеге қатысты бағдары мен мінез-құлқы үлгілерінің және саяси институттардың жұмыс істеуінің типтік үлгілерінің жиынтығын анықтайтын ұғымды табыңыз
1 Саяси мәдениет
0 Саяси сана
0 Саяси идеология
0 Саяси жүйе
0 Саяси билік
102. «Саяси мәдениет» ұғымын алғаш рет ғылыми айналымға енгізіп, мәдениет пен саясаттың өзара әрекетін зерттеген неміс философ-ағартушысын табыңыз
1 И.Гердер
0 Г.Зиммель
0 Р.Челлен
0 В.Парето
0 А.Траси
103. «Саяси мәдениет» ұғымын теориялық жағынан негіздеген ғалымдарды табыңыз
1 Г. Алмонд, С.Верба, Л.Пай
0 Г.Моска, Д.Истон, В.Парето
0 Дж.Мэдисон, А.Токвиль, Ж.Руссо
0 О.Шпенглер, И.Шумпетер, Р.Лассуэл
0 З.Фрейд, Р.Михельс, М.Вебер
104. Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдардың қалай деп аталатынын табыңыз
1 Субмәдениет
0 Ұлттық мәдениет
0 Бодандық саяси мәдениет
0 Саяси мәдениет
0 Саяси сана
105. Г.Алмонд пен С.Верба көрсеткен саяси мәдениеттің түрлерін табыңыз
1 Патриархалдық, бодандық, азаматтық
0 Халықтық, этностық, өркениеттік
0 Билеу, саяси қатысу, оппозициялық
0 Орталықтық, шет аймақтық
0 Бұқаралық, элиталық
106. Г.Алмонд мен С.Вербаның жіктеуі бойынша, азаматтардың жергілікті құндылықтарға бағдар алуы, саяси жүйе туралы білімінің және саясатқа қатысуға ынтасының, саясатқа ықпалының болмауы қандай саяси мәдениетке тән екенін табыңыз
1 Патриархалдық саяси мәдениетке
0 Азаматтық саяси мәдениетке
0 Бодандық саяси мәдениетке
0 Субмәдениетке
0 Тоталитарлық саяси мәдениетке
107. Г.Алмонд мен С.Вербаның жіктеуіндегі бодандық саяси мәдениетке тән белгілерді табыңыз
1 Азаматтардың саяси өмірге әлсіз қатысуы, немқұрайлылығы, саяси институттар қызметіне сенімінің күшті болуы
0 Азаматтардың саяси өмірге белсене араласуы, саяси істер туралы жақсы хабардар болуы, саясатқа ықпалының болуы
0 Азаматтардың жергілікті құндылықтарға бағдар алуы, саяси жүйе туралы білімінің және саясатқа ықпалының болмауы
0 Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар
0 Әлеуметтік қауымдастықтың саяси санасы мен іс-әрекеті
108. Г.Алмонд мен С.Вербаның жіктеуіндегі азаматтық саяси мәдениетке тән белгілерді табыңыз
1 Азаматтардың саяси өмірге белсене араласуы, саяси істер туралы жақсы хабардар болуы, саясатқа ықпалының болуы
0 Азаматтардың саяси өмірге әлсіз қатысуы, немқұрайлылығы, саяси институттар қызметіне сенімінің күшті болуы
0 Азаматтардың жергілікті құндылықтарға бағдар алуы, саяси жүйе туралы білімінің және саясатқа ықпалының болмауы
0 Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар
0 Әлеуметтік қауымдастықтың саяси санасы мен іс-әрекеті
109. Жеке адамға қоғамның саяси өмірінің толық құқықты қатысушысы болуға, саясатта саналы таңдау жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір саяси білімдерді, құндылықтарды, нормаларды меңгеру, алдыңғы ұрпақ жинақтаған саяси тәжірибеге ие болып, оны одан әрі жалғастыру процесін анықтайтын ұғымды табыңыз
1 Саяси әлеуметтену
0 Электорат
0 Субмәдениет
0 Саяси даму
0 Саяси бейімделу
110. Жеке адамның саяси әлеуметтенуі процесі жүретін кезеңді табыңыз
1 Бүкіл саналы өмір бойы
0 70-80 жасқа дейін
0 18-20 жасқа дейін
0 35-40 жасқа дейін
0 50-60 жасқа дейін
Достарыңызбен бөлісу: |