12-тақырып. Саяси сана мен саяси идеология.
111. Саяси сананың мән-мағынасын көрсететін тұжырымды таңдап алыңыз
1 Әлеуметтік субъектілердің (индивидтердің, топтардың, қауымдастықтардың т.б.) саясат саласын ұғынуы, сезінуі
0 Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар т.б. мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп тұрған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға не өзгертуге бағытталған түсініктер, идеялар
0 Билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін әлеуметтік топтар, таптар, мемлекеттер т.б. арасындағы саяси қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелер
0 Белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттер
0 Топтың, таптың, жеке адамның саясатта өз еркін жүргізу қабілеті мен мүмкіндігі
112. Саясаттың, саяси биліктің мәнін түсіну тереңдігі мен деңгейіне байланысты саяси сананың түрлерін табыңыз
1 Қарапайым, кәсіби, ғылыми-теориялық
0 Психология, идеология, мінез-құлық
0 Жеке дара, топтық, бұқаралық, қоғамдық
0 Қарапайым, бұқаралық, қоғамдық
0 Сана, іс-әрекет, мінез-құлық
113. Субъектісіне байланысты саяси сананың түрлерін табыңыз
1 Жеке дара, топтық, бұқаралық, қоғамдық
0 Қарапайым, кәсіби, ғылыми-теориялық
0 Психология, идеология, мінез-құлық
0 Қарапайым, бұқаралық, қоғамдық
0 Сана, іс-әрекет, мінез-құлық
114. Мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне тән саяси сана түрін табыңыз
1 Кәсіби саяси сана
0 Ғылыми-теориялық саяси сана
0 Бұқаралық саяси сана
0 Қарапайым саяси сана
0 Топтық саяси сана
115. Қалыптасып жүйеге түспеген, саясаттың тереңіне бойламайтын, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дәстүрлі нанымдар т.б. негізінде қалыптасатын саяси сананың қалай деп аталатынын табыңыз
1 Қарапайым саяси сана
0 Кәсіби саяси сана
0 Ғылыми-теориялық саяси сана
0 Бұқаралық саяси сана
0 Топтық саяси сана
116. Белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялардың іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын, билікке деген ұмтылыстарын негіздейтін идеялары, көзқарастарының жүйесін анықтайтын ұғымды табыңыз
1 Саяси идеология
0 Саяси құндылықтар
0 Саяси сана
0 Саяси мәдениет
0 Саяси жүйе
117. Либерализм идеологиясының негізгі принциптерін табыңыз
1 Тұлғаның еркіндігі, оның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам мен мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы
0 Қалыптасқан дәстүрлі нормалар мен құндылықтарды жақтап, оны сақтауға тырысу, жаңаны қабылдамау немесе әлі қалыптаспаған құбылыстарды мойындамауға тырысу
0 Мемлекеттік биліктің таптық сипатының болуы, социалистік революция арқылы жұмысшылардың билігін орнату, жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнату
0 Еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу, соғысқа дайындалу
0 Еңбекшілердің басты рөлін мойындау, олардың жағдайын реформа арқылы жақсарту, саяси плюрализм мен аралас экономиканың негізгі принциптерін жақтау
118. Қалыптасқан дәстүрлі нормалар мен құндылықтарды жақтап, оны сақтап қалуға тырысып, жаңаны қабылдамауға немесе әлі қалыптаспаған құбылыстарды мойындамауға тырысатын саяси идеологияны табыңыз
1 Консерватизм
0 Либерализм
0 Социал-демократия
0 Коммунизм
0 Фашизм
119. Коммунизм идеологиясының негізгі принциптерін табыңыз
1 Мемлекеттік биліктің таптық сипатының болуы, социалистік революция арқылы жұмысшылардың билігін орнату, жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатуды көздеу
0 Тұлғаның еркіндігі, оның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам мен мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы
0 Қалыптасқан дәстүрлі нормалар мен құндылықтарды жақтап, оны сақтауға тырысу, жаңаны қабылдамау немесе әлі қалыптаспаған құбылыстарды мойындамауға тырысу
0 Еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу, соғысқа дайындалу
0 Еңбекшілердің басты рөлін мойындау, олардың жағдайын реформа арқылы жақсарту, саяси плюрализм мен аралас экономиканың негізгі принциптерін жақтау
120. Еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу, соғысқа дайындалуды жақтайтын саяси идеологияны табыңыз
1 Фашизм
0 Либерализм
0 Социал-демократия
0 Коммунизм
0 Консерватизм
Достарыңызбен бөлісу: |