14-тақырып. Саяси шиеленістер мен дағдарыстар.
131. Түрлі бағыттағы екі немесе одан да көп күштердің қарама-қарсы іс-әрекеттері жағдайында өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатындағы қақтығысын қалай деп атайтынын табыңыз
1 Шиеленіс
0 Процесс
0 Даму
0 Модернизация
0 Стагнация
132. Шиеленістің (жанжалдың) теорияларын жасаған ғалымдарды табыңыз
1 Л.Козер, К.Боулдинг, Р.Дарендорф
0 Г.Алмонд, Д.Истон, К.Дойч
0 В.Парето, Г.Моска, Р.Михельс
0 К. Маркс, Ф. Энгельс, В.Ленин
0 Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо
133. Билік өкілеттілігін бөлуге, үстемдік және басқаруға қатысты жанжалды қалай деп атайтынын табыңыз
1 Саяси шиеленіс
0 Әлеуметтік шиеленіс
0 Экономикалық шиеленіс
0 Діни шиеленіс
0 Этносаяси шиеленіс
134. «Тоталитарлық жүйеде басып тасталған жанжал адам денесіндегі қатерлі ісікпен тең, ол кейін сыртқа қайта шығады» деген пікірді айтқан ғалымды табыңыз
1 Ральф Дарендорф
0 Льюис Козер
0 Кеннет Боулдинг
0 Карл Маркс
0 Фридрих Энгельс
135. Қоғамда бар қайшылықтардың тереңдеуі, асқынуы және саяси шиеленістің бірден күшеюі арқылы көрінетін саяси жүйенің жағдайын қалай деп атайтынын табыңыз
1 Саяси дағдарыс
0 Саяси шиеленіс
0 Әлеуметтік шиеленіс
0 Халықаралық саяси дағдарыс
0 Конституциялық дағдарыс
136. Ішкі саяси дағдарыстың түрлерін табыңыз
1 Үкіметтік, конституциялық, парламенттік
0 Халықаралық шиеленіс, дүниежүзілік соғыс
0 Жыныстар, тұлғалар арасындағы шиеленіс
0 Халықаралық, аймақтық, жергілікті шиеленіс
0 Отбасылық, ұйымдық шеиеленістер
137. Негіздің тууы және басталуы, ашық формасы, реттелуі, бұлар шиеленісті қай жағынан сипаттайтынын табыңыз
1 Кезеңдері
0 Шығу көздері
0 Түрлері
0 Шешу жолдары
0 Себептері
138. Белгілі бір деңгейде ұйымдасқан саяси іс-әрекеттермен, қоғамдық қозғалыстардың қатысуымен, жаппай тәртіпсіздіктердің, сепаратистік бас көтерулер және тіпті азамат соғысының болуымен сипатталатын, бұл қарама-қарсы тұруларда этникалық мәселе негізгі болатын шиеленістің қалай деп аталатынын табыңыз
1 Этносаяси шиеленіс
0 Әлеуметтік шиеленіс
0 Экономикалық шиеленіс
0 Саяси шиеленіс
0 Этноцентризм
139. Саяси мүдделер, аумақ, дін үшін шиеленістер қандай шиеленістің негізгі үш түрі екенін табыңыз
1 Этносаяси шиеленістің
0 Саяси шиеленістің
0 Экономикалық шиеленістің
0 Әлеуметтік шиеленістің
0 Конституциялық шиеленістің
140. Саяси шиеленісті (жанжалды) бейбіт түрде шешу жолдарын табыңыз
1 Қашқақтау, келіссөздер жүргізу
0 Қарама қарсы тұру, қарулы қақтығыс
0 Жерді басып алу, аумақты иелену
0 Агрессия бастау, соғыс жүргізу
0 Қайшылықтардың күрт шиеленісуі
Достарыңызбен бөлісу: |