Бұқаралық партия- оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, белсенді және көп болады. Бірақ белсенді мүшелері болмайды.
16. Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық, жалғандық.
17. Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат.
18. Глобальдылық – бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
19. Гуманизм – қайта өркендеу дәуірінде дін мен (феодалдық) феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс.
20. Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай болмасын негізгі қағидаларды, мақсат мүдделерді жариялайтын мәлімдеме.
21. Демагогия – өз мақстына үшін адамдарға жалған уәделер беру, деректерді бұрмалау және т.т. арқылы әсер ететін саяси әрекеттің түрі.
22. Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап азаматтардың теңдігін, құқықтары мен бстандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың сайланып қойылуын және олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, адамдардың экономикалық және саяси қозғалуын, шешім қабылданғанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі еске алынуын және т.б. қалайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылыс түрі.
23. Демократиялық партиялар – басқаларға төзімділікпен, түсіністікпен қарайтын, пікір адалдығын жақтайтын партиялар. Олар идеологиялық факторға онша мән бермейді.
24. Әмбебап партиялар – мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысқан партиялар.
25. Авангардтық партиялар - олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;
26. Егемендік – мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсізідігі.
27. Жалпы азаматтық құндылықтар– бүкіл адамзаттың тәжірибесінен туған адагершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді.
28.