САЯСАТТАНУ СЕССИЯ
2023г. Абубакиров А. А.
5 вариантты, 1 дұрыс жауапты сұрақтар
№ 1. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бойынша ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса –
Жаңғыру болмайды
№ 2. Неміс саясаттану мектебінің өкілдері
Т.Адорно, Х.Арендт, Р.Дарендорф, Ю.Хабермас, К.Поппер, Э.Фромм
№ 3. Америкалық ғалым Р.Даль саяси ғылымның қалыптасуы мына үш кезеңнен өтті деп санайды
Философиялық, эмпирикалық, эмпирикалық білімді қайта қарау
№ 4. «Заңдар рухы туралы» әйгілі еңбектің авторы
Монтескье
№ 5. Президент Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың сұраныстарына жедел жауап беру үшін келесі тұжырымдаманы іске асыруды ұсынды
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы»
№ 6. Саясатты таза теологиялық түсіндіруден бас тартқан Қайта Өрлеу дәуірінің көрнекті ойшылы
Макиавелли
№ 7. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалада: ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі
Ұлттық сананың кемелденуін білдіреді
№ 8. Саяси жүйені Г.Алмондтың саяси мәдениет пен билікті ұйымдастыру нысанына сай бөлуі
Ағылшын-американдық, құрлықтық-еуропалық, индустриялық дәуірге дейінгі, ішінара индустриялық
№ 9. Электорат – бұл
Ұлттық белгісі бойынша сайлаушылардың сайлауға қатысуы
парламенттік, президенттік немесе жергілікті билік органдарына сайлау барысында қандай да бір үміткерді, саяси партияны қолдап, дауыс беруші сайлаушылар тобы.
№ 10. Саяси өмірді Батыс қағидаларымен құру, Батыс дәстүріне еліктеу
вестернизация
№ 11. Қоғамдық сананың түрлері
Саяси сана, ұлттық сана, діни сана, қоғамдық сана
№ 12. Халықаралық қатынастар пайда болған кезеңі
Бірінші мемлекеттер пайда болған кезде
№ 13. Геосаясат-бұл
Саяси концепция
№ 14. Саясаттың деңгейлері –
Микро, мезо, макро, мегасаясат
№ 15. Халықаралық қатынастардың формасы
ынтымақтастық
№ 16. Г.Моска бойынша элитаның негізгі үш қасиеті
Ерлік, байлық, діни дәреже немесе мәртебе
№ 17. Демократизацияның негізгі бағыттары
Мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуде қоғамдық пікірді ескеру, сайлау жүйесін жетілдіру
№ 18. Сайлаудағы өз еркін ерікті түрде білдірудің маңызды кепілдігі
Құпия дауыс беру
№ 19. Партияның әрбір сайлау округында депутаттық орынды көп дауыс алумен иеленетін сайлау жүйесі
Мажоритарлық
№ 20. Демократиялық саяси режим жағдайындағы индивидтің саяси мінез-құлқының идеалы
Заіды сақтау
№ 21. Саяси мәдениет дегеніміз –
Тарихи даму барысында қоғамдағы қалыптасқан саяси дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, рәсімдер мен жоралғылардың, саяси ілімдер мен теориялардың, саяси мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы
№ 22. Саяси мінез-құлық дегеніміз-
Саяси іс-әрекет пен саяси қатысудың ерекшелігін білдіреді, қандай да бір саяси оқиға кезінде немесе саяси жағдайда адамның өзін-өзі қалай ұстайтынын көрсетеді, саясатқа қатысу мен саяси қызметті атқару тәсілін анықтайды
№ 23. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан сияқты ұлттық мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе
өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу
№ 24. Либерализм – бұл
Жеке адамның еркіндігінің, ажырамас құқықтары мен мүдделерінің жоғары тұруы
№ 25. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бойынша сананың ашықтығы –
Әлемде не болып жатқанын түсіну, жаңа технологиялық өзгерістердің бәріне дайын болу, өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі
№ 26. Компромисс – бұл
Бірбірімен ымырыға келіп шартасу
№ 27. Адам құқықтары сақталмайтын әрі өрескел бұзылатын саяси бағыт
Тоталитарлық
№ 28. Ұлтаралық қатынастар дегеніміз – түрлі ұлт тиесілі немесе, немесе басқа түрлі мүшелері болып табылатын адамдар арасындағы жеке тәжірибелі қатынастардың үйлесімі
№ 29. Адам құқының қазіргі түсінігін, жеке тұлға құқықтары мен бостандығының мемлекеттен басым тұруының негізін салған идеология:
Либерализм
№ 30. Саясаттану объектілеріне жатпайды
(саяси билік, саяси жүйе, мемлекет, саяси институттар, мемлекеттік саясат, саяси үдерістер) осылардан басқасы
№ 31. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте оқу бағдарламаларына енгізілген кезеңін көрсетіңіз
КСРО ыдырап, коммунистік партия биліктен кетіп, тоталитарлық режим құлаған соң 1991 жылы
№ 32. Саясаттанудағы салыстырмалы әдістеме-
Бірдей саяси құбылыстарды, саяси жүйелерді, бірдей саяси функцияларды орындаудың әртүрлі тәсілдерін, т.б, олардың жалпы және ерекше белгілерін анықтау, саяси ұйымның тиімді формаларын табу үшін салыстыруды қамтиды
№ 33. Саясаттанудағы жүйелі талдау-
Саясатты тұтас, күрделі организм, жүйенің кірісі мен шығысы арқылы қоршаған ортамен үздіксіз өзара әрекеттесетін өзін-өзі реттейтін механизм ретінде қарастыру.
№ 34. Саясаттанудағы бихевиористік әдіс- бұл
Жеке тұлғалар мен топтардың(бірақ институт емес) әртүрлі мінез-құлқын нақты зерттеу арқылы саясатты зерттеу.
№ 35. Алғашқы саяси Ғылым Академиясы ашылған елді көрсетіңіз
АҚШ.
№ 36. Саясаттың қоғамға тәуелділігін, саяси құбылыстардың әлеуметтік жағдайын, оның ішінде экономикалық қатынастардың жүйесіне, әлеуметтік құрылымға, идеологияға, мәдениетке әсерін нақтылап қамтып анықтайтын саясаттанудың әдісі
Әлеуметтанулық
№ 37. Саяси билік – бұл Әлеуметтік субъектінің құқықтық-саяси нормалар мен арнайы саяси институттардың көмегімен өз ерік-жігері мен идеологиясын қоғамға жүктеп таңу және орындату қабілеті
№ 38. Саясаттану парадигмаларын белгілеңіз
Теологиялық, натуралистік(географиялық, биосаяси, психологиялық), әлеуметтік-центристік(рационалды-сыни, жанжалдық, консенсустық)
№ 39. Қазақстан БҰҰ мүше болған жыл
1992 жыл 2 наурыз
№ 40. Билік, мемлекеттік құрылым, елдің тұрмысы – бәрі де Құдай құдіретінен туындаған әлемнің бөлігі деп қарастырылған саясаттану парадигмасы
Теологиялық
№ 41. Америкалық саяси қайраткер, «Тәуелсіздік декларациясының» авторы
Т.Джефферсон
№ 42. Алғашқы саясаттану кафедрасы 1857 жылы ашылған елді көрсетіңіз
Америка, Колумбия университеті
№ 43. «Құдай қаласы туралы» еңбектің авторы:
Әулие Аврелий Августин
№ 44. Платонның кемелді мемлекетінде басқарушы бола алатындар:
Философтар
№ 45. Ортағасырлық ойшылдар монархтың үстемдік құқын немен негіздеді
Құдайдың қалауымен
№ 46. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбектің авторын көрсетіңіз
Әл-Фараби
№ 47. «Мақсат тәсілді ақтайды» деген формула түрінде көрсетілген саясаттың атауы
Макиавеллизм
№ 48. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы
Монтескье
№ 49. Мемлекет ұғымын саяси форма ретінде қоғамға алғаш енгізген ойшыл
Макиавелли?
№ 50. Джон Локк қолдаған басқару формасы
конституциялық монархия
№ 51. «Олигархия» билігі – бұл
аз ғана бай адамдардың билік құруы
№ 52. «Саяси мәдениет» терминін өз еңбегінде алғаш рет қолданған ойшыл
И.Г.Гердер
№ 53. «Республика» ұғымын енгізген антика дәуірінің ойшылы
Цицерон
№ 54. Саясаттың алғашқы субъектісі:
Тұлға, азамат
№ 55. Саясаттың объектісі – бұл
Саясат субъектісі әсер етеін тұлға, қоғам тобы немесе ұйым
№ 56. Саяси идеология өмірге келген кезең
Ағартушылық кезең
№ 57. Саясаттың түріне жатпайды
биологиялық саясат
№ 58. Әлеуметтік мемлекет – бұл
Әлеуметтік-экономикалық процестерді жоспарлаудағы мемлекет ролінің артуы
№ 59. «Саясат» еңбегінің авторын көрсетіңіз
Аристотель
№ 60. Саясат бағыты бойынша бөлінеді:
ішкі және сыртқы
№ 61. Адамның қоғам құндылықтары мен нормаларын игеру үдерісі ... деп аталады
әлеуметтену
№ 62. Құқықтық мемлекет белгілері –
Заңның үстемдігі, барлығының заң алдындағы теңдігі, биліктің 3 тармаққа бөлінуі, адм құқық-бостандықтарының нақтылығы мен қорғалуы және жоғары құндылық деп танылуы, жеке тұлға мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, саяси және идеологиялық плюрализм, заңдылық пен құқықтық тәртіптің тұрақтылығы
№ 63. «Элита» терминін ғылыми айналымға алғаш енгізген ғалымды атаңыз
Парето
№ 64. «Элита» термині француз тілінен аударғанда қандай мағына білдіретінін көрсетіңіз
Сұрыпталған, таңдалған, іріктелген
№ 65. Г.Моска бойынша саяси элита – бұл
Билікке бағытталған, саяси тұрғыдан ең белсенді адамдар
№ 66. Р.Михельстің элитаға қатысты теориясының атын белгілеңіз
Олигархияның темірдей заңы
№ 67. Плюралистік концепция бойынша элитаны бақылауда ұстау тұру үшін керек нәрсені белгілеңіз
Элиталар арасындағы бәсекелестік?
№ 68. В. Парето бойынша элиталар теориясының негізін көрсетіңіз
Элитаның айналымы теориясы
№ 69. Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйені белгілеңіз
Ашық(антрепенерлік жүйе), жабық немесе гильдиялық жүйе
№ 70. М. Вебер саяси көшбасшылықтың легитимділігі бойынша неше түрін анықтады
Дәстүрлі, харизматикалық, рационалды-құқықтық немесе демократиялық
№ 71. Жанжалдардың пайда болуын, дамуын, шешу жолдарын және заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы
Конфликтология
№ 72. М. Вебер бойынша саяси көшбасшының мына түрін ауыстыру қиын не мүмкін емес:
Харизматикалық көшбасшы
№ 73. Ауқымы бойынша көшбасшылық түрлерін белгілеңіз
Жалпыұлттық, таптық және партиялық
№ 74. Саяси жүйе теориясының алғаш негізін қалаған ғалымдар
Д.Истон мен Г.Алмонд
№ 75. Д. Истонның саяси жүйе моделінің негізгі категорияларын атаңыз
Саяси жүйе, конверсия, импульс, кері байланыс
№ 76. Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементін белгілеңіз
Саяси институт
№ 77. Саяси жүйе сыртқы ортамен байланысы бойынша бөлінетін түрлерін атаңыз
Жабық, ашық
№ 78. Мемлекет түрінде саяси ұйымдасқан этнос аталады:
Халық
№ 79. «Партия» сөзі ... тілден аударғанда «бөлік», «бөлшек» деген мағына береді
Латын тілінен
№ 80. Саяси режим дегеніміз-
Билік пен қоғамның қарым-қатынасын, саяси еркінлік деңгейін, елдегі саяси өмірдің сипатын көрсететін саяси жүйені ұйымдастыру тәсілі
№ 81. Қазақстанда Үкіметке жетекшілік етеді
Премьер-министр
№ 82. «Демократия» сөзінің мағынасы
Халық билігі
№ 83. «Невада-Семей» қозғалысының көшбасшысы болған тұлға:
Олжас Сүлейменов
№ 84. Мемлекет өзінің басқару формалары бойынша бөлінетін түрлерін көрсетіңіз
Монархия және республика
№ 85. Мемлекеттік биліктің заңдылығы –
Легитимділік
№ 86. Әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлінген және оларда мемлекеттік егемендіктің нышандары болмайтын, тек бір азаматтығы бар, біртұтас мемлекет түрі:
Унитарлық
№ 87. Мемлекеттік билікке байланысты партиялар төмендегідей болып бөлінеді
Билеуші, оппозициялық
№ 88. Легитимділіктің түрлерін көрсетіңіз
Дәстүрлі, харизматикалық, ақыл-парасаттық
№ 89. Билік тармақтарының бөліну принципіне сай атқарушы билік тиесілі
Үкіметке
№ 90. Республикалық басқару формасының бір түрі
Парламенттік, президенттік, аралас
№ 91. «Теократия» ұғымының мағынасы
Дін басылардың билігі
№ 92. «Мемлекет – үлкен отбасы, ал билеуші – әке» болып табылатын мемлекеттің патриархалдық- патерналистік тұжырымдамасының авторы
Конфуций
№ 93. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің қайнар көзі ……… болып табылады.
Халық
№ 94. ҚР Конституциясы бойынша халық билікті міндетті түрде ..... арқылы жүзеге асырады
Сайлау, референдум
№ 95. «Фашизм» сөзінің мағынасын айтып көрсетіңіз
Бірлестік
№ 96. Аристотель мемлекеттік басқарудың формаларын төмендегідей етіп бөледі:
Дұрыс және бұрыс
№ 97. Қай мемлекетке репрессияларды қолдану тән болады:
Тоталитарлық
№ 98. Саяси айналымға «тоталитаризм» терминін енгізді
Муссолини
№ 99. Мемлекеттік биліктің тармақтарын көрсетіңіз
Заң шығарушы, атқарушы, сот билігі
№ 100. Мына институттардың қайсысы зайырлы мемлекеттің ұйымдастырушы-функционалдық құрылымына кірмейді:
Шіркеу
№ 101. Қазақстан Республикасында Ұлттық Құрылтай құрылған жыл
2022 жыл
№ 102. Референдум – бұл:
мемлекет үшін маңызды шешiм қабылдауды жалпы ұлттық дауысқа салуы
№ 103. Парламент – бұл:
Мемлекеттің заң шығарушы органы
№ 104. Үкімет – бұл:
Атқарушы билік қызметін орындайтын саяси институт
№ 105. Зайырлы мемлекеттің түсінігі:
Діннің биліктен, мемлекеттен бөлінуі
№ 106. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттің және халықтың атынан сөйлеу құқығы ...... тиесілі.
Президентке
№ 107. Демократиялық режимге тән белгі
Жалпыға бірдей сайлау, биліктің бөлінуі, тең құқықтылық, плюрализм, халықтың мемлекеттік істерді шешуге толықтай қатысу құқығы
№ 108. Азаматтық қоғам – бұл
саяси билікке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы, мемлекеттен дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер жиынтығы
№ 109. Бүгінгі Қазақстанда қалыптасқан саяси режим түрі
Демократиялық
№ 110. Мемлекеттер саяси режимі бойынша былай жіктеледі
Авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық
№ 111. Демократиялық режимнің айрықша белгісі
Азаматтардың бостандығы мен еркіндігіне кепілдік беріледі
№ 112. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілік мерзімі
7 жыл
№ 113. Абсентизм – бұл:
Саулаушылардың дауыс беруге қатысудан бас тартуы
№ 114. Партиялар арасында алған дауыс пропорциясына сәйкес мандаттарды теңдей бөлетін сайлау жүйесі
Пропорционалды
№ 115. Мажоритарлық жүйе – сайлау округтеріне байланысты қалай бөлінеді:
Бірыңғай сайлау округі, бір мандатты және көп мандатты сайлау округтері
№ 116. Саяси партиялардың даму кезеңдерін үшке бөліп (аристократиялық үйірмелер, саяси клубтар, бұқаралық партиялар деп) ұсынған ғалым:
Макс Вебер
№ 117. Қазақстанда 1999 жылы 1 наурызда құрылған саяси партия –
Нұр Отан(Аманат)
№ 118. Саяси мәдениетті зерттеумен айналысқан саясаттанушылар тобын көрсетіңіз
Г.Алмонд, С.Верба, Г.Файнер
№ 119. Қазақстан саяси мәдениеттің осы типін басшылыққа алады
азаматтық белсенді
№ 120. Саясаттанудағы жеке адамның немесе әлеуметтік топтың саяси мінез-құлқын зерттейтін әдіс
Бихевиористік
№ 121. “Идеология” терминін ғылыми айналымға кім енгізді:
Антуан Дестют де Траси
№ 122. Саяси плюрализм дегеніміз-
Билікке бір идеологияның монополия жасауын мойындамау, саяси күштердің әр-алуандығын қолдау, идеялар мен пікірлердің көптүрлілігі
№ 123. Консерватизмнің негізгі мәні:
дәстүрді, қалыптасқан қоғамдық қатынастарды сақтау
№ 124. «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты –
Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы
№ 125. Легитимділік ұғымына анықтама беріңіз
Заңдылық, шындық
№ 126. "Модернизация" ұғымының мәнін атап көрсетіңіз
Жаңғыру, жаңару
№ 127. Саяси модернизацияның негізгі екі түрі
Органикалық, бейорганикалық
№ 128. Шиеленісті шешу әдістерінің конструктивті әдісі
келіссөздер
№ 129. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті –
мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру, этносаралық қақтығыстардың алдын алу
№ 130. Саяси қақтығысты шешуге кедергі келтіреді
зорлық-зомбылық
№ 131. Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынған мемлекет
Қазақстан
№ 132. «Өркениеттер қақтығысы» кітабының авторы
С. Хантингтон
№ 133. БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің штаб-квартирасы орналасқан қала
Нью-Йорк
№ 134. Азаматтар өздерінің құқығын өздерінің өкілдері арқылы жүргізетін демократиялық басқарудың формасы
Өкілдік
№ 135. Референдум азаматтардың билігін іс жүзінде асырудың .... түріне жатады
Плебисцитарлық
№ 136. «Азаматтық қоғам» ұғымы шыққан кезең
Антикалық дәуірде
№ 137. Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыты
көп векторлы
№ 138. Тоталитарлық режимге тән сипаттама
билікті жалғыз бұқаралық партия өз иелігіне алады, плюрализм жоқ
№ 139. Демократиялық саяси режимнің белгісі
көппартиялық, оппозицияның болуы, адам бостандығы мен құқықтарының құрметтелуі
№ 140. Жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару органдары аталынады
Мәслихат
Достарыңызбен бөлісу: |