Саясаттану


 Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын



Pdf көрінісі
бет14/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131
Байланысты:
otemisov karabala saisat

4. Болашақ мамандардың азаматтық ұстанымдарын
қалыптастырудағы саяси білімнің маңызы
Саяси ғылымның басты мақсаттарының бірі - болашақ мамандарға саяси 
білім беру, олардың саяси мәдениетін жоғарылату. Бүгінгі күні саяси мәдениет 
мәселесі  ұлттық  мәдениеттен  және  жалпы  мәдениеттен  жіктеліп  өз  алдына 
білім саласына айналуда. Саяси мәдениет тарихи тәжірибеге негізделген саяси 
саладағы жалпыадамзаттық, халықаралық игіліктер мен құндылықтар. Мысалы, 
демократия, әділдік,  еркіндік, легитимдік, әртүрлілік т.б.
Баршаға  белгілі,  жастар  - қоғамның  болашағы,  оның  ішінде  әсіресе 
студент  жастар.    Олар  болашақтағы  мамандар,  өндіріс  басшылары,  ғалымдар, 
депутаттар,  билік  жүйелерінің  қызметкерлері  т.с.с.  Яғни,  олар  болашақтағы 
саяси саладағы белсенді күштер, саясат арқылы қоғам өмірін басқарушылар. 
Саяси  білім  мен  саясаттың  қоғамдағы  маңызы  жөнінде  басқа  да 
көзқарастар кездеседі. Әрбір азаматтың саясатпен айналысуы міндетті емес, ол 
үшін саяси субъектілер бар деген де пікір айтылады. Бұл да ақиқат пікір. Бірақ, 
жоғарыда айтылғандай, біріншіден, қоғамда саясаттың шеңберінен кім болса да 
тыс  болуы  мүмкін  емес.  Екіншіден,  қандай  да  болмасын,  қоғам  өмірінің 
жүйесінде  басты  орын  алатын  әртүрлі  саладағы  мамандар.  Оны  байқау  үшін 
саяси өмірдің жүйесін келтірелік: мақсат (саяси субъектер); ұсыныстар (заңдар, 
шешімдер, реформалар); орындаушылар (саяси субъектер). Осы жүйеде екінші 
рет  қатысатын  саяси  субъектер,  яғни,  іске  асырушылар  –  олар  мамандар. 
Қандай  да  болмасын  қоғамдағы  мақсаттар,  реформалар,  шешімдер  әр  алуан 
мамандардың  қатысуынсыз  іске  асырылмайды. Қоғамдағы  саяси  шешімдердің 
орындалуы  ең  алдымен  мамандарға  тіреледі.  Осы  себепке  де  байланысты 
саясаттанудың оқу орындарындағы басты мақсаты – мамандардың саяси-құқық 
мәдениетінің  деңгейін  жоғарлату,  жалпы  қоғамдық,  дүниежүзілік  саяси 
мәдениетпен таныстыру. Жұртшылықтың саяси мәдениеті жоғары болуы үшін 
мемлекет  өз  азаматтарын  ел  ішіндегі  және  басқа  елдердегі  болып  жатқан 
өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан-жақты хабардар етіп отыруы қажет. Сонда 
ғана  ел  азаматтары  саяси  мәселелерді  жетік  біліп,  дұрыс  бағалай  алады. 
Көлемді  және  сенімді  мәлімет  алып  тұруы,  дамыған  хабарламалық  жүйенің 


24
болуы  – қоғамның  саяси  мәдениетінің,  саяси  қатынастарының  қаншалықты 
дамығандығын көрсетеді. 
Саяси  білім  беру  жүйесі  қазір  кез-келген  демократиялық  қоғамда  бар. 
Соның  ішінде  Қазақстандағы  саяси  білімнің  басты  мақсаты  –  азаматтардың 
күрделі  әлеуметтік-саяси  жағдайда  дұрыс  бағдар  ұстауы,  өз  мүддесін  түсінуі 
және қорғауы, басқа адамдардың және бүкіл қоғам мүдделерін, құқықтары мен 
бостандығын  құрметтеу,  басқа  азаматтармен  бірге  қоғамдық  проблемаларды 
бірлесіп  шешу,  әрбір  адамның  тәуелсіздік  құқықтарын  ескере  отырып,  саяси 
білімді  азаматтардың  демократиялық  тәртіптерді  құрметтеуі  және  оның 
мемлекеттік  институттарын  қамтамасыз  ету  көзқарасын  қалыптастыру.  Аса 
көңіл  аударатын  мәселе  -  саяси  тәртіпті  нығайтпайынша,  әрбір  жеке  адамның 
бостандығы жайлы сөз  айту шындыққа жанаспайды. Осы бағытта азаматтарға 
саяси білім беру, сөйтіп олардың саяси бостандығын қамтамасыз ету қажет.
Саяси  білімнің  қазіргі  кезеңіндегі  идеяларын,  жалпыадамзаттық 
құндылықты  игеруді  басшылыққа  алу  азаматтарға  және  бүкіл  саяси  өмірге 
тиімді әсерін  тигізетіні  сөзсіз.  Оның  үстіне  біздің  қоғам  үшін  демократиялық 
саяси  білім  өтпелі  кезеңде  ерекше  маңыз  атқарады.  Әміршілдік  экономикадан 
нарықтық  шаруашылыққа  және  тоталитарлық  саяси  жүйеден  құқықтық 
демократиялық мемлекетке өту халықтың саяси мәдениеті мен менталитетінде 
түбегейлі өзгерістер жасауды қажет етеді. 
Демократиялық саяси білімнің де Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып 
қалыптасуы  мен  дамуына  тиімді  әсер  ететіні  даусыз.  Қазіргі  кезде  алдыңғы 
қатарға  адамдар  санасының  жаңа  қырлары,  оның  ішінде  ұлттық  санасының 
оянуы  ұсынылып  отыр.  Демократиялық  саяси  білімнің  маңызы:  азаматтардың 
демократиялық менталитетін қалыптастыруға көмектесу, демократиялық саяси 
мәдениет  құндылықтары  мен  түрлерін  игеруді  үйрету,  тұлғаның  саяси 
төзімділік,  сенімді  серіктестік,  келісімге  ұмтылу  сияқты  қасиеттерін 
қалыптастыру. 
Қазақстан Республикасында саясаттану білімініне қойылатын талаптар: 
- қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын терең түсініп-білу, 
адамдардың  өмірінде  алатын  орнын,  атқаратын  ролін  айқындау,  олардың  сан 
түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалану жолдарын табу; 
-  саяси  ғылым  негіздерін  меңгеру  арқылы  күрделі  қоғамдық-саяси  жағдайда 
еркін бағдар ұстау, өз мақсат-мүддесін білдіру, оны қорғай білу; 
-  жалпы  дүниежүзілік,  халықтық  игіліктерге  негізделген  демократиялық 
тәртіпті  құрметтей  отырып,  ортақ  мәселелерді  ұжымдасып  шешу  жолдарын 
ұғу; 
- мемлекеттік құрылыс, саяси жүйе, қоғам мен мемлекетті басқару түрлері мен 
тәсілдерін меңгеру; 
- әлеуметтік  үрдістерді  басқару  негізі  болатын  саясаттың,  ұстанымдардың, 
идеологиялардың мәнін түсіну; 
-  саяси  төзімділікке,  келісімге,  серіктестікке,  мәмілеге  келе  білу,  саяси 
шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешу жолдарын анықтау
-  саяси  мәдениеттің  қоғамдағы  зор  ролі  мен  маңыздылығын  терең ұғып,  оны 
қалыптастыру жолдарын білу; 


25
- қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезіну. 
Саясаттанудың  ғылым  ретінде  қоғамның,  халықтың,  азаматтардың  тек 
ғана саяси емес, жалпы гуманитарлық мәдениетін жоғарылатуда да маңызы өте 
зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет