Саясаттану


 Қазақстан: «Алаштан» көппартиялыққа дейін



Pdf көрінісі
бет46/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131
3. Қазақстан: «Алаштан» көппартиялыққа дейін
Қазақстандағы  көппартиялықтың  қалыптасу  тарихы  Ресейдің  саяси 
өмірімен  тікелей  байланысты  болды,  себебі  Қазақстан  1731жылдан  бастап 
1991жылға дейін алдымен Ресейдің, кейін Кеңес Одағының құрамында болды. 
Ал  Ресейде  көппартиялық  жүйе  басқа  елдермен  салыстырғанда  өте  кеш 
қалыптасты,  оның  себебі  демократиялық  процестерге  кедергі  болған 
монархиялық  билік.  Бұл  елде  ең  бірінші  болып  қалыптасқан  Ресей  социал-
демократиялық  жұмысшылар  партиясы  (РСДЖП)болса,  оның  өзі  де  қызметін 
астыртын түрде жүргізді. 
1905 жылы Ресей патшасының арнаулы манифесінен кейін ашық түрдегі 
партиялар  қалыптаса  бастады.  Оның  бірі  -Конституциялық  демократия 
(кадеттер) партиясы болды. 
Кадеттер 
партиясының 
идеялары: 
мемлекеттік 
құрылысты 
демократияландыру,  Ресейде  тұратын  ұлттардың  еркін  өздігімен  дамуы,  яғни 
ұлттық  мәселені  шешу,  олардан  тартып  алынған  жерлерді  қайтып  беру, 
құқықтық, әділетті тәртіпті, заңдылықты іске асыру болатын. 
Әрине,  кадеттердің  бұл  мақсаттары  қазақ  зиялыларын  қызықтырмауы 
мүмкін емес еді. Әлихан Бөкейханов және тағы басқа да қазақ зиялылары осы 
партияға мүше болып кірді. Кейін Ә.Бөкейхановтың бастауымен 1905 жылдың 
желтоқсанында  Орал  қаласында  Қазақстанның  5  облысынан  делегаттар  съезі 
шақырылды. Бұнда  кадет  партиясының қазақ бөлімі  құрылып,  осы  партияның 
бағдарламасы қабылданды. Бірақ Ресей  кадет партиясы да,  1917  жылғы ақпан 
революциясынан  кейін  пайда  болған  Уақытша  үкімет  те  қазақ  халқына 
байланысты  ұлт  және  жер  мәселелерін  шешуде  ешбір  қызмет  жасамады. 
Осының  бәрі  Ә.Бөкейхановты  кадет  партиясынан  шығып,  “Алаш”  партиясын 
құруға мәжбүр етті. 


77
“Алаш”  1917  жылы  21-25  шілдеде  (3-8  тамыз)  Орынборда  болған 
бүкілқазақтық  съезде  дербес  саяси  партия  ретінде  қалыптасты.  Осыдан  кейін 
А.Бөкейхановтың басқаруымен партияның  Екінші бүкілқазақтық съезі өтті. 
1917 жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі 
Қазақстан тарихы үшін маңызды оқиға саналады. Дәл осы съезде ұлттық Алаш 
мемлекетін  орнату  мақсатымен  “Алашорда”  уақытша  халық  кеңесі  –жаңа 
үкімет құру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл тарихта Қазақ хандығынан 
кейін құрылған екінші мемлекет болды. 
“Алаш”  партиясының  бағдарламасында  төмендегідей  демократиялық 
құндылықтар бар болатын, олар: 
- “… діни нанымына, шығу тегіне және жынысына қатыссыз адамдар тең 
құқылы”; 
- “мемлекеттік шенеуніктер заңсыз жолмен ешкімді ұстай алмайды”; 
-  “мемлекеттік қызметшілер  қожайынның рұқсатынсыз ешкімнің тұрғын 
үйіне кіре алмайды”; 
- “соттың қарауынсыз және шешімінсіз бас бостандығынан айырмау”;
-  “жиналыстың,  бірлестік  құрудың,  сөздің,  газет,  кітап  шығарудың 
еркіндігі”. 
Өкінішке орай “Алаш” партиясының өмірі ұзаққа созылған жоқ.  Кеңестік 
үкімет билікке келісімен-ақ оларға «ұлтшыл партия» деген айып тағылып, кейін 
күшпен,  зорлықпен  жабылып  қалды.  Ал  “Алаш”  партиясы  қайраткерлерінің 
тағдыры қайғылы аяқталды, олар сталиндік жазалаудың құрбаны болды. 
Қазақстан  тарихында  “Алаш”  партиясының  алатын  орны  айрықша.  Егер 
жоғарыда  аталған  осы  партияның  бағдарламасына  қайтадан  жүгінетін  болсақ, 
бұл  партия  Қазақстандағы  алғашқы  либерал-демократиялық  партия  болды. 
Тарихи  тұрғыдан  алатын  болсақ  аты  аңызға  айналған  барлық  түркі 
халықтарының  атасы  –  “Алаш”  атын  алған  партия  – қазақ  даласындағы 
алғашқы дербес партия болды. Кейін, 1918 жылдан бастап Қазақстанда бір ғана 
саяси  партия  -  коммунистік  партия  болды.  Бірақ  ол,  біріншіден,  Кеңестер 
Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) бөлімі (филиалы) ретінде ғана өмір 
сүрді. Екіншіден, КОКП-ны партия емес, мемлекетті жеке-дара, шексіз билеген 
әзірейіл (монстр) деп атаған да дұрыс болатын.
Мемлекеттік  билікті  толығымен  өз  қолына  алған  КОКП  алғашқы  күннен 
бастап  –ақ бүкіл елді    «орасан зор  еңбек артеліне»   айналдырды.    1919  жылы 
енгізілген «әскери коммунизм» саясатының  озбырлық сипаты елдегі жергілікті 
бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосып біртұтас 
қазына  құрудан,  ұсақ  және  жеке  өнеркәсіпті  мемлекет  меншігіне  алудан 
көрінді.  Жаңа  Кеңестік  республиканың  адам  және  материалдық  байлықтарды 
игеруге  бұйрықтар,  реквизициялау,яғни  экономиялық    басқаруға  жатпайтын  
мемлекеттік  күштеу  әдістері  арқылы  қол  жеткізілді.  Экономика  саласындағы 
осындай төтенше шаралар, «қоршаудағы қамал» идеологиясы  және жанталаса 
қарулану,  «бәрі  жоғарғы  жақтан»  саясаттары  елімізде  өктемдік,  зорлық-
зомбылық  психологиясын  туғызды.  Азық  –түлікке    мемлекет  монополиясын 
бекіту  үшін  жүргізілген  адамгершілікке  жат  саяси  шаралар  халықты  аштыққа 
ұшыратты. 


78
1921 жылы В.Ленин  Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс, 
жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттады.                         
 Осы  жылғы  наурыз  айында  Ресей  Коммунистік  (большевиктер) 
партиясының  Х съезінде қабылданған Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кейін 
Сталиннің  мемлекет  билігі  басшылығына  келуіне  байланысты  таптық, 
идеологиялық  себептермен тоқтатылды.
1925  жылғы  желтоқсанда  Бүкілодақтық  Коммунистік  большевиктер 
партиясының    ХІҮ  сьезінде  қебылданған  елді  соиалистік  индустрияландыру 
туралы  шешімі  КСРО-да  және    оның  ішінде  Қазақстанда  ауыр  өнеркәсіптің 
дамуына  әсер  етті.  Мысалы,  Қазақстанда  көптеген  зауыттар  мен  фабрикалар 
салынды. Сол кездегі іске қосылған үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір 
темір жолы («Турксиб»)  болатын. 
Индустрияландыру саясаты қоғамда жағымсыз жағдайлардың туындауына 
да  себеп  болды.  Социалистік  индустрияландыру  саясаты  тек  ғана  КОКП-ның 
жоғарыдан  берілетін  бұйрығы,үкімі  арқылы  жүзеге  асырылды.  Ақырында, 
Кеңес  Одағында  мемлекеттік  басқарудың    әміршілдік-әкімшілдік  әдісі,  саяси 
биліктің  жеке диктатурасы қалыптасты.Оның жалғасы тоталитарлық режимге 
айналды.
1917  жылғы  Қазан  революциясының  халыққа  берген  уәдесі  орындалмай, 
саяси  билік  халыққа  емес,жеке  диктатурамен,  әміршілдік-төрешілік 
басшылығымен  алмастырылды.Қазақстандағы    социализм  идеяларының 
осылайша  бұрмалануы  1925-1933  жылдары  Қазақ  өлкелік  Коммунистік 
партиясының  (КОКП-ның  филиалы)  бірінші  хатшысы  болған  Ф.Голощёкин 
есімімен  тікелей  байланысты. Ол  Сталиннің  қатаң  саясатын  жақтап, 
Қазақстанда көсемшіл, әміршіл тәртіп енгізді. Голощёкин қазақ жерінде  «Қазан 
лебі»  (1917  жылғы  революцияның)  сезілмеген»  деп  «Кіші  Қазан»  төңкерісін 
өткізу идеясын ұсынды. 
КСРО-дағы Коммунистік партияның келесі саясаты – ауыл шаруашылығын  
кеңестік  ұжымдастыру  шараларын  өткізу  болды  Бұл  шешім  1927  жылы 
желтоқсанның  2-сі  күні  Бүкілодақтық  Коммунистік  (большевиктер) 
партиясының  ХҮ  съезінде  жарияланды.  Мақсат:  ауылдағы  жеке  меншікті 
мемлекттендіру.  Себебі  –социалистік  мемлекетте  жеке  меншік  болмауы  тиіс  
деген идея болатын. Халықтың қолындағы малды мемлекеттің меншігіне тарту 
үшін  жедел  түрде  колхоз,совхоздар  ұйымдастырылды. Қазақ  елінде  халықтың 
наразылығын  болдырмау  мақсатында  Ф.Голошёкин  өзінің  «Кіші  Қазан» 
идеясын ұстанып бақты. Нәтижесінде тек ғана малмен күн көріп отырған қазақ 
халқы жаппай аштыққа ұшырады, билікке қарсы болғандар аяусыз жазаланды, 
елде репрессия басталды.
1932 жылы қазақтың бір топ саяси қайраткерлерінің Ф.Голощёкинге жазған  
«Бесеудің  хаты»,  Тұрар  Рысқұловтың    Сталинге  жазған  хатына  немқұрайлы 
түрде: «Асыра сілтеу болмасын» деген жауап берілді.
Ауылшаруашылығын  кеңестік  ұжымдастыру  саясатының  зияндылығы 
сонша,  1930-1932  жылдардағы  еліміздегі    аштық  тарихқа  «ұлы  жұт»,  қазақ 
халқының аса зор қасіретті жылдары болып  енді. 


79
1930 жылы Қазақстан халқының саны  5 миллион 800 мың адам болса, ал 
1933  жылы  2  миллион  500  мың  ғана    халық  қалды.  2  миллионға  жуық  қазақ 
аштықтан қырылды, 1 миллион қазақ басқа елдерге көшіп кетті. 
Осы жылдары халық наразылығының күшейуіне жол бермеу мақсатындағы  
сталиндік  репрессия  басталды.  Бұл  да  Бүкілодақтық  Коммунистік 
большевиктер  партиясы  саясатының    бір  түрі  болды.Ол  екі  мақсатты  көздеді: 
біріншісі,ұлт зиялыларын жою, себебі олар халықтың тарихи  зердесі болатын. 
Екінші  мақсат,  Сталиннің  жеке  басының  беделін  жоғарлату,  оның  есімін 
дәріптеу, мемлекеттегі ролін мадақтау болатын. 
1936  жылы  КСРО-да    сталиндік  деп  аталған  жаңа  Конституция 
қабылданып,   халық қатаң билеушінің  беделін мойындауға мәжбүр болды. 
Бұдан  кейінгі  жылдары  кеңес  халқы  фашизм  мен  социализм  идеологиясы 
кезіккен  ,  адамзат  тарихында  бұрын-соңды  болмаған  қатыгез  соғысты  бастан 
кешті. 
1952  жылыКСРО-дағы  Коммунистік  партиясының  аталуы  өзгертілді. 
Бүкілодақтық  Коммунистік  (большевиктер)  партиясы  (БК(б)П)  енді  Кеңес 
Одағы Коммунистік партиясы (КОКП) аталатын болды. 
КОКП-ның  таптық,  социалистік  саяси  ұстанымы  бойынша  жеке  адам 
бостандығы  мен  құқығы  ескерілмеді.  Өздерін  демократиялық  ,әділетті 
қауымдастық деп  санайтын ірі  капиталистік  мемлекеттер жағынан  КОКП-ның 
бұл  саясаты  наразылық  тудырды.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін    көп 
ұзамай басталған қырғи-қабақ соғыс саясаты одан әрі ушыға түсті.     
Экономика  саласындағы  КОКП-ның  ұстанған  шаруашылықты  басқару 
әдістері  нәтижелі  болмады.  Өнеркәсіп  те,  ауылшаруашылығы  да  экстенсивті 
басқару  әдісінен  интенсивті  әдіске  ауыстырылмады.Ақырында  КСРО-да  ХХ 
ғасырдың  70-ші  жылдарынан  бастап  тоқырау  көрністері  байқалды.КОКП 
мемлекеттің  беделін  сақтап  қалу  үшін  әртүрлі  әрекеттерге  барды:  1968  жылы 
Чехословакияға өз әскерін кіргізуі, 1969 жылғы КСРО мен Қытай әскерлерінің 
арасындағы  қақтығыстар,1979  жылы  КСРО  әскерлерінің  Ауғанстан  жеріне 
кіргізілуі және т.б. оқиғалар.
Нәтижесінде  КОКП-ның  саясатына  деген  наразылық  халық  арасында 
күшейе түсті.Кейін КСРО-да мемлекеттің ыдырау процесі басталды,оны сақтап 
қалу  әрекеттерінің  бірі  КОКП-ның  1991жылғы  тамыздың  19-да  Мәскеуде 
астыртын  түрде  ұйымдастырылған  Төтенше  жағдай  жөніндегі  Мемлекеттік 
Комитеттің (ТЖМК) мақсатын қолдауы болды.  ТЖМК-нің жоспары КСРО-ны 
қалайда  сақтап  қалу  болатын.  Кейінірек  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 
Комитетінің  мәлімдемесінде  аталып  өткендей,    «бұл  әрекеттер  қатардағы 
коммунистердің  күш-жігеріне,  партияға  орны  толмас  нұқсан  келтірді». 
1991жылғы  тамыз  айының  23-де  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  КОКП 
Орталық Комитетінің Бюро мүшелігі құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді. 
Кейін  Қазақстан  Компартиясының  өзі  де  КОКП  құрамынан  шығып  кетті. 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің    пленумы  өздерінің  төтенше 
съезін  шақыру  үшін  ұйымдастыру  комитетін  құрды.  Осы  саяси  жағдайға 
байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелері өздерінің 
өклеттіктерінен бас тартатыны және Орталық Комитеттің қызметін тоқтатқаны 


80
жөнінде  мәлімдеме  жасады.      Қазақстан  Компартиясының  кезектен  тыс  және 
төтенше  съезі  1991  жылы  қыркүйектің  7-сі  күні  Алматы  қаласында  ашылды. 
Съезд Қазақстан Компартиясын тарату және жаңа партия құру жөнінде шешім 
қабылдады.Ендігі  жерде  жаңадан  құрылған  партия  социалистік  деп  аталатын 
болды.      Қазақстан  Компартиясының  бірқатар  мүшелері  1991  жылғы  қазан 
айында құрылған Қазақстан Халық Конгресі партиясының құрамына кірді.
Міне осылай Ленин мен оның серіктері құрған Кеңес Одағы Коммунистік 
партиясы (КОКП) елімізде өзінің жеке дара билік жүргізуін тоқтатты. 
Еліміздің жаңа тарихындағы саяси партиялардың өмірге келуі 1990 жылдан 
басталды.  Осы  жылы  азаматтық-демократиялық  «Азат»  қозғалысы  (АДҚ) 
елімізде  алғашқы  саяси  ұйым  ретінде  тіркелді.  Ұлттық  мүддені  көздеу  және 
қазақтың  айырылып  қалған  құқықтарын  қалпына  келтіру  жағынан  бұл 
қозғалыстың  идеялары  сол  кезде  барынша  прогресшіл  болды.  Ұрандары  мен 
бағдарламасы  ішінде  мұңы  жоқталған  халық  оны  қолдады.  Аз  ғана  уақыттың 
ішінде  қозғалыс  бүкіл  республикада  ауқымды  әрекет  ете  бастады.  Олардың 
басқа  да  ұйымдармен  қосылып  талап  етуі  арқасында  қазақтың  көптеген 
құқықтарын қалпына келтірген Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы 
Декларация  қабылданды.  Онда  Қазақ  республикасының  бөлінбейтін 
біртұтастығы,  мемлекеттік  тілінің  қазақ  тілі  екендігі  туралы  ресми  түрде 
мәлімденіп, Жоғары Кеңесте қабылданды. Кейін ол Тәуелсіздік туралы Заңның 
негізі  болды.  «Азат»  қозғалысының  басында  С.Ақатай,  М.Шорманов, 
М.Есеналин секілді ұлтжанды азаматтар тұрды.
1991  жылы  «Қазақ  КСР-індегі  қоғамдық  бірлестіктер  туралы»  Заң 
қабылданды.  Осыған  сүйеніп  парламенттік  тұрғыдағы  Қазақстанның 
Республикалық  партиясы  (ҚРП)  –  «Азат»  құрылды.  1992  жылғы  маусым 
айында «Азат» және ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы бірігіп, бір 
партия  құру  туралы  шешім  қабылдады  (Ұлттық-демократиялық  «Желтоқсан» 
партиясы 1990 жылы «Әділет», «Ақиқат», «Азамат» т.б. ұйымдардың негізінде 
құрылған  болатын).  1992  жылдың  26  желтоқсанында  осы  біріккен  «Азат» 
партиясы ресми түрде тіркеуден өтті.
Осы  кезде  елімізді  демократияландыру  бағдарын  ұстаған  бірнеше  партия 
болды.  Соның  бірегейі  қазақтың  жарқыраған  қос  жұлдызындай  екі  ақыны 
Олжас  Сүлейменов  пен  Мұхтар  Шаханов  алғашқы  төрағалары  болған 
«Қазақстанның  Халық  Конгресі  партиясы»  (ҚХК).  Бірақ  көп  ұзамай  
М.Шаханов  «Арал  –  Азия  – Қазақстан»  қозғалысының  жұмысын  жүргізуге 
ауысып, партия басшылығынан кетті.
Өз  бетімен  ыдырап  кеткен  КОКП-ның  орнына  Қазақстан  социалистік 
партиясы  (ҚСП)  құрылып,  оның  басшылығына  белгілі  жазушы  Ә.  Әлімжанов 
сайланған  болатын.  Бірақ  партияның  көптеген  өкілдері  оның  мемлекеттің 
тұрақтылық жолын көздеген қадамдарын қолдамай, радикалды шаралар жасау 
үшін  1991  жылғы  желтоқсан  айында  қайтадан  Қазақстан  коммунистік 
партиясын құрды.
1990-1992  жылдары  Қазақстан  қоғамында  демократиялық  процестердің 
қарқындап дамуына сәйкес саяси күштердің бір жағынан барынша белсенділік 
іс-қимылдары  көрініс  тапса,  екінші  жағынан  бей-берекет  әрекеттер  де  орын 


81
алды. Осы әрекеттер әртүрлі саяси ұйымдардың пайда болуына ұйытқы болды. 
Мысалы,  «Тәуелсіз  кәсіподақ  орталығы»  және  шетелдік  қорлармен  байланыс 
жасаған  «Социал-демократиялық  партиясы»,  «Бірлік»,  «Русская  община», 
«Казактар одағы» т.б. ондаған ұсақ партиялар мен қозғалыстар өмірге келді.
Еліміздегі жасампаз күштердің бағытын бір арнаға тоғыстыру мақсатымен 
1993  жылы  «Қазақстанның  халық  бірлігі  одағы»  құрылды.  Оның  жетекшісі 
(лидері)  болып  Президент  Н.  Назарбаев  сайланды.  Алғашқы  төрағасы 
С.Әбдірахманов, ал сол жылдың аяғында болған съезде төрағалыққа Премьер-
Министрдің  орынбасары  Қ.  Сұлтанов  сайланды.  Бұл  одақ  елдегі  саяси 
ағымдарды тұрақтандыру, бір арнаға түсіру жолында үлкен жұмыстар жасады.
Осы 
жылдары  Қазақстанның  Аграрлық  партиясы,  «Ақ 
жол» 
демократиялық 
партиясы, 
Республикалық 
«Отан» 
саяси 
партиясы, 
Республикалық  «Асар»  партиясы»,  Қазақстанның  социал-демократиялық 
«Ауыл»  партиясы,  «Қазақстанның  Азаматтық  партиясы»,  «Қазақстанның 
Коммунистік  партиясы»,  «Қазақстанның  патриоттары  партиясы»,  «Руханият» 
партиясы ресми түрде тіркеуден өтті.
1997  жылы  кейбір  қозғалыстар  мен  партиялар  ұсынған  пікірлерді  қолдай 
отырып,  Қазақстан  Үкіметі  саяси  күштер  жетекшілері  мен  билік  өкілдерінің 
қатысуымен  пікір  алысуға  «дөңгелек  үстел»  құруды  қолға  алды.  Бұл  қазіргі 
демократиялық реформалар бағдарламасын дамыту және нақтылау жолындағы 
мемлекеттік комиссияның алғашқы нұсқасы болатын.
Қазақстандағы  көппартиялықтың  қалыптасуына,  жалпы  қоғамдық-саяси 
бірлестіктердің  өрістеуіне  республикада  қабылданған  заңдар  әсер  етті.  Олар: 
«Қоғамдық  бірлестіктер  туралы»  (1996  ж.),  «Саяси  партиялар  туралы»  (1996 
ж.),  «Саяси  партиялар  туралы»  (2002  ж.).  Бұл  заңдар  азаматтардың  қоғамдық 
ұйымдар  құру  еркіндігіне  кепілдік  берді.  Саяси  партиялар  мен  бірлестіктер 
заңды түрде жұмыс істеуге мәртебе алды.
Қазақстандағы  көппартиялықтың  дамуына  зор  әсер  еткен  1998  жылғы 
қазанның 7-і күні ҚР Конституциясына енгізілген Заң болды. Осы Заң бойынша 
ҚР парламенті Мәжілісіне «он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және 
біртұтас  жалпыұлттық  сайлау  округінің  аумағы  бойынша  партиялық  тізімдер 
негізінде сайланады» деп жарияланды.
Осы  Заң  қабылданған  соң  бір  жылдан  кейін,  1999  жылдың  10-шы 
қазанында  Қазақстанда  ең  алғашқы  көппартиялық  негізде  Парламентке 
жалпыхалықтық  сайлау  өткізілді.  Елдің  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  бұл  күнді: 
«Осы сайлау біздің Қазақстан үшін көппартиялық демократияның туған күні» -
деп атады. Сол күнгі сайлаудан бастап еліміздегі саяси партиялардың уәкілдері 
Қазақстан  Республикасы  парламенті  Мәжілісіндегі  депутаттық  орындарға 
сайланатын  болды.  Бұл  еліміздегі  демократияның  негізгі  белгілерінің  бірі  —
көппартиялықтың қалыптасуының басты көрінісі болып табылады.
2006  жылы  22  желтоқсанда  «Отан»  партиясының  кезектен  тыс  съезінде 
Қазақстан  қоғамындағы  ынтымақтастықты  нығайту  мақсатымен  «Асар», 
Азаматтық  және  Аграрлық  партиялар  «Отан»  партиясымен  қосылып,  біртұтас 
саяси  партияға  айналды.  Съездегі  осы  партиялардың  346  делегаты  партияның 
«Нұр Отан» деген жаңа атын мақұлдап бекітті. 


82
Қазақстан Конституциясына 2007 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгертулер 
бойынша, Мәжіліске 98 депутат партиялық тізім негізінде сайланатын болды.
2007 жылғы 18 тамыздағы Мәжіліс сайлауында «Нұр Отан» жетекші саяси 
партия болып қалыптасты. Бұл партия  бүгінгі таңда Қазақстандағы ең қуатты, 
халықты 
көп 
қамтыған, 
ұйымшыл 
қоғамдық-саяси 
күш. 
Ол 
қазақстандықтардың  басым  көпшілігінің  сеніміне  кіріп,  үлкен  беделге  ие 
болды.
Қазақстанның  саяси  өміріндегі  көппартиялықтың  дамуы  – қоғамды 
демократияландыру  үрдістерінің  құрамдас  бөлігі.  Әрбір  партия  халыққа  адал 
қызмет жасаса ғана партиялық жүйе қоғамның жетекші саяси күші бола алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет