Саясаттану


Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет5/131
Дата06.01.2022
өлшемі15,5 Mb.
#15124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
2.Қазақ даласындағы саяси пікірлердің қалыптасуы.
  
Қазақ қоғамында да саяси ой-пікірлер қалыптасуының түп тамыры ерте 
замандарға  барып  тіреледі.  Мысалы,  Қазақстан  жерін  қола  дәуірінде 
мекендеген  андроновшылар  мен  сақтардың қауымдық-саяси  қатынастар 
туралы  ойлары  мифологиялық  деңгейде  болған.  Мысалы,  андроновшылар  «о 
дүниелік  өмір»  жер  бетіндегі  тіршіліктің  жалғасы  деп  есептеді.  Олардың 


9
аңыздары  бойынша  ажал  құдайы  Яманы  «өлікті  матаушы»  деп  атады. 
Андроновшылардан сақтарға «отқа табынушылық» және «аң стилі» ұғымдары 
жалғасты. 
Саяси  білімдер  дамуының  мифологиялық  кезеңіндегі  сақтардың  билік 
жөніндегі  ұғымын  патшалардың  дулығасының  (қола  мен  алтыннан  жасалған 
әшекейлі  бас  киім)  білдіруі  осыған  нақты  мысал  бола  алады.  Бас  киімнің 
алдыңғы жағындағы күн белгісі – күллі космостың тұтас бейнесі, төрт қанатты 
пырақ  пен  төрт  алтын  жебе  –  бұл  күн  өз  жолымен  жүргенде  айналып  өтетін 
барша  үш  дүние  мен  жалғанның  төрт  бұрышын  түгел  билейтін  өктемдіктің 
өзгеше бір белгісі. Бас киімнің алдыңғы жағын сақтар жалғанның шығыс жағы, 
артқы жағын – батыс жағы деп есептеген. 
Осындай  тәжді  кигізу  көсемге  күллі  космосты  билеуді  тапсырды  деген 
түсінік  білдірген.  Көсем  –  дүниенің  кіндігі,  оның  орталығының  бейнесіндей 
болған, ал оның киіміндегі нышандардың бәрі мифологиялық ұғымдар 
Саяси  білімдердің  мифологиялық  кезеңіндегі  Іле  өлкесіндегі  сақ 
тайпаларын  ығыстырып  жаңа  тайпалық  одақтар  құрған  - үйсіндер.  «Қарғалы 
диадемасында»  бейнеленген  қоғамдық  ой-пікір  бойынша:  әлемді  басқарушы 
құдайлар,  құдайлардан  кейінгі  адамға  жан  беруші  әйел,  құдайлар  мен 
адамдардың  арасындағы  байланыс  күші  жануарлар,  ал  барлық  тірі  жандарға 
өмір нәрі болатын өсімдік, жасыл табиғат деп түсінген. 
Негізінен,  Қазақстан  жерін  мекендеген тайпалардың қоғамдық-саяси  ой-
пікірлерін білдіретін тұтас сақталған аңыздар, мифтер өте аз, жазба деректер де 
жоқтың  қасында.  Бұл  тайпалардың  көшпелі  өмір-салтымен  де  байланысты, 
себебі  тайпалардың  мекен-жайлары  бытыраңқы  болса,  әр  тайпаның  діни 
түсініктері  де  әр  түрлі  болды.  Барлық  тайпаларға  ортақ,  біртұтас  діннің 
қалыптаспауы себебінен андроновшылар, сақтар, үйсіндер табиғаттың өздеріне 
жағымды,  қасиетті  күштеріне  табынуды  күшейте  түсті.  Сондықтан  Ежелгі 
Грекиядағы  сияқты  «этикалық  парыздарды»  насихаттайтын  мифологиялық 
аңыздар  туындаған  жоқ.  Бұл  тайпалардың  әлеуметтік  тәртібі,  саяси  ойы  және 
құрылымдары  өткен  ұрпақтардың  салт  -  дәстүр  тәжірибесіне,  күнделікті  өмір 
практикасына  негізделді.  Сол  себептен  Қазақстан  территориясын  мекендеген 
тайпалардың  саяси  білімдерінің  үш  түрі:  мифологиялық,  діни  және 
практикалық  қатар  дамыды  деуге  болады.  Саяси  өмірдің  жедел  өзгеруі  саяси 
сананың  дамуына  әсер  етті.  Сондықтан  бұл  тайпалардың  саяси  санасы 
мифологиялық деңгейден рационалдық танымға тез ауысты. 
Қоғамдық  жүйенің  дамуындағы  осындай  ерекшеліктер  Қазақстан 
территориясын мекендеген ежелгі тайпалардың өміріндегі алғашқы қауымдық-
саяси  қатынастардың  қалыптасуына  негіз  болып,  ұжымдық  меншіктің  шығуы 
ру  мүшелерінің  арасындағы  байланысты  нығайтты.  Барлық  мәселелерді  тайпа 
мүшелерінің  жиналысы  шешіп  отырды.  Жиналыста  ру  басшыларын  сайлап, 
немесе  орнынан  босатты  және  рудың  салт-дәстүрлерінің  қатаң  сақталуын 
қадағалады. Айыптылар халық алдында жазаланды. 
Таңғаларлық  жағдай  -  ежелгі  заманның  өзінде-ақ  Евразия  даласында 
демократияның айқын көріністері өмірге келген. 


10
Сақтардың  әлеуметтік  құрылысының  осындай  деңгейге  көтерілуіне  екі 
себеп  әсерін  тигізді:  біріншіден,  мүлік  теңсіздігінің  пайда  болуы  қоғамның 
әлеуметтік  жіктелуін  күшейтсе,  екіншіден,  тайпалардың  арасындағы 
қақтығыстар,  соғыстар  жиіленді.  Бірнеше  тайпалар  бірігіп,  жауынгерлер 
қауымына  айналды.  Ел  басқаруға  қабілетті  басшылар  қажет  болды.  Енді 
көсемдер  жауынгерлердің  арасынан  таңдалып  алынатын  болды.  Әртүрлі 
сайыстардағы ең мерген жауынгер өзгелерге билік жүргізуге құқық алды. Бірақ 
тек  ғана  мергендік  патша  болу  үшін  жеткілікті  болған  жоқ,  оған  басқа  да 
қабілеттілік  қажет  болды.  Мінеки,  сондықтан  да  Есік  қорғанына  жерленген 
адам («Алтын адам») әрі жауынгер (бұған қару-жарақ, оның ішінде алтын садақ 
куә), әрі абыз (басына кигізілген ерекше шошақ бөркі), әрі мал иесі (қабір ішіне 
бақташының ұзын өрме қамшысы қойылған) болып есептеледі. 
Сонымен,  бүкіл  тайпа  мүшелері  сайлаған  тайпа  көсемі  –  бас  қолбасшы 
болды.  Сақ  тайпаларында  патшалар  сайланатын,  яғни,  билікті  мұра  ретінде 
алған  жоқ.  Бірақ  олар  жауынгерлердің  арасынан  ғана  сайланатын  еді.  Осы 
себептен  бұл  кезең  әскери-демократия құрылысының  пайда  болған  кезеңі 
болып саналады.
Үйсіндерде  таптық  қоғамға  тән  қатынастар  тез  қалыптасты,  әлеуметтік 
теңсіздіктің пайда болуы, тек малға ғана емес, жерге де жеке меншік орнатты. 
Бұл мемлекет қалыптасуының алғашқы белгілері болатын. 
Б.з.  ІІ-ІІІ  ғасырларда  Ферғанадан  Арал  теңізіне  дейінгі  Сырдарияның 
бойын  толығымен  бақылауға  алған  қаңлылар    мемлекеттік  дәрежеге  жетіп, 
қоғамдық  билік  жүйесін  жаңартуға  талаптар  жасады.  Қаңлы  тайпаларында 
билік  мұрагерлікпен  әкеден  балаға  беріліп  отырды.  Яғни,  монархия, 
абсолютизм  қалыптасты.  Билік  туралы  білімнің  даму  нәтижесінде  қаңлылар 
патша  билігінің  жанынан    ақсақалдар  кеңесін  құрып,  билікті  бөлісу 
ұстанымына  бір  қадам  жақындай  түсті.  Ақсақалдар  кеңесінің  құрамына  ру 
басшылары,  әскери  көсемдер  кірді.  Бұл  билік  өздеріне  берілген  өкілеттілікті 
пайдаланып,  бұқараны  бағынышта  ұстады,  бірақ  азшылықтың  көпшілікке 
үстемдігін заңдастырды. 
Осындай  билік  жүйесінің  әсерінен  болар,  қаңлылар  арасында 
ақсақалдарды құрметтеу, ата-баба аруағына табыну, оларға арнап құрбандыққа 
мал шалу сияқты  діни сенімдер қалыптасты. Қазіргі кездегі қазақ халқындағы 
ата-бабалардың  аруағына  бас  ию  салты  қаңлылардан  жалғасқан  дәстүр  болуы 
да мүмкін. 
Біздің заманымыздағы І ғасырдан бастап төрт-бес ғасырдай Қазақстанның 
жерін  мекендеген  «халықтардың  ұлы  қоныс  аударуы»  деген  атпен  белгілі 
құдіретті  ғұндар  да  қоғамдық-саяси  қатынастар  туралы  білімдердің  дамуы 
нәтижесінде, қаңлылардың Ақсақал кеңесі билік жүйесін Халық жиналысымен 
толықтырды. Деректі мәліметтерге қарағанда, ғұндар 24 руға бөлінген, олардың 
басында  ағамандар  тұрған.  Ағамандар  кеңесі  мен  халық  жиналысы  бірігіп 
жұмыс істеген. «Ғұндардың жыл сайын үш рет Лунциде бас қосатын әдеті бар 
еді,  онда  жылдың  бірінші,  бесінші  және  тоғызыншы  айында  ағамандар 
мемлекет істері жөнінде кең отырып кеңескен» («Қазақстан тарихы». Очерктер. 
Алматы. 1994 ж., 54 бет).   


11
Ғұн тайпаларының мемлекеттік дәрежеге жеткенін айқындайтын тағы бір 
дерек  – ғұндар  қоғамында  заң  орнына  жүрген  бірнеше  ережелер  шығарылды. 
Мысалы, б.з.д. ІІІ ғасырда ғұн тайпаларының басшысы (шаньюй) Моденің заңы 
әскери тәртіпке мыңбасы, жүзбасы, онбасы жүйесін енгізді. 
Шаньюй  Лаошан  халықтан  салық  жинау  үшін  арнайы  ереже  (кадастр) 
шығарып, тұрғындарға, мал басына, жерге санақ жүргізді. 
Сақ,  үйсін,  ғұндар, қаңлы  кезеңдерінде  қалыптасқан қоғамдық-саяси ой-
сана,  дәстүрлері  құдіретті  Түрік  қағанаттары  мемлекетінің  орнауына  негіз 
болды. Оған нақтылы дәлел - ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен «Күлтегін» 
ескерткіші.  «Күлтегін  ел  үшін  күндіз  тыным  таппаған,  түнде  ұйықтамаған, 
елдігін орнатып, жерін ұлғайтқан» деп жазылған осы ескерткіште. Тасқа қашап 
жазылған  сөздердің  негізгі  мазмұны:  мәңгілік  ел  орнатамыз  деп  өмір  кешкен, 
сол  үшін  заманының  ұлы  империясы  –  Түрік  қағанатын  құрып,  келешекке 
осыншама  байтақ  жерді,  таусылмайтын  байлықты,  тозбайтын  дәстүрді 
қалдырып  кеткен  Бумын,  Істемі,  Елтеріс,  Құтлығ,  Білге  қағандар,  дана  Түй-
ұқық, айбынды Күлтегін бәрі де құдіретті, ақылды, білікті қағандар. Бұл сөздер, 
біріншіден, кейінгі ұрпаққа жазып кеткен тарихи өсиет-өнеге болса, екіншіден, 
«Күлтегін»  ескерткішінде  «ашты  тойындырған,  жалаңашты  киіндірген,  азды 
көп  қылған,  кедейді  бай  еткен,  тату  елге  жақсылық  жасаған»  деп  жазылған 
сөздер  ел басқарушы құрамының оқшауланып, саяси билік жүйесіне айналып, 
өз  еліне,  халқына  қызмет  етуді  міндет  ретінде  мойындау  түсінігінің 
қалыптасқанын айқындайды. 
Байырғы  түрік  даналары  иелік  еткен  дәстүр  де,  қалыптасқан  қоғамдық-
саяси қатынастар жүйесі де ең алдымен қазақ халқына мирас болып қалған еді. 
Саяси  білімдер  даму  тарихының  көркем  бейнесі,  түркі  халқының 
феодализм кезіндегі әскери және саяси жағдайын шынайы суреттейтін тарихи-
этнографиялық туындысы, түрлі оқиғалардың басын біріктіріп жырлайтын дала 
кемеңгерлерінің  ертедегі  дәстүрін  бізге  жеткізе  алған  құнды  ескерткіші  деп  
айтуға болатын ғажайып эпос -«Қорқыт ата кітабы». 
Көркемдігі ерекше шығарманы ұрпағына мұра етіп қалдырған ұлы тұлға -
Қорқыт  бабамыз  орта  ғасырдағы  Оғыз  қағанатының  (ІХ  –  ХІ  ғғ.)  ерлігін 
жырлайды.  Эпос  Оғыз  қағанатының  құрылымы  мен  оны  басқарған  лауазым 
иелерінің міндетін анықтауға толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Қорқыт 
ата  кітабының»  орасан  зор  маңыздылығы,  Оғыз  қағанатының  ғана  емес, 
бірнеше ғасырларды қамтитын сақ заманынан бергі түрік қағанатының басқару 
жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. 
ІХ  ғасырдан  бастап  Қазақ  жерінде  саяси  білімдердің  рационалдық 
деңгейге  көтерілуіне  жағдай  туды.  Осы  кезде  Қазақ  даласында  бірінен  кейін 
бірі ортағасырлық феодалдық қарлұқ, оғыз, кимек, қарахан, қарақытай, қыпшақ 
мемлекеттері  қалыптасты.  Олардың  бәрінде  толық  мемлекеттік  деңгейге 
жеткен  басқару  жүйесі  қалыптасты.  Екі  фактор  әлеуметтік  топтардың 
бірлестігін  нығайтуға  негіз  болды.  Олар,  біріншіден,  этникалық  тегі  жағынан 
қоғамдық топтардың  басым көпшілігі түрік  тілдес болып, осы мемлекеттердің 
көпшілігі 
түрік 
тіліне 
бейімделді. 
Екіншіден, 
қоғамдық 
топтар 
шаруашылықтың  бір  түрімен  –  мал  шаруашылығымен    айналысуы  біртұтас 


12
этностың қалыптасуын жақындатты. Маңыздылығы орасан зор болған тағы бір 
фактор – Қазақстанның жеріне ислам дінінің тарауымен байланысты 893 жылы 
Таразда ашылған алғашқы мешіттен бастап араб тілі, жазуы, мәдениеті тарады. 
Қазақстанның  оңтүстігінің  Араб  халифаты  империясының  құрамына  қосылуы 
Түргеш, Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінде феодалдық мемлекеттіліктің үлгісін 
жетілдірді.  Осы  факторлардың  барлығы  мәдениеттің,  білімнің,  ғылымның, 
оның ішінде саяси ғылымның дамуына негіз болды. 
Сол  кездегі  Қазақ  жеріндегі  саяси  ғылымға  мол  мұра  қалдырған 
ойшылдар:  Әл-Фараби,  Жүсіп  Баласағұн,  Махмұд  Қашғари,  Ахмет  Яссауй 
болды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет