Саясаттану


Саяси шиеленістер және оппозиция



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата31.01.2017
өлшемі15,5 Mb.
#3091
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

4. Саяси шиеленістер және оппозиция 
Қоғамдағы  саяси  шиеленістер  деңгейі  көп  жағдайда  легитимді 
(заңдастырылған) 
оппозицияның 
қалыптасуына 
байланысты. 
Бұл 
демократиялық  режимнің  ажырамайтын  бөлігі.  Шет  елдік  саясаттанушылар 
“демократияның  бал  айы”  деген  ұғым  енгізіп,  оппозициялық  демократиялық 
күштердің 
табысқа 
жетулерін 
оппозицияның 
легитимді 
болуымен 
байланыстырады. 
Қазақстан 
жағдайындағы 
саяси 
оппозиция 
мәселелері 
біздің 
ғылымымызда  әлі  де  жеткілікті  зерттелген  жоқ.  Саяси  пікірталастық, 
көппартиялылық және оппозиция ұзақ уақыт бойы саяси өмірге зиян келтіруші 
құбылыс 
деп 
саналды. 
Тоталитарлық 
жүйенің 
күйреуі, 
қоғамды 
демократияландыру  барысында  жаңа  саяси  күштер  мен  олардың  саяси 
құрылымдары  пісіп  жетілді.  Саяси  тәжірибеде,  авторитарлық  режимдер 
жағдайында  пікір-таластықты  шектеу  қоғамдағы  шиеленісті  және  дағдарысты 
жағдайлардың  туындауына,  өкіметке  деген  сенімсіздіктің  артуына    әкеліп 
соқтыратыны  белгілі.  Оппозициялық  құқық  –ашық  саяси  күреске  құқығы  бар 
саяси партиялардың, бірлестіктердің өзара іс-қимыл жүйесінің болуы. Мұндай 
жағдайларда  саяси  партиялардың  және  олардың  жетекшілерінің  арасында 

139
өкіметтік  билік  үшін  белгіленген  уақыт  аралығында  заң  арқылы  бәсекелесіп, 
саяси  шиеленістерді  болдырмай  ескі  биліктің  заңмен  алмасу  мүмкіндігін 
тудырады.  Бұның  бәрі  мемлекет  Конституциясы  шеңберінде  болатын  саяси 
күштерге  қажетті  қарсы  мүдденің  және  саяси  мекеме  ретіндегі  ресми  түрде 
танылған оппозицияның қалыптасқан жағдайында өтуі мүмкін. 
Тоталитаризмнен  демократиялық  саяси  жүйеге  өту  сатысы  ұзаққа 
созылатын  және  қиыншылыққа  толы  күрделі  процесс.  Ол  бірқатар  шарттарға 
негізделген.  Атап  айтқанда,  бұған  қоғамдағы  саяси  күштердің  өзара  іс-
қимылын,  саяси  мәдениеттің    даму  деңгейін,  саяси  өмірдің  барлық 
салаларындағы  қажетті  жаңартулар  енгізудегі  саяси  биліктің  шешім  қабылдау 
деңгейін  жатқызуға  болады.  Қазақстанның  бұрынғы  бірпартиялық  жүйеге 
бейімделуі себебінен біздің қоғамымыздың әртүрлі жіктерінің саяси мүддесінің 
бәсеңдігінен,  адамдардың  барлық  саяси  жағдайларға  бейім  еместігі  сипатына 
орай  саяси  пікірталас  және  көппартиялық  жүйе  құру  жолында  көптеген 
қиындықтарды жеңуге тура келеді. 
Саяси тәжірибе мен  ғылымда  оппозицияның әртүрлі сипаттағы түрлері 
мен  белгілері  бар.  Атап  айтқанда,  өкімет  жүйесіндегі  қатынас  тұрғысында  -
локальды  және  турашыл;  қимыл  орны  бойынша  –парламенттік  және 
парламенттік  емес;  қимыл  сипаты  бойынша  –  жүйелі  және  кездейсоқ  оқиғаға 
негізделген  оппозиция.  Парламенттегі  оппозиция  саяси  міндеттердің  үлкен 
көлемін  жүзеге  асыруды  көздейді,  олар:  үкіметке  және  ол  жетекшілік  ететін 
органдарды  бақылауды  жүзеге  асыру,  үкімет  саясатын  немесе  үкімет 
бағдарламаларын  сынау,  бағдарламадағы  баламалы  саясатты  талдау,  қабілетті 
саясатшыларды  іріктеу,  олардың  парламентте  “тұсауын  кесу”  және  үкімет 
алмасқан  жағдайда  оларды  “көлеңкелі  кабинетке”  енгізу.  Кез-келген 
оппозицияның тиімділігі қоғамда алатын орнына, оның ішінде бірлестіктердің, 
бостандығын  заңды  түрде  нығайтуға,  парламенттік  азшылықтың  құқығын 
қорғауға,  парламенттік  шешімдерді  немесе  парламент  қабылдаған  заңды 
актілерге  тосқауыл  қоюға  тұрғындардың  белгілі  бір  топтарының  қоғамдық 
пікірін  жұмылдыру  арқылы  парламенттік  оппозиция  жағына  тартуға 
байланысты. Осындай оппозициялық бастамалар мен талаптар заңдастырылған 
жағдайында  ешқандай  әлеуметтік,  оның  ішінде  ұлттық  топтардың  мүдделері 
ескерусіз  қалмайды.  Нәтижесінде  демократиялық  режим  жағдайында 
оппозиция  аталған  мақсаттар  бойынша  үкіметтік  шешімдер  қабылдауға  қол 
жеткізе  алады.  Шетелдік  саясатшылар  парламенттегі  күштердің  барлық 
мүмкіндігін жұмсау арқылы атқарушы өкімет органдары мен олар қабылдаған 
шешімдердің легитимдігін пайдалануы үшін “оппозициялық құрылым” жүйесін 
қалыптастырады. 
Ықпалы күшті оппозицияның болмауы және өкіметтің төмен легитимдігі 
саяси  жүйенің  әлсіреуіне  әкеліп  соғады.  Осы  жағдайда  азаматтардың  саяси 
белсенділігі жоғарылап, шыдамсыз іс-әрекеттер көбейеді, бұны лаңкестік және 
экстремистік  топтар  өздерінше  пайдаланып  саяси  процестерді  шиеленістіруге 
ұмтылады.  Ал  конструктивтік  оппозиция  басқарушы  партияларға  тиімді, 
қажетті стратегиялық және тактикалық баламалар ұсынады. Сондықтан қазіргі 
демократиялық саяси жүйе шеңберінде олардың бәсекелестігі қоғамдағы және 

140
парламенттегі  күштердің    қауіпті  шиеленісін  болдырмайды.  Бұған 
қарсыластардың  мүдделерін білдіретін және  мүмкін  болатын  саяси  шегіністер 
мен  осы  саяси  ұтылыстар  үшін  өзара  есе  қайтару  сипатын  білдіретін  
позицияларды талдау ықпал етеді. 
Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыруда  саяси  күштердің  өзара  қатынасының 
өркениетті  сипатын  қамтамасыз  ететін  саяси  мәдениет,  саяси  процестердің 
тұрақтылығы мен өзгерістерінің органикалық тұтастығы; қоғам мен мемлекет, 
әлеуметтік  жіктер  мен  топтар,  халықтар  мен  ұлттар,  азаматтар  мен  мемлекет 
арасындағы келісілген өзара қатынас маңызды роль атқарады. 
5. Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі
«Консенсус»  сөзін  латыншадан  аударғанда  «келісім»,  «бірауыздылық», 
«бірігіп  қатысу»  деген  ұғымды  білдіреді.Консенсустың  негізгі  шарты  болып 
өзінің  жеке  мүддесіне  жетудің  алғышарты  ретінде  өзге  мүдделерді  мойындау 
саналады,  яғни  консенсус  көп  жағдайларда  адамгершілік  принциптеріне 
негізделеді. Келісушілік – екі немесе одан да көп көзқарастың және кез-келген 
қатынастағы  мүдделер  бағдарының  бірлігі.  Саяси  консенсус –  шиеленісті 
мәселелердің    неғұрлым  маңызды  салалары  бойынша  белгілі  бір 
қауымдастықта  жасалатын  өзара  келісім.  Саясаттану  ғылымында  консенсус 
мәселесі жеткілікті түрде, терең зерттелген. Тарихтың әртүрлі кезеңдерінде оны 
зерттеуге  әлемдік  философияның  Конт,  Локк,  Дюркгейм,  Вебер,  Тард,  Кули, 
Шилз,  Хабермас,  Шюц  тәрізді  аса  көрнекті  өкілдері  өз  үлестерін  қосты. 
Консенсус -Аристотельдің «орташылдық» тұжырымдамасындағы қарама-қарсы 
пікірлердің  арасындағы  ортақ  пікір  ретінде  қалыптасты,  яғни  шеткі,  алшақ 
позициялардан  шығуды  нұсқап,  орталыққа  ортақ  келісімге  ұмтылуды 
сипаттайды. Аристотель  бұл қағидасын екі жақтың қарым-қатынасы негізінде 
қалыптасатын үшінші ортақ күштің пайда болу табиғи заңдарымен, орталыққа 
тарту  күштері  негізінде  тепе-теңдікті  сақтайтын  аспан  күштерінің 
қозғалысымен түсіндіреді. Ол кейін осы табиғат заңдары ретінде орташылдық 
идеясын  әлеуметтік  салаға,  қоғамға  таратты.  Оның  «үздік  қоғам  дамыған 
орташа  таптан  тұрады,  ал  кедейшілік  көп  болған  жағдайда  мемлекеттің 
жаулары  да  көп  болады»    деген  қағидасы  әлеуметтік  қатынастар  теориясына 
қосылған көрнекті ғылыми үлес болып табылады. Орташылдыққа ұмтылу қазір 
де  әлемдік  көлемде  белгілі  саяси  бағыт  болып  табылады.  Бұл  бағыт  ХХ 
ғасырдың  екінші  жартысында  дүние  жүзінде  көптеген  халықаралық  ұйымдар 
құруға, 
әртүрлі 
құрлықтардағы 
мемлекеттер 
консолидациясы 
мен 
интеграциясын қалыптастыруға негіз болып,  КСРО мен Шығыс Еуропа елдері 
идеологиялық ынтымақтастық одағының қайта құрылуына себеп болды. 
Консенсустік  немесе  центристік  саясат  қоғамдағы  дамушы  күштердің 
өзара  қарым-қатынасын  анықтайды.  Консенсус  әдісін  қолдану  мемлекеттік 
билікті ұйымдастыруда да қолайлы. Құқтық тұрғыдан алғанда консенсус жалпы 
ерік ретінде неғұрлым тиімді заңдарды қабылдау үшін қажетті алғышарт. 
Консенсустың  келесі  маңыздылығы  ол  демократияның  болашақтағы 
қалыптасу  деңгейін  анықтауы.  Демократияның  осы  замандық  тәртібі  –

141
көпшіліктің қалауы негізінде шешім қабылдау принципіне негізделген. Алайда, 
дауыстарды  “иә”  және  “жоқ”  сипатындағы  механикалық  санақ,  қарапайым 
есептеу принципіне ғана негізделген дауыс беру жүйесінде көпшілік үстемдігі 
әміршілдігі  сақталады.  Сол  себепті  адамзат  бүгін  де  демократияның 
келешектегі  әдістері  мен  деңгейі  әлі  де  пісіп-жетілген  жоқ,  сондықтан 
демократияның  болашақ  үлгісін  ойлап  табу  керек  деп  есептейді.  Көпшілік 
қалауы  принципі қазірдің өзінде өзара саяси қарсылықты күшейтіп, мемлекетті 
күйзеліске  жеткізу  жағдайы  көп  кездеседі.  Көпшілік  принципінің  ең  басты 
кемшілігі - азшылық пікірін түгелдей жоққа шығару болып саналады. 
Көпшілік үстемдігі – демократияның негізгі шарты екені анық, бірақ бұл 
әділдік  принципінің  бұрмалануы.  Сол  себептен,  консенсустің  міндеті –
азаматтардың  ортақ  мақсат  үшін  өз  ойын  ашық  білдіретін  әртүрлі  пікірлерді, 
ұсыныстарды, идеяларды жинақтау. 
Консенсустың  нәтижелі  болуы  азшылықықа  ешқандай  қысым 
жасалмауына,  озбырлық  күш  қолданбауға  тікелей  байланысты.Себебі 
көпшіліктің  өзінің  де  қателесуі  мүмкін,  ал  азшылықтың  айқын  саяси  шешім 
ұсынуы  мүмкін.  Мысалы,  Кеңес  өкіметі  тұсындағы  «халық  жаулары»  атанған 
қазақ  зиялыларының  жалпы  халық  саны  бойынша  алғанда  азшылықты 
білдіргені  тарихтан  белгілі.  Бірақ  азшылық  болғанның  өзінде  КСРО  бойынша 
олардың саны 10 миллионнан асқан еді.
Тағы  бір  мысал:  БҰҰ-ның  бүкіл  қызметіне  (осы  ұйым  құрылғаннан  бастап) 
талдау  жасалғанда,  Бас  Ассамблеяның  көптеген  резолюцияларының 
тиімсіздігіне  себеп  болған  олардың  жалпы  көпшіліктің  шешімімен 
қабылдануынан  екені  анықталды.Себебі  көпшілік  принциппен  қабылданған 
шешімнің  барлық  кезде  нәтижелі  бола  бермейтіндігін  өмірдің  өзі  дәлелдеп 
отыр.  Мысалы,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымында  тіпті  бір  ғана  мемлекет  мүддесіне 
қарсы қабылданған шешім ақыр соңында ұтымды болып шықпайтыны белгілі.
Қазіргі  таңда  БҰҰ-ның  көптеген  мүшелері  осы  замандық  жағдайларда  
саяси тиімді шешімдерді қабылдауға апаратын бірегей жол—ол консенсус әдісі 
деген тоқтамға келді, статистикалық деректер де осыны көрсетеді. Мысалы, Бас 
Ассамблеяның  13-ші  сессиясында  консенсус  әдісімен  барлық  112 
резолюцияның  39-ы  (35%)  қабылданса,  ал  40-шы  сессияда  259  резолюцияның 
184-і (70%) осы жолмен қабылданды. 
Консенсустік  пікір  тепе-тең  мүмкіндіктер  әдісі  болып  табылады. 
Сонымен  ортақ  қоғамдық  пікір  консенсус  арқылы  қоғамның  барлық
мүшелерінің  пікірлерінен  қалыптасады.  Кез-келген  мәселені  шешу  барысында 
көзқарастардың барлығы да ескерілуі, талқылануы қажет. 
Консенсус  барлық  басқа  тәсілдер  алдында  әлеуметтік-саяси  қарама-
қайшылықтар  мен  дауларды  тиімді  шешуге  мүмкіндік  беретін  практикалық 
қолданыстағы талассыз амал болып саналады. Ол осы заман үшін бір жағынан, 
мүдделердің  жіктелуіне,  екінші  жағынан,  әртүрлі  әлеуметтік  топтар 
мүдделерінің  үйлесуімен  сипатталады.  Консенсус  қоғамдық  пікірдің  саяси 
процестерге  тікелей  ықпал  етуін  бейімдеп  қана  қоймайды,  қоғамдық  пікірдің 
өзін қалыптастырады. 

142
Консенсус  тарихи  эволюцияға  ие.  Егер  орта  ғасырларда  феодалдық 
мемлекетті  ішкі  тартыстар  әлсіретіп,  оларды  тоқтататын  тек  ғана  абсолюттік 
жоғарғы  өкімет  болса,  ХХ  ғасырда  қоғамдық  өзара  қақтығысты  реттейтін  
көпшілік  мүддесі,  көпшілік  принципі  арқылы  қалыптасатын  халық  билігі 
орнады. Қазіргі саяси шешімдердің негізі болатын жеке адамның құқық теңдігі. 
Тіпті  олардың  тасасында  белгілі  бір  бөліктің,  мейлі  аз  болсын,  немесе  толық 
құқықты  меңгерген  нақты  азаматтардың  шоғыры  тұрсын,  бірде-бір  шынайы 
адамгершілік  көзделген  мүдде  жалғандықпен  жойылып  жіберілмейтін  жүйені 
құру.
Қорыта келгенде, саяси шиеленістер – адамзат қоғамында заңды, міндетті 
түрде  орын  алатын  саяси  құбылыс,  әлеуметтік  өзара  әрекет  үлгісі  ретінде 
сипатталады,  сондықтан  шиеленістер  кездейсоқ  оқиға  болып  саналмайды. 
Саяси  шиеленістер  -
әлеуметтендіру  жолдарының  бірі,  қоғамның 
бақылауындағы болуы  қажет  саяси  құбылыс.  Әлеуметтік  шиеленіс  әлеуметтік 
прогресстің  басты  қозғаушы  күштерінің  бірі  ретінде  анықталып,  барлық 
уақытта жұп  түрінде өмір  сүреді: шиеленіс – келісім, шиеленіс – тұрақтылық, 
шиеленіс – тәртіп, шиеленіс – тыныштық, шиеленіс – консенсус. 
Әртүрлі  саяси  пікірлер  әлеуметтік  жүйенің  тоқырауының  алдын  алып, 
жаңалықтарға  (реформаларға)  жол  ашады.  Осы  себептен  консенсус  (келісім) 
қоғамның қалыпты жағдайы, ал шиеленіс – уақытша жағдайы болып саналады. 
Тұтастай  алғанда,  әлеуметтік  шиеленіс  концепциясын  жақтайтындар 
үшін  шиеленістерді  антагонистік  емес  қарама-қайшылықтар  тұрғысында 
қарастырудың, оларды реттеу мүмкіндігі бар екеніне сенімді болудың маңызы 
өте жоғары.
Бақылау сұрақтары
1. Саяси шиеленістер дамуы барысындағы негізгі кезеңдер. 
2. Ұлтаралық шиеленістердің пайда болуының негізгі себептері. 
3. Ұлтаралық шиеленістердің шешу жолдары.
4. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының 
орны
5. Консенсус мәселелерін терең зерттеген ғалымдар
6.  Саяси  шиеленістер  әлеуметтік  дамудың  басты  қозғушы  күштері  деген 
қағиданы қалай түсінесіз?
7. Конфликтология (шиеленістану) қай елдердің  оқу орындарында пән ретінде 
жүргізіледі?
8. Шиеленістану теориясының негізгі даму кезеңдері

143
ХІІ  тарау
     ӘЛЕМДІК САЯСАТ ТЕОРИЯСЫ, ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ 
      ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ  
1. Халықаралық қатынастар: белгілері және негізгі бағыттары
Мемлекеттердің өзара қатынастары проблемасының теориялық негіздерін 
талдау  саяси  философия  мен  тарихта  ежелгі  дәуір  кезеңінің  өзінен  (Фукидид: 
“Пелопеннес соғысының тарихы”, Цицерон: “Мемлекет туралы”) бастау алды. 
Бұл  кезеңде,  бірінші  кезекте,  мемлекеттердің  мүдделеріне  байланысты  соғыс 
және  бейбітшілік  мәселелеріне  неғұрлым  көп  көңіл  бөлінді.  Міне,  осы 
мәселелер 
кейінгі 
кезеңдегі 
классикалық 
теориялық 
саясат 
тұжырымдамаларынан негізгі көзқарас бағыттарының қайнар көзі болды. 
Халықаралық  саяси  қатынастарды  зерттеудегі  классикалық  (дәстүрлі) 
бағыттың  өкілдері  Н.Макиавелли,  Т.Гоббс,  Э.де  Ваттель,  К.фон  Клаузевиц 
және  басқалары  осы  бағыттың  дамуында  маңызды  роль  атқарды.  Т.Гоббстың 
“барлығы  барлығына  қарсы”  соғыс  туралы  тезистеріне  сәйкес  халықаралық 
қатынастардың 
барлық 
мемлекеттердің 
теңдігімен, 
егемендігімен 
шарттастырылған  табиғи  жағдайды  сақтаумен,  немесе  бәсекелестікпен,  өзара 
сенімсіздікпен,  тұрақты  қарама-қарсылықтармен  сипатталатыны  анықталды. 
Нәтижесінде құқықтық, моральдық және олардың өзара қатынастары бойынша 
олардағы  күштеу  қимылдарына  шектеу  болмады.  Мұндай  жағдайда 
мемлекетаралық  өзара  қимылдар  басты  және  “табиғи”  реттеуші  күш  (бәрінен 
бұрын соғыс) болуы мүмкін еді. 
Мемлекетаралық  қатынастардың  еуропалық  жүйесін  (кешеуілдеген 
ортағасырлық  және  Жаңа  дәуір  кезеңінде)  қалыптастыру  және  дамыту  белгілі 
бір  трансформацияға  танылған  осы  тезис  саяси  тең  салмақ  теориясының
(“күш балансы” идеясы) философиялық-құқықтық және этикалық негізі болды 
(Б.Спиноза,  Д.Юм,  Э.де  Ваттель).  Жаңа  үлгіде    еуропалық  мемлекеттердің  өз 
ішінде  күш  пен  ықпалды  салыстырмалы  теңестіруді  қолдаумен  қамтамасыз 
ететін  мүдделерге  жол  берілді.  Көзқарастың  осы  тұрғысында  мемлекеттердің 
бірінің қатер төндіруінің алдын алудың басты әдісі превентивті (ескерту) соғыс 
және  коалиция  құру  болып  табылады.  Осындай  жолмен  тәртіптің  бекітілген 
ережесін,  жасалған  тең  құқық  жағдайын  бұзуға  дайын  қуатты  агрессордың 
гегемондық  құрсауын  ұжымдық  тәртіппен  мәжбүрлеп  ұстауға  халықаралық 
жағдайдың қалыптылығына кепілдік беріледі. 
Халықаралық  қатынастардың  классикалық  ұйғарымдары  үш  өзекті 
ұғымнан  –  «мемлекет  аумағы”,  “мемлекет  егемендігі”,  “мемлекет 
қауіпсіздігінен”  тұрады.  Біріншісі  –  аумақтық  (“кеңістік”  тұрғыда  алынған) 
халықаралық  қатынастарды  зерттеу  геосаясат  шеңберінде  маңызды  орын 
алады. 
Халықаралық  қатынастың  жеке  зерттеу  саласы  болып  табылатын 
геосаясат  ХІХ  ғасырдың  соңы  –  ХХ  ғасырдың  басында  пайда  болды. 
“Геосаясат”  ұғымын  ғылыми  айналымға  швед  ғалымы  және  саясаткері 

144
Р.Челлен  енгізді,  ал  классикалық  геосаясаттың  басқа  көрнекті  өкілдері  болып 
А.Т.Мэхэн,  Г.Маккиндер,  Н.Спайкмен,  К.Хаусхофер  саналады.  Геосаясат 
тұрғысынан  алғанда  шынайы  ұлы  держава  (динамикалық,  яғни  қарқынды 
дамушы  мемлекет)  өзінің    көршілерімен  еркін  саясат  әрекетін  «өмір 
кеңістіктігін  ұлғайту»  жолымен  қамтамасыз  етеді:  өз  аумағын,  тіпті  бірнеше 
аймақты, кейде тұтас әлемді  қадағалап отыру  позициясын ұстанады. 
Геосаясат  жер  бетін  мемлекетке  бөлудің  өзгермеушілігін,  ал,  бір  елдің 
екінші бір елге қарсы тұруын, «идеологиялық күрес» және “қырғи-қабақ соғыс” 
негізінде шешуді  қарастырады. 
Дәстүрлі идеалистік бағыттағылар (Ф.де Витториа (1480-1546), Г.Гроций 
(1583-1645),  И.Кант  (1724-1804)  т.б)  керісінше  жалпы  адамзат  қоғамының 
проблемаларын  космополис  идеясындағы  моральдық  және  саяси  бірлік, 
адамның  бас  бостандығы  мен    мемлекеттік  қатынастар  негізінде  шешуді 
ұсынады. 
Бұл теориялық зерттеулерде  міндеттіліктер қарастырылып, халықаралық 
қатынастарды  құқықтық  және  моральдық  реттеу  жолымен  шешудің  адамдар 
және  мемлекеттер  арасындағы  мәңгі  бейбіт  өмір  сүрудің  қажеттілігі  мен 
мүмкіндіктері  анықталды.  Бұл  жағдайда  құқықтарды  күштеп  бекітуді  және 
мүдделерді жүзеге асырудың “биологиялық концепциясымен” алмастыруға тиіс 
жалпыадамзаттық құндылықтарды еркін қолдануға баса назар аударылды. 
Саяси  ғылымда  халықаралық  қатынастар  проблемасы  бойынша  бірнеше 
теориялық  парадигмалар  (үлгілер)  қалыптасқан.  Олар:  «саяси  идеализм», 
«модернизм», «трансұлттық», «халықаралық қатынастар әлеуметтану» мектебі, 
«полемология», «марксистік» «неомарксизм», «неореализм».
Осылардың әрқайсысына қысқаша мәлімет берейік. 
“Саяси  идеализм”:  утопия,  морализм, 
легализм.  (Д.Перкинс, 
Ф.Танненбаум,  Дж.Шоттуэл,  Т.Кук,  М.Мус,  В.Дин,  Р.Кларк,  Л.Б.Сон  т.б.) 
әлемдік  саясатты  құқық  және  мораль тұрғысынан  қарастырады.  Зерттеулердің 
негізгі  тақырыбы  –  халықаралық  қарым-қатынастарды  халықаралық  құқық 
нормаларымен, адамгершілік негізде және әділеттілікпен реттеу. 
“Модернизм”  (К.Райт,  М.Каплан,  К.Дайч,  Д.Сингер,  Э.Ханс  және 
басқалары)  –  бұл  “эмпирикалық  талдау”  теориясы,  саясатты  жүйелеп  талдау 
үлгілері.  Олар  реттілік  “ғылыми”  айқындауға,  нақты  ғылымдардың  (физика, 
кибернетика,  математика,  психология)  зерттеу  әдістерін  пайдалануға, 
“бейидеологиялық”  жиынтық  пен  фактілерді  және  нақты  халықаралық 
процестер  индикаторларын    сандық  зерттеуге,  эмпирикалық  талдауға 
негізделген. 
“Трансұлттық”:  әлемдік  дамудың  өзара  байланыстылығы,  әлеуметтік-
экономикалық артта қалудан және саяси тәуелді болудан сақтандыру теориясы. 
Өкілдері:  Р.О.Коохейн,  Дж.Най,  Дж.Розенау,  Д.Митрани    және  т.б. 
халықаралық  қатынастың    басты  атқарушысы  ретіндегі  мемлекеттің  ролі 
туралы классикалық тезиске күмән келтіреді. 
1980  жылдардың  басынан  бастап  еуропалық  теориялық  саяси  ойлау 
жүйесіне  мемлекетаралық  әлеуметтік  жақындасу  факторлары  күшті  әсер  етті. 
Ол  бәрінен  бұрын  халықаралық  қатынастар  әлеуметтануының,  француз 

145
мектебінің  қызметінің  ерекшелігі  болып  (Ш.Заргбиб,  Д.Дрейфюс,  Ф.Моро 
Дефарж,  П.-Ф.Гонидек,  Ш.Шомон,  Р.Арон,  Г.Бутуль,  Ж-П.Деррьеник,  Р.Боск, 
Ж.Унцингер,  М.Мерль)  халықаралық  қатынастар  “саяси  реализм”  сипатында 
зерттелді.
Халықаралық 
қатынастардың 
француздық 
мектебіндегі 
ерекше 
бағыттардың  бірі  –  нақты  және  жаратылыстану  ғылымдарының  әдістерін 
пайдалана  отырып,  “ұжымдық  арандатушылық”  ұстанымын  (соғыстарды, 
шиеленістерді)  зерттейтін  полемология  (Г.Бутуль,  Л.Пуарье,  Ж-Л.Аннэкэн). 
Полемологтар  көзқарасына  үңілсек,  соғыс  – қоғамның  динамикалық  барысын 
білдіретін  күрделі  әлеуметтік  феномен    ұжымдық  имитацияның  (диалог  пен 
мәдениетті    пайдалану)  басты  факторы,  өркениет  жалғасуының  тиімді  үлгісі, 
соғыс-техникалық  прогрестің  қозғаушы  күші,  қоғамдық  өмірде  өз  нәтижесін 
беретін маңызды, өтпелі үлгісі ретіндегі тең қалыптылықты бұзу мен қалпына 
келтірудің қайнар көзі. 
Марксистік  парадигма  экономикалық  детерминизм  мен  таптық 
көзқарас  халықаралық  қарым-қатынастардың,  үстемдік  пен  бағынушылықтың, 
таптық күрес пен революциялардың теориялық алғы шарты ретінде түсіндірді.
 Халықаралық  қатынастар  теориясының  қазіргі  кезеңі  – ғылыми 
зерттеулердегі  жаңа  әдістемелердің  пайда  болуымен,  бұрынғы  концепциялық 
құрылымдарға  тән  кейбір  ережелерді  ревизиялау  проблематикасының 
күрделенуімен  сипатталады.  Мысалы,  “неомарксизмнің” өкілдері  (П.Баран, 
П.Суизи,  С.Амин,  И.Валлерстайн  және  басқалары)  осы  замандық  әлем 
тұтастығын  халықаралық  қатынастарда  пайдалану  мен  бағыну  элементтерін 
сақтауды, оның өзара байланыстарының симметриялық еместігін мойындайды. 
“Неореализм”  (“құрылымдық  реализм”,  “структурализм”  (К.Уолц, 
Р.Гилпин,  Б.Базан,  Д.Грейко)  бір  жағынан  ұлы  державалардың  өзара  іс-
қимылының  нәтижесінде  біріккен  халықаралық  жүйе  құрылымын  талдау 
барысында  пайдаланылатын  “саяси  реализмнің”  басты  ұғымының  маңызын 
жоғары  бағалайды.  Ал,  екінші  жағынан,  “неореализм”  белгілі  бір  дәрежеде 
“модернизммен”  (халықаралық  процестерді  зерттеу  әдістемесі)  және 
“трансұлтшылдықпен”  (жекелеген  мемлекеттерді  жаһандану  жүйесінің 
элементтері ретінде тану) жақындасады. 
Халықаралық  қатынастарды  ғылыми  зерттеудегі  жаңалық  болып  нақты 
деректер негізінде модельдер құру, халықаралық саясаттың нақты мәселелерін 
зерттеуден тұтас ішкі өзара байланыстағы әлемдік қауымдастық, халықаралық 
тәртіп  проблемаларын  талдауға,  халықаралық  қатынастарды  әлемдік  даму 
процестерінің  құрамдас  бөлігі  ретінде  түсінуге  өту  саналады. Бұны 
“тәртіптелген  өзгерістер”,  “әлемдік  дамуға  бағытталған”,  “орнықты  даму” 
концепцияларының пайда болуы айғақтайды.
Халықаралық қатынастар проблемасында жоғарыда аталған бағыттармен 
қатар  әлемдік,  халықаралық  және  ішкі  саясат  болып  жіктелуі  саяси  ғылымда 
маңызды орын алады. 
Ең  алдымен,    халықаралық  қатынастар  проблемасын  талдаудан 
бастайтын болсақ - ол мемлекеттің территориялық шекара аумағынан шығатын
билік  қатынастары  (билікті,  байлықты,  ықпалды  бөлу  және  бекіту)  бойынша 

146
өзара іс-қимыл жиынтығы. Бұл ретте бұл қатынастар мемлекетпен бір мезгілде 
туындайды.  Мемлекетке  дейінгі  орын  алған  тайпааралық  қатынастар  (жерді 
ортақ мекендеу, біріккен аңшылық кәсіп, материалдық құндылықтардың өзара 
алмасуы)  тұрғысында  өзінің  және  өзге  аумақтың  егемендігін  сақтауды  және 
қандай  да  бір  саяси  ұйымның  билік  үстемдігін  көздеген  жоқ.  Сондықтан 
мемлекеттер  арасындағы  байланыстар  ағылшын  философы  және  заңгері 
Д.Бентам  (1748-1832)  енгізген  “халықаралық  қатынастар”  ұғымымен 
сипатталатын болды. Алайда, уақыт өте келе бұл ұғымының мазмұны ұлғайды; 
қазіргі  кезде  мемлекеттік  іс-қимылдар,  аумақтық  құрылымдар  шеңберінен 
шығатын,  мемлекеттер  арасындағы  саяси,  экономикалық,  дипломатиялық, 
әскери,  мәдени  және  де  өзге  байланыстар  жиынтығын,  халықаралық  көлемде 
(әлем халықтары арасында) негізгі әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік 
қызметті бейнелейтін қоғамдық қатынастардың айрықша түрі деп анықталды. 
Халықаралық қатынастар түрлері  мынадай: 
1)  қоғамдық  өмір  салалары  мен  қатынастардың  мазмұны  бойынша  –  саяси, 
экономикалық, әскери-стратегиялық, мәдени, идеологиялық, дипломатиялық; 
2)  өзара  іс-қимылға  қатысушылар  бойынша  –  мемлекетаралық,  әртүрлі 
халықаралық  ұйымдардың,  трансұлттық  корпорациялардың  (ТНК)  және 
басқаларының арасындағы қатынас; 
3)  қатынастар  сипаты  бойынша-- құқықтық  реттеу  сипатынан  туындайтын 
мемлекетаралық  қатынастар,  іс  жүзіндегі  мемлекеттің  ішкі  құзырына  кіретін, 
алайда  халықаралық-құқықтық  реттеу  (халықаралық  жеке құқық)  саласына 
жататын мемлекеттік емес сипаттағы мемлекетаралық қатынастар. 
4) Халықаралық қатынастар ынталылық дәрежесіне қарай --қалыпты – қалыпты 
емес, сенімді – алауыздық, ынтымақтастық – шиеленістік болып бөлінеді.
“Әлемдік  саясат”  және  “халықаралық  саясат”
ұғымдарына 
халықаралық  аренада  болып  жатқан  оқиғалар  жатады.  Олардың  арасындағы 
негізгі  айырмашылықтар  дәстүрлі  емес  субъектілердің  қатысу  деңгейімен 
анықталады;  халықаралық  саясат  белсенділігі  мемлекеттердің  халықаралық 
аренадағы  өзара  іс-қимылын,  қызметін  бейнелейді  және  олардың  арасында 
әртүрлі салада екіжақты және көпжақты байланыс орнатады. 
Елдің  сыртқы  саясаты –  мемлекеттің  халықаралық  саясатындағы 
жалпыәлемдік  және  ұлттық  мүдделерін  білдіруге  қажет  негізгі  принциптерін 
нақты  жүзеге  асыру, өзге  мемлекеттермен  және  халықтармен  қатынастарды 
реттеу,  тұтастай  алғанда  халықаралық  процестерге  тиімді  ықпал  жасау;  бұл  
мемлекеттің халықаралық саясаттың жалпы бағыты. 
Мақсаттар  мен  құралдар  қатынасының  бірлігі  негізінде  перспективалық 
мақсатқа  жетудің  ұзақ  уақыттық  жолдарын  тиімді  таңдау  мен  пайдалануды, 
меңгеруді бейнелейтін саяси-стратегия ұғымы.  Стратегия құралдары ретінде 
мемлекет  бақылауында  болатын,  мемлекеттік  билік  органдары  қолдануды 
жоспарлайтын  және  мемлекеттік  стратегиялық  мақсаттарға  жету  үшін 
пайдаланатын мемлекет ресурстары (материалдық және рухани) танылады. 
Саяси  дипломатия  деп  халықаралық  шиеленістерді  тоқтату  немесе 
реттеу,  ынтымақтастықты  ұлғайту  және  тереңдету  мақсатында  келіссөздер 
жүргізу  мен  өзара  тиімді  ізденістер  өнерін  атайды.  Дипломатия  -  «күш 

147
факторын»  пайдаланудың  «мәдениетті  техникасы»,  «мәжбүрлеу  техникасы», 
«реттеу  процедурасы»  және  «келісімге  жету  техникасы»  деп  те  анықтау  жиі 
кездеседі.  Кеңінен алғанда  саяси   дипломатия өз  өкілдіктері бойынша сыртқы 
саяси  қатынастар  жүргізуші  мемлекеттік  мекемелердің  ресми  қызметін,  әрбір 
мемлекеттің  шет  елдердегі  өз  мүддесін  қорғау  мен  жүзеге  асыру  қызметін 
атқарады. 
Мемлекеттер  арасындағы  қатынастар  халықаралық  аренада  екі  және 
көпжақты  келісімдер  тұрғысында  тіркелген  халықаралық  құқықтар,  нормалар 
мен принциптер арқылы реттеледі. Олардың аса маңыздылары: БҰҰ Жарғысы, 
БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  БҰҰ  Жарғысына  сәйкес  мемлекеттер  арасындағы 
достық  қатынастар  мен  ынтымақтастыққа  қатысты  халықаралық  құқық 
принциптері  туралы  Декларациясы,  ЕҚЫҰ-ның  Қорытынды  актісінде 
сипатталған  қатысушы  мемлекеттердің  өзара  қатынасындағы  басшылыққа 
алатын принциптер Декларациясы.
Халықаралық  қатынастарға  қатысушылар  “актор”  терминімен  аталады. 
Бұл  сөз  қатысушылардың  әрқайсысы  халықаралық  қатынастарға  айтарлықтай 
ықпал  етіп,  халықаралық  саясатта  белгілі  роль  атқаруын,  қандай  да  бір  іс-
қимылды  жүзеге  асыруын    сипаттайды.  Айта  кету  керек,  халықаралық 
қатынастар  акторлары  сахна  актёрларына  өте  ұқсас.  Ал,  актерлардан 
өзгешелігі, тәртіп тәсілін жалпыға танылған нормалар шеңберінде ғана  таңдай 
алады.
“Актор”  терминіне  мағынасы  жағынан  “халықаралық  қатынастар 
субъектісі” ұғымы сәйкес келеді. Халықаралық қатынастар субъектісі тұтастай 
алғанда халықаралық ахуалға ықпал етіп, өзге, әлсіз қатысушыларды, басқа да 
іс-қимылдарды жүзеге асыруға мәжбүрлеуді немесе  өз саясатының шеңберінде 
дербес, белсенді сыртқы саясат жүргізеді. 
Халықаралық  қатынастарға  қатысушылар  негізінен  екі  түрге  бөлінеді: 
дәстүрлі (негізгі, алғашқы бастаушы) және типтік емес. 
1.  Дәстүрлі қатысушыларға  ең  алдымен  халықаралық  құқық  пен 
халықаралық  қауымдастықтың  басты  субъектісі  қатарындағы  мемлекеттер 
жатады. Мемлекет (ұлттық мемлекет) адамзат қоғамдастығы  саяси ұйымының 
әмбебап  үлгісі  ретінде  халықаралық,  сыртқы  саясаттағы  билік  өкілеттіктерін 
орындайтын,  ұлттық  мүдделерді  қорғайтын  және  жүзеге  асыратын, 
халықаралық  қатынастардың  өзге  қатысушылар  арасындағы  байланыстың  кең 
ауқымын бақылайтын егеменді саяси бірлік болып саналады.
Барлық  мемлекеттердің  негізін  ұлттар  құрайды,  сөйтсе  де  халықаралық 
қатынаста  «олардың  бірқатарының  мәртебесі  өзгелерге  қарағанда  жоғары» 
(Б.Рассет,  Х.Стар)  болса  –  мемлекеттердің  сөз  жүзіндегі  заңды  теңдігі 
(халықаралық  құқық  бойынша)  олардың  халықаралық  аренадағы  ұлттық 
қуатының  теңсіздігімен  (экономикалық  әлуетімен,  саяси  беделімен,  жер 
көлемінің  кеңдігімен  және  басқалары)  қайшы  келеді,  сондықтан  іс  жүзінде  
мемлекеттің  өз  егемендігін  қорғаудағы  тең  емес  мүмкіндіктері  құқықтық 
теңдікке  сәйкес  келмейді.  Бұл  проблеманы  шешудің  нәтижелі  тәсілі  болып 
халықаралық  стратификация үлгісі  саналады,  ол  төмендегідей  түрге 
бөлінеді:

148
1) Жоғарғы державалар (супердержавалар) – халықаралық жүйеге және оның 
барлығы  мүшелеріне  сан  және  сапа  жағынан  ықпал  етуге  мүмкіндік  беретін 
барлық  ресурстарды  (адами,  экономикалық,  дипломатиялық,  жағырапиялық 
және  әскери)  иемденген  мемлекеттер.  Бұлар  халықаралық  саясатта  жаһандық 
“күш орталықтары” мысалы, “қырғи-қабақ соғыс” дәуіріндегі АҚШ пен КСРО. 
2) Ұлы державалар - әлемдік дамуға елеулі ықпал ететін, алайда халықаралық 
қатынастарға 
үстемдік 
жасамайтын 
мемлекеттер. 
Олардың 
нақты 
мүмкіндіктері,  өздерінің  ролі  белгілі  бір  аймақпен,  мемлекетаралық 
қатынастардың  жекелеген  саласымен  шектеледі.  Жаһандану  жүйесінің 
қалыптастыру мәселелерін шешу оларға байланысты емес. Бұндай мемлекеттер 
аймақтық  “күш  орталықтары”,  “квазижоғарғы  державалар”  болуы  мүмкін, 
қазіргі жағдайдағы – Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Жапония.
3)  Орта  державалар –  жақын  маңайға  берік  ықпал  ететін  Қазақстан  және 
Еуропа мен Азияның біраз елдері.
4) Кіші мемлекеттер – халықаралық қатынастарға бәсең ықпал ететін, алайда 
өзінің  тәуелсіздігі  мен  аумақтық  тұтастығын  сақтауға  жеткілікті  құралдарды 
иемденген Нидерланды, Дания, Швеция, Австрия және тағы басқалары;
5)  Шағын  мемлекеттер –  сапа  деңгейі  ретіндегі  жер  аумағының  көлемі 
бойынша  шағын,  халқының  саны  1  миллион адамнан  аспайтын  Лихтенштейн, 
Сан-Марино, Люксембург, Андорра және т.б.
2.  Типтік  (дәстүрлі)  емес қатысушылар.  Қазіргі  уақыттағы  экологиялық 
проблемаларының  өзектілігімен,  ғылыми-техникалық  прогресс  әсерімен, 
коммуникацияның  дамуымен  мемлекеттік  емес  (трансұлттық,  типтік  емес) 
халықаралық  қатынастардың  қатысушылары  әлемдік  аренада  іс-әрекет 
жасаушылар;  “екінші  әлем”  терминімен  (Дж.Розенау)  аталатын  бұл 
халықаралық ұйымдар, (трансұлттық корпорациялар, өзге де қоғамдық күштер 
мен қозғалыстар) қазіргі кезде зор маңызға ие болып отыр. 
Халықаралық  ұйымдар -  мемлекеттер  ынтымақтастығының  дамуы  мен 
халықаралық проблемаларды шешуге ықпал ету үшін халықаралық келісімдер 
(жарғылар, статустар және басқа құрылтайшылық құжаттар) негізінде құрылған 
үкіметаралық  және  үкіметтік  емес  сипаттағы  тұрақты  бірлестіктерді  құрайды. 
Тұтастай  алғанда  олардың  пайда  болуы  қоғамдық  өмірдің  әртүрлі 
салаларындағы  ұлтаралық  ынтымақтастыққа  бетбұрысты,  мемлекеттердің 
функциялық ынтымақтастығы қажеттілігін білдіреді.
Халықаралық саяси ұйымдар әртүрлі негіздер бойынша сипатталады.
Мүшелерінің  сипаты  бойынша  мемлекетаралық  (үкімет  аралық  саяси 
ұйым - ҮАСҰ) және (ҮЕСҰ) үкіметтік емес ұйымдарға бөлінеді.
Мемлекетаралық  саяси  ұйымдардың    белгілері:  мемлекеттің  мүшелігі, 
құрылтайшылық  халықаралық  келісім-шарттың,  тұрақты  органдардың  болуы. 
Қазіргі таңда 400-ден астам ҮАСҰ бар. 
Бірінші  ҮАСҰ  болып  Рейн    кеме  шаруашылығы  жөніндегі  тұрақты 
комиссия  (1815  ж.)  құрылды.  ХІХ  ғасырдың  аяғы  –  ХХ  ғасырдың  басында 
өнеркәсіп, 
техника, 
коммуникация 
салаларындағы 
мемлекеттер 
ынтымақтастығы  үшін  ҮАСҰ-ғы  өмірге  келді.    Олар:  Халықаралық  телеграф 
одағы,  Халықаралық  өлшем  және  таразылар  бюросы,  Бүкіләлемдік  пошта 

149
одағы,  өнеркәсіптік  меншікті  қорғау  одағы);  бірінші  дүниежүзілік  соғыстан 
кейін  – Ұлттар  Лигасы  және  т.б.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезіндегі 
мемлекеттердің жаһандану ынтымақтастығының тәжірибесі 1945жылы әмбебап 
халықаралық  қауіпсіздік  ұйымы  – қазіргі  таңда  190-ға  жуық  мемлекетті 
біріктіріп отырған Біріккен Ұлттар ұйымын (БҰҰ) құруға мүмкіндік берді.  
БҰҰ жарғысына сәйкес оның 6 басты органы бар:
1)  Бас  Ассамблея  (БА)  –  халықаралық  бейбітшілікті  нығайту,  қарулануды 
қысқарту,  халықаралық  ынтымақтастықты  дамыту  салаларындағы  маңызды 
мәселелерді шешетін кеңесші өкілетті орган ( БҰҰ мүшелері енеді); 
2)  Қауіпсіздік  Кеңесі  (ҚК)  –  тұрақты  5  мүшеден  (Ресей,  АҚШ,  Ұлыбритания, 
Франция,  ҚХР)  және  әділ  жағырапиялық  өкілеттілік  өлшем  мен  халықаралық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуге  қатысу  деңгейі  негізінде  тұрақты  емес  10 
мүшеден (3 орын – Африка, 2 – Азия, 2 – Латын Америкасы, 2 – Батыс Еуропа, 
1  –  Шығыс  Еуропа)  тұрады.  Бұл  –  тұрақты  қызмет  ететін,  халықаралық 
бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті қорғау  үшін  басты  жауапкершілікке ие  болатын, 
барлық  мемлекеттердің  –  БҰҰ  мүшелерінің  атынан  қызмет  атқаратын  саяси 
және  атқарушы  орган.  Қауіпсіздік  Кеңесі  бейбітшілікке  төнетін  кез-келген 
қатерді  анықтап  (ахуалды  сарапқа  салады),  сарапқа  салу  негізінде  құқық 
бұзушыларға  мәжбүрлеу  шаралары  туралы  ұсыныстар  немесе  шешімдер 
қабылдайды. Олар әскери емес – экономикалық, дипломатиялық шаралар; 
3) Экономикалық және әлеуметтік кеңес (БҰҰ-ның БА-сы 3 жылға сайлаған 54 
мүшеден  тұрады)  –  БҰҰ-ы    жүйесіндегі  мекемелердің  экономикалық  және 
әлеуметтік қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 
4)  Қамқорлық-көмек  жөніндегі  Кеңес  (5  мүшеден  тұрады  –  Ресей,  АҚШ, 
Ұлыбритания,  Франция,  ҚХР)  осы  халықаралық  жүйені  бақылау  мақсатында 
құрылған орган; 
5) Халықаралық сот (БҰҰ-ның БА-сы мен ҚК 9 жылға сайланатын 15 тәуелсіз 
соттан тұрады). БҰҰ-ның бас сот органы, тек ғана жеке мемлекеттер ұсынған 
дауларды  қарайды  және  ол  бойынша  нақты,  міндеттеуші  шешімдер 
қабылдайды,  сондай-ақ  кез-келген  заңгерлік  мәселе  бойынша  кеңесшілік 
қорытынды  жасайды.  Халықаралық  сот  даулы  халықаралық  проблемаларды 
бейбіт жолмен шешуге ықпал етеді; 
6)  Секретариат  (қызметкерлерінің  жалпы  саны  50  мыңға  жуық)    БҰҰ  жүйесі 
органдарын  жабдықтауды,  жүйе  шеңберінде  талданған  бағдарламаларды 
орындауды,  осы  ұйым  мүшелері  шығарған  халықаралық  шарттарды  тіркеуді, 
зерттеуді және басқа да іс-шараларды қамтамасыз ететін орган. Оған БҰҰ –ның 
ҚК  ұсынысы  бойынша  БА  5  жылға  (қайта  сайлану  құқығымен  бекітетін)  бас 
әкімші лауазымының иесі болып саналатын Бас хатшы жетекшілік етеді.
БҰҰ  жүйесіне  арнаулы  салаларда  ынтымақтастықты  жүзеге  асыратын 
әмбебап  сипаттағы  мамандандырылған  16  мекеме  – ҮАСҰ  кіреді:  олар 
әлеуметтік (Халықаралық еңбек ұйымы – ХЕК, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау 
ұйымы  – БАСҰ);  мәдени  және  гуманитарлық (БҰҰ-ның  ғылым  мен  мәдениет 
мәселелері  жөніндегі  ұйымы  –  ЮНЕСКО,  интеллектуалдық  меншіктің 
Бүкіләлемдік  ұйымы  -  ВОИС);  экономикалық  (БҰҰ-ның  өнеркәсіптік  даму 
жөніндегі  ұйымы  ЮНИДО); қаржы-кредиттік  (халықаралық  қайта  құру  және 

150
даму  банкісі  –  МБРР,  Халықаралық  валюта  қоры  –  МВФ,  халықаралық  даму 
ассоциациясы  –  МАР,  Халықаралық  қаржы  корпорациясы  –  МФК);  ауыл 
шаруашылығы  саласында  (БҰҰ-ның  азық-түлік  және  ауыл  шаруашылығы 
ұйымы  –  ФАО,  Халықаралық  ауыл  шаруашылығын  дамыту  қоры  -  ИФАД); 
көлік  және  байланыс  (халықаралық  азаматтық  авиация  ұйымы  –  ИКАО, 
халықаралық  теңізшілер ұйымы  –  ИМО,  Бүкіләлемдік  пошта  одағы  –  ВПС, 
халықаралық электрлік байланыс одағы - МСЭ); метереологияда (Бүкіләлемдік 
метереологиялық ұйым  –  ВМО),  сондай-ақ  арнаулы  автономиялық ұйымдар  –
халықаралық  атом  энергиясы  жөніндегі  агенттік  (МАГАТЭ),  БҰҰ-ның  сауда 
және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), БҰҰ-ның даму бағдарламасы 
(ПРООН),  БҰҰ-ның  қоршаған  орта  жөніндегі  бағдарламасы  (ЮНЕП).  Кейде 
БҰҰ-ның  жүйесіне  Халықаралық  инвестиция  жөніндегі  агенттікті  (МАИГ) 
және  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымын  (ВТО)  қосады.  НПО  деген  ұйымның
айырмашылығы--  аумақтық  емес  құрылым. Олардың  мүшелері  егемен 
мемлекеттер  болып  танылмайды.  НПО  (“егемендіктен  тыс  акторлар”  үш 
мақсатқа  сәйкес  келеді:  құрамы  мен  қызметі    жағынан  халықаралық  сипатта, 
құрылтайшылығы  –  жеке  сипатта,  қызметі  –  ерікті  сипатта).  Тар  мағынада 
алғанда  НПО  –  мемлекеттік  емес  институттар  мен  бірнеше  елді  жекелей 
біріктіретін  арнаулы  саладағы  ынтымақтастық  құрылымдары  –  діни  ұйымдар 
(шіркеулердің  Экуменикалық  кеңесі),  ғалымдар  ұйымдары  (Пагуош 
қозғалысы), құқықтық (Халықаралық рақымшылдық) және басқа ұйымдар. Кең 
мағынада  алғанда  НПО құрамына  іс  жүзінде  халықаралық  қатынастардың 
барлық  мемлекеттік  емес  қатысушылары  кіреді:  саяси  қозғалыстар 
(Социалистік интернационал), гуманитарлық (Халықаралық Қызыл Крест және 
Қызыл  Жарты Ай Федерациясы).   Басқа сипаттағы трансұлттық  кәсіпорындар 
(ТНП)  мүшелері:  “өндіруші  мемлекеттер  ассоциациясы”,  «мысты  экспортқа 
шығарушылар  ұйымы»;  «темірді  экспортқа  шығарушылар  ұйымы».  Бұлардың 
көпшілігі БҰҰ жүйесіндегі мамандандырылған мекемелер жанындағы кеңесші 
мәртебесіне  ие  болған  ұйымдар  мен  мекемелер..  Олар  саяси,  экономикалық, 
әлеуметтік, 
ғылыми-техникалық 
проблемаларды 
шешуде 
БҰҰ-мен 
ынтымақтасады.  Мысалы,  Бүкіләлемдік  бейбітшілік  одағы  –  ВСМ, 
халықаралық ғылыми одақтар кеңесі – МСНС және басқалары. 
Үкіметаралық  ұйымдар  қатысушылар  шеңбері  жөнінде ғаламдық 
(бүкіләлемдік)  және  шектеулі  құрамдарға  бөлінеді.  Ғаламдық  (“Ислам 
конференциясы”  ұйымы  -  ОИК).  Аймақтық  шектеулі  (Тәуелсіз  Мемлекеттер 
Достастығы  –  ТМД,  Оңтүстік-Шығыс  Азия  мемлекеттерінің  Ассоциациясы  –
АСЕАН, ШЫҰ, араб мемлекеттерінің лигасы – ЛАГ, африкалық бірлік ұйымы 
– ОАЕ, Бенилюкс ұйымдары.) 
Іс-қимылының  мағынасына  қарай  (сферасына  және  бағытталған 
қызметіне 
сәйкес) 
жалпымақсаттық 
(БҰҰ), 
экономикалық 
(Оңтүстікамерикалық  жалпы  рынок  -  МЕРКОСУР),  әскери-саяси  (солтүстік 
атлантикалық  келісім-шарт  ұйымы  -  НАТО),  қаржылық  (МВФ),  ғылыми 
(“Эврика”) және басқа ұйымдарға бөлінеді. 

151
ХХ  ғасырдың  90-жылдарында  әртүрлі  жағырапиялық  аймақтардың 
халықаралық  ұйымдары  енген  трансдіни  бірлестіктер  (ЕС  –  АСЕАН,  ЕС  –
МЕРКОСУР және басқалары) кеңінен тарады. 
Қазіргі  кезде  халықаралық  қатынастарға  кейбір  ұлт  –азаттық, 
сепаратистік,  лаңкестік  ұйымдарды  (Бен-Ладеннің  Аль  Кайдасы,  Ирландия 
республикалық  армиясы  –  ИРА,  Палестинаны  азат  ету  ұйымы  –  ООП), 
аймақтық  және  жергілікті  ұйымдарды,  жекелеген  ұйымдарды  жатқызуға 
болады.  Олардың  қызметі  кейбір  жағдайда    мемлекеттердің  «тұрпайы»    және 
«субұлттық»  дипломатия мен транс-шекаралық байланыстарды туындатады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет