Саясаттану



Pdf көрінісі
бет19/21
Дата31.01.2017
өлшемі15,5 Mb.
#3091
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

ИСТОН  ДАВИД  (1917 жж.) – канадалық саясаткер, 1981 жылдан бастап 
Калифорния  университетінің  саяси  ғылымының  профессоры.  1968-1969 
жылдары    Америка  саяси  ғылымдар  ассоциациясының  президенті. 
Саясаттануда ең бірінші болып жүйелік әдіс қолданған. Истонның үш томдық –
“Саяси  жүйе”  (1953),  “Саяси  жүйелерді  зерттеу  әдіс-тәсілдері”,  “Саяси  өмірді 
зерттеу  жолдарының  талдануы”  (1965)  атты  еңбектерінде саяси  өмірді  жүйелі 
талдауды  ұсынады.  Истон  бірінші  кітабында  саяси  ғылымда  жалпыға  бірдей 
теорияның  қажеттілігін  дәлелдесе,  екіншісінде  теорияның  концептуальдық 
жүйесін,  негізгі  түсініктер  мен  категорияларды  зерттеп  бірқатар  теориялық 
пікірлер ұсынады. Үшінші кітабында ол өзінің концепциясын тәжірибе негізіне 
қалай  пайдаланылатындығын  жазады.  Бұдан  өзге  Истон    ғылыми  түсініктерді 
әрүрлі  жағдайларда  қолдану  мақсатында  оларды  жан-жақты  талдайды.  Ол 
қоғамда  тіршілік  процестерін  бөлшектеп  көрсетіп,  саяси  өмірді  жүйе  ретінде 
қарастырады.  Истон  мынадай  сұраққа  жауап  берді:  “Күнбе-күн  дағдарысқа  
ұшырап отыруына қарамастан әрбір жүйе қалай сақталып қалып отыр?”. 
Истонның  саяси  талдау әдісі  көптеген  жетістіктерге ие  болды.  Ол  саяси
жүйені  элементтерінің  жай  ғана  байланысы  деп  қарамай,  өзгеріп  отыратын 
қозғалмалы  субстанция  деп  қарастырған.  Ол  саяси  жүйенің  элементтері  өзара 
қарым-қатынаста  болады,  қоғамда  құндылықтарды  бөлу  заңдылығы 
қалыптасады.  Сол  себептен  қоғам  мүшелері  арасында  саяси  тартыстарды 
жүйелік заңдылықтар шеңберінде анықтау қажет деп тұжырымдайды.
КОНФУЦИЙ  (КУН  ЦЗЫ)  (б.з.  дейінгі  551-479  жж.).  Оның  ілімі 
Шығыстағы  саяси  ойдың  ірі  жетістіктерінің  бірі.  Ол  кезде  Қытай  бір-бірімен 
жауласушы  кіші    мемлекеттерден  тұратын,  олардың  арасында  рулық 
қатынастардың  ықпалы  басым  болатын.  Дегенмен,  рулық  құрылыс  жеке 
меншіктің  дамуының  нәтижесінде  ыдырай  бастады.  Мемлекеттік-құқықтық 
идеология саласындағы бір-біріне қарама-қарсы бағыттар арасында қызу күрес 

167
жүрді,  біріншісі  –конфуцийлік  мектебі,  екіншісі  –  легистер  (Фацзя  –  сауатты 
шенділер,  заңға  жетіктер)  мектебі.  Олардың  арасында  бүліншілікті  жою  және 
Қытайда мемлекеттік тәртіп орнату мәселелері бойынша қызу айтыс жүрді. 
Конфуцийдің  ізін  қуушылар  мен  легистер  ілімі  Қытай  қоғамына  тән 
дәстүрге  бейімділікті,  қатаң  мемлекеттік  бақылау  орнатуды,  мемлекеттік  
құқықтық  дәстүрді  сақтауды  және  заңдардың  орындалу  жайын  терең 
талқылады. 
Конфуций  іліміндегі  басты  қағида  –  «жэнь»  (адамгершілік).  «Жэннің» 
көріністері  –  «сяо»  (баланың  қарияларға  деген  құрметтеуі),  «синь»  (адалдық), 
«вань» (адамды сүюшілік), «чуй» (мейірімділік), «шу» (кешірімділік). 
«Адамгершіліктің» конфуцийлік бастамасы  халықтық  құқықсыздығынан 
туындады.  Конфуций  «жақсы  биліктің»  қамтамасыз  етілу  үмітін  қайырымды 
және ақылды билеушілерге және шен иелеріне жүктейді.
 Конфуций саясаттың моралдық негізі - дәстүр («ли») деп есептеді. Ол  іс-
әрекетте тәртіпті сақтау және бақылау  қызметін атқарады деп түсіндірді. 
Салт-дәстүрлерді  сақтау  арқылы  Конфуций  әлеуметтік  шиеленісті  және 
дау-жанжалдарды  болдырмауға  тырысты.  Мемлекеттік  басқарудың  маңызды 
принциптерінің  бірі  -  билеушінің  халық  игілігіне  қамқоршы  болуы  және 
халықтың билеушіге сенуі. 
Б.з.д. УІ ғасырдың өзінде Конфуцийдің жеке басына табынушылық етек 
алды.  Ол  жариялаған  идеология  мемлекеттік,  ерекше  «зиялылық  дінге» 
айналды. Одан әрі конфуцийшілдік ілімі сан ғасырлық феодалдық мемлекеттің 
негізі болды. 
Басқа  да  ежелгі  заманғы  ғұлама  ойшылдар  секілді,  Конфуцийді    қоғам 
құрылысы мен мемлекет басқарудың жоғары сатыда дамығаны толғандырады. 
Сөйтіп,  ол  бұл  сұрақты  қатаң  жүйеленген  тәртіп  пен  белгілі  бір  моральдық 
принциптермен шешуге тырысты. Конфуций әлеуметтік реттеудің негізін әрбір 
адам  өз  құқығын,  өз  міндетін  білетін  қоғамның  беріктігінде  деп  түсінді.Яғни, 
әрбір  қоғам  мүшесі  өзінің  қызметін  ешбір  кіршіксіз,  нақты    атқаруы  тиіс, 
мысалы,  ұстаз  шенеунікке  айналмауы  керек.  Мәселе,  адамның  шығу  тегінде, 
ата  –  анасының  кім  болғанында  емес,  оның  өнегелі  істерінде.  Игілікті  адам  
мейірімді  болуы,  ар-ұждан,  ұят,  міндет,  борышты  сезіне  білуі,  әр  кезде  де 
тұрақты  болып,  шынайы  және  үлкенді  сыйлауы  керек.  Міне,  осы  ережелер, 
Конфуцийдің  ойынша,  дұрыс  тіршілік  етуге,  қоғамды  жемісті  басқаруға  жол 
бастайды.  Мемлекет  қаптаған  сапасыз  заңдарға  емес,  рахымшыл  басқарушы 
мен оның дарынды көмекшілеріне арқа сүйенуі керек. 
Саяси  билікті  құрметтеу  мен  меритократия  идеяларын  Конфуций 
мемлекет құрылуының негізіне жатқызды. Оның ойынша, мемлекет – үлкен бір 
жанұя,  бірақ  бір  билеуші,  бір  әке  мемлекетті  басқаруға  бейім  емес.  Оның 
көмекшілері  ретінде  шенеуніктер  бар,  ал  олар  өнегелі,  тәртіпті,  білімді 
болулары қажет.  
Конфуцийдің ойынша ақылды басқарушының басты белгісі -   вербальды 
қатынас  әдісі  (ресми  емес,  ауызша,  сөздей  қатынас  жолы),  ұтымды  ойлап 
табылған  “бір  ауыз  ғана  сөз  адамның ақылды  екенін  көрсетеді,  соның  ішінде, 
әсіресе  елбасының  бір  ғана  сөзі  мемлекеттің  тағдырына  үлкен  әсер  етуі 

168
мүмкін”.  Конфуцийдің  саяси-әлеуметтік  бағдарламасының  негізгі  тақырыбы  –
халық  игілігі.  Мемлекет  өзіндік  мақсатты  емес,  халық  игілігін  қамтамасыз 
ететін  құрал.  Қару  қолдануға  да  болар,  тамақтан  бас  тартуға  да  болар,  бірақ 
сенім  болмайынша  мемлекет  те  жоқ,  ал  сенім  адамдардың  мүдделерін  шешу 
арқылы  нығайтылады.  “Бас  имейтін  бағынышты  адамдарды  жазалау  арқылы 
жеңу  керек”  деп  біреулер  пікір  айтқан  болса,  Конфуций  “бірінші  елді 
тойындырып  алу,  содан  соң  барып  оқыту  және  жоғары  мораль  сіңіру  қажет” 
деді. Өз идеяларын тәжірибеде  жүзеге асыруға ойшылдың қолы жетпеді. Бірақ 
оның  нақылдары  рухының  қытай  саяси  мәдениетіндегі  маңызы  зор. 
Конфуцидің идеялары мен ілімінің ХХІ ғасырға аяқ басқан Қытай елінің саяси 
–  мәдениеті  мен  идеологиясының  өзегі  болып  отырғанын  естен  шығармауға 
тиіспіз.
ЛАО  ЦЗЫ  (б.з.  дейінгі  УІ-У  ғғ.)  –  ежелгі  Қытай  философы.  Аңыз 
бойынша,  Лао-Цзы  Конфуциймен  бір  кезеңде  өмір  сүрген,  бірақ  бұл  туралы 
ешқандай  мағлұмат сақталмаған.  Ол  “Лао-Цзы”  деп  аталатын  трактаттың иесі 
деген мәлімет бар. Оны Лао-Цзыдың шәкірттері мен жолын қуушылар жазуы да 
мүмкін.  Трактатта  даосизм  деп  аталатын  доктрина  келтірілген.  Лао-Цзыдың 
ойы  бойынша,  табиғат,  адамзат  пен  қоғам  өмірі  –  барлық  зат  заңы  –  даоға 
бағынады,  сонымен  қатар  “ли”  субстанциямен  –  ауа,  эфир  - әлем  негізін 
қалайды.  Әлемде  тұрақты  қатып  қалған  ештеңе  жоқ,  барлығы  да  үнемі 
қозғалыста, үнемі өзгерісте болады. Заттар (инь, янь) принципі бойынша өзінің 
қарама-қарсы заттарына  айналып отырады. 
Инь,  янь  – Қытай  философиясының  бүкіл  тарихында    сақталған  негізгі 
категориялары. Инь – жағымсыз, қараңғы, әлсіз; янь – дұрыс, ашық, белсенді, 
күшті. Инь, янь – белгілі бір жүйедегі  қарама-қарсы күштер. Екі қарама-қарсы 
инь  мен  янь  күштерінің  әсері  қоршаған  әлемнің  қозғалысының  түп  тамыры 
негізінде  қарастырылған.  Инь-янь  күресінен  дао  туындаған.  Егер  дао  заңы 
бұзылса, бақытсыздыққа әкеліп соғады. Сондықтан адамдар дао заңын бұзбауға 
тырысуы қажет. Лао-Цзыдың ойынша, барлығы да өз бетінше жүруі, өз бетінше 
қозғалуы  қажет.  Яғни,  бұл  ойшылдың  қоғамдық  даму  туралы  негізгі  саяси 
қағидасы – «эволюциялық бағыт». Лао-Цзыдың қағидалары кейін бүкіл әлемдік 
тартылыс, теңгергіштік, консерватизм, реформизм идеяларының қалыптасуына 
негіз болды.                                   
 ЛОКК  ДЖОН  (1632-1704  жж.)  –  ағылшын  философы,  саясаткер, 
либерализм  идеологиясының  негізін  қалаушы.  Өзінің  қоғамдық-саяси 
концепциясын  “Мемлекет  басқару  туралы  екі  трактат”  еңбегінде  баяндайды. 
Локк тұлғаны қоғамнан да жоғары деп таниды, яғни тұлға қоғамды, ал, қоғам –
мемлекетті құрайды. Оның еңбектерінің көбі мемлекет мәселелеріне арналған. 
Шексіз  қатал  биліктің  үстемдігін  мемлекет  деп  тануға  болмайды  деп  есептеп, 
Локк шектелген монархияның жақтаушысы болды. Тұлға теңдігінің кепілі  - заң 
деп  есептеді. 
Локк  алғашқылардың  қатарында билікті  заң  шығарушы, атқарушы және 
одақтық  (сыртқы  саясат  қызметі)  деп  бөлуді  ұсынды.  Ол  саясаттануда 
либериализм идеологиясының да негізін қалаушы болды.Ғалымның бұл мәселе 

169
туралы  жан-жақты  зерттелген  тұжырымдамалары  осы  оқу  құралының  ҮІІІ 
тарауында толық келтірілген.     
Мемлекеттің  пайда  болуын  түсіндіруде  Локк  «табиғи  құқық»  ілімін 
қолданады.  Мемлекет  пен  билікті  орнатудағы  адамдардың  жоғарғы  мақсаты 
ежелгі  табиғи  жағдайда  қамтамасыз  етілмеген  жеке  меншікті  қорғау  болып 
табылады. Мемлекет орнату туралы келісімге келе отырып адамдар көпшіліктің 
шешіміне  бағынуға  міндеттенеді,  өздерінің  жеке  басын  және  байлығын 
қаншалықты  қорғау  керек  болса,  соншалықты  өздерінің  табиғи  құқықтарын 
қорғауды мемлекетке тапсырады. 
Локк  конституциялық  монархия  идеясын  қолдады,  бірақ  ол  билік 
етушілерге,  атап  айтқанда,  монархқа  қарсылық  көрсетуге  (қажет  болған 
жағдайда) болатындығы туралы мәселе қойды. 
 МАКИАВЕЛЛИ  НИККОЛО  (1469-1527  ж.ж.),  италиялық    ғалым  
Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік-саяси ғылымдардың негізін салушылардың 
бірі.  Макиавелли  саяси  білімдерді    діни  көзқарастан  ажыратып  ғылыми 
тұрғыдан зерттеді. Оның саяси ғылымның негізін қалушы атануының себебі де 
осы  көрнекті  еңбегінің  бағасы.  Бұл  ғалым  саясатқа  прагматикалық  тұрғыдан 
қарады:  саяси  ғылым  тек  ғана  ойдан,  діни  сенімнен  шығарылмай,  күнделікті 
шынайы өмірге негізделуі  және сол өмірді реттеуге арналуы тиіс деп есептеді. 
Макиавелли  орталықтандырылған  тұрақты  мемлекеттің  жақтаушысы  болып, 
оны  құрудың  айқын  жолын  көрсетті.Ол  мемлекетті  құру  мен  сақтау  ең  басты 
саяси мақсат деп есептеді, себебі мемлекет болмайынша бірде –бір  адам өзіне 
қорғаныс таба алмайды.Макиавелли  мемлекеттің тұтастығын  әлсіреткендердің 
бәріне қарсы болды.
«Тит  Ливийдің  бірінші  онкүндігі  жөнінде  ойлар»,«Флоренцияның 
тарихы»  деген  еңбектерінде  Макиавелли  мемлекет  басқару  түрлері  жөнінде 
монархиядан  республиканы  жоғары  қояды.  «Ең  тиімдісі  республика  -  онда 
билікке сайламалы мемлекет басшысы қойылады» деп көрсетеді.
Макиавелли  биліктегі  қаталдық  пен  жаза,  бұқара  халық  пен  меншік 
иелерінің арақатынасы, мемлекеттік басқару түрлерінің алмасу заңдылықтары, 
табиғат  жағдайының  адамдардың  мінез-құлқына  тигізер  әсері  туралы 
мәселелерге өзінің жан –жақты теориясын  ұсынды.
МАНХЕЙМ  КАРЛ  (1893-1947  жж.)  –  неміс  философы,  әлеуметтану 
ғылымының негізін қалаушылардың бірі. Будапешт қаласында туған. Өмірінің 
соңғы  жылдары  ЮНЕСКО  бөліміне  жетекшілік  етті,  “Әлеуметтану  мен 
әлеуметтік  қайта  құру  жөніндегі  халықаралық  кітапхананың”  бастамашысы 
және  редакторы  болды,  Англияда  әлеуметтануды  оқу  пәніне  айналдыруға  өз 
үлесін қосты.  
 Манхеймнің  әлеуметтанушы,  саясаттанушы  болып  қалыптасуына  әсер 
еткен  ғалымдар  Д.Лукач, Б.Залош,  Э.Ласка,  Г.Риккерт, Э.Гуссерль,  М.Вебер, 
М.Шелер болды. 1919 жылы Венгрия Кеңестік Республикасы құлағаннан кейін 
Германияға қоныс аударды. 1925 жылдан бастап Гейдельберг университетінде 
философия  доценті  болып  қызмет  етеді,  1929  жылдан  бастап  Франкфурт 
университетінде  әлеуметтану  профессоры  болды.  1933-1945  жылдары  Англия 
университеттерінде 
әлеуметтану, 
саясаттану, 
экономика, 
педагогика 

170
ғылымдарының  профессоры  болып  дәріс  берген.  Бірінші      «неміс  кезеңі» 
өмірінде  Манхейм  рухани  саласында  зерттеушілік  жүргізіп  өзінің    «рухани 
мәдениетінің  болмысы»  деп  жинақталған  ілімін  таратады.  Кейінгі  жылдары 
философия-әлеуметтану  методологиясын  қалыптастырды;  әлеуметтану  –
тарихи  негізде  Германиядағы  консервативтік  ойдың  қалыптасуы,  ұрпақтар 
арасындағы  мирасқорлық,  рухани  саладағы  бәсекелестік,  идеология  мен 
утопиялық  сананың  мәні  туралы  өзінің  тұжырымдамаларын  жасады.  1929 
жылы  осы  мәселелердің  бәрін  қамтыған          «Идеология    және  утопия»  деген 
еңбегі шықты, 1952 жылы бұл кітабы толықтырылып Лондонда жарық көрді. 
Келесі,  екінші    «ағылшын  кезеңінде»  К.Манхейм  екінші  дүние  жүзілік 
соғыстың  қортындыларына  негіздеп    Жаңа  заман  тарихын  зерттейді.Осы 
жылдары  Манхеймнің    «Қайта  құру  дәуіріндегі  адам  мен  қоғам»,    «Біздің 
заманымыздың  диагнозы»  деген  еңбектері  шықты.  Соңғы  аталған  еңбегінде 
ғалымның терең зерттеген мәселесі - әлеуметтану.Негізгі қортынды: әлеуметтік 
сананы  қалыптастыратын  тек  ғана  экономикалық  қатынастар  емес.  Осы 
тұрғыдан алғанда ол К.Маркстің   «сананы болмыс билейді»  деген қағидасына 
қарсы, К.Манхейм  «әлеуметтік болмыс» -  ол тарихи ғұмырлық процесс деген 
көзқарасы  бойынша  көтеген  тарихи  деректер  келтіреді.  Солардың  бірі  –
ортағасырларда  сананы  билеген  діни  болмыс  болды.  Дәуірдің  сипатын 
белгілейтін  әртүрлі  болмыстар:  бір  тарихи  кезеңнің  өзінде  де  саналуан  
«констелляциялар»  (ойлау  тұрғысы)  болуы  күмәнсіз.  Әлеуметтанудың  ерекше 
бір мақсаты – рухани болмыс пен әлеуметтік көзқарастарды ұштастыру.Бұл бір 
әлеуметтік  құбылыстың  өзіне  саналуан  көзқарастардың  болуын  айқындайды. 
Қорыта айтқанда, Манхеймнің негізгі қағидасы – тарихи процестен тыс сананы 
билейтін  болмыс  болмайды.Егер  қоғамдағы  басқарушы  тап    өзінің  ғана 
көзқарасын  бірден-бір  ақиқат  идея  ретінде  ұсынса,  ол  өктемшіл  идеологияға 
айналады
К.Манхеймнің  кеңінен,  жан-жақты  зерттеген  теориялық  мәселелері    -    
идеология 
және 
идеологиясыздандыру 
проблемалары.Ойшылдың 
зерттеулеріндегі  теориялық    маңызды  орынға  ие  болған    «саясат  ғылым  бола 
ала ма» деп қойған өз сұрағына берген жауаптары.Бұл ғалымның  өмір сүрген 
уақытында  (ХХ  ғасырдың  орта  кезі)  саясаттану  нақты  ғылым  ретінде  бүкіл 
әлемде  толық  тарамаған  еді,  себебі  ол  кезде  саяси  танымның  біркелкі  болуы 
мүмкін  емес еді.  Манхейм ғұмырының соңғы  жылдарында  өз  сұрағына жауап 
ретінде    «саясаттың  ғылым  болатын  уақыты  дәл  қазір»  деп  санады.  Оның  ең 
басты  себебі,  саяси  ғылымға  негіз  болатын  -  тарихи  таным  мен  тарихи 
процестердің ашық, жариялы болуы ортақ саяси ілімнің туындауына кепілдеме 
болды.Бірақ 
әрбір 
саяси 
ғалымның 
санасында 
бірнеше 
ғылым 
салалары(тарих,тарихнама,мемлекеттік  құрылыстар,  құқықтық,  әлеуметтік 
қатынастар, саяси идеялар) тоғысуы тиісті. 
Манхейм фашистік типті тоталитарлық режим орнату қауіпіне тартылған 
“бұқаралық 
қоғамдар” 
дәуірінде 
демократияны 
сақтау 
үміттерін 
интеллигенциямен  байланыстырды.  Оның  идеялары  әлеуметтану  ілімінің 
дамуына  үлкен  ықпал  етті.  Карл  Манхеймнің  әлеуметтану  методологиясын 

171
толық  қабылдамаушылар  болса  да,  оның  тарихи-әлеуметтік  зерттеулері 
классикалық  үлгіге жатады.
 МАРТИН  ЛЮТЕР  (1483-1546  жж.),  ортағасырлық  немістің  құдайшыл 
ғалымы. Оның еңбектерінде әртүрлі әлеуметтік топтардың наразылығы көрініс 
тапты:  серілік  етушілер,  қала  тұрғындары,  князьдар  мен  төменгі  дін 
қызметшілер және т.б. 
М.Лютердің  саяси  өміріндегі  басты  қызметі  –римдік-католиктік  шіркеу 
билігінің  озбырлығына  қарсы  реформалар  жасау.  Ортағасырлық  Еуропа 
елдерінде,  соның  ішінде  Германияда  халықтың  нағыз  қанаушысы  болған  
феодалдық  мемлекеттің  қуатты  тірегі  католик  шіркеуі  еді.  Өйткені  католик 
шіркеуінің  өзі  ірі  жер  иесі  болды.  Ол  қарапайым  халыққа  діни  сенімдерді 
уағыздау  арқылы  оларды  қараңғылықта  ұстап  отырды.  Елде  зайырлы  ілімнің, 
ғылым  мен  білімнің  таралуына,  өндіргіш  күштердің  дамуына  бөгет  болды.  
Католик шіркеуінің құдайға құлшылық ету рәсімі мен көптеген діни ғұрыптары 
халык  үшін  өте  ауыр  тиді.  Бір  ғана  Германияда  емес,  бүкіл  римдік  -  католик 
аймағында    «арзан  шіркеу  үшін»  күрескен  халық  қозғалысы    басталды. 
Наразылықтың  ушығуына  түрткі  болған    «индульгенция»  мәселесі  болды. 
Индульгенция  -  «о  дүниеде  жұмаққа  баратындығына  кепілдік  беретін,  бұл 
дүниедегі  күнәлерінен  құтқаратын  құдыреті  бар»  куәлік  қағаз.  Әсіресе 
Германия  жерінде  индульгенция  куәліктері  көптеп  шығарылып,  базарлар  мен 
халықтың  көп  шоғырланған  жерлерде  монахтар,  шіркеу  қызметкерлері 
ашықтан-ашық сатып тұрды, индульгенция сататын сауда орындары ашылды. 
1517 жылы папаның осы индульгенция саудасына бірінші қарсы шыққан 
профессор,  монах  Мартин  Лютер  болатын.  Шіркеудің  қазынасын  толықтыра 
түсу  мақсатындағы  халықтың  қараңғылығын  пайдаланып  отырған  ұятсыз 
әрекетін  сынап,  Лютер  шіркеу  құдай  мен  адам  арасындағы  делдал  бола 
алмайды деді. Ол өзінің дәріс беретін университет шіркеуінің есіктеріне   «95 
тезис»  деп  аталатын  үндеуін  іліп  қойды.  Бұл  тезистерде  Лютер 
индульгенциямен  сауда  жасауды  айыптап,  өзімен  келіспейтіндерді  ашық 
айтысқа  шақырды.Өз  үндеулерінде  құдай  мен  адамның  арасында  шіркеу 
қызметкерлерінің  күнәдан  тазартуға  көмектесеміз  дегені  жалған  деп 
жариялады.    «Адам  сенімі»  арқылы  ғана  күнәдан  арылуы  керек  деген  ілім 
жасады.  Ол  өз  тезистерінде  :  «Әрбір  христиан  құдайға  шынайы  жалбарынса, 
оның индульгенциясыз- ақ күнәсі толық кешіріледі». «Ол тақуа сеніммен өмір 
сүреді» деген сөздер бар. 1519 жылы Лейпциг қаласында құдай алдында әрбір 
христиан өзі ғана есепті деген пікір таратты. 
1520  жылы  Рим  папасы  Лютерді  шіркеуден  қууды  талап  етті,  бірақ  ол 
өзінің  Папаға  қарсы  памфлетінде:  «Папаның  өзі  анархист»  деп  кінәлады. 
Шаруалар мен қала кедейлері бұны көтеріліске шақыру деп түсінді. Германияда 
толқыулар басталып оған  кедейлермен қатар  ауқатты топтардың  да  көп бөлігі 
және діни қызметкерлердің төменгі топтары қосылды.
Лютердің  ілімі  Реформацияның,  яғңи  шіркеуді  қайта  құру      күресінің 
бастамасы  болды.  Католик  дінінен  жаңа,  ғылымның  құндылықтарына 
негізделген,  «құдайсыз  дін»  деп  аталған  (протестантизм)  діні  бөлініп 
шықты.Шіркеудің  билікке  таласуы    бәсеңдеп,  дін  бірте-бірте  мемлекеттен 

172
ажыратылды.  Бүкіл  римдік  -  католик  аумағы  бойынша  білім  мен  ғылымның 
дамуына  еркін  жол  ашылды.  Бүкіл  әлем  бойынша  саяси  өмірдің    зайырлы 
бағытта дамуы М.Лютер ілімінің ықпалында болды.  
            МИЛЛЬ  ДЖОН  (1806-1873  жж.)  –  ағылшын  философы,  экономист, 
қоғам  қайраткері.  Милльдің  философиялық  көзқарастары  Карлейльдің, 
Бентамның,  Конттың  ықпал  етуімен  қалыптасты.  Ол  ХІХ  ғасырдағы 
утилитаризм доктринасын насихаттап және одан әрі дамытқан аса ірі ағылшын 
философы болып саналады. 
Милль  “Утилитаризм”  еңбегінде  моральдық  теорияның  пайдалы 
принциптерін  көрсетті.  Пайдалылық    принципі  бақытқа  бейімделгенде  дұрыс, 
ол  бақыттан  қашқанда  дұрыс  еместігін  дәлелдеуге  тырысты.  Адамдардың 
қандай  тілекті ойлауына  байланысты туындайтын  адамның әрбір мейірімді ісі  
жеке  адам және жалпы қоғам үшін бақыт. 
Милль  этикалық  утилитаризм  үшін  Бентамды  әшкерелеген  сыннан  тыс 
болғысы  келді.  Ал  Бентам  әркім  өзінің  меншікті  қанағат  сезімін  іздейді,  ол 
қанағат сезімі ұлы мейірім деп көрсеткен еді. Осының негізінде ол адамдарды 
эгоизм  үшін  кінәлады.  Милль  көптеген  адам  эгоистік  жолға  түспей  әрекет 
жасайтындықтан адамның қанағат алу талпынысын эгоистік деп есептеген жоқ. 
Ол  сонымен  бірге  Бентамның  көзқарасы  бойынша  қанағаттың  жоғары 
және  төмен  болатынын  көрсетті.  “Утилитаризмнің”  ең  соңғы  бөлімінде  ол: 
“бақыт  –  ең  жоғары  рухани  құндылық”  деген  тұжырымды  теріске  шығаруды 
қайта қарастырды. Қарсылық мына бағытта өрбіді: бақыт ең жоғары құндылық 
бола  алмайды,  себебі  көптеген  жағдайларда  біз  әділдікті  бақыттан  жоғары 
қоямыз.  Милль  әділдік  адам  құндылықтары  иерархиясында  шын  мәнінде 
жоғары құндылыққа ие, ал бақыт пен талпыныс оған адам тәртібінде үстемдік 
ететін принциптер екеніне өз дәлелдерін ұсынды. 
Милль 
өзінің 
философиялық 
көзқарастарында 
феноменалистік 
позитивизм  позициясында  тұрды.  Ол  біздің  барлық  біліміміздің  өзегі  біздің 
сенімдеріміз болып табылатын тәжірибеден туындайтынына  иланды. Конттың 
көзқарастарының  кейбіреулерімен  келіссе  де,  Милль  оның  әлеуметтік-саяси 
көзқарасын қабылдай алмады, яғни, ол рухани және саяси деспотизмді қорғады 
және  жеке  тұлғаның  бостандығын  жоққа  шығарды  деген  ойда  болды.  Осыған 
орай  "Бостандық  туралы"  очерк  жазып,  біз  адамдардың  іс-әрекетіне  олар 
өзгелерге  зиян  келтіретін  жағдайда  ғана  араласа  аламыз  деп  көрсетті.  Осы 
очеркінде  Милль  ашық  пікір  таласы  мен  демократиялық  дербестік  туралы  ой 
қозғады.  Ол  әрбір  адамның  дәстүрлер  нормаларын  да      да  бостандығы  болуы 
тиіс деп есептеді.
МОНТЕСКЬЕ  ШАРЛЬ ЛУИ  (1689-1755  жж.)  –  француз  саясаткері,  
философ.  Оның  саяси  мұраларында  сол  кезеңдегі  саяси  ойдың  неғұрлым 
маңызды  жетістіктері  қамтылған.  Монтескье  өзінің  “Заңдардың  рухы” 
еңбегінде  (1748)  басқару  типтерін  екі  критерий  негізінде  талдады:  басқару 
сипаты  (жоғары  өкіметтің  институттық  бөлінісі)  мен  басқару  принципі 
(мемлекеттің  “пейілі”,  “серіппесі”).  Ол  басқарудың  үш  типін  сараптады: 
республика,  монархия  және  деспотия.  Монтескье  ұғымында  демократиялық 
республика  –  демократияның  классикалық  үлгісі:  тікелей  демократия, 

173
азшылықтың  көпшілікке  бағынуы.  Бұндай  басқару,  деп  атап  көрсетті  ол,  
талаптары  мен  қажеттіліктері  бірдей  адамдар  өмір  сүретін  қоғамда  ғана 
табысты  жүзеге  асуы  мүмкін.  Ал  бұл  азаматтық  рахымшылдық  нәтижесінде 
жүзеге  асатын адамдардың моральдық келісімінде мүмкін, тек  ғана азаматтық 
рахымшылдық  жағдайындағы  демократиялық  басқару  принципі  болып 
саналады. 
            Монтескьенің  “заңдар  рухын”  немесе  “басқару  бейнесін”  айқындаған 
деректердің  өзара  жиынтығы  мәселелерін  талдауы  оның  саяси  ойға  қосқан 
үлесі  болып  табылады.  “Көптеген  нәрселер,  -  деп  көрсетті  ол,  -  адамдарды 
басқарады:  климат,  дін,  басқару  принциптері,  өткеннің  мысалдары,  өнегелер, 
дәстүрлер.  Осылардың  барлығының  нәтижесі  ретінде  халықтың  жалпы  рухы 
пайда болады” (Ш.Л.Монтескье. Таңдамалы шығармалар, М. 1955. 412 бет). 
Билікті бөлу теориясы – Монтескьенің ғылымдағы ең маңызды   табысы. 
Алғаш рет бұл ілім Англияны Кромвельдің басқаруы тұсындағы заң актілерінде 
қолдау тапты. Даму нәтижесінде билік бөлінісінің әдісі қалыптасқан британдық 
саяси  жүйеге  талдау  жасай  отырып,  Монтескье  оны  теориялық  жағынан 
байытты.  Саяси  билік  әрқашанда  зорлық-зомбылық  жасамай  тұрмайды.  Бұл 
адам табиғатынан туындайды. Сол себептен әртүрлі биліктер өзара бірімен бірі 
ынтымақтасуға  мүмкіндік  бермеу  үшін  жоғарыда  көрсетілгендей,  билікті  заң 
шығарушы,  атқарушы  және  сот  билігі  етіп  бөлгенде  ғана  заң  үстемдігі 
қамтамасыз етіледі. 
Монтескьенің  осы  идеялары  негізінде  мемлекет  билігінің  үш  буыны 
(тармағы) – заң шығару, істі атқару (атқарушы билік) және сот билігін ажырату 
қалыптасты.  Монтескье  Локктың  биліктердің  бөлінуі  туралы  идеясына  нақты 
түр  беріп    биліктің  тармақтарының  бір-бірімен  теңестірілуі  (яғни,  бір-біріне 
үстемдік етпеуі) қажет деп санады. 
Ш.Монтескьенің  идеялары  ХУІІ  ғасырдың  аяғында  Францияның 
Конституциялық  Заңдарында  көрніс  тауып,  1787  жылғы  АҚШ-тың 
Конституциясынан    орын  алды.  Міне  осыдан  бастап  саяси  билікті  бөлу 
теориясы бүкіл әлемге тарады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет