М. Конвей көшбасшылардың топтарын бақылап үш көшбасшылық рөлді бөлді. Біріншіден, бұл көсем (топты «бағындыруға» тырысатын, бұл топ гипноздық жағдайда болады және көсем оны өзі таңдаған жол бойынша артынан ертуге тырысады-мысалы, Наполеон). Екіншіден, топ өкілі (халықтың ежелден қалыптасқан белгілі «дұрыс» пікірлерін білдіреді – мысалы, Т. Рузвельт).
Үшіншіден, пікірлерді түсіндіруші (топ әзер түсінетін нәрсені алға қойып, сонымен әрекет етеді, әсіресе, оның жасырын қорқыныштары мен алаңдауларын).
Әрине, М. Вебердің саяси көшбасшыларының типологиясын да ұмытпау қажет. Өйткені, ол ең танымал,сондықтан онымен бөлінген көшбасшылық заңдылығының үш идеалды типіне тоқталайық:
а) легалды заңдылық, өзінің негізінде-рационалды тірек, бұл өз орнын осы ережелер арқасында алған көшбасшыға және оның құқығына, талаптық ережелердің легалдылығына сенім көрсету. Мұндай легитимдылықта бағыну легалды қойылған жақсыздалған тәртіптің нәтижесі: болады және ұйым билігінің формальды шегінен шықпайды. Бұл орын билігі, оның «тағын» адам алады. Бұл «бюрократиялық» тип және, сәйкесінше, көшбасшылық стилі. Адамдар бюрократқа бағынады, себебі,өздерін көшбасшы өзін қоршайтын көптеген билік атрибуттарының алдында әлсіз сезінеді;
ә) дәстүрлі легитимдылық бұнын негізін ежелгі дәстүрлер және басшылардың дәрежесінің легитимдылық, бұнын негізін ежелгі дәстүрлер және басшылардың дәрежесінің легитимдылығына деген қалыптасқан сенім құрайды. Бағыну бұл жағдайда – жеке адамдықтың көрінісі және әдеттегі шарттардың шегімен анықталады. Бұл «дәстүрлі» тип және сәйкесінше, көшбасшылық стилі. Бұл дәстүр бойынша берілетін, монарх билігі, оны ол автоматикалық түрде, өз қасиеттері мен жүргізетін саясатына тәуелсіз алады;
б) харизматикалық легитимдылық, оның эффективты негізгі жеке тұлғаның батырлығына және үлгілік мінезіне, ерекше қасиеттілігіне, өзіне тән берілуіне әкеледі. «Харизма» – бұл ерекше тірек, ту, қасиетті белгі, бұны қандай да бір адамдардың жүрісін басқаратын адам қалында ұстайды. Көшбасшыға бағыну жеке тұлғаның харизма туралы өз түсінігіне тіреледі. Бағынып, адамдар тек қана адам артынан емес, оны өз әсері және құрметтілігімен бөлейтін харизма артынан жүреді. Харизматикалық көшбасшы билігі – бұл белгі топ үстінен көтерілген сәттің билігі. Бұл ту сияқты жарқын адам билігі, бірақ мұндай жарқындық тек адамнан шықпайды, ол көшбасшыны да, ол ұстайтын туды да, өз махаббатымен бөлейтін топтардан шығады. Бұндай билік өте берілген, бірақ жағдайлы жағдай өзгереді, басқа сәт туды және осындай көшбасшы тез қарайып, өз әсерінен айырылуы мүмкін.