Саяси элиталар және саяси көшбасшылық



бет2/28
Дата02.12.2023
өлшемі2,43 Mb.
#131628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

"Элита" деген сөз француз тілінде тандаулы, іріктелген, сұрыпталған деген мағынаны білдіреді. Қазіргі өндірістік дамыған елдерде элитаның құрамы әр түрлі келеді. Оған саяси серкелер, шенеуніктер, зиялылар, бизнесмендер кіреді. Сонымен қатар басқарушы элитаға кірмей қалған топ оған кіруге немесе жаңа элитаны құруға күреседі. Саяси жетекшіліктің, топ бастаушылықтың (лидерліктін) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардын. ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидін. "Патша" деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағы-нушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауы-на сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін — соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлык қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4) басқарушы өз жақтастарына даналык пен әділетгіліктіц үлгісі болуы керек. Кейін келе топ бастаушылықгың табиғаты әр түрлі түсіндірілді.

“Саяси элита” ұғымы XX ғасырдағы саясаттану ғылымында өзекті тақырыпқа айналды.Қоғамның үш негізгі саласындағы – экономикадағы, саясаттағы, армиядағы басты институттарды басқарушы, мәртебелі орта өкілдері сол қоғамдағы саяси элитаның мүшелері болып табылады. Отандық басқарушы элитаның құрамына екі жікті:1) республикалық және аймақтық биліктің жоғары және орта эшалондарына жайғасқан саясаткерлерді;2) экономика субъектілерін: жеке меншігі барларды, меншікті қосанжар иеленушілерді, бірлескен корпорациялар,компаниялар, банктер, қорлар, ассоциациялар, акционерлік қоғамдар сияқты беймемлекеттік, мемлекеттік кәсіпорындардың, ірі және орташа экономикалық ұйымдардың басшыларын, басқарма мүшелерін, басқа да жауапты қызметкерлерін кіргізу әдетке айналған.Әдетте, осы екі жік бір-бірімен етене байланыста болады. Бір жағынан экономикалық элитаның өкілдері биліктің барлық “тармақтары” мен деңгейінің құрамына кіреді. Екінші жағынан, саяси элита бизнеске сұғына кіріседі.

Ерте қытай ойшылы Конфуций (Кун-Цзы б.д.д.V ғас.) жақсы басшы әділетті басқаруы міндетті деп есептеген.Конфуцийдің пікірінше, басшы өзінде бес «тамаша қасиетті» ұштастыра білуі керек: «ізгілікті басшы қайырымдылықты есепсіз шашпайды», «еңбекке күштеп көндіргенімен, халықтың ашу-ызасына жол бермейді», «өзінің талап-тілектерін орындауда қанағаттылықты ұстайды», «жоғары мәртебесін сезінгенімен өркөкірек емес», «құрметті талап еткенімен, қатыгез болмауы керек». Платонға сүйенсек, даналық билігі, саяси ақыл үстемдігі абсолютті басқару болып табылады. Ең үздік мемлекетте, кім бақытқа жетсе және кім қайырымды бай болса, солар басқарады. Саясаттың қазіргі заманғы түсініктері Флоренциядан шыққан ойшыл Н. Макиавеллиден бастау алады. Макиавеллидің “Билеуші” трактаты (1513 жылы жазылды) оқырманды тағы да көшбасшылық мәселесі көтеретін саясаттың жаңа әлеміне әкеледі. Ғалымның пікірінше жаңа мемлекеттік құбылысты жаңа билеуші басқаруы тиіс. Билеуші билікке халық пен ақсүйектердің жақтауы арқасында келеді. Саяси кӛшбасшылық – кӛпшіліктің саяси қарекетін топтастыру, ұйымдастыру, оған белгілі бір бағыт беру механизмі. Ең алғашқы көшбасшылық типологиясын жасаған М.Вебер болды. Көшбасшылық – М.Вебер бойынша «бұйрық беру мен бағынуды қамтамасыз етуге қабілеттілік». Бірінші типі – дәстүрлі көшбасшылық, бұл билік дәстүрлерінің қасиеттілігіне сенуге негізделеді. Екінші типі – жария ұжымды немесе бюрократиялық көшбасшылық: жеке адамға емес заңға бағыну;Үшінші типі – харизматикалық аса білімділігі, сапасы, айрықша қабілеті бар көшбасшы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет