Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшылық –жекелеген адамның туа біткен қасиеті және мүлдем мәңілікке берілген артықшылық емес. Көшбасшылық дегеніміз – әрқашанда қорғап қалуға керекті белгілі бір мәртебе, позиция, адамдардың іс-әрекетіндегі, саяси процестегі аяқ астынан болатын нәрселерді бастан өткере білу. Саяси қызмет және саяси қатынас өзінің табиғаты жағынан әрқашанда мақсатты, ұйымдасқан сипатта болады. Осыдан барып қоғамдық идеяны жүргізуге қабілетті, қоғам сезініп, білетін нәрсені білдіретін, ұжымдық сананың иесі және ұжымдық әрекетті ұйымдастырушы болатын көшбасшыға деген қажеттілік туындайды. Қоғам ұжымдық ерік-жігер мен мақсатты бейнелейтін беделдің болуын объективті түрде талап етеді. Көшбасшылық саясаттың шығармашылық мазмұнынан тура туындайды. Көщбасшы саясаттың және қоғамның бүкіл саяси жүйесінің ядросы болып табылады. Көшбасшылық ғаламдықтан бастап жекелеген саяси топқа дейін саяси жүйені ұйымдастырудың барлық деңгейінде пайда болады, қалыптасады және қызмет етеді.
Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуының құқықтық механизмдері. Қазақстандағы саяси элитаның қалыптасуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бірінші кезеңі – XV ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін, — дәстүрлі дала элитасының қалыптасу дәуірі деп аталады. Қазақтың көшпенді қоғамында билеуші элита құрастыру және оның қалыптасуы көшпенділердің тұңғыштың орны деген салт-дәстүрінен шыққан. Ал XIX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақ элитасының қалыптасуына әсерін тигізгені – Ресей империясына қосылуы. Орыс патшалығы Солтүстік Қазақстанның аймағын бірнеше административті бірліктерге бөліп (округ, волость, ауыл), әр қайсына басшы «аға сұлтан» және іс жүргізушілері мен жұмысшылар штатын құрастырды. Сонымен, осы заманнан бастап қазақтың элитасының қалыптасуы толығымен Ресей патшалығынан тәуелді болатын. XX ғасырдың басында жалпы дүниедеге болған ұлт-азаттық қозғалысының әсерінен қазақ қоғамында да жаңа элитаның қалыптасуы басталады – европалық көзқарастағы, білімі бар оқыған қазақтарынан. Осы топ саналы түрде Ресейдің колониалды режиміне оппозициялық тұрғыда болатын. Әрине, бұл топты құрастырған білім алуға мүмкіндіктері бар өткен заман элитасының балдары: аға сұлтандардың балдары, би және батырлардың тұқымынан шыққандар, жартысынан көбі –чингизидтер. 1905-1920 ж.ж. қазақтардың алғашқы элитасы «Алаш» ұлттық-либералды партиясының қызметінде орын тапты.