Демократия формасы және демократия моделінің түсініктері
Жоғарыда кӛрсетілген белгілерге сай келетін кез келген саяси жүйені
«демократия формалары» дейміз. Ал демократия моделі дегеніміз – демократия
формаларының негізгі элементтерін, оның негізін құраушы қатынастар
құрылымын табуға және оны түсіндіруге бағытталған теориялық
конструкциялар.
Демократия формалары: классикалық және либералдық.
Демократияның классикалық формасы
кӛне Грекияда қалыптасқан. Бұл
халықтың қоғамдық-саяси ӛмірге тікелей қатысу мүмкіндігі және сайланып
отыруы. Ал
либералдық демократия
тікелей емес, ӛкілетті демократия.
Халықтың рӛлі шектеулі және шартты түрде белсенді емес. Бұқара халық ӛз
ӛкілдерін сайлайды, бірақ басқаруға тікелей қатыспайды.
Демократия модельдері
Протективті немесе қорғаушы демократияда
егемендік халық қолында
болғанымен, ол оны ӛзінің сайланбалы ӛкілдеріне артып, тікелей шешім
қабылдауға қатыспайды. Ӛкілдері: Томмас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи
Монтескье.
Дамушы демократияда
билік халық қолында, ал халық біртұтас
бӛлінбейді. Ӛкілі: Жан-Жак Руссо.
Плюралистік демократия
бұл демократияның міндеті – қоғамдағы
плюрализмді дамытып, барлық азаматтарға бірігуге, ӛздерінің мүддесін ашық
білдіруге жағдай жасау. Ӛкілдері: Дэвид Трумен, Роберт Даль.
28
Репрезентативтік демократия
– халық келісімі бойынша таңдаулы
топтың (элита) басқаруы. Ал бұқара халықтың саяси билікке араласуы
шектеулі.
Партиципаторлық демократия
бұл қатардағы азаматтардың саяси
шешімдерді тікелей қабылдаудағы мүмкіндіктерінің кеңейтілуін ұсынады.
Ӛкілдері: Б. Барбер, К. Пэйтмэн.
Демократияландырудың үш толқыны
Демократиялық процесс толқындары теориясын жасауда және оны
талдауда Сэмюэл Хантингтонның
қосқан үлесі зор. 1991 жылы жарияланған
«Үшінші толқын: XX ғасырдың соңындағы демократиялану» атты еңбегінде ол
қазіргі әлемде жүріп жатқан ӛзгерістерді толықтай кӛрсетіп, тоталитаризм мен
авторитаризмнен
демократияға ӛту жолдары мен алғышарттарын талдады. Бұл
еңбекте Хантингтон
«демократиялану толқындарының» мәні демократиялық
емес тәртіптегі (авторитарлы, тоталитарлы) елдердің демократиялыққа ӛтудің
кезеңдерін білдіреді. С. Хантингтон негіздеген “демократияландырудың
үшінші толқыны” шарпыған қоғамдарда популизм, цезаризм мен
плебисцитарлық саяси тәжірибелердің тұрақты дәстүрі қалыптасқан.
С.Хантингтон адамзат тарихындағы үш демократиялық толқынды атап
кӛрсетеді:
1)
бірінші толқын ХІХ ғасырдың басында АҚШ-та басталып, І-ші
дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Демократияланудың
бірінші толқыны елдеріне АҚШ, Канада және Батыс Еуропа елдері кіреді;
2)
демократияланудың екінші толқыны ІІ-ші дүниежүзілік соғыс
нәтижесінде Батыс Германия, Италия, Япониядағы ұлттық-социализмнің
жеңіліс табуынан басталады, сондай-ақ, отаршылық бұғауынан құтылған
бірқатар азия-африкалық елдерді шарпыды;
3)
үшінші, яғни, қазіргі заманғы демократиялық жаңғыру 1974 жылы
Португалиядағы салазарлық диктатураның құлауынан басталып, бұл ауқымды
процесс Испанияны, Грецияны, одан кейін Латын Америкасын қамтып, 1980
жылдары Азияның жекелеген елдерін шарпиды. 1980 жылдардың екінші
жартысынан бастап демократияланудың үшінші толқыны коммунистік әлемге
жетеді - Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен КСРО толық қамтылады.
Хантингтонның пікірі бойынша, КСРО-ның ыдырауы мен тәуелсіз ұлттық
мемлекетттердің құрылуы осы үшінші толқынның логикалық жалғасы.
Осынау үшінші толқынның ізін ала туындайтын экономикалық дағдарыс
кездерінде “күшті қолға” қарау қатты байқалады, яғни, саяси шешімдер
қабылдау жӛніндегі құзіреттілік атқарушы биліктің қолына шоғырланады.
Демократияланудың негізгі бағыттары:
адамдарды қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға тарту;
жеке
тұлғалардың,
биліктің
ӛкілетті
органдардың, қоғамдық
ұйымдар, еңбек ұжымдары мүшелерінің ұсыныстар жасауына мүмкіншілік
туғызу, қоғамның ӛзін-ӛзі басқаруын дамыту;
29
әрбір ұлт пен халықтың еркін
дамуы,
олардың
тең
құқылы
ынтымақтастығын нығайту;
заңдылық пен құқықтық тәртіпті тұрақты бекітіп отыру;
жариялылықтың кеңеюі;
мемлекеттік және қоғамдық істерді шешудегі қоғамдық пікірді ескеріп
отыру: сайлау жүйесін жетілдіру.
Кӛптеген елдерде антидемократиялық күштердің үдеп, демократияның
жеңіліп, авторитарлық және тоталитарлық тәртіптердің орнағандығы тарихтан
белгілі. Тарихтағы бұл кезеңдерді С. Хантингтон «кері қайтқан толқындар»
(немесе «демократизация жолынан тайған толқындар» – «reverse wave») деп
атайды. Демократия тәртібінің орнауы және оның уақытша жеңіліс тапқан
кездерін еске ала отырып, тарихи материалдарды талдай келе, С. Хантингтон
демократизацияның келесідей толқындарын анықтайды:
демократизацияның алғашқы ұзақ толқыны 1828 –1926 ж.;
алғашқы кері кету толқыны 1922 – 1942 ж.;
демократизацияның екінші қысқа толқыны 1943 – 1962 ж.;
екінші кері кету толқыны 1958 –1975 ж.;
демократизацияның үшінші толқыны 1974 жылдан бүгінгі күнге дейін.
1970 жылдардың аяғында басталып, 1980 жылдар бойы жалғасқан
Оңтүстік Еуропадан басталған демократизацияның толқыны Латын Америкасы
мен Азияға ауысты. 1980 жылдардың соңында шынайы социализм мен
демократиялық қоғамдық-саяси құрылыс дағдарысымен байланысты қазіргі
демократизацияның толқыны жаңа кезеңге ӛтті.
С. Хантингтон әлемдік демократиялық процестің жаһандану себептерін
мынадай факторлармен түсіндіреді:
1.
Авторитарлық және тоталитарлық жүйелер легитимділігі дағдарысы;
2.
1960 жылдардағы әлемдік экономиканың ӛсуі және сауаттылықтың
артуы;
3.
Қалалық орта таптың артуы;
4.
1960 жылдардағы католик шіркеуінің доктринасындағы елеулі
ӛзгерістер;
5.
Алдыңғы
қатарлы
әлемдік
саяси
күштердің
ауысуы
(АҚШ, КСРО, Еуропалық қауымдастық);
6.
Халықаралық байланыстың жаңа құралдармен толығуының тиімді
кӛрсетілуі.
Қазіргі демократиялық толқынды шартты түрде екі мерзімдік кезеңге
белуге болады:
1980 жылдардың соңында, Оңтүстік Еуропадан басталып, латын
америкалық, азиялық, Африка
аймағының бір бӛлігін қамтыған авторитарлық
саяси жүйелерді либерализациялау
және демократиялық басқаруға ӛту процесі;
1980 жылдың соңы 1990 жылдардың басы, «қырғи-қабақ соғыстың»
аяқталуы мен Орталық және Шығыс Еуропада социалистік тәртіптердің құлауы
нәтижесінде демократиялық ӛтпелі кезең постсоциалистік және үшінші әлем
елдерін қамтуы. Дәл осы кезде саясаттануда «демократизациялаудың ғаламдық
30
толқыны» (С. Хантингтон) және «демократияның ғаламдық қайта түлеуі» (Г.
О'Доннел, Ф. Шмиттер және т.б.) ұғымдары пайда болды.
2. Демократиялық режимнен авторитарлық режимге ӛту процесі
1920-1930 жылдары демократиялық режимнен авторитарлық режимге ӛту
процесі жүрді. Демократиялық режимге ӛткен кӛптеген мемлекеттерден тек
Грекия ғана бұл жағдайды басынан ӛткізді. 1910-1931 жылдары демократиялық
режимді қабылдаған 17 мемлекеттің ішінен тек тӛртеуі ғана демократиялық
режимді 1920-1930 жылдарға дейін сақтап тұрды. Германияда 1933 ж.
Гитлердің билік басына келуімен, 1938 жыл Австрияда, Чехияда демократия
мүлдем жойылды. Грекияда 1936 ж. демократия жойылды. Португалияда
әскери тӛңкерістің нәтижесінде демократия құлап, Салазара диктатурасы
орнады. 1933 ж. Уругвай авторитарлық режимге ауысты.
Достарыңызбен бөлісу: |