69
депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және ӛзге де елеулі
мүдделерін қамтамасыз
ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын
Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының
жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының
ӛкілеттік мерзімі – алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген ӛз депутаттарының арасынан
жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының кӛпшілік
дауысымен сайланған тӛраға басқарады. Сенат тӛрағасының
қызметіне
кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты
саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей,
тең және
тӛте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс
депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы
ӛкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын ӛткізіледі. Мәжіліс
депутаттарының ӛкілеттік мерзімі – бес жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген ӛз депутаттарының арасынан
Палата депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен жасырын дауыс беру
арқылы Мәжіліс сайлаған тӛраға басқарады. Мәжіліс тӛрағасының қызметіне
кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: