Саяси ғылымдарының докторы, профессор


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ



Pdf көрінісі
бет38/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59
Байланысты:
treatise15701

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТІ 
 
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарында: Қазақстан 
Республикасының Парламенті – Заң шығару қызметін жүзеге асыратын 
Республиканың ең жоғары ӛкілді органы.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына 
сәйкес 
Қазақстан 
Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге 
асыратын Республиканың ең жоғары ӛкілді органы болып табылады. Қазақстан 
Республикасы 
Парламентінің 
ұйымдастырылуы 
мен 
қызметі, 
оның 
депутаттарының 
құқықтық 
жағдайы 
Конституциямен, 
«Қазақстан 
Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»
Конституциялық заңмен, басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. 
Парламенттің ӛкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа 
сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезде аяқталады. 
Парламенттің ӛкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депутаттарының 
ӛкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің ӛкілеттігі Қазақстан 
Республикасының Конституциясында кӛзделген жағдайларда және тәртіппен 
ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. 
Парламент тҧрақты негізде жҧмыс істейтін Сенат және Мәжіліс 
палаталарынан тҧрады 
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан 
Республикасының 
астанасынан 
екі 
адамнан, 
тиісінше 
облыстық, 
республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық 
ӛкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын 


69 
депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және ӛзге де елеулі 
мүдделерін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын 
Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының 
жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының 
ӛкілеттік мерзімі – алты жыл. 
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген ӛз депутаттарының арасынан 
жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының кӛпшілік 
дауысымен сайланған тӛраға басқарады. Сенат тӛрағасының қызметіне 
кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. 
Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты 
саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және 
тӛте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. 
Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс 
депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы 
ӛкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын ӛткізіледі. Мәжіліс 
депутаттарының ӛкілеттік мерзімі – бес жыл. 
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген ӛз депутаттарының арасынан 
Палата депутаттары жалпы санының кӛпшілік даусымен жасырын дауыс беру 
арқылы Мәжіліс сайлаған тӛраға басқарады. Мәжіліс тӛрағасының қызметіне 
кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет