Саяси ғылымдарының докторы, профессор


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет39/59
Дата27.09.2023
өлшемі1,12 Mb.
#110738
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
Байланысты:
treatise15701

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
 
Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі ӛкілді билік 
қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты 
ӛзгеріп отырды.
Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы ӛкілді органның – алғаш рет
Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 
1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 
Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы кеңестің орнына келді.
Жоғарғы кеңес ӛзі жұмыс істеген кезде он үш рет сайланды. Қазақ КСР 
Жоғарғы кеңесінің алғашқы сайлауы 1938 жылғы 24 маусымда ӛткізілді. 
Сайлау жалпыға бiрдей, тең және тӛте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс 
беру арқылы ӛткiзiлдi.
Ол уақытта депутаттар корпусын құру баламасыз негізде Коммунистік 
партияның қатаң бақылауымен жүргізілгенін атап ӛту керек. Депутаттыққа 
кандидаттар партия ұйымдары белгілеген таптық, партиялық, ұлттық, 
жыныстық-жастық және басқа да квоталар бойынша іріктелді. Сондықтан заң 
шығару органының құрамында қанша жұмысшы, колхозшы, қызметші, 
коммунист, комсомол мүшесі, қазақ, орыс, украин, сондай-ақ басқа да ұлт 
ӛкілдері, әйелдер, жастар және т.б. болатыны сайлау басталмастан бұрын 
белгілі болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, 


70 
комсомол және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет 
лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана 
ӛзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы 
кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің 
Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясымен және Қазақ КСР Конституциясымен 
Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге ӛкілетті 
болатын. Жоғарғы кеңестің жұмыс органы – Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 
тӛралқасы Жоғарғы кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда 
Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне ӛзгерістер енгізіп, оларды 
кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы кеңесі
қажет деп санаған жағдайда, кез келген мәселе бойынша тексеру 
комиссияларын және ӛзге де комиссияларды құратын. Барлық мемлекеттік 
және қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және ӛзге 
де комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен 
құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Қазақ КСР-
інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 
сайлауы ӛтті. Бұл әкiмшiл-әмiршiл жүйенің ықпалы әлі де болса жеткілікті 
болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару органының 
алғашқы неғұрлым демократиялық сайлауы болатын. Сайлау алдындағы 
тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер қатысты. 
Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да аталған 
сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды саяси 
партиялар болмаған жағдайда ӛткенімен, тоталитарлық жүйенің ӛзгеру 
процестеріне бұлжымас сипат берді.
Он екінші сайланған Жоғарғы кеңес Қазақстан парламентаризмінің 
қалыптасу тарихында ерекше рӛл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық 
актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-жылдардағы саясатын заңнамалық 
жағынан қамтамасыз етуде кӛрініс тапты.
«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР
Конституциясына (Негізгі Заңына) ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 
1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-інің Заңымен Қазақ КСР Президентінің 
қызметі тағайындалып, еліміздің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан 
Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-інің 
мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияны қабылдады, онда тұңғыш рет
аумақтың бӛлінбейтіндігі және оған қол сұғылмайтындығы бекітіліп, еліміз 
халықаралық құқық субъектісі ретінде айқындалды, азаматтық институт, 
сондай-ақ меншік нысандарының тең құқылығы енгізілді.
1991 жылғы тамыз бен желтоқсандағы оқиғалар – Мәскеуде іске аспай 
қалған бүлік және Беловежск келісімдері КСРО тарихының соңғы нүктесін 
қойып, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы 
кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті.


71 
Он екінші сайланған Жоғарғы кеңес ымыраға келу жӛніндегі екі жылдық 
ізденістерден кейін 1993 жылғы 28 қаңтарда Республика егемендігінің 
қалыптасуын заң жүзінде аяқтаған және шынайы конституционализмнің 
орнығуын 
жалғастырған 
Қазақстанның 
кеңестен 
кейінгі 
алғашқы 
Конституциясын қабылдады. Соның негізінде республикада ұлттық 
қауіпсіздікті, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың нақты кепілдіктерін, 
демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруды қамтамасыз етудің жаңа 
сапалы кезеңіне кӛшу басталды.
1993 жылғы Конституция, бір партиялық саяси басқарудан, монополиялық 
экономикалық жүйеден, тарихи күш кӛрсету идеологиясынан бас тартып, 
Қазақстан қоғамы дамуының оң серпіні үшін ӛріс ашты. 
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономикаға кӛшудің ӛтпелі кезеңінде 
Негізгі Заң Республиканы дүниежүзілік қоғамдастықтағы тәуелсіз мемлекет 
ретінде заңдастырды. 1993 жылғы Конституция Қазақстан ӛзін қазіргі заманғы 
ӛркениеттің құрамдас бӛлігі ретінде білдіреді, ол тату кӛршілік пен кӛптарапты 
әрі 
ӛзара 
тиімді 
ынтымақтастықты 
қалайды, 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықтардың жолын ұстанады деп жария етті. 
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында Жоғарғы 
кеңеске ӛте кӛп ӛкілдік берілді, бұл биліктің бӛліну принципін жүзеге асыру 
мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. 
Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, 
бірінші кезекте, ӛкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, ӛйткені олар жедел 
ӛзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай 
баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған 
Жоғарғы кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс 
нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелік пен 
тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы кеңеске Үкіметтің қызметіне 
араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл 
республиканың ӛкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға алып 
келді. 
Он екінші сайланған Жоғарғы кеңестің ӛзін-ӛзі таратуы биліктің жергілікті 
ӛкілді органдарының ӛкілеттіктерін тоқтатуынан басталды. Алдымен, Алматы 
қаласының Алатау аудандық кеңесі, ал содан кейін республиканың аудандық 
және облыстық кеңестері бірінен соң бірі ӛз сессияларында ӛкілеттіктерін 
мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұған қоса 43 халық 
депутаты ӛкілеттіктерін тоқтатқаны туралы мәлімдеме жасап, әріптестерін 
ӛздерінің жолына түсуге шақырды. Он екінші сайланған Қазақстан 
Республикасы Жоғарғы кеңесі 11-сессиясының жұмысы аяқталар қарсаңында 
жергілікті Кеңестердің тӛрттен бірінен астамы ӛз жұмысын тоқтатты. Осындай 
жағдайда халық қалаулылары Парламент қабырғасында ӛткізген ұзақ 
пікірсайыстардан кейін Сайлау туралы кодекс, Республика президентi мен 
жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша ӛкiлеттiктер беру туралы заң және 
Жоғарғы кеңестің ӛкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы заң қабылдады. 
Республиканың жоғары ӛкілді органының соңғы екі заңнамалық актіні 


72 
қабылдауының маңызы іс жүзінде Конституцияға түзетулер енгізумен бірдей 
болды.
1994 жылғы 7 наурызда ӛткен сайлау республикада кӛп партиялылықтың 
қалыптасуына ықпал етті. Сайлауға сайлаушылардың 73,84 %-ы қатысты. 
Небары 135 бір мандатты округтер бойынша 910 адам ұсынылып, тіркеу 
шарттарына 692 адам лайық болды, орташа алғанда 5 үміткер бір депутаттық 
мандат үшін күресті.
Уақытша регламентке сәйкес партиялар ӛкілдіктері негізінде Жоғарғы 
кеңесте мынадай фракциялар құрылды: Қазақстан Халық бірлігі одағы (ҚХБО – 
32 адам), Қазақстан Халық конгресі партиясы (ҚХК – 22 адам), Социалистік 
партия (12 адам) және Кәсіподақтар федерациясы (12 адам), сондай-ақ кәсіби 
белгісі бойынша қалыптасқан 14 депутаттық топ болды. Қазақстан тарихында 
тұңғыш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тұтқаларына қол 
жеткізіп, мемлекеттік бағдарламалардың қалыптасуына және қабылдануына 
ықпал ету мүмкіндігін алды.
1994-1995 
жылдар 
кезеңі 
қазақстандық 
парламентаризмнің 
қалыптасуындағы тӛтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір 
– 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы 
Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби 
парламенті болды.
Алайда он үшінші сайланған Жоғарғы кеңестің тағдыры ӛте қиындау 
болып шықты. Ол ӛз құқығына билік тармақтарын бӛлу тетігі логикалық 
тұрғыдан аяқталуға дейін жеткізілмеген, биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік 
жүйесі нақты мазмұнмен толықтырылмаған, Жоғарғы кеңестің, Президенттің 
және үкіметтің мәртебесі аяғына дейін айқындалмаған мемлекеттік 
құрылыстың ең бір күрделі кезеңінде кіріскен еді.
Сонымен бірге он үшінші сайланған Жоғарғы кеңестің Қазақстанда 
парламентаризмнің одан әрі дамуына алғышарттар негізін салғанын 
мойындаған жӛн. Он үшінші сайланған Жоғарғы кеңестің тӛрағасы Ә. 
Кекілбаев: «Кәсіби Парламенттің құрылуын, абзалы, ешбір қиналыссыз биылғы 
жылдың қоғамдық-саяси ӛміріндегі ең бір ірі оқиға деп атауға болатын шығар. 
Оның жұмысының басталуы жаңа мемлекеттілік пен демократияның қаз 
тұруындағы елеулі кезеңдердің бірі ретінде Қазақстанның тарихи күнтізбесіне 
кіретіні шүбәсіз... Кәсіби Парламент бізде ешқашан болған емес және біз сынап 
кӛрулер және қателіктер әдісімен жұмыс істеуге мәжбүр болдық... Жаңа 
мәртебе иеленген Жоғарғы кеңес ӛкілеттіктерінің айқындалуы біртіндеп жүріп 
жатыр», – деген болатын.
Он үшінші сайланған Жоғарғы кеңес бір жылдан сәл азырақ жұмыс істеп, 
заңсыз деп танылды, ӛйткені Конституциялық сот сайлау заңнамасының кейбір 
нормалары Конституцияға сәйкес келмейді деп таныды, депутаттарды сайлау 
соған сәйкес жүргізілген еді.
Ескі және жаңа саяси құрылыстың ӛзіндік тұрғыда ымыраға келуінің, 
ғасырлар бойы құрылған батыс демократиясының үлгісін кеңестен кейінгі 


73 
кеңістікте енгізуге тырысудың кӛрінісі болған 1993 жылғы Қазақстан 
Республикасының Конституциясы әуелбастан-ақ қайшылыққа толы еді.
1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы 
мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының 
жаңа Конституциясы қабылданды.
Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. 
Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы 
Президентінің 
басшылығымен 
құрылған 
арнаулы 
сарапшылық-
консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан 
астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 
бабының 55-і елеулі ӛзгеріске ұшырады.
1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 пайызы 
жаңа Негізгі заңды қабылдауды жақтады.
Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот 
тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және ӛзара іс-қимылын 
қамтамасыз ететін билікті бӛлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ, онда 
тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баян етілді. Негізгі Заң адамның 
жоғары құндылықтары ретінде оның ӛмірін, құқықтары мен бостандықтарын 
бекітті.
Мемлекеттік билікті бӛлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, 
оның тармақтарының келісілген ӛзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың 
біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын кӛздейді. Бірыңғай 
мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық ӛзара іс-қимылы осыдан 
кӛрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси 
тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы
Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның 
депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі 
туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық 
заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің 
заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары ӛкілді 
органы болып табылатыны бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет