XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орасан зор өзгерістер болды, XX ғасырдағы саяси ілім мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық-мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөліңді.
Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі—элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны біддіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді. Моска (1856—1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың—үстемдік жүргізуші азшылықтың (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халык, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады. В.Парето (1848—1923) «Жалпы социология жөніндегі трактаттар деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы.

Қорытынды
Қорытынды
Адамзат тарихының бұрынғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып-білу- қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орын анықтауға, егеменді елісіздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.