Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Ибн Халдун қоғамның даму дәірлері туралы



бет35/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
44. Ибн Халдун қоғамның даму дәірлері туралы.
Ибн Халдунның тұжырымы бойынша, мемлекеттiк саясат бiр билеушiмен ғана шектелмейдi, оған барлық қоғам мүшелерi де қатысады. Сондықтан да мемлекеттегi барлық өзгерiстер мемлекет басшысы жағдайының өзгеруiнен ғана емес, бүкiл қоғамның бүтiндей өзгерiске ұшырауына да байланысты. Мемлекеттiң өзi үш ұрпақ өкiлдерiнiң өмiр сүру кезеңiмен анықталатын белгiлi бiр уақыт шеңберiндегi дəуiрдi қамтиды. Мемлекет осы кезеңде дамудың бес сатысынан өтедi. Олар:
1) Бұрынғы билiктiң орнына жаңа ықтиярсыз билiктiң келуi;
2) Жоғары билiктiң бiр адамның қолына шоғырлануы;
3) Тəртiп пен тыныштық орнатылған мемлекеттiң гүлдену сатысы;
4) Басқарудың зорлық жəне деспоттық əдiстерiне көшуi;
5) Мемлекеттiң құлдырауы жəне құлауы.
Ибн Халдун мемлекеттiң даму сатыларының теориялық мəселелерiн басқа тұрғыдан қараумен бiрге, өзiнiң теориясын Халифаттың тарихи даму кезеңдерiн, оның монархияға айналу себептерiн талдауға да пайдаланды. Мемлекеттiң мұндай өзгерiске ұшырауының басты себебiн ол, қауымның өмiр сүруiндегi əлеуметтiк дағдарыстан жəне мұсылмандарды бiрiктiруде ″дiни нанымның орнын қанжардың басуынан″ көрдi. Алғашқы кезеңде халифатта монархияның белгiлерi болмағанымен, мұсылмандық мемлекеттiң басқару формасында халифаттың өз ерекшелiктерi, белгiлерiмен қатар, монархиялық белгiлерi де бiртiндеп пайда бола бастады. Ақырында халифат шын мəнiндегi монархияға айналды.
Ибн Халдунның пiкiрi бойынша мұсылман мемлекеттерi өз дамуында төрт сатыдан өттi:
1. Нағыз халифалар басқарған ″ таза халифат″ .
2. Халифаттың сыртқы белгiлерiн сақтай отырып, бiртiндеп монархияға көшуi (Омеядтар əулетi кезеңiндегi халифат).
3. Халифаттың толық монархияға айналуы (Аббасидтер əулетi кезеңiндегi халифат).
4. Бiрыңғай мұсылман мемлекетiнiң ыдырауы жəне араб-тарды басқа халықтардың жаулап алуы (Бағдадты моңғолдардың, Мысырды османдық түрiктердiң жаулауы).

45) М.Лютер іліміндегі саяси реформаторлықтың негізделуі.
Реформация қозғалысының бастамасын жасаушы және iрi қайраткерi немiстiң дiни ғалымы Мартин Лютер болды. Бүкiл Германияны дүр сiлкiндiрген реформацияның саяси-құқықтық және дiни ұранын Мартин Лютер жасаған болатын. Оның 1517 жылғы қарашада 95 тезистен тұратын күнәнi кешiретiн грамоталарға қарсы шығуы реформациялық қозғалыстың бастамасын салып бердi. Мартин Лютердiң саяси-құқықтық жүйедегi көзқарасын жақсы түсiну үшiн 1-ден, оның XVI ғасырдың 20-жылдарының өзiнде-ақ Реформацияның революциялық лагерiне қарсы болғандығын, 2-ден оның өзiнiң ұстанған мақсаты мен ол айтқан тарихи идеялардың арасындағы айырмашылықты ескеру қажет. М. Лютер шiркеу мен дiн иелерi адам мен құдай арасындағы делдалдық қызметтi атқара алмайды, адамдар шiркеу қызмет-керлерiнсiз-ақ қандай да бiр наным мен сенiмге ие бола алады деп жариялады. Ол сонымен бiрге шiркеу иелерiнiң өздерiн құдайдың жердегi елшiсiмiз деп санайтын даурықпалары мен адам жанын тазарта және күнәләрiн кешiрте аламыз дейтiн сандырақтарының жалғандығын әшкере еттi. М. Лютер адам өз жанының тазаруына және күнәсiнiң кешiрiлуiне шiркеу немесе дiни әдет-ғұрыптардың көмегi арқылы емес, құдайдың өзi тiке-лей орнатқан нанымның көмегi арқылы жете алады деп есептедi. Шiркеу мен дiн иелерiнiң жалған әрекеттерi мен үстемдiгiн әшкерелеуде Лютер дiни ақиқаттың түп қазығы болып табы-латын Қасиеттi кiтаптың алғашқы нұсқаларын пайдаланды. Оның айтуынша, дiни ақиқаттың шындығы католиктiк iлiм уағыздайтын шiркеудiң қаулылары мен папалық декреттер емес, Қасиеттi кiтап болып табылады. М. Лютер iлiмiнiң басты қағидасы — адам сену арқылы ғана қорғаныш таба алады деген тезисi болып табылады. Әрбiр сену-шi өзiнiң жасаған әрекеттерi үшiн құдай алдында өздерi ғана жауап бередi және бұл кезде дiн иелерiнiң көмегiнiң қажетi жоқ. Рим папасынан шаруаға дейiнгi барлық адам құдай алдында бiрдей. М. Лютердiң бұл қағидасы теңдiк туралы ерте буржуазия-лық ең алғашқы ұсыныс болды. Лютердiң айтуынша, құдай жолын ұстану, христиандық өмiр салтын кешу әркiмнiң жан дүниесiне байланысты бейбiт тәртiпке негiзделуi тиiс. Ал бұл тәртiп құдай заңдары арқылы емес, ақсүйектiк билiк мекеме-лерiнiң қолдауы арқылы табиғи түрде жүзеге асуы керек. Адамның iшкi жан-дүние бостандығы мен дiни сенiмi мемлекет заңынан тысқары болуы тиiс. Мемлекет билеушiлерi өздерiн халықтың билеушiсi емес, қызметшiсi ретiнде сезiнуi керек деп есептедi М. Лютер. Бiрақ ол мемлекеттiң демократия-лық құрылымы туралы ойдан аулақ болды. Ол бұқара халықты билеушiге бағынуды және оған қарсы көтерiлiс жасамауға шақырды. М. Лютердiң саяси-құқықтық көзқарасында қарама-қайшы-лықтар да болмай қойған жоқ. Шiркеудiң үстемдiгiн мойында-мау және мемлекеттiң папалықтан тәуелсiздiгi туралы оның идеялары жергiлiктi княздық абсолютизмге қызмет еттi. Ол өз iлiмiн қоғамдағы саяси және әлеуметтiк өмiрдi қайта жаңарта-тындай бағытта дамытпады. Ол монархиялық формадағы мемле-кеттi хрситиандық өмiрге қажеттi тәртiптi орнықтырушы ретiнде қарады. Оның айтуынша, тәртiп орнатуды кез-келген түрдегi мемлекеттер атқара алады, сондықтан да христиандықтың iшкi дiндарлығы қоғамдық қатынастарды ешбiр өзгертпей-ақ берiк қалыптасқан жүйенi талап ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет