Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


-билет. Саяси ілім тарихындағы қоғамдық келісім тұжырымы



бет53/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

68-билет. Саяси ілім тарихындағы қоғамдық келісім тұжырымы
Қоғамдық келісім (лат. socialis contractus - қоғамдық келісім, шарт) - басқарушылар (билеушілер) мен олардың қол астына қарайтындар арасында өзара құқықтары мен міндеттерін анықтайтын шынайы немесе болжамдық келісім. Қоғамдық келісім теориясына сәйкес, адамдар көне заманда олардың өзі үшін қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін анархияның (бассыздықтың) табиғи жағдайында өмір сүрді. Кейін, табиғи себептерге байланысты, индивидтер арасында шарт жасау арқылы қоғам және мемлекет қалыптасты.
Ұқсас идеяларды ертедегі Грекиядағы софистер айтса да, қоғамдық келісім теориясы XVII-XVIII ғ.ғ. кең таралу алды және Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо аттарымен байланыстырылады. Сол уақыттағы басқа саяси доктриналардан айырмашылығы, олар өздерінің теорияларында жеке игілік пен қоғамдық келісім тұрғысынан саяси билікті ақтауға тырысты. Олар биліктің толық жоқтығымен сипатталатын табиғи жағдайдың кемшіліктерін азаматтық қоғамның (яғни бар буржуазиялық қоғамның) артықшылықтарымен салыстыру арқылы мемлекет және құқық институттарының маңызы мен мақсаттарын әйгі етіп көрсетуге тырысты.
Қоғамдық келісімнің әлеуметтік келісім турасындағы тұжырымдамасында адамдар өздерінің мүдделерін өз ортасында қамтамасыз ету үшін мемлекет пайдасына өздерінің егеменді құқықтарын кепілге қоюға мәжбүр болады. Әлеуметтік келісім-шарт азаматтардың мемлекеттік басқарудың қағидалары бойынша тиісті заңдық жобамен қол жеткізілген келісімді білдіреді.
Осы бастапқы ұстанымға сүйене отырып, әлеуметтік келісімшарт теориясының жақтастары әртүрлі жолдармен түсіндіреді: ақылды адам өзінің жеке мүдделерін ескере отырып, өз еркімен табиғи мемлекетте болатын еркіндіктен бас тартуы керек. Томас Хоббс (1651), Джон Лок (1689) және Жан-Жак Руссо (1762) - әлеуметтік келісім теориясының ең танымал өкілдері. Олар әлеуметтік келісімді теорияның бастапқы позициясынан өте әртүрлі тұжырымдар жасады. Хоббс авторитарлық монархияны қорғап, Локк либералды монархияны қорғап, Руссоның либералды республикалықты қорғаған.
ХVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтыған жаңа дәуірдің дүниетанымы екі негізгі принципті басшылыққа алды: «табиғи құқық» және «қоғамдық келісім». Жаңа заманда француз ағартушылық кезеңінің көрнекті саяси ойшылы және құқықтанушысы Шарль Луи Монтескьенің (1689-1755 жж.) тұжырымдарының маңызы зор. Ол Ұлы француз революциясының идеялық ізашарларының бірі. Ол «Заңдар рухы» атты еңбегінде мемлекетті қоғамдық келісімнің нәтижесі деп санады.
Ж.Ж.Руссоның саяси көзқарастары оның басты еңбегі - «Қоғамдық келісім туралы немесе саяси құқық принциптері» деп аталатын трактатында баяндалған. Оның аталған негізгі шығармасы
«Адам еркін, азат болып туылған, сонымен қатар ол қайда болса да бұғауда» деген белгілі жолмен басталады. Басқа ағартушылар тәрізді Ж.Ж.Руссо да мемлекетті басқаруда қоғамдық келісім теориясын ұстанып, еркіндік пен теңдікті жоғары құндылықтар ретінде қарастырды. Ойшыл заң туралы: «Заң арқылы кез-келген басқару республикалық басқару», - деген тұжырым жасаған Ойшыл еңбегінде үкіметке: «Үкімет дегеніміз – бодан мен егемен арасы байланыстыру үшін құрылған, заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге және азаматтық бостандықты да, саяси бостандықты да қолдап отыруға өкілеттік алған делдалдық организм», - деген түсініктеме береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет