Саяси ойлар тарихындағы басқарудың дұрыс және бұрыс формалары



бет6/6
Дата25.02.2022
өлшемі2,67 Mb.
#26406
1   2   3   4   5   6

Бұрыс мемлекеттер

  • Бұрыс мемлекеттер Бұрыс мемлекеттерде билік халық үшін емес өзі үшін өмір сүреді. Билікті өзі үшін ғана пайдаланған монарх тиранға айналады. Бір топ бай адам билікті қолдарына алып, оны өзге азаматтар есебінен өз байлығын көбейту үшін пайдаланған аристократия олигархияға айналады. Сондай-ақ, билікті ешкімге бағынбайтын тобыр (охлос) басып алатын жағдайлар да болады.Тирания – мемлекеттік құрылымның ең нашар түрі, ол қоластындағылардың мүддесін қорғауды көздемейді, керісінше оларға қарсы жұмыс істейді. Олигархия – аристократиядан туған жаңа форма, бай адамдардан құралған азшылық көпшілікті билейді. Демократия – кедейлерден тұратын көпшіліктің билігі. Аристотельдің ойынша, теңдіктің болмауы мемлекет ішіндегі көтерілістердің, толқулардың негізгі себебі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қорытынды

  • Мемлекеттің дұрыс ж ə не бұрыс түрлері - ежелгі грек ойшылы Аристотель өзінің " Саясат " еңбегінде қалыптастырған түсінік. Бұл еңбегінде Аристотель Платонның " Мінсіз мемлекет " ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің " шексіз жақсы " үлгісін ұсынады. Платон ұсынған мүлік, ə йел, бала ортақтығы мемлекетті жояды деп түсінеді. Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс ж ə не бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай ( біреу ме, бернешеу ме, ə лде, көпшілік пе ) ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері : 1) монархия ( бір адамның билігі ); 2) аристократия ( азшылықтың билігі ); 3) полития ( көпшіліктің билігі ). Ал, бұрыс түрлеріне - билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері : 1) тирания; 2) олигархия; 3) демократия. Осылайша, Платон " мінсіз мемлекетті " іздеді, ал Аристотель, шынайылыққа бір табан жақын тұрып, " ортақ мүддені көздесе, кез келген басқару түрін қабылдауға " келісті.

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет