Саяси сана: түсінігі, функциялары, формалары мен деңгейлері «Саяси сана»


Қазіргі негізгі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия



бет3/5
Дата13.04.2023
өлшемі24,21 Kb.
#82632
1   2   3   4   5
Қазіргі негізгі саяси идеологиялар: либерализм, консерватизм, марксистік дәстүр мен халықаралық социал-демократия. 



Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім. Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына, идеяларына негізделеді. Идеялардың негізгі көзі, бастауы ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі, Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік, реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.
Либерализм – азаматтарға қатысты мемлекеттік және қоғамдық әртүрлі басымдықтарды жою немесе жұмсартуды мақсат ететін идеология түрі. Бұл идеологияның негізін қалаушы ағылшын философы Джон Локк. Осы ғалымның ұсынысы өз заманының қажеттілігінен туындады. ХҮІІ ғасыр адамзаттың ортағасырлық бұғаудан жаңа ғана шыға бастаған кезі еді. Адамзат тарихында орта ғасырлар баршаға әйгілі монархияның, шексіз биліктің, тұйық сословиеның, еуропа елдеріндегі шіркеу түнегінің үстемдігінде болды. Әрбір адамның өз табиғи қабілетін іске асыру бостандығы мен мүмкіншілігі болмады. Осылайша адамдарды мәжбүрлеу тәртібі қоғамдағы тоқыраушылық көріністерін күшейтті. Дж.Локк өзінің либералдық идеясында әрбір адам өз қабілетін іске асырмайынша, елдің дамуына өзінің үлесін қоспайынша қоғам қарқынды дами алмайды, адамдарды мемлекеттік дәстүрлі жіктеуліктен, дін құрсауының ықпалынан босату керек деп түсіндірді. Либералдық идеяны көпшілік жақтап шықты, әсіресе жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық таптың тез қабылдауының арқасында кейін идеологияға айналды. Экономика саласында нарықтық қарым-қатынас қалыптаса бастады, енді біреулері кішкене шеберхана ашса, біреулері жеке меншік жерге ие болды, сөйтіп өндіріс дамыды. 50-100 жылдан кейін осы кішкене шеберханалар ірі зауыттарға, фабрикаларға, ал кішкене бау-бақша жерлері үлкен фермерлік шаруашылыққа айналды, нәтижесінде халықтың тұрмыс жағдайы қалыптасып жақсарды.
Қорыта келгенде, либерализм идеологиясы капитализмнің қалыптасып дамуына зор әсер етті.
ХХ ғасырдың басында либерализм идеологиясының одан әрі дамуына байланысты бұдан өзгеше саяси идеология ретінде жаңа либерализм – неолиберализм бөлініп шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет