Еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта бейімделуі төмен деңгейдегі қарт адамдар тобымен дезадаптацияның алдын алу бойынша жұмыс жасау қажет.
Психопрофилактикалық жұмыс екі кезең бойынша ұйымдастырылуы мүмкін:

зейнеткерлікке шығуға дайындық;
еңбек ету кезеңінен кейінгі уақытта қарт адамдармен жұмыс.
Әр кезеңде оларды жүзеге асырудың өзіндік мақсаттары мен міндеттері бар.
Қарт жастағы тұлғалардың денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік-медициналық сипаттағы іс-шаралар кешенінде ерекше орынды әлеуметтік-медициналық көмек ұсынатын стационарлық мекемелер мен әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін ауруханалық емес формадағы мекемелер алады.

Қарт жастағы тұлғаларға стационарлық әлеуметтік-медициналық көмек көрсететін мекемелерге денсаулық сақтау жүйесінің стационарлық мекемелерін, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің стационарлық мекемелерін жатқызамыз:

Жалпы соматикалық интернат үйінің әлеуметтік-медициналық жұмыс үлгісін қарастырайық. Интернат үйіне түсуші әрбір адам алғашқы екі аптада әлеуметтік бейімделу бөлімшесінде болады, онда әртүрлі мамандар (гериатр-дәрігер, психолог, әлеуметтік қызметкер, валеолог, невропатолог, реабилитолог) денсаулық резервтерін және әрбір осы мекемеге түсушінің жеке ерекшеліктерін зерттейді. Содан соң денсаулық жағдайына байланысты қарт адам әлеуметтік-еңбектік оңалту (егер еңбекке жарамды болса) бөлімшесіне, әлеуметтік-медициналық оңалту бөлімшесіне (егер физикалық еңбекпен айналыса алмаса) немесе қайырымдылық бөлімшелеріне (егер өз-өзіне қызмет ете алмаса) жіберіледі.