Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет179/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   191
Түйінді сөздер: 
сабақты зерттеу (lesson study), мұғалім, педагогика, зерттеушілік
Ключевые слова: 
исследование урока(lesson study), учитель, педагогика, исследование
Keywords: 
lesson study, teacher, pedagogy, research 
ХХІ ғасыр деңгейінде
білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазақстан 
жоғарғы оқу орындарының міндеті 

әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Осы 
міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай 
инновациялық технологиялармен білім беру
негізінде меңгерту қажет.
«Қазақ мектептері –
қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық 
үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы 
білім берілетін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар 
адамдар қазақ арасында көбейсе, ол бүкіл халыққа әсер ете алады»
-
деп Ыбырай 
Алтынсарин сол кездің өзінде қазіргі бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің қатарына 
кіруге ұмтылып отырған елімізге осы мақсатқа жетудің ең басты құралын көрсетіп 
кеткен. Осыған орай «Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының 
білімімен өлшенеді»
-
деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі қазіргі таңдағы еліміздің 
негізгі басымдылықты оқуға, білімге бергендігін айғақтайды
[1]. 
Елдің болашағын ойлайтын, әрине, жастар, ал оларды білімді, өнегелі, 
ұлтжанды қылып тәрбиелеу үшін, тамыры тереңге кеткен тәрбие мен білімді мектеп 
табалдырығын аттағаннан бастап қолға алу қажет. Ал бұл дегеніміз тиісінше 
мұғалімдерге үлкен жауапкершілік болып табылады, әрі олардың алдына қойылған 
үлкен міндет. Себебі, мектеп, мектептегі түрлі іс
-
шаралар, өткізілген сабақтар баланың 
жан
-
жақты дамып, жетілуіне тікелей әсер етіп, өздігінен ізденіп әрекет етуіне 
мүмкіндік береді. Сондықтан да мектептерімізде жаңаланған, тиімді, оқушыларға
әсер
281


етуші оқыту жолдары, тәсілдері жүргізілгені дұрыс. Осы орайда сабақты зерттеу тәсілі 
талқыланатын болады.
Әлемдік деңгейде қолданылатын Lesson Study, яғни сабақты зерттеуге қысқаша 
шолу жасайтын болсақ

бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70
-
ші жылдарында Жапонияда 
тәжірибені жақсарту және жетілдіру мақсатында пайда болған. Сабақты зерттеу тәсілі 
Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жаңа тәсілдің 
таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылдан бастап 
танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың 
халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас 
танытты. Йошида бұл жетістік Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен 
қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс 
Азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу мұғалімдердің педагогикалық білімдері 
мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр [2].
Lesson Study-
ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен 
оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы 
қатысады. Lesson 
Study 
циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа 
әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс 
сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Батыста Lesson Study 
америкалық зерттеушілер жапон мұғалімдерінің жалпы педагогика саласында да, 
сондай
-
ақ АҚШ
-
тың оқушыларымен салыстырғанда жапон оқушыларының білім 
деңгейлері анағұрлым жоғары болуын қамтамасыз ететін белгілі бір пәнді оқыту 
саласында да білімдері жоғары екендігін дәлелдегеннен кейін осы ғасырда ғана 
танымал бола бастады (Stigler and Hiebert, 1999; TIMSS, 1999). Қазіргі уақытта Шығыс 
Азияда Lesson Study Жапониямен қоса, Сингапурде, Гонконг пен Қытайда 
қолданылады. Бұл тәсіл сонымен қатар батыс елдерде де, соның ішінде АҚШ
-
та, 
Ұлыбританияда, Швецияда және Канадада қолданылуда. Lesson Study бастауыш және 
орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және 
оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты 
тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады
[3]. 
«Сабақты зерделеудің бағалау тәсілі: Лондон мектептерінде Сабақты зерттеудің 
әсерін зерттеу» атты мақалада Ұлыбританияның Лондон қаласында жүргізілген арнайы 
зерттеудің нәтижесін сабақты зерттеу тәсілінің тиімділігіне дәлел ретінде қарастырып, 
оны былай баяндайды: «Бағалау Құралдары 133 мұғалім мен 33 мектептің қатысуымен 
Лондондық мектептерде сабақтарды зерттеуге ықпал ету үшін бағдарламада 
қолданылды. Бағалау әдіснамасы мектеп басшылығы, мұғалім және оқушы 
деңгейіндегі нәтижелерді қамтыды. Ішкі және сыртқы валидтік мәселелері, сондай
-
ақ 
күшті және әлсіз жақтары талқыланады. Нәтижелер мұғалімдердің педагогикалық 
нәтижесіндегі өзгерістерді өлшеу және мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де сабақты 
зерттеу циклдерінің нәтижесінде
сапалы өзгерістерді тіркеу үшін біздің шкаланың 
болашағы зор пайдаланылғанын көрсетті. Студенттер үшін оқу нәтижесіндегі 
өзгерістерді тіркеу үшін бақылау топтары мен сандық шараларды неғұрлым тиімді 
пайдалануды қоса алғанда, осы әдіснаманы болашақ пайдалану және дамыту бойынша 
ұсыныстар ұсынылды»
[4]. 
Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін 
жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез
-
құлықтарына назар 
аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз
оқушыларымыздың 
әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың 
аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз 
жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, 
өмір бойғы
тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға
мүмкіндік
282


Екінші LS
-
ті 
бірлесіп 
жоспарлау
1-LS-
ті
талқылау 
және екінші 
LS-
ті 
жоспарлау
Оқушылар 
мен 
сұхбаттасу
Үшінші 
LS-
ті 
бірлесіп 
жоспарлау
2-LS-
ті талқылау 
және 3
-LS-
ті 
жоспарлау
Енгізілуге тиісті 
өзгеріс
-
терді 
анықтау үшін LS 
тобы
-
ның 
бірінші отырысы
Бірінші LS

ті бірлесіп 
жоспарлау
Бірінші 
LS-
ті 
өткізу, 
қадағалау
Оқушылармен 
сұхбаттасу
Екінші LS
-
ті 
өткізу, қадағалау
Үшінші 
LS-
ті 
өткізу, 
қадағалау
Оқушылар 
мен 
сұхбаттасу
Үшінші LS

ті талқылау 
және ортақ 
қорытынды 
жасау
Өз 
нәтижелеріңізді 
жазыңыз, ашық 
зерттеу 
жүргізіңіз
береді. Менің зерттеулерім (Dudley, 2011b) Lesson Study
-
дің рефлексивті, қайталамалы 
және бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға 
екінші
дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға 
көмектесетіндігін көрсетіп отыр. Бұл оқу ақпаратының қадағаланатын оқуға тікелей 
қатысты бөлігін ғана басқаруды қамтамасыз етеді, басқа жағдайда ақпараттың дәл осы 
бөліктері қажетсіз болар еді. Lesson Study тәсілі мұғалімдерге олардың өмір бойғы 
тәжірибесі тек жоғарыда аталған сүзгіні іске қосқанда ғана жетістіктікке жету мүмкін 
болады дейтіндігіне қарамастан, оларға осы сүзгіні өшіріп тастауға үйренуге 
көмектеседі.
Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study
-
ден тұратын циклден құралады, 
ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып/қадағалайды және 
талдайды
1-
сурет. Lesson Study циклдері (Дереккөз: Бетлехем университеті, «Оқытумен
оқудағы шеберлік орталығының» оқу құралы: Lesson Study, Dudley, Р. (2011)) [5].
Қазіргі таңда LS
-
ті қолданысқа енгізіп отырған мектептердің бірі Қостанай 
облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ
-
ИННОВАЦИЯ» 
мектеп
-
лицей интернаты болып табылады. Осы лицейге арнайы келіп, сабақты зерттеу 
тәсілін қолданып жатқандағы жұмыс барысын, жоспарын, жұмылдырылған 
мұғалімдердің саны мен 2019
-
2020 оқу жылының бірінші тоқсандық қорытындысы 
бойынша оқу үлгерімі төмен болып, арнайы назарға алынған оқушылар саны, сондай
-
ақ 
қолданысқа енгізгеннен бергі аз уақыттың ішіндегі нәтижелер туралы ақпарат алдым. 
06.11.2019 жыл №2 педагогикалық кеңес қаулысы бойынша мектептің 2019
-
2020 оқу 
жылындағы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім көрсеткішін талдау жасау 
арқылы оқушылардың білім сапасын жетілдіруде, арттыруда сабақты зерттеу әдісін
жүйеге енгізу бойынша қаулы қабылдады. Оған жауапты топ құрылды. Ол топқа төрт 
адам кіреді, олар: қазақ тілі, шет тілі, жаратылыстану
-
математикалық пәндер бойынша, 
қоғамдық
-
гуманитарлық пәндер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілері кіреді. 
Уақыты қаңтар
-
ақпан айына дейін осы топ зерттеу әдісінің қорытындысын осы топ 
педагогикалық ұжым алдында жариялауға міндетті болады.
Лицейдің оқу ісі жөніндегі орынбасары баяндауына сәйкес алғашқыда ағымдағы 
оқу жылының бірінші тоқсанында бір үштік немесе бірнеше үштік бағалары болған 
оқушыларды таңдап, оларды жауапты топқа толықтай таныстырды. Сабақтарға
283


қатысып, жұмыс барысы қадағаланды. Әдістің тиімділігі не тиімді еместігі қаралды. 
Сабаққа кірген жауапты топтың құрамындағы мұғалімдердің ойы бір арнаға
тоғысып, 
сабақта белсенділік танытпай отырған оқушыны пән мұғаліміне ескерткен, және пән 
мұғалімі де жауапты топпен келісіп, белсенділік танытпаған оқушыны өзінің 
практикасына енгізді. Кейін мұғалім қолданылған әдістің аз ғана уақыттың ішінде оң 
нәтижесін
беріп, оқушының сабақта белсенділігінің артып, сабаққа деген 
қызығушылығы оянғанын айтты.
Lesson study, яғни сабақты зерттеу
-
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін 
арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға 
жетелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет