Сборник III республиканской научно-практической конференции магистрантов



Pdf көрінісі
бет18/57
Дата06.03.2017
өлшемі3,92 Mb.
#7741
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57

Аубакирова А. А. – студент, «Қаржы» мамандығы

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қ.

aigerim_18.08.95@mail.ru

Ғылыми жетекші: э.ғ.к. Тлеужанова Д.А.



ҚАЗАҚСТАН РеСПУБлИКАСЫНДА МеНШІККе САлЫНАТЫН 

САлЫҚТАРДЫ ЖеТІлДІРУ ЖОлДАРЫ 

Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының ақшалай немесе натурал-

дық тұрақты түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында  салықтық 

формалары  мен  әдiстерi   мемлекеттiк  сұранымды    және  қажеттiлiктердi  қамтамасыз  ету, 

сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өз-

герiстерге  ұшырайды.  Олардың  қызмет  ауқымы  арқылы  әлеуметтiк  және  экономикалық 

процестерде  рөлi  де өзгерiп отырады. Тауар-ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  

салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.   Қай мемлекетте  болмасын 

бюджетке түсетiн түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың 

көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлеудi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр 

жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Ескерту. ҚР Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсы мәліметтері негізінде автор-

мен құрастырылды [1]

Сурет 1 – Мемлекеттік бюджеттің кірістері, млрд.теңге

Қазіргі мемлекеттік бюджеттің жай-күйін талдайтын болсақ, мемлекеттік бюджет кірі-

стерінің  негізін  салықтық  түсімдер  құрайды,  шамамен  64-75%  аралығында.  2015  жылғы 

есеп мәліметтеріне сәйкес жалпы кірістер 7 635 млрд. теңгені құрап, оның ішінде салықтық 

түсімдер 4 884 млрд. теңгені, яғни кірістің 63,97%-дық үлесін алып отыр.

«Қазақстан  Республикасының  салық  салу  бойынша  кейбір  заңнамалық  актілеріне  өз-

гертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы негізінде салық салу саласындағы тиімсіз 


124

нормалар жойылып, резервтердің мөлшерін азайтудан түсетін және жылдық жиынтық кірі-

стен алынатын табыс түрлері кеңейтілді [2]. 

Меншікке  салынатын  салықтар  нарықтық  экономика  жағдайларында  мемлекет  иелігі-

нен  алу  үшін  және  жекешелендіру  үдерісінің  дамуына  қарай  меншіктік  катынастардағы 

нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарга 

жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдары салығы және бірыңғай жер салығы жатады. 

Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі. Салықтардың 

мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы белгілер меншіктің мөл-

шерлері  бойынша  белгіленетіндіктен  фискалдық  максаттан  басқа  салықтардың  меншікті 

пайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар. Меншікке салынатын салықтар қоғам 

алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіре-

се жер салығына, мүлік салығына қатысы бар.

Кесте 1. Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің құрылымы, млрд. теңге

Атауы


2013

2014


2015

2014


2015

%



%



%

%



%

Салықтық түсімдер



4 779

100


5 116

100


4 884

100


337

7,0


-232

-4,5


Табыстарға салық

1 526


31,9

1 722


33,7

1 823


37,3

196


12,9

101


5,9

Әлеуметтiк салық

381

8,0


428

8,4


465

9,5


47

12,5


37

8,6


Меншiкке салынатын 

салықтар


193

4,0


227

4,4


267

5,5


34

17,4


40

17,5


Тауарларға, 

жұмыстарға және 

қызметтерге 

салынатын iшкi 

салықтар

1 767


37,0

1 649


32,2

1 405


28,8

-118


-6,7

-244


-14,8

Халықаралық 

сауда мен сыртқы 

операцияларға 

салынатын салықтар

880


18,4

1 054


20,6

880


18,0

174


19,8

-174


-16,5

Басқа да салықтар

0.1

0,0


0.08

0,0


0.1

0,0


-0.02 -27,5

0.06


88,1

Ескерту. ҚР Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсы мәліметтері негізінде автормен 

құрастырылды [1].

Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінінің 2013-2015 жылдардағы статистикалық 

мәліметтеріне сәйкес, салықтық түсімдердің ішінде едәуір үлесті табыстарға салық (корпо-

ратиті табыс салығы, жеке табыс салығы) және тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 

салынатын iшкi салықтар (ҚҚС, акциз) алып отыр. 2014 жылы олардың жалпы салықтық 

түсімдердегі үлесі 65,9%-ды құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 66,1%-ға дейін өскен. 

Меншікке салынатын салықтарға келетін болсақ, 2013 жылы олардың салықтық түсім-

дердегі үлесі 4,0%–ды құраса, 2015 жылы 5,5%–ға дейін өскенін байқай аламыз. Жалпы 

алғанда жылдан жылға меншікке салынатын салықтардың өсімі байқалады. Олардың жал-

пы сомасы 2014 жылы 227 млрд. теңгені құраған болса, 2015 жылы 40 млрд. теңгеге, яғни 



125

17,5%–ға ұлғайды. Бұл меншікке салынатын салықтардың жалпы салықтық түсімдердегі 

ұлғаю тенденциясының айқын көрінісі.

Ескерту. ҚР Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсы мәліметтері негізінде автор-

мен құрастырылды [1].

Сурет 2 – Меншікке салынатын салықтардың құрылымы, млн. теңге

Меншікке салынатын салықтардың құрылымына келетін болсақ, негізгі 4 түрін жіктей 

аламыз,  олар:  мүлікке  салынатын  салықтар,  жер  салығы,  қөлік  құралдарына  салынатын 

салық және бірыңғай жер салығы. Осылардың ішінде ең көп үлес мүлікке салынатын са-

лықтарға тиесілі. 2013-2015 жылдардағы статистикалық мәліметтерге сәйкес меншікке са-

лынатын салықтардың барлық түрінде оң өсім байқалған. 

2015 жылы меншікке салынатын салықтардағы әр салықтың үлесіне келетін болсақ, ең 

төменгі үлесті бірыңғай жер салығы алып отыр, небәрі 0,31%, одан соң жер салығы – 5,59% 

және көлік құралдарына салынатын салық – 15,84%. Меншікке салықтардың ішінде басым 

үлеске мүлікке салынатын салық ие, ол 78,26%–ды алып отырғанын байқай аламыз. 

Ескерту. ҚР Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсы мәліметтері негізінде автор-

мен құрастырылды [1].



Сурет 3. Меншікке салынатын салықтардың үлесі (2015 жыл), %

126

Соңғы он жылдың ішінде Қазақстанның салық жүйесі тұрақты түрде жетілдіріліп отыр-

ды. ҚҚС, ұжымдық табыс салығы, әлеуметтік салық пен жеке табыс салығының ережелері 

қайта қаралып, түзетілгенін осы бағыттағы жемісті жұмыстардың бірі ретінде атауға бо-

лады. Қазақстанның салық жүйесі, бірқатар шетелдік сарапшылардың пікірінше, ТМД ел-

дері арасындағы ең оңтайлысы болып есептелгенмен, салада түйіні шешілмей келе жатқан 

мәселелер баршылық. Айталық, меншік салығын (жер салығы мен заңды және жеке тұлға-

лардың мүлік салығы) ұстау механизміне байланысты нақты проблемалар туындап отырға-

нына қарамастан, мәселе Үкіметтің назарынан тыс қалып отыр. Оның үстіне, Қазақстан-

ның қолданыстағы заңнамасы бойынша жер салығы жер учаскелерін пайдалану мақсатына 

қарай ұсталады. Мамандардың пікірінше, қазіргі жер салығын есептеу механизмі тиімсіз. 

Мұндағы ең басты кемшілік – жаһандану жағдайындағы жер құнының нарықтық бағасы 

мен оның рөлі есепке алынбай келеді [3].

Мүлік  және  жер  салығының  көлемі  субъектілердің  қаржы-шаруашылық  қызметінің 

нәтижелеріне байланысты емес. Олардың салыстырмалы тұрақты салық базасы бар. Эко-

номиканың өсіп, халықтың тұрмыстық деңгейінің жақсаруына байланысты, жылжымайтын 

мүлік саны мен бағасы тұрақты өсіп отыратыны заңды құбылыс. Ал бюджетке негізгі кірісті 

келтіретін бұл екі салықтың үлес салмағы өте төмен және жылдар бойы өзгеріссіз қалады. 

Жер учаскелері заңды және жеке тұлғалардың меншігі ретінде жеке кәсіпкерліктің негізгі 

табыс көзі екені белгілі. Сондықтан, бүгінде жеке және заңды тұлғалар төлейтін жер және 

мүлік салығының көлемі, нарықтық экономика талаптарына жауап бере алмайды. 

Жаһандану  жағдайындағы  әлемдік  тәжірибе  мен  салық  жүйелерінің  ықпалдастығын 

ескерсек, Қазақстандағы мүлік және жер салығын салу жүйесін реформалау қажет. Заңды 

және жеке тұлғалардан ұсталатын мүлік салығын жетілдіру жұмыстары мүлік салығын са-

лудан жылжымайтын мүлік салығына көшуге бағытталуы тиіс. Өңірлердің әлеуметтік-эко-

номикалық дамуында айтарлықтай айырмашылықтың болуына байланысты, жеке және заң-

ды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, шағын бизнес субъектілері үшін жылжымайтын мүлік 

салығын анықтауда сараланған мөлшерлеме пайдаланылғаны жөн [4].

Көлік құралдары салығының түсімін жоғарылату мақсатында салық жеңілдіктерін пай-

даланушыларға белгілі бір сомада шектеу қойылуы қажет немесе жеңілдігі бар және көлік 

құралын басқаруға мүмкіндігі мен құқығы бар жеке тұлғаларға ғана салық жеңілдігі берілуі 

орынды болар еді. Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң  кiрiс бөлiгiн көбейтуге тырыса-

ды.  Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының бiр бөлiгiн  беруге құлшынбайды. 

Мiне, сондықтан да әр елдiң  өз салық кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-не-

сие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң жағдайына байланысты әртүрлi болып келедi.

Дамыған  елдердiң  салық саясатының ерекшелiгi  кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы 

тұлғалардың салық ставкаларын төмендету болып табылады. Егер салық ставкалары төмен-

детiлсе  бюджетке төленетiн түсiмдердiң бiразы азаяды, бiрақ салық салынатын базаның 

ұлғаюына әкелiп соқтырып, кейiннен төленетiн салық мөлшерi де көбейедi.

Қорытындылай  келгенде,  салықтар  барлық  елдерде  олардың  қоғамдық-экономикалық 

құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлт-

тық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджет-

тің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салық жүйесі тірі организм 

секілді. Оны тұрақты түрде жетілдіріп, реформалап отыру қажет. Заңды түрде белгіленген 

сол салықтарды, алымдар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің мемлекет алдын-

дағы борышы әрі міндеті екенін ұмытпауға тиіспіз.



Қолданылған әдебиеттер:

1. Статистикалық бюллетень Қаржы министрлігі ҚР №12 (182) 2015 жылғы қараша ай-

ындағы http://www.minfin.gov.kz/

2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексі(өз-

герістер мен толықтыруларымен), 2016 ж.


127

3. Сейіт С. Салық жүйесін жетілдіру – уақыт талабы //Веб-сайт: www.bnews.kz 2013ж. 

4. Тлеужанова Д.А., Матайбаева Г.А. Жергілікті бюджеттерді қалыптастырудағы меншік-

ке салынатын салықтарды жетілдіру перспективалары//Оралдың ғылым жаршысы №14(93) 

2014. Б.52-58.

Бейсен г. Қ. –  студент, мамандығы «Қаржы»

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана, Қазақстан

ms.gulzatik@mail.ru

Ғылыми жетекші: Хамитхан Назгуль



ӘлеМДІК ДАҒДАРЫС КеЗеҢІНДегІ, ТӨл ТеҢгеНІҢ ЖАҒДАЙЫ

Тәуелсіз  егемен  мемлекеттің  міндетті  рәміздерінің  бірі  оның  ұлттық  валютасы  болып 

табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының 

тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы 

қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейне-

лейді. Ал Теңгенің  –  Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президент 

Н. Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан бастау алады.

Қазіргі кезде теңгені айналысқа енгізудің өзі бізге ұлттық нарықтық инфрақұрылымды 

құрудағы алғашқы және маңызды қадам жасауға мүмкіндік бергенін толықтай түйсінуге бо-

лады. Дербес ақша кредиттік және бюджеттік-салықтық саясатты және тиісінше неғұрлым 

тиімді макроэкономикалық тұрақтылық саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Ақша-кредиттік саясаттың тиімділігін арттыруға «Қазақстан Республикасының Ұлттық 

банкі туралы» Заң (1995 ж. наурыз) себепші болды. Ол бойынша Ұлттық банк өз қызметінде 

тәуелсіз және  Республикасының  Президентіне ғана есеп беретін болды [1].

Осылай «теңгенің» қысқаша тарихын қарастырып өттік, теңгенің бүгінгі күндегі мәселе-

сіне тоқталатын болсақ:

Теңгенің бүгінгі күндегі жағдайы ауыр кезеңге тап болып отыр, әлемдік кризис кезеңінде 

теңгенің құнсыздануы Қазақ елін быраз ойландырып тастады. 1 доллар бүгінгі күнде – 335 тең-

гені құрап отыр. Теңгенің құнсыздануы ел экономикасының айтарлықтай әсерін тиғізуі мүмкін.

Доллардың ұсынысы – Шетелге жұмыс істеп жатқан, экспортқа өнім шығаратын, негізі-

нен шикізат (мұнай-газ, түрлі түсті метал, қара метал) өндіретін өндіріс салаларынан келеді. 

Сол шикізатты долларға сатамыз, доллар бізге келіп түседі. Бұл – валюта келетін негізгі көз.

Сұранысқа келсек. Импорт, яғни, шетелден тауар сатып алу үшін бізге доллар керек. Егер 

біз шетелден көп тауар сатып алып, сыртқа аз тауар шығаратын болсақ, доллар жетпейді. 

Сөйтіп, доллардың жетіспеушілігінен долларбағасы көтеріледі.

Алайда байбалам салуға негіз бар ма? Қаржы маманы, экономист Олжас Құдайбергено-

втің айтуынша, оған негіз жоқ.

«Ұлттық банктің бұл шешімі кенеттен сап ете қалатын девальвацияға жол бермейді. Бұ-

нысы дұрыс. Банктің осы жоспары бойынша, теңгенің долларға шаққандағы бағамы айына 

0,5-1 теңгеден азайып отырады. Тіпті, айына 1 теңгеден әлсірегеннің өзінде теңге бағамы 

бір жылда 5,9 %-ға ғана төмендейді. Бұл теңге депозиттерін доллар депозиттеріне қараған-

да тиімді сақтауға мүмкіндік береді», – деп айтқан еді маман [2].

Демек, теңге күрт құнсызданып, халықты аласүргінге салатындай оқыс жағдай орын ал-

майды. Оны ҚР Ұлттық банк бұрынгы басшысы Қайрат Келімбетовте атап өткен еді. Бүл 

сөздердің барлығы теңгенің күрт құлдырауының алдында айтылан еді, ал қазырғы таңда 

бұл кісілер теңгенің құлдырауын еш түсіндіре алмауда.

Елбасымыз  Н.  Назарбаев  осы  жылдың  төртінші  қыркүйек  күні  теңге  курсының  еркін 

айналымға өтетінін жариялады, және де бұл сәттің белгілі бір өтпелі кезеңдегі қиыншылық 



128

екендігін атап өтті. Елбасымыз қазан айында БҰҰ ның Бас Ассамблеясының жалпы жина-

лысында, доллардан бөлек тұрақты бір валюта құру керектігін атап өтті.

Ұлттық банк бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов қараша айында жұмыстан босатып, 

орнына Данияра Акишевті төраға ретінде сайлады.

Бүгінгі күні доллордың қымбаттауы, теңгенің еркін айналымға өтуі, ел экономикасын 

тұрақты деңгейде ұстап тұр, бұлда Елбасымыздың шебер саясатының арқасында. 

Төл теңгенің еркін айналымға түсуіне екі себеп бар. Бірі жаһандағы шикізат пен металл 

бағасының құлдырауы. Былтырғы маусыммен салыстырсақ, мұнай бағасы 2,5 есеге түсіп 

кеткен. Біздің бюджеттің 80 пайызы осы шикізатты сатудан түседі [3].

Енді есептеңіз. Осы себепті долларды қымбаттатып, теңгенің еркін айырбас бағамына 

көшуі тиімді. Тағы бір себеп – азуын айға білеген әлемнің 20 шақты алпауыт елдерінде ва-

люталар құнсызданды.

Теңгенің еркін айналымға өтуіне байланысты бүгінгі күндегі ел тұрғындарының, эконо-

мист, кәсіпкерлердің ойларын осы мақалаға келтіре өтсем:

Бауыржан Исабеков, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

Ресей мемлекеті кейінгі 6 айда, 10 күннің ішінде Қытай да өздерінің валюталарын экс-

порт  бағытында  жұмыс  істейтін  кәсіпорындардың  мүддесін  қорғау  мақсатында  осындай 

құнсыздандыруына алып барды. 

Бәсекеде есе жіберіп жүрген кәсіпкерлер үшін еркін айналым еріккендік емес, бұл – тең-

геге дем беру.  Өйткені, тауарларға баға өспес үшін осыған дейін Ұлттық банктегі қаржыны 

пайдаландық.

Ал, нарықты жасанды тежеуге болмайды. Сондықтан, 75 жылға жуық тарихы бар «Ақ-

мола вагон жөндеу» зауытының ұжымы Елбасы бастамасын қолдап отыр. Енді жұмыс сыз-

дық болмайды, дейді.

Зейнолла  Шібкенов,  «Ақмолажөндеузауыты»  АҚ  директоры:  350  адамжұмысістейді. 

Теміржолдың  жүк  таситын  вагондарын  жөндейміз.  Біз  қажетті  бөлшектерді  Украинадан, 

Чехословакиядан аламыз.  Жұмыскерлерді неге қысқартамыз? Жұмыскерлер жұмысістеуі 

керек. Отбасылары бар, зауытқа сенеді [2].

Наздана Оразова, кәсіпкер:

Доллар көтерілді, деп дүрлігудің қажеті жоқ. Мысалы, біздегі халықтың көптұтынатын 

өнімдері – отандық тауарлар. Оның 60 пайызы нан өнімдері. Жалпы, мен екі азық-түлік 

дүкенін жүргізіп отырмын. Мұнда ешқандай да бағаны көтеріп жатқан жоқпыз. Еңбастысы 

– халықүшін осы азық-түлік бағасының қымбаттамағаны қажет.

Жалпы, нарық екі түрден тұрады. Біреуі тұтыну нарығы, екіншісі өндіріске арналған та-

уарлар нарығы. Біз де тұтыну нарығы қалыптасқан. Нарықтың 85-87 пайызы шеттенкелетін 

импорт  құрайды.Ал  тауарлардың  дені  доллармен  сатып  алынады.  Сондықтан,  мамандар 

отандық  экономиканы  реттеуге  күш  салу  керек,  дейді.  Негізгі  басымдықты  отандық  өн-

діріске қойған ләзім. Осы арқылы төл валютаның құнын арттыруға болады.

Қамар Бекетова, экономика ғылымдарының кандидаты:

Елбасымыз жергілікті билік органдарына ең маңызды әлеуметтік салада, яғни, олар азық-

түлік, күнделікті пайдаланатын салаға бағаны көтермеуді, соған байланысты іс-шаралар жа-

сауға тапсырмалар беріп, арнайы штаб құрып, осындай жұмыс істеліп жатыр. Ол да болса 

халықты ойлағаны, көрегендігі деп есептеуіміз керек. 

Бауыржан Исабеков, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

Кешегі Ұлттық банк пен Үкіметтің бірлескен мәлімдемесінде инфляциялық таргеттеуге 

көштік, деді. Ол деген сөз – біздің осы жылғы бюджетті қабылдаған уақытта макроэконо-

микалық көрсеткіштердің бір ретін инфляциялық көрсеткішті 6-8 пайыз, деп белгілеген бо-

латынбыз. Сол 6-8 пайыздың арасында қалуға мүмкіншілігіміз бар. Бүгінгі таңда 3,7 пайыз. 

Сондықтан, осы инфляцияны осы дәлізде ұстай білсек, онда бағаның өсуі соның ішінде 

халықтың тұтыну тауарларының бағасы осы инфляциялық көрсеткіштің арасында болады. 


129

Тоқсаныншы жылдардан бері 4 дағдарысты еңсеріпті біздің ел. Бірлік пен берекенің жемісі. 

«Бұл жолғы сын сағатта да, ауызбіршілік керек, сонда сүрінбейміз»,- дейді зиялы қауым.

Еркін Әбіл, тарих ғылымдарының докторы, профессор: Теңге бағамының өзгеруінің біз 

үшін тиімділігі – енді біздің өндірушілер өз өнімдерін Ресей нарығына шығара алады. Со-

ның есебінен олардың жағдайы жақсарады. Ал, сол кәсіпорындарда жұмыс істейтін өзіміз. 

Сондықтан, бізде жұмыс та болады, ақша да болады.  

Шағангүл Жанаева, филология ғылымдарының кандидаты: Тәуелсіздік алған жылдары 

біздің мемлекетіміз үшін өте ауыр болды. Еңбек ақыны айлап ала алмаған кездеріміз бол-

ды. Жұмыссыздық басым еді. Бірақ сол қиындықтардан біз төзімділікпен, қажырлылықпен, 

қайраттылықпен өттік. Нарық пен халық. Екеуі егіз ұғым. Нарықта қандай жағдай орынал-

са,  халыққа  әсеретеді,  ал  нарықты  халықтың  өзі  қалыптастырады.  Қарапайым  азаматтар 

қысылтаяң уақытта Елбасымен біргеміз, дейді.

Марат Қабижанұлы, зейнеткер: Президентіміздің өзі айтты, барлық кезде ауызбіршілік ке-

рек. Халықтың ынтымағы керек. Осындай жерде басқа шетелдерден келген, не басқа адамдар-

дың айтқан сөзіне ермей, халықтың бірлігін, ынтымағын сақтау дұрыс, деп есептеймін. 

Нұрболат Мешітбаев, қала тұрғыны: Теңге бағамының өзгеруінен өз басым ешқандай зар-

дап шегемін, деп ойламаймын. Қайта бұл бүгінгі күннің талабы, экономика тұрақтылығын 

сақтап қалудың ең тиімді жолы [4].

Негізінен,  нарықтықэкономиканыңекі  қағидасы  болады.  Алғашқысы  –  таңдау  мүмкін-

шілігі. Екіншісі – үнемшілдік.  Бізге қазір қолда барды үнемдеу керек, ысырапшылдыққа 

жол бермеген абзал. Үнемділік – ырыс, ысырапшылық – шығыс- деп ел тұрғындары Қазақ 

елінің болашағының баянды болатындығына, Елбасының шебер саясатының арқасында бұл 

өтпелі кезеңнен еш қиындықсыз өтетіндеріне кәміл сенімді [3].

Қазырғы таңда Қазақстан дамыған 30-елдің құрамына кіруге көптеген жұмыс жасап жа-

тыр.  Еліміздің  мерейін  үстем  ететін  ЭКСПО-2017  көрмесінің  Қазақстанда  өтуіде  еліміз-

ге деген үлкен құрмет, Елбасымыз «Блумберг» агенттігіне берген сұхпатында: жаһандық 

дағдарыс уақытында Қазақ елінің қиын күндерге арналған қаржы қорының жеткілікті екен-

дігін нақты атап өтті.

Ендеше Қазақстанға бүгінгі күні жаһандық дағдарыстан еш қауіп төніп тұрған жоқ, тең-

генің еркін айналымға өтуіде ел экономикасын тұрақтылығының негізі деп білеміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Энциклопедия «Теңге тарихы» Алматы 1996- 3 бет 2. Интернет ресурсы http://kfm.gov.

kz/ Қаржы министрлігі

3. Интернет ресурсы http://kk.convdocs.org/docs/index-17248.html ҚР статистикалық агенттігі

4.  Авторы:  Гүлғайша  Жакеновна  «Тәуелсіздік  символы  –  ұлттық  теңге  Егеменді  Қа-

зақстан 25.01.2016 №4



Джумабаева Ж. А. – студент, мамандығы «Экономика»

 «Қаржы академиясы» АҚ, Астана, Қазақстан

zhuldiz_96@mail.ru

Ғылыми жетекші: Хамитхан Назгуль



ҚАЗІРгІ КеЗДегІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРЖЫ 

СТРАТегИялАРЫНЫҢ НӘТИЖелеРІ

«Қаржы» термині латынның «finis» – «табысқа жету» деген ұғымды білдіреді. Қаржы 

дегеніміз – ақшаны компания (мемлекет) қажеттіліктеріне жұмсау кезінде пайда болатын 

арнайы экономикалық қатынастар. Сонымен қатар қаржы деп мемлекеттің (компанияның) 

барлық ақша қорларының жалпы сомасын айтады. 


130

Бүгінде  қаржы  терминін  күнделікті  қолданысқа  еңгізген  авторды  атау  қиын.  Бұл  тер-

миннің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып 

шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы 

Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мем-

лекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.

Қаржының  мәні,  оның  даму  зандылықтары,  тауар-ақша  қатынастарын  қамту  сферасы 

мен  қоғамдық  ұдайы  өндіріс  процесіндегі  рөлі  қоғамның  экономикалық  құрылысымен, 

мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

«Қаржы»  ұғымы  ақша  нысанындағы  қоғамдық  өнімді  бөлумен  байланысты  болатын 

экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы 

қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы 

және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша қатынастарын 

әлдеқайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың, жұмыстардың және қызмет-

тер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады. 

Қазақстан  қазіргі  мемлекеттер  ішінде  біртіндеп  нарықтық  экономиканы  тудыруға 

бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жүзеге асыруда. 

Алғашқыда  бұрынғы  Кеңес  Одағы  шеңберінде  жүзеге  асырыла  бастаған  Қазақстандағы 

экономикалық реформа процесі, 1991 жылы желтоқсаңда тәуелсіздік жарияланғаннан кейін 

тіптен үдеп кетті. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы не-

гізгі экономикалық уақиғалар: 1992 жьшы қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализация-

лау), 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституцияда және 1995 жылғы Қазақстан Респу-

бликасының Жаңа Конституциясында жекеменшік құқықты мойындау, 1993 жылы сәуірде 

ұлттық жекешелендіру бағдарламасын жасау, 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгі-

зу; 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасау; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-не-

сие саясатын жүргізу; индикативті жоспарлар жасау, 1997 жылы қазан айында Қазақстан-

ды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдау. Бұл бағдарлама 

экономиканы жан-жақты күшейтуді және сапалы жаңа межелерге алып шығуға қабілетті 

экономикалық  тасқынды  қамтамасыз  етуді  көздейді.  «Егер  біз  стратегиямызды  мүлтіксіз 

орындап, ынталы еңбек етсек, онда біз Орталық Азияның нағыз барысы бола аламыз және 

ұлт тұтастығына, әлеуметтік әділдікке және барша халықтың экономикалық жақсы тұрмы-

сына  сай  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  –  дамушы  елдер  үшін  үлгіге  айналамыз»  –  делінген 

Президенттің халыққа Жолдауында [1].

Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иек артып және барлық қарқынды 

экономикалық процесті «сонан кейін» деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді. Бұл қа-

телікті үш ел қазірдің өзінде жасап үлгерді (Сауд Аравиясы, Замбия, Нигерия), ал табиғи ре-

сурстары болар-болмас, мардымсыз ғана Жапония, Сингапур секілді мемлекеттер әлдеқайда 

зор экономикалық дамуға көтеріліп отыр. Осы мысалдардан шығатын даму стратегиясын-

дағы  басты  нәрсе  –  әлемдік  экономиканың  кіндігі  біртіндеп  Азияға,  Оңтүстік-Шығысқа, 

Азия-Тынық мұхит аймағына ауысатын болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы экономи-

калық күштер тепе-тендігінің ортасында, яғни Евразия орталығында болып шығады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі басқа ТМД елдерімен салыстырғанда неғұр-

лым реформаланған және дамыған жүйе болып табылады. 

«Қазақстан  –  2030»  Стратегиясы–  ел  дамуының  2030  жылға  дейінгі  кезеңге  арналған 

стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаев-

тың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – 

ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын 

жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін 

орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:



131

1.Ұлттық қауіпсіздік. 

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

3. Экономикалық өсу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

5. Энергетика ресурстары. 

6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. 

7. Кәсіби мемлекет. 

Стратегия-2030 қабылданғаннан бері 15 жыл ішінде мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді 

дамушы елдер бестігіне енді.

Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің көлемі жағынан біз әлемнің 

50 ірі экономикасының қатарына кіреміз.

Әлемнің барлық елдері өз дамуын салыстыратын мойындалған рейтингтер бар. Осыдан 

алты жыл бұрын мен алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнін-

де жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рей-

тингінде 51-орынды иеленді. 

Сонымен қатар елбасының айтып кеткен бірнеше міндеттері қазіргі таңда орындалған : 

 –  Жалақы мен зейнетақы төлемеу деген болмайды  –  бұл өткен уақыт құбылысына айналады;

 –  Қазақстандықтар үшін салық төлеу үйреншікті іске, отаншылдық парызға айналады;

 –  Зейнетақыреформасыннысаналытүрдежүргізеберетінболамыз. 

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы екі жылдың аралығында әзірленді. 

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыпта-

сқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы кезінде мәлімдеді.

Дәл 15 жыл бұрын біз Қазақстан дамуының 2030 жылға дейінгі  стратегиясын қабылдадық. 

Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз  басты мақсатымыздан ауытқымай, шамшырақ си-

яқты біздің жолымызға сәуле шашып, алға басуға жігерлендірді. 2030 жылғы Стратегия-

сында белгіленген негізгі міндеттер орындалды.

І. Қалыптасқан Қазақстан – мемлекеттілігіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық 

қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық бе-

деліміздің дағдарыста сыналуы; 

ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері

ІІІ. Қазақстан-2050 стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстан-

ның жаңа саяси бағыты

«Барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді 

ету  керек,  ал  ақша-несие  саясаты  саласында  әрбір  қазақстандықтың  кірістерін  қорғауды 

қамтамасыз ету, инфляцияның экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұру қа-

жет. 2013 жылдың өзінен бастап бұл Ұлттық Банк пен Үкімет жұмысының басты мәселесі», 

– деді Н. Назарбаев [2]. Президент Қазақстан-2050 стратегиясының бірінші басымдылығы-

ның шеңберінде  жаңа технологиялар мен өндіріс саласында қолайлы салық режімін енгізу 

қажеттілігін атап өтті.

«Біз Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жеке меншікке, еркін бәсеке-

лестікке және ашықтық принциптеріне негізделген нарықтық экономиканың заманауи үл-

гісін жасадық. Біздің моделіміз шетелдік инвестицияларды тартудағы мемлекеттің белсенді 

рөліне негізделген.Біз елімізге 160 млрд. доллардан астам шетел инвестициясын тарттық. 

Кәсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық жүйесі қалыптасты.

Біз  ұлттық  экономиканы  жоспарлы  түрде  әртараптандырудамыз.  Үдемелі  индустрия-

ландыру бағдарламасында екі бесжылдықта экономикамыздың бет-бейнеcін өзгертіп, оны 

шикізаттың әлемдік бағаларының ауытқуына тәуелсіз ету міндетін қойдым» – деп Елбасы 

сөзін қорытындылады [3].

Сандық көрсеткіштерге келетін болсақ, осыдан 15 жыл бұрын жасалған стратегияның 

көрсеткіштерімен салыстырамыз: 


132

15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 

жылы 28 триллион теңгеге  өсті.

Елдің ЖІӨ 16 еседен астам өсті. 1999 жылдан бастап Қазақстанның ЖІӨ-нің жыл сай-

ынғы  өсуі  7,6%-ды құрап,  алдыңғы қатарлы  елдерді басып озды.Жан басына шаққанда 

ЖІӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.

Қазақстан әуел бастан жан басына шаққанда тартылған тікелей  шетелдік инвестициялар-

дың көлемі жағынан ТМД-да көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті.

Біз сыртқы сауданың - 12 есе өсуіне, ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің 20 есе өсуіне 

қол жеткіздік.Осы жылдар ішінде мұнай өндіру - 3 есе, табиғи газ өндіру 5есе ұлғайды.  

Біз  шикізат  ресурстарынан  түскен  кірісті  Ұлттық  қорға  жібердік.Сонымен    қатар  респу-

бликада «үдемелі индустрияландыру  бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап жалпы 

құны 1 797 млрд теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам 

жұмыс орны ашылды. Орташа  айлық жалақы 9,3  есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің  орташа 

мөлшері 10 есе ұлғайды.Халықтың нақтылы ақшалай кірістері  16  есе өсті.

Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның 

шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ 

және  ірі,  белгілі  және  жаңа,  күрделі  проблемалармен  шұғылдануда.  Осы  жағдайда  олар 

жеңіл және дағдыланған жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.

Нәтижесінде туған жағдайлады реттеу үшін басшылар олардың тәуелді болуға мәжбүр 

болады,  аяғында  дағдарысқа  ұшырайды.  Халықаралық  тәжірбие  бойынша  ұзақ  мерзімді 

стратегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық проблемалар-

ды шешуге тұжырымдалады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 1997 жыл. – 14 қазан. 

Егемен Қазақстан. 

2. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекет-

тің жаңа саяси бағыты  атты Қазақстан халқына Жолдауы . – 14 желтоқсан 2012жыл.

3. Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда:өсім, рефор-

малар, даму» Қазақстан халқына Жолдауы .- 30 қараша 2015



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет