Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»


Тақырыптардың жоспарлары, дәрігерлік ойлауды қалыптастыру маршруттары/План занятий, маршрут раскрытия врачебного мышления



бет3/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
45b9db31-673c-4ba6-8115-17f1f93346a0 Сартаева КА-Оқу құралы-Клин-жағд-жинағы- пульмо-2020 (1)

Тақырыптардың жоспарлары, дәрігерлік ойлауды қалыптастыру маршруттары/План занятий, маршрут раскрытия врачебного мышления


Тақырыбы: Жөтел


Сабақтың мақсаты:
Когнитивті домен: жөтел симптомы негіз болатын жетекші синдромдар арқылы күдікті болатын нозологиялық бірліктерге диагноздық ізденіс – жүргізу, яғни синдромдық диагноздық алгоритмді игеру. Науқастың зерттеу жоспарын ұтымды құру арқылы дифференциялық диагнозға дайындау.
Психомоторлы домен: БМСК-ПМСП (біріншілік медициналық-санитарлық көмек – первичная медико-санитарная помощь) мекемелері дәрігерлері атқаратын шараларды ҚР ДСМ ДД РО (РЦ РЗ МЗРК) нозологиялық бірліктерінің клиникалық хаттамаларына (КХ) сай көрсетуді игеру.
Аффективті домен: жөтел симптомымен жиі сипатталатын нозологиялық бірліктер ЖДП дәрігерінің тәжірибесінде жиі кездесетіндіктен, тақырып ақпараттарын игерудің маңыздылығын санамен түсіну.


І. Кіріспе бөлім (базалық пәндерден қайталау тұжырымдары).
Жөтел түсінігі және жөтел рецепторларының орналасуына байланысты оның клиникалық ерекшеліктері (патофизиология мен ішкі аурулар пропедевтикасынан қайталау). 4-5 курс ішкі аурулар пәнінен бронхиттер, пневмониялар, бронхтық астма, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, т.б. аталған симптомдармен сипатталатын нозологиялық бірліктердің диагноздық конструкцияларын үйрену (жіктемелерін КХ қараңыз), нозобірліктердің мысалдарын жазып жаттау.


ІІ. Негізгі бөлім (тақырыптың негізгі сұрақтары)



  1. Жөтел симптомы негіз болатын синдромдар →және олар арқылы күдік туатын нозологиялық бірліктер:

  • жоғарғы тыныс жолдары кілегей қабатының тітіркену синдромы → жіті респирациялық аурулар; тұмау;синуситтер; фарингиттер; ларингиттер; трахеит; бөгде дене; неотүзілімдер т.б. клиникасы, жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары.

  • бронх өткізгіштігінің бұзылу синдромы немесе бронх кілегей қабатының тітіркенуі →ГЭРА (ГЭРБ); жедел және созылмалы бронхиттер; бронхиолит (ұстамалы жөтел); өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА-ХОБЛ); бронхтық астма, бронхоэктаз ауруы мен екіншілік бронхоэктаздар; бронх ісіктер; клиникасы, жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары.

  • өкпе тінінің тығыздалу синдромы → ауруханадан тыс, ауруханаішілік, ЖИТ синдромындағы т.б. пневмониялар; жүрек шамасыздығындағы іркілістік жағдайлар мен екіншілік пневмониялар; өкпе туберкулезі; өкпе ісіктері; саркоидоз; т.б. жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары.

  • плевраның құрғақ зақымдану синдромы → құрғақ плевриттер; жарақаттар; т.б. жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары.

  • бронх-өкпе жүйесі дамуының тума аномалиялар синдромы → муковисцидоз; өкпе гипоплазиясы т.б.жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары.




  1. Тәжірибелік бөлімі: аймақтық және ЖДП дәрігерлерімен науқастар қабылдау, науқастарды үйінде қарау, сәйкес бұйрықтармен және нормативтік құжаттармен жұмыс істеу:

Жетекші синдромнан күдікті болған нозобірліктердің диагноздық-емдеу хаттамаларын зерттеп, жаттау (Денсаулықты дамыту Республикалық орталығының – РЦ РЗ – медэлемент порталы). Оларды күнделікке түсіру.



  1. Бронхолитиктердің жіктемесі. Бронхтық астманың және ӨСОА-ХОБЛ базистік емінде қолданылатын дәрмектер.

  2. Қақырық түсіретін дәрмектер (отхаркивающие препараты)

  3. Жөтелді басатын дәрмектер (противокашлевые препараты).

  4. Антибактериялық дәрмектердің пневмониялар мен БА, ӨСОА-ХОБЛ емінде қолданылу негіздері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет