Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет46/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Клиникалық жағдай №19

58 жастағы әйел кiсi емханаға мына шағымдармен келдi: екi айдан берi мазалайтын жалпы әлсiздiк, тез шаршағыштық, құрғақ жөтел.


Анамнезiнен: емхана дәрiгерi “жедел пневмония” диагнозын қойып, амбулаториялық ем жүргiзген, рентгендiк тексеру тағайындамаған. Мұнан соң да науқас дәрiгерге үш рет дене қызуының 38,50С көтерiлуiне, ентiгуiне, кеуде сарайының оң бөлiгiнiң ауырсынуына шағымданып қаралған. Гинеколог УДЗ аналық безі құрылымында аралық перделерінің шамадан тыс айқындалғанын байқаған.
Объективтi: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Салыстырмалы перкуссияда сол өкпенің төменгi бөлiгiнде өкпе дыбысы тұйықталған. Тұйық дыбыс аймағының үстінен тыныс естiлмейдi. Жүрек тондары айқын, ырғақты. Ішінің перкуссиясында бос сұйықтық анықталды.
Қан анализiнде: ЭТЖ 50 мм/сағ., лейк. 12,5х109/л, эрит. 3х1012/л.
Қақырық анализiнде БК табылған жоқ.
Кеуде сарайы органдарының жалпы шолу рентгенограммасында сол жақта 6 қабырғадан төмен интенсивтi, гомогендi, жоғарғы сызығы қиғаш жоғарылайтын көлеңке бар.



  1. Синдромдарын жазыңыз.

  2. Емхана дәрiгерiнiң, гинекологтың тактикасын бағалаңыз.

  3. Болжам диагнозы. Плевра қуысына сұйықтық жиналу синдромының осы науқастағы ерекшеліктерін зерттеңіз.

19. Жауаптары:


1. Жетекші симптомы – құрғақ жөтел. Жетекші синдромдары: қабынулық; қызба; аналық безінің зақымдалуы (онкологиялық?); плевра қуысына сұйықтық жиналу, асцит.


2. Емхана дәрігері тыныс жүйесіне қатысты патологиялардан күдіктенгенді міндетті түрде кеуде сарайының жалпы шолу рентгенограммасын жасату керек еді. Аналық безінің перделерінің айқындалуында (выраженность септ) онколог кеңесі шұғыл қажет, себебі бұл – ісіктің белгілерінің бірі.
3. Негізгі ауруы: Аналық безінің фибромасы? рагі?.
Асқ.: Полисерозит (плеврит, асцит /Демон-Мейгс синдромы?).
ХӘЖ-10 (МКБ-10) жіктемесімен: С00-D48 КЛАСС ІІ Жаңа түзілімдер
Сұйықтық эвакуациядан соң қайта жиналуға бейім және геморрагиялық сипатта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет