Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет72/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
Клиникалық жағдай №39

6 жастағы ер баланы пульмонология бөліміне келесі шағымдармен жатқызды: ауыр ентігу, қақырықсыз жөтел, мұрнымен тыныстаудың қиындығы және мөлшері көп емес кілегейлі бөлінділер, 37,5оС дене қызуы.


4 тәуліктен бері дертті, балалар бақшасынан 37,8оС дене қызуымен келген, мұрны бітіп, бөлінділер аға бастаған, үшінші тәулікте жөтел қосылып, ентігу дамыған және тез үдеген. Бала жайсыздана бастаған, бір реттік құсу болған. 3 апта бұрын ЖРВИ жеңіл түрімен ауырған.
Об-ті: баланың жалпы жағдайы ауыр. Тері жамылғылары қуқыл, мұрын-ауыз үшбұрышы, құлақ қалқандары, саусақ ұштары цианозды. Тынысы шулы, беткей, тыныс шығаруы қиын, қабырғааралықтары тыныс алғанда ішке тартылады, көмекші бұлшықеттері (екі иығы, мұрын желбезектері) тынысқа қатысуда, тыныс жиілігі 80 рет мин. Кеуде сарайы күбіленген, перкуссияда қорап реңкілі. Аускультацияда тынысы қатқыл, тыныс шығаруы ұзарған, екі фазасында да өкпенің барлық алаңдарында өте көп майда көпіршікті сырылдар және крепитациялар естілді. Жүрек тондары анық, ЖЖС 172 мин. Басқа жүйелердің физикалық зерттеулерінен ауытқулар анықталмады.
Қан анализінде:  НВ 138 г/л, Эр 4,3х1012; L13,4х109 /л; СОЭ 25мм/сағ.; эоз. 1%, т/я 3%, с/я 57%, лимф 33%, мон 6%.
Кеуде сарайының рентгенограммасында: өкпе ауалылығы күрт артқан, өкпе суреті диффузды күшейген. Кеудеаралығының көлеңкесі өзгеріссіз.

1. Диагнозын құрыңыз, тыныс шамасыздығының дәрежесін анықтаңыз.


2. Дерттің этиологиясын болжаңыз.
3. Тыныс жүйесінің зақымдану патогенезін ашып, жазыңыз.
4. Ең тән симптомдарды атаңыз.
5. Жедел көмек алгоритмін жазыңыз.

39. Жауаптары:





  1. ЖРВИ. Жіті обструкциялық бронхит, ТШ 3 дәр.

  2. Этиологиясы: респирациялық вирустардан, аденовирус, тұмау, парагрипп вирустары, метапневмовирус.

  3. Кілегей қабатының ісінуі, бронхтардың біртегіс бұлшық етінің спазмы, кілегеіасты қабатының лейкоциттік инфильтрациясы, кілегейлі немесе кілегейлі-іріңді экссудаттың гиперсекрециясы.

  4. Балалар өте жайсызданады, терісі қуқылданады, цианоз дамиды, экспирациялық ентігу күшті болады (минутына 50 аса), көмекші бұлшық еттер тынысқа қатысады: екі иығымен тыныстап, мұрны қусырылады, қкпе үстінде қорап дыбыс дамиды, аускультациялық және рентгендік өзгерістері жоғарыдағыдай болады.

  5. Алгоритм:

  • Қанның газдық құрамын анықтау, оксигенотерапия;

  • Қысқа әсерлі b2-агонистердің ингаляциясы небулайзер арқылы немесе спейсермен ДАИ (дозаланған аэрозольдік ингаляциялар) – әр 20 минутта бір дозадан бір сағат барысында;

  • Жағдайы жақсарғанда, қысқа әсерлі b2-агонистердің ингаляциясын тәулігіне 3-4 рет 1-2 тәулікке жалғастыру;

  • альтернатив терапия: метилксантиндер (эуфиллин) ішке немесе парентераль (120 – 240 мг/тәу.);

  • Жақсару болмаса, кортикостероидтарды парентераль немесе ішке 1-2 мг/кг немесе будесонид суспензиясы (пульмикорт) 2 г/тәу. небулайзермен;

  • Жақсару басталса, b2-агонистерді, метилксантиндерді, глюкокортикостероидтарды жалғастыру, сусындар мен минераль суларын көп көлемде ішу, небулайзермен муколитиктерді қосу;

  • Жақсару болмаса, науқасты интенсивті терапия бөліміне жатқызу: оксигенотерапия, кортикостероидтар, в\і эуфиллин 1мг/кг/ч, симптомдық ем, ӨЖВ/ИВЛ, емдік бронхоскопия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет