Сборник материалов IV международной научно-практической конференции «Роль физико-математических наук в современном образовательном пространстве»



Pdf көрінісі
бет33/56
Дата06.03.2017
өлшемі12,19 Mb.
#8065
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56

 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Гаевский А.Ю., Романовский В.А. Создание Web - страниц и Web - сайтов. Москва 2005. 
2.  Марина Дмитриева. «Java Script» Быстрый Старт. – Санк – Петербург. «БХВ - Петербург» 2002г. 
3. 
www.google.kz
 
 
 
УДК 004-896 
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ОҚЫТУШЫ ЖҮЙЕЛЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚҰРУ 
 
Жанпейсова Қ.Ә. 
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті 
 
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі жан-жақты, 
жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. 
«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, 
ғылым  мен  тәжірибе  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға 
бағытталған  білім  алу  үшін  жағдайлар  жасау»  делінген.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптардың ішінде былай делінген: 

өз  еңбегін  ғылыми  негізде  ұйымдастыра  білу,  кәсіптік  қызмет  саласында  қажет  ақпаратты  жинау, 
сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру; 

өзінің  кәсіптік  қызметінің  түрі  мен  сипатының  өзгеруіне  пәнаралық  жобаларымен  жұмыс  істеуге 
әдістік және психологиялық жағынан дайын болу. 
Білім  берудің  кез  келген  саласында  электрондық  оқу  құралын    пайдалану  білім  алушының  танымдық 
белсенділіктерін  арттырып  қана  қоймай,  логикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға  шығармашылықпен  еңбек 
етуіне жағдай жасайды.  
Бүгінгі  күннің  басты  ерекшелігі  оқу  процесін  жетілдіру  жолында  ең  озық  әдістемелер  іздестіріліп,  оқу 
орындары  әртүрлі  оқу  бағдарламамен   жұмыс  істеуде.  Солардың  ішінде  білім  алушы  үшін  мультимедиялық 
оқытушы жүйелерді пайдалану арқылы: 

оқу  материалдары  туралы  білім  алушыларға  дәл  және  толық  ақпарат  беру  арқылы  оқыту  сапасын 
арттырады. Оқытудыңкөрнектілігінарттырып, оқуматериалынсаналыигеругежеткізеді; 

абстрактылыоқуматериалдарыннақтылыққажеткізіп, оқытудыңтиімділігінжетілдіреді; 

оқуматериалыныңмаңызынарттырып,  уақыттанұтып,  естесақтауқабілеттерінжетілдіругеқолжеткізеді. 
Естесақтаудыңәсералу, қайталауассоциацияарқылыоқуматериалдарынтереңигеругежеткізеді; 

оқытушыменбілім алушыеңбектерінжеңілдетіп, пікіралысып, байланыстарынарттырады. 
Қазіргітаңдадайындалғанмультимедиялық оқытушы жүйелердімынадайжағдайлардыескерукерек: 

204
 
 

белгілібірпәнгебайланыстыдайындалғанэлектрондықоқулықтыңсолпәнніңтиптікбағдарламасынасәйкес
болуын, тақырыпқақатыстынақтыәріқысқаберілуінескерукерек; 

электрондықоқулықтароқытылатынтарауларментақырыптарғақатыстыдәрісконспектісінқамтитыннегізгі
материалдар; 

зертханалықжәнетәжірибеліктапсырмалардыорындауғаарналғанқосымшаматериалдар; 

материалғақатыстыанықтама, библиографиядантұратынкөмекшіматериалдар; 

аралықжәнеқорытындыбақылаусұрақтарынантұратынтест; 

материалдыдайындаудапайдаланылғанәдебиеттертізімдеріқамтылуы. 
Дұрыс  құрылған  программалық  жабдықтау  білім  беруде  компьютерлік  технологияларды  тиімді 
қолданудың факторларының бірі болып табылады.  Электрондық оқу құралын жасауда ерекшелік, педагогикалық, 
эргономикалық, психологиялық талаптар ескеріледі. Қазіргі кезде электрондық оқу құралы қандай болу керектігі 
жайлы  бір  мәнді  нұсқаулар  жоқ,  дегенмен  кейбір  жалпы  қағидалар  программалық  оқу  құралын   құруда  көмегін 
тигізуі мүмкін. Электрондық басылымдар мәтіндік, графиктік, музыкалық, видео, фото  және құжаттардың жинағы 
түрінде  беріледі.  Электрондық  оқу  құралы  кез-келген  электронды  тасығышта  орындалуы  немесе  жергілікті,  не 
ауқымды желілерді орналасуы мүмкін . 
Магистрлік  диссертация  аясында  С++  программалау  тілін  жоғары  оқу  орындарында  оқытуға  арналған 
мультимедиялық оқытушы жүйесі  құрылды.  Құру ортасы  электрондық оқыту жүйелерін құруға  арналған арнайы 
мамандандырылған Adobe Captivate программалық өнімі пайдаланылды. Бұл программалық жабдықты пайдалану 
келесі негізгі артықшылықтарды берді: 

қолайлы интерфейс құру жеңілдігі; 

тесттің бірнеше түрін жүзеге асыру; 

практикалық тапсырмаларды электрондық оқулық ортасында орындау мүмкіндігі. 
Құрылған  электрондық  оқу  құралы  дәстүрлі  электрондық  оқулыққа  тән  және  оқытушы  орындайтын 
есептерді шеше алады. Электрондық оқулық көлемінде оқу материалын қолданып, студент қажетті ақпаратты ала 
алады. Түсінікті интерфейс студентке  ыңғайлы жағдай туғызады. Программалық жабдықтардың күрделілілгі мен 
дербес  компьютерлердің   өндірісінің  өсуі  қолданушыға  қолданылатын  қосымшалардың  барлық  атқаратын 
функциясын ойда ұстау күннен-күнге қиынға түсуде. Сондықтан күнделікті жұмыста операциялық жүйенің немесе 
программалық жабдықтың барлық мүмкіндіктері қолданыла бермейді.  
Электрондық  оқу  құралында  қарастырылған  кіріспе  оқу  курсында  ең  маңызды  командалармен  жұмыс 
жасауды  үйретеді.  Қолданушының  көбісі  жаңа  өнімнің  алдындағы  қорқыныш  сезімінен  арылған  соң,  жеткілікті 
тәжірибе  жинап  алғаннан  кейін  программаның  барлық  мүмкіндіктерімен  танысқысы  келеді.  Оларға 
командалардың ұзақ сипаттамасы керек емес, қысқа әдістемелік құрал қажет. Құралдағы  барлық ақпарат жұмыс 
кезінде талап етілетін мәліметті алуға ыңғайлы түрде беріледі. Бөлімдерді бірегей ретпен құру қажетті ақпаратты 
тез меңгеруге мүмкіндік тудырады және іздеу уақытын  қысқартады. Сілтемелер қарастырылған сұраққа қатысты 
барлық  ақпаратты  тез  табуға  мүмкіндік  береді.  Мұндай  негіздемелер  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының 
студенттеріне арналған электрондық оқу құралдарына тән . 
Электрондық оқу құралын қолдана отырып студенттер төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады:  

өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге; 

білім алушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін – өзі тексеруге; 

жұмысты тиянақты түрде орындап, оқытушыға файл түрінде тапсыруға; 

түсінбегентақырыптардышексізқайталауға; 

оқулықтысабақтардақолданып, білім алушыныңөздеңгейіндетапсырмалардытаңдауға; 

қажеттіматериалдардыжылдаміздептабуғамүмкіндіктуғызады. 
Құрылған  электрондық оқу  құралының  басқа  электрондық  оқулықтардан  басты  ерекшелігі  практикалық 
тапсырмалар оқулық ортасында беріліп, дұрыстығы тексеріледі. Бұл білім алушының қызығушылығын арттырады. 
Екінші ерекшелігі тесттің 4 түрі қарастырылған: 

бір жауапты тест; 

бірнеше жауапты тест; 

сәйкестендіру тесті; 

еркін жауап; 
Ақпараттық  технологиялардың   мүмкіндері  пайдаланып  жасалынған  электрондық  баспа  оқулығын 
пайдалану  арқылы  оқытушылар  мен  білім  алушылардың  өздігінен  жұмыс  жасай  алады.  Әсіресе  аталған 
электрондық  оқулықты  пайдалану  білім  алушылардың  сабаққа  деген  ынтасын  жоғарылатып,  өздігінен 
оқытушының  нұсқауынсыз  тақырыптарды  игеруіне  және  практикалық  жұмыстарға  алдын  ала  дайындалуларына 
мүмкіндік  туғызады.  Электрондық  оқулықты  қолдану  барысында  графикалық  безендірулер  және  сұқбат терезесі 
түрінде пайдаланушы интерфейсі білім алушыларды пайдалануға деген қызығушылығын арттырады. 
Электрондық  оқулықты  қолдану  саласы  өте  кең:  электрондық  –  оқыту  жүйесі  қашықтан  оқыту  үшін, 
өздігімен  ізденіс  барысында,  жалпы  білімге  деген  талпыныс  бар  білім  алушыларға  өте  тиімді.  Қазіргі  заман 
талабына  сай  мүмкіндігін  көп  дербес  компьютерлерді  өңдей  отырып,  тарау  бойынша  оқушылардың  дағдыларды 
қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік береді.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Өтелбаева А. Электронды оқулық - оқытуға арналған программалық жүйе Информатика негіздері . - 2007.-№6. 
- С. 10-11  

205
 
 
2.  Байғанат Р. Білім беруде ақпараттық технологияны пайдалану[Текст], Информатика негіздері . - 2012. - №1. - 
С. 2-3. 
3.  Нұрманбетова  Ш.  "Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе"  педагогикалық  технологиясы  негізінде  электронды 
оқулықтарды пайдалану тиімділігі [Текст] , Ұлағат. - 2007.-№4. - С. 32-39 
 
 
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Идрисов С.Н., Кульчикова Г.Н. 
 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Жаһандану  жағдайында  болып  жатқан  қазіргі  заманғы  қоғамның  даму  кезеңі  және  Қазақстанның  білім 
беру  жүйесіндегі  өзгерістер  оқу  үдерісінің  өзін  өзгеріске  әкеліп  соғады  және  оқу  технологиялары  мен  жаңа 
ұйымдастырудың  түрлерін  үнемі  іздеп  отыруды  талап  етеді.  Бірінші  кезекте  оқу  ақпараттық  құрылымы  мен 
талабы,  сонымен  қатар  оқу  материалы,  оның  субъект  арасындағы  таныстыру  құрылымы  өзгереді.  Бұл  барлық 
өзгерістер, әрбір студентке сапалы және қолжетімді білім беруге әкелуі тиіс және уақыт тапшылығы мен ақпарат 
өлшемінің ұлғаюына байланысты ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік туғызу керек. 
Жаңа  әлеуметтік  жағдайлар  мен  жұмыс  берушілер  жағынан  мамандарға  қойылатын  талаптардың 
жоғарылауы,  олардың  күрделі  тапсырыстарды  шығармашылықпен  шешу,  қазіргі  заманғы  инновациялық 
шешімдерді қолдана білуді қажет етеді. Студент, ақпараттық қоғамда өмір сүретін және қызмет істейтін болашақ 
маман ретінде, ЖОО-да оқып жүрген кезінде ақпараттық мәдениеті қалыптасқан тұлға ретінде қалыптасуы қажет.  
Ғалымдардың  зерттеулерінде  тұлғаның  ақпараттық  мәдениетінің  қалыптасу  және  даму сұрақтары үлкен 
орын алады. «Ақпараттық мәдениет» ұғымының бір мағыналы анықтамасы жоқ екенін айта кеткен жөн.  
Н.И.Гендинаның  ойынша:  «Тұлғаның  ақпараттық  мәдениеті  –ақпараттық  сауаттылық  пен  ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар саласындағы сауаттылық, ақпараттық көзқарас ағымынан тұратын жалпы адам 
мәдениетінің бөлігі».  
О.А.Степанованың  зерттеулерінде  студенттің  ақпараттық  мәдениеті  –  іздеудің  білімі  мен  іскерлігін 
білдіретін  тұлғаның  интегралданған  сипаттамасы  ретінде  ақпаратты  ақпараттық-коммуникациялық  құралдар 
арқылы  өңдейтін,  қазіргі  заманғы  ақпараттық  кеңістікте  бейімделуге  мүмкіндік  туғызатын  тұлғаның  жеке 
қасиеттер жүйесі.  
А.Н.Григорьевтың  анықтамасы  бойынша,  маман  тұлғасының  интегративтік  сапалық  сипаттамасы  – 
тұлғаның  кәсіби  сапа  мен  ерекшелігінің  күрделі  жүйесін  ұсынатын,  шығармашылық  таным  мен  өзгеру 
мүмкіндіктерін анықтайтын ақпараттық қоғам негізінде тұлғаның өздігінен дамуын білдіреді. 
Берілген  түсінікке  Б.С.Ерасов  әлеуметтік  мәдениеттану  оқулығында  басқаша  мазмұн  енгізеді:  «...  бүкіл 
тарих бойына әрбір қоғамда негізгі болып саналатын, қоғамның негізгі бейнесін анықтайтын мәдениеттің жоғары 
деңгейі  сақталады.  Постиндустриалды  қоғамды  қалыптастыру  ақпараттық  мәдениет  пен  ақпараттық 
технологияларды меңгерудің негізгі критериі болып табылады». 
Е.А.Смагина  тұлғаны  –  білім  мен  іскерлік  жүйесі  қалыптасқан,    ақпараттық  мәдениет  компоненттер 
жиынтығын  (уәждік,  когнитивтік,  операциялық)  енгізетін,  жалпы  мәдениеттің  ажырағысыз  бөлігі  болып 
табылатын,  түрлі  ақпаратты  сәтті  меңгеруді  қамтамасыз  ететін  және  оның  кәсіби  шеберлігінің 
құрастырушыларының бірі болып табылатынын көрсетеді. 
Жоғарыда  көрсетілген  анықтамаларды  талдай  келе,  авторлардың  әртүрлі  терминдер  жүйесін  қолдана 
отырып,  ақпараттық  мәдениеттің  ұқсас  құрамдас  бөлігін  көрсетеді,  атап  айтқанда:  нақты  ақпараттық  ортадағы 
адамдардың  өмір  сүру  ақпараттық  аспектісімен  байланысты  тәртібінің  мөлшері  мен  ережелер  жиынтығын, 
компьютерлік  сауаттылығын,  адамдардың  ақпараттық  аясының  сапалы  сипаттамасын,  жаңа  жағдайларға 
бейімделген қабілеттілігін және т.б.  
Қашықтықтан  оқыту  негізінде  студенттердің  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру  туралы  әртүрлі 
әдебиет  көздерін  талдай  отыра,  ЖОО-да  қашықтықтан  оқыту  оқу  курсын  жобалауда  сүйену  керек  негізгі 
ережелер анықталды. Оларды қысқаша түрде келесі негізгі аспектке келтіруге болады: 

оқудың  ашық  түрі,  студенттердің  өзіндік  танымдық  қызметі,  әртүрлі  қолданбалы  тапсырмаларды 
шешудің икемді тәсілі; 

талап етілген ақпаратты табу қабілеттілігі, әртүрлі қызмет саласындағы алынған білімді қолданатын 
өзіндік оқу; 

оқуға  жаңа  технологиялық  аспаптарды  және  негізгі  білім  беру  әдістемесін  қолдану  (желілік 
технологиялар, оқуда, командада жұмыс істеу, зерттеу әдістерін қолдану және т.б.); 

білімді  игеруді  қадағалау  (практикалық,    зертханалық,  курстық,  дипломдық  жобаларды  орындау 
үдерісіндегі жеке кеңестер); 
Кез  келген  оқыту,  оның  ішінде  қашықтықтан  оқыту  –  жақсы  ойланған  ұйымдастырушылық-ақпараттық 
қолдауды талап етеді. Жиналған деректер бойынша қашықтықтан оқытудың негізгі элементтерін анықтауға келесі 
сараптамалық талдау жасау мүмкіндік берді: 

ақпараттық  ресурстар  (оқу  бағдарламасы  мен  әр  түрлі  оқу  материалдарына  қажетті  оқу  контентін 
жинау); 

206
 
 

тілдесу тәсілдері (қашықтықтан оқыту курсын жүргізетін оқытушы мен студенттің арасындағы өзара 
байланыс: электрондық пошта, вебинар, телеконференциялар); 

бақылау тәсілдері (ағымдағы және қорытынды бақылау, тестілеуді ұйымдастыру); 

ақпараттық ресурстарға кіруге шектеу жасау (әкімшілік ету жүйесі). 
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың нақты жұмысы үшін әр түрлі оқу және ақпараттық ресурстарын, 
оқу  курсы  бағдарламасына  арнайы  дайындалған студенттердің өзіндік-танымдық  қызметі  үйлесімділігін, әр түрлі 
инновациялық  оқу  және  бақылау  әдістерін  қолданатын  студент  пен  оқытушы  арасындағы  өзара  байланысын 
қарастыру қажет. 
Қашықтықтан  оқытуды  ұйымдастыру  мен  студенттердің  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыру  – 
алуантүрлі және күрделі мәселе және ол жоғарыда қарастырылған анықтамаларменшектеліп қана қоймайды. 
Қорытындылай келе, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе 
арқылы оқытушы мен студенттер әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын 
жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шыңдауга зор мүмкіндік алады. 
Қашықтықтаноқытудидактикалық  бағдарламаларбілім  саласында  оқытуды  басқару  мен  бақылауды 
автоматтандыру,оқушыға  өз  бетінше  қайталанбайтын  көпнұсқалы,  көпдеңгейді  шарттар  негізінде  тапсырмалар 
беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, 
виртуалды өмірге енгізу сияқты жаңа мүмкіндіктер ұсынады. Сонымен қатар, мұндай бағдарламалар қашықтықтан 
оқытудың  материалды  өз  бетінше  игеру  жетілдірілген  психологиялық-педагогикалык  әдістерді  пайдалану, 
қашықтықтан оқытуды студенттерге жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Гендина  Н.И.,  Колкова Н.И.,  Стародубова Г.А.,  Уленко Ю.В.  Формирование  информационной  культуры 
личности:  теоретическое  обоснование  и  моделирование  учебной  дисциплины.  –  М.:  Межрегиональный  центр 
библиотечного сотрудничества, 2006. – 512 б. 
2.  Степанова О.А. Развитие информационной культуры студентов вуза: Автореферат. – Челябинск, 2007. – 23 б. 
3.  Григорьев  А.Н.  Формирование  информационной  культуры  специалиста  в  системе  непрерывной 
профессиональной подготовки кадров: Автореферат. –М.: 2010. – 42 б. 
4.  Ерасов Б.С.  Культурология: оқулық. – М.: Прогресс, 2009. – 211 б. 
5.  Смагина  Е.А.  Проблемы  формирования  информационной  культуры  студентов:  монография.  –  М.:  Изд-во 
«Феникс», 2010. – 120 б. 
 
 
ӘЖК378.14:37.031.2 
ОҚЫТУШЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫ МЕН  
АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Ш.К.Ележанова – «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Ақпараттық  қоғамға  көшуді  қамтамасыз  ететін  жағдайларды  құру  мақсатында  «Ақпараттық  Қазақстан  - 
2020»  мемлекеттік   бағдарламасы  қарастырылуда. Бағдарлама  мемлекеттік  басқару  жүйесінің  тиімділігін 
қамтамасыз  ету, ақпараттық-коммуникациялық  инфрақұрылымының  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету,  қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  дамуы  үшін  ақпараттық  ортаны  құру,  отандық  ақпараттық  кеңістікті 
дамыту міндеттеріне бағытталған. 
Оқытушының  ақпараттық  -  коммуникациялық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн  қалыпастыру 
қазiргi  таңда  үздiксiз  педагогикалық  бiлiм  беру  жүйесiндегi  ең  көкейтестi  мәселелердiң  бiрiне  айналып  отыр. 
Қарастырылып отырған мәселе "Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар" ұғымының пайда болуымен және 
бiлiм беру салаларында жаппай компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.  
Ақпараттық  технологиялар  дегенiмiз  -  бiлiм  беру  iсiнде  ақпараттарды  даярлап,  оны  бiлiм  алушыға  беру 
үрдісi. Бұл  үрдістi icкe асыруда негiзгi құрал - компьютeр болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын 
шешiмiн  таппай  келген  жаңа,  тың  дидактикалық  мүмкіндіктерді  шешуге  мүмкiндiк  беретiн  зор  құрал.  Бiрақ  әлі 
күнге  дейін  бiз  осы  зор  құралдың  шексiз  мүмкiндiктерiнің  оннан  бiрiн  де  пайдалана  алмай  отырмыз.  Себеп  не? 
Басты  себеп  –  оқытушының  ақпараттық  коммуникациялық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiнің 
қалыптаспауына  немесе  төмендiгiнде.  Соңғы  жылдарда  бiлiм  беру  жүйесiне  енген  «құзырлылық»  немесе 
"құзiреттiлiк" ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, 
бiлiк, 
дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.  
Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi - aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. 
М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын "оқу, тұрмыстық, кәсiби 
мiндеттердi  aқпараттық  және  коммуникациялық  технологиялардың  көмегiмен  шеше  бiлу  қабiлеттілiгi"  деп 
анықтайды.  
Автор  мақалада  ақпараттық-коммуникациялық    құзырлылықты  қалыптастырудың  базалық,  жалпы  және 
кәсiби  кезеңдерiн  бөлiп  көрсетiп,  ақпараттық  технологияларды  оқу  қызметiнде  қолдану  мен  кәсіби  мiндеттердi 
шешуде  қолданудың  ара  жiгiн  ашып  көрсетедi.  Бұл  тұрғыдан  қарастырғанда,  ақпараттық  құзырлылық  екі 
құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.  

207
 
 
Компьютeрлiк 
технологиялардың 
даму 
жағдайындағы 
ақпараттық 
сауаттылыққа 
К.А.Каймин 
"компьютермен  өз  бетiнше  жұмыс  iстей  бiлу,компьютерлiк  техниканың  көмегімен  есептеу,  жазу,  сурет  салу, 
ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы" деп aнықтама бередi.  
Компьютeрлiк  бiлiмдарлықтың  белгiлерiне  компьютерлер  мен  танымал  бағдарламалардың  кеңтүрлiлiгiн 
бағдарлай  бiлу,  олардың  мүмкіндiктepiн  бiлу,  нақты  бір  жұмыс  үшiн  тиiмдi  бағдарламалық  құралдарды  таңдай 
бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.  
Сонымен,  мұғалiмнің  ақпараттық  –  коммуникациялық  құзырлылығын  қалыптастырудың  негiзгi  тәсiлдерiне 
мыналар жатады:  
•  Ақпараттарды  өңдеудiң компьютерлiк  
технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып - 
үйрену;  
•  Әртүрлi  қолданыстағы  бағарламалық  қамтамасыздандыруды  оқып  -  үйрену  және  оны  оқыту  үрдісiнде 
қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;  
•  Ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды    жеке  пәндердi  оқытуда  қолданудың  тиiмдiлiгiн 
негiздей және дәлелдей бiлу
.  
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe 
epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi 
бойынша  "ақпараттық  мәдениет  -  адамның,  қоғамның  немесе  оның  бiр  бөлiгiнiң  ақпараттармен  жұмыс  iстеудiң 
барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  
практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi". 
Оқытушының  ақпараттық  мәдениетiн  қалыптастырy  және  дамыту  –  ұзаққа    созылатын,  оқытушының 
aқпараттық  және  педагогикалық  қызметінің  интеграциялау  үрдісi.  Бұл  үрдістің  күрделiлiгi  сонда  -  ақпараттық 
мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi. 
Ғалымдар  мен  мамандардың  пiкiрiнше, оқытушының  ақпараттық  мәдениетiн  дамытудың  негiзгi  факторы  - 
ақпараттық  және  компьютерлiк  технологияларды  қолдануға  бaйланысты  бiліктілiктi  көтеру  жүйесi  болып 
саналады.  Оқытушылардың  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларды  оқыту  үрдісiнде  қолдана  бiлу 
мүмкіндігін  дамыту  мақсатында  оку  курстарын  ұйымдастырудың  қажеттiлiгi  бүгiнгi  бiлiм  беру  жүйесiнің  кезектi 
мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.  
Жалпы,  педагог  –  кадрлардың  ақпараттық  мәдениетiн  қалыптастыруда  факторлардың  екі  тобын  бөлiп 
көрсету қажет сияқты.  
Бiрiншiсi - педагогикалық бiлiм беретiн орта кәсiптiк және жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық 
мәдениетiн қалыптастыру.  
 
 
Сурет-1. 
Педагогикалық оқу орындары студенттерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың блок-схемасы
 
 
Факторлардың  бұл  тобындағы  негiзгi  фaктор  ретiнде  педагогикалық  бiлiм  беретiн  оқу  орындарындағы 
aқпараттық - коммуникациялық технологияларды оқытуға арналған пәндiк курстарды  атап көpcетy қажет. Бүгiнгi 
таңдағы  бiлiм  беру  жүйесінде  бұл  пәндiк  курстардың  мазмұнын  жаңарту  және  сол  пән  бойынша  сабақ  беретiн 
оқытушылардың  бiлiктiлiгiн  арттыру  -  кезек  күттiрмейтiн  мәселе.  Мысалы,  педагогикалық  орта  кәсiптiк  оқу 
Компьютерлік 
сауаттылық 
 
Интернет 
арқылы 
халықаралық 
байланыс
 
 
Ақпараттық- коммуникациялық 
технологияларды оқытудың пәндік 
арнайы курстары 
 
Дербес компьютердің  
болуы 
 
Телекоммуникация 
никациялар
 
Қызығушылық 
 
Белгілі бір 
бағыттағы 
ақпараттық 
қажеттілік 
 
Ғылыми- 
зерттеу қызметі
 
Библиографикалық 
сауаттылық
 
 
Педагогикалық оқу орындары 
студенттерінің ақпараттық 
мәдениетін қалыптастыру 

208
 
 
орындарында жүргiзiлетiн "қолдану әдiстерi" пәндiк курсының мазмұны ескiрген және бұл пәндiк курсты оқытуға 
бөлiнген сағат саны да өте мардымсыз. 
Факторлардың  екiншi  тобына  бiлiм  беру  ұйымдарындағы  педагог-кадрлардың  ақпараттық  мәдениетiн 
қалыптастыру жатады. Бұл топқа енетiн факторлар төмендегi сызбада көрсетiлген.  
Бұл факторлар жүйесiнде негiзгi үш факторды жеке атап көpcетy маңызды. 
Біріншісі
  –  оқытушылардың    ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  қолдану  мүмкіндiктерiн, 
ақпараттық  мәдениетiн  дамытуда  бағытталған  бiлiктiлiк  көтеру  курстары.  Мұндай  курстардың  арнайы 
бағдарламасы  жасалып,  сол  бағдарлама  бойынша  бiлiм  беру  ұйымдарының  өзiнде  жұмыс  бағдарламалары 
жасалып,  облыстық,  республикалық  оқытушы  бiлiмiн  жетiлдiру  институттарында  жедел  түрде  тақырыптық 
курстар  ұйымдастырылуы  қажет.  Ол  курстарды  ұйымдастырушылар  мен  онда  дәрiс  оқитын  педагог  кадрлардың 
бiлiктiлiгiн көтеру - ол өз aлдына бөлек әңгіме.  
Екiншiсi 
- бiлiм беру ұйымдарындағы педагог - кадрлapға әкiмшiлiк тарапынан қойылатын талаптар. Талап 
қaтaң,  дұрыс  қойылған  жағдайда  педагогтардың  компьютерлiк  -  библиографиялық  сауаттылығы  мәселесi, 
ұжымдағы  педагогикалық  қауымдастық,  педагогикалық  қызмет  пен  педагогикалық  үрдістi  модернизациялауға 
деген ұмтылыc, aқпараттық - коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жою, 
қызығушылық мәселелерi  де  өзiнiң оң шешiмiн табары сөзсiз.  Тағы  бiр  айта  кeтeтін  мәселе  –педагог-кадрларды 
мерзiмдi  аттестациялауда  оларға  қойылатын  талаптар  жүйесiне  aқпараттық  мәдениет  деңгейiн  есепке  алуға 
негiзделген талаптарды белгiлеп, енгiзу қажет.  
Үшіншісі
  –  білім  беру  ұжымдарында,  оқу  кабинеттерінде  компьютерлік  базаның  болуы.  Республикадағы 
білім  беру  ұйымдарында  компьютерлік  база  бірітіндеп  қалыптасып  келеді.  Бірақ  осы  уақытқа  дейінгі  шетелдік 
және  отандық  тәжірибе  көрсеткеніндей,  білім  беру  ұйымдарын  компьютерлермен  толық  қамтамасыз  ету 
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және дамыту мәселесін толық шешіліп келе жатыр.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет