Сборник материалов IV международной научно-практической конференции «Роль физико-математических наук в современном образовательном пространстве»



Pdf көрінісі
бет37/56
Дата06.03.2017
өлшемі12,19 Mb.
#8065
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56

 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004,  
2.  Государственный  план  внедрения  образовательных  технологий  «Электронные  технологии  в  системе 
образования. Сделать образование мирового уровня доступным каждому ребенку». 
3.  Уваров  А. Ю.  Информатизация  школы:  направления  перемен  //  Отечественные  записки.  Журнал  для 
медленного чтения. 
4.  Усенов  С. С.  Теоретико-методические  основы  применения  и  оценки  качества  электронных  ресурсов  для 
обучения информатике в вузе. 
 
 
УДК 681.3 
МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
 
Г.Н. Казбекова, Б.С. Назарбаева 
 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (Ақтөбе қ.) 
 
Қазiргi  таңда  бiлiм  беру  жүйесiн  ақпараттандыру  процесiне  байланысты  ақпаратты-бiлiм  беру  ортасы, 
ақпаратты-пәндiк орта,  кәсiби-ақпараттық бiлiм беру ортасы, оқытудың компьютерлiк технологиялары, оқытудың 
ақпараттық  технологиялары,  ақпаратты-коммуникациялық  технологиялар,  бiлiм  беруге  арналған  ақпаратты-
коммуникациялық  технологиялар,  мультимедиа,мультимедиалық  технологиялар,  бiлiм  берудегi  мультимедиа, 
мультимедианың  бағдарламалық  құралдары,  мультимедиалық  ресурстар  секiлдi  бiрқатар  терминдер  оқулықтар 
мен ғылыми мақалаларда жиі қолданыла бастады.  
Мультимедиаға зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi: 
Мультимедиа - әртүрлi типтi ақпараттарды компьютердiң ұсыну мүмкiндiгiн    дамытатын    және    адамның   
мультисенсорлық   табиғатына негiзделген технология (D.Little).  
Мультимедиа - екi не онан да көп типтi ақпараттарды интерактивтi формада бiрiктiру (D.H.Jonassen).   
Мультимедиа  -  әртүрлi  формада  ұсынылған  ақпараттарды  бiрiктiруге  мүмкiндiк  беретiн  компьютердiң 
аппараттық және бағдарламалық құралдары кешенi (И.И.Косенко). 
Мультимедиа  -  графика,  гипермәтiн,  дыбыс,  анимация,  бейнемәлiметтердi  пайдалануға  мүмкiндiк 
туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал (И.Вернер). 
Мультимедиа  терминiлатын  тiлiнiң  „multy”  (көп)  және  „media”  (орта)  деген  сөздерiнiң  бiрiгуiнен  құралған. 
Сондықтан да, мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi саралай келе  бұл   терминге 
„ақпараттық  орта”    деген  мағына  беруге  болады.  Ал,  ақпараттық  орта  түсiнiгiн  белгiлi  бiр  ортада  ақпараттық 
технологияларды  пайдалану  арқылы  ақпаратты  ұсыну  мен  өңдеуге  бағытталған  арнайы  ұйымдастырылған 
процесс деп қабылдай аламыз.  
Осы орайда, мультимедиаға және оған қатысты ұғымдарға өздiгiмiзше анықтама бере кетейiк. 
Мультимедиа  -
  компьютерлiк  графикамен,  суреттермен, бейнеақпараттармен,  анимациямен,  мәтiндермен, 
жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.  
Кез келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер бар. Сол секілді «мультимедиа» 
сөзін де бірнеше мағынада қолдана аламыз.  
Яғни, мультимедиа –  
 
әртүрлі типті ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология; 
 
әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық ресурс; 
 
түрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалық жабдық; 
 
пайдаланушыға  барынша  тиімді  әсер  ету  мақсатында  түрлі  бағдарламалық  және  техникалық  құралдарды 
пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі. 
Мультимедиалық технологиялар -
 әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн 
аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен 
тәсiлдер)жиынтығы. 
Бiлiм берудегi мультимедиа -
 бiрiншiден, таным процесiнiң жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, екiншiден, бiлiм 
беру мазмұнын интерактивтi формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.  
Мультимедианың  бағдарламалық  құралдары
  –  кез  келген  типті  ақпаратты  интерактивтi  режимде 
пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары. 
Мультимедиалық  ресурстар
  -  мультимедиалық  құралдар  және  арнайы  бағдарламалық  жабдықтар 
көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер. 

224
 
 
Мультимедианың  дамуы  бейнетехникалық  және  дербес  компьютерлiк  технологиялардың  өркендеуi 
нәтижесiнде  жүзеге  асуда.  Мультимедиа  статикалық  (мәтiндiк,  кестелiк,  графиктiк)  және  динамикалық 
(анимациялық,  бейнелiк),  дыбыстық  ақпараттарды  талапқа  сай  дәрежеде  ұсынуды  iске  асырады.  Оның  жалпы 
сипатын  1-ші суреттегiдей бейнелей аламыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1 - Мультимедианы құрайтын әртүрлi типтi ақпараттар 
 
Мультимедиа  түрлiше  ақпаратты  ұсынудың  немесе  пайдаланудың  әртүрлi  әдiстерiн  қолдануға  мүмкiндiк 
бередi.  Бiз  қазiргi  күнге  дейiн  мультимедианың  кейбiр  түрлерiн  күнделiктi  тұрмыста  қолданып  келдiк.  Мысалы, 
бейне-сабақтар  -  мультимедианың  құрамдас  бөлiгi.Бейне-сабақтарды  қолдану  мен  презентацияларды 
демонстрациялау  оқу  құралы  ретінде  қиялды,  абстрактілі  ойлауды,  оқытылатын  оқу  материалына  және  пәнге 
қызығушылықты  арттырады.  Презентациялар  бір  жағынан  оқушыларға  жаңа  материалды  (иллюстрация, 
фотосуреттер,  бейнелік,  дидактикалық  материалдар,  т.  с.  с.)  көрнекті  түрде  көрсету  құралы  болса,  екінші 
жағынан,  мұғалімдерге  осы  материалдарды  және  оны  қолдану  арқылы  сабақты  меңгерту  процесін  жеңілдетеді. 
Бейне-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы.  
Мультимедиа  құралдарына  оқыту  процесінде  әртүрлі  типті  ақпараттарды  ұсынушы  кез  келген  оқыту 
құралдарын жатқызуға болады. Атап айтқанда: 
•дыбыстық құралдар (CD-ойнатқыш, магнитофон т.б.); 
•телерадио жүйелері (телеқабылдағыш, радиоқабылдағыш, оқыту теледидары, DVD-ойнатқыш т.б.); 
•проекциялық  құрылғылар  (графопроектор,  мультимиедиалық  проектор,  оверхед  проектор,  бейнепроектор, 
интерактивті проектор); 
•интерактивті тақта; 
•ақпарат көбейткіш құралдар (микрофильмдеу құралдары, ксерокс, ризограф); 
•компьютерлік құралдар; 
•телекоммуникациялық жүйелер мен желілер (кабельдік, спутниктік, оптоволокондық желілер т.б.). 
Мультимедиалық  технологияларды  бiлiм  беруде  қолдану  мынадай  педагогикалық  мақсаттарға 
бағытталады: 
1)  Ақпараттық қоғамда студенттiң, оқушының тұлғалық iс-әрекетiн дамыту: 
•жеке  тұлғаның  ойлау  деңгейiн  жоғарылату,  оның  бойында  бiлiм  қорын  қалыптастыру  мақсатында 
психологиялық-педагогикалық әрекеттер қарқынын арттыру; 
•қабылдау, есте сақтау секiлдi iс-әрекеттердi жүзеге асыру iскерлiгiн қалыптастыру және дамыту; 
•  имитациялау,  модельдеу  процестерiн  ұйымдастыру  негiзiнде  студенттер  мен  оқушылардың  эксперименттi-
зерттеушiлiк қызметтерді орындау ебдейлігін  қалыптастыру. 
2)Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi оқыту процесiнiң барлық деңгейiн жандандыру: 
•мультимедиалық  технологиялардың  мүмкiндiктерiн  пайдалану  есебiнен  оқыту  процесiнiң  тиiмдiлiгiн,  сапасын 
арттыру; 
•  түрлi пәндiк ортада ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланысты тереңдету; 
•мультимедиа-ресурстарды тиiмдi пайдалану негiзiнде ашық бiлiм беру идеясын дамыту. 
Қазiргi таңда өзiндiк iс-әрекеттi қалыптастыруда   мультимедиалық технологиялар: 
•микро және  макроәлемдегі күрделi құбылыстар мен процестердi модельдеу арқылы оқытуды жүзеге асыруға; 
•әртүрлi физикалық,  химиялық,  биологиялық,  әлеуметтiк  т.б.  өте жылдам  немесе  жай өтетiн  құбылыстарды  кез 
келген уақытта оқып үйренуге мүмкiндiк беру мәселелерiн шешуге бағытталуы керек. 
Мультимедиа технологиясын оқытуда  пайдаланудың жаңа  бағыттарының бiрi –  компьютерлiк желiлерде 
теле және бейнеконференциялар ұйымдастыру.  
Мультимедиалық  технологиялар  интернет-технологияның  да  дамуына  тiкелей  әсер  етiп  отыр. 
Электрондық  пошта  арқылы  дыбыстық  және  бейне  хабарларды  қабылдау,  жiберу  немесе  интернет  арқылы 
байланысқа  түскен  адамның  бет-бейнесiн  компьютер  мониторынан    көрiп  отыру  -    мультимедианың  жемiсi. 
Бейнеконференциялар  ұйымдастыруда  дыбыстық  және  бейнелiк  хабардың  сапасын  төмендетпей  ұсыну 
мультимедиалық құралдардың жүзеге асыратын iс-әрекетi. Мультимедиалық технологиялардың көмегiмен бүгiнгi 
Мәтін 
бейнекесте 
ақпарат 
 
дыбыссурет 
 
анимациясұлба 
графика 
мульти-
медиа 

225
 
 
таңда кез келген адам өзi жөнiндегi мәлiметтердi, фотосуреттердi, тiптi, өз дауысын интернет желiсiне шығаруға 
мүмкiндiк алып отыр. 
Интерактивтi  негiздегi  мультимедиалық  технологиялар  интернет  желiсi  және  CD-курстар  арқылы  ауыл 
мектептерiнiң әлемдік ғылым, білім жетістіктерінен оқшау қалып қою мәселесiн де  шешуге мүмкiндiк бередi. 
Мультимедиалық технологияларды  пайдалану  мен  дәстүрлi  оқыту  әдiстерi  арасындағы айырмашылықты 
2-суреттен көруге болады. 
 
 
 
 
Сурет 2 - Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесiндегi тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшi 
Диаграммадан  көріп  отырғанымыздай,  мультимедиалық  технологиядарды  пайдаланып  оқыту,  атап 
айтқанда, мынадай нәтижелерге қол жеткiзедi: 

оқуға кететiн уақыттың үнемделуiне; 

оқу мотивациясының жоғарылауына; 

зейiн аудару нәтижесiнде оқу материалын толық түсiнуге; 

алынған бiлiмнiң ұзақ уақыт есте сақталуына. 
Сонымен, мультимедиалық технологиялардың тиімділіктері мынада: 
• әрбір пайдаланушының қабілеті мен ерекшелігін ескере отырып, олардың оқу мотивациясын арттыруға септігін 
тигізеді; 
•  түрлі  типті  ақпараттарды  біріктіріп  ұсыну  арқылы  оқытудың  интерактивтілік  ұстанымын  қамтамасыз  етеді, 
өйкені, әртүрлі  типті ақпаратты  пайдалану  адамның  әртүрлі сезім  мүшелері  арқылы оқу  материалын  жан-жақты 
қабылдауына ықпал етеді; 
•нақты,  күрделі  де  қиын,  белгілі  көлемде  шығын  мен  ұзақ  уақытты  қажет  ететін  экспериментті  модельдеуді 
жүзеге асырады; 
•  құбылыстар  мен  процестерді  динамикада  көрсету  арқылы    абстрактілі  ақпараттарды  көрнекі  тұрғыда  ұсына 
алады; 
•макро және микро әлемдегі нысандарды визуалдауға мүмкіндік береді; 
•бiлiм беруге жұмсалатын шығынның азаюына ықпалын тигізеді. 
Заманауи  мультимедиялық  құралдармен  жұмыс  істеу  оқушыларды  ұқыптылыққа,  нақтылыққа,  берілген 
тапсырмалардың  нәтижелі  орындалуына,  басты  мәселеге  назар  аудара  білуге  баулиды,  сондай  -  ақ, 
мультимедиялық  құралдармен  жұмыс  істеу  оқушылардың  өзінің  жеке  іс  -  әрекетін  дұрыс  жоспарлауға,  дұрыс 
шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. 
Қорыта  айтқанда,  мультимедиялық  технологиялардың  қай  түрін  алсақ  та,  олардың  тиімділігі  тек  қана 
мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан 
білім  алушылардың  ынтасын  арттыруға  арналған  әдістемелік  құралдардың  жүйесі  мен  амалдары  әр  мұғалімнен 
оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Григорьев  С.Г.,  Гриншкун  В.В.  Использование  мультимедиа-технологий  в  общем  среднем  образовании./ 
Интернет-издание, http://www.ido.rudn.ru/nfpk/mult/, 2008 
2. Есжанов А. Электрондық мультимедиа: ресурстары мен құрал-дары.//Қазақстан мұғалімі, 16 сәуір, 2008.   
3. Егорова Ю.Н. Теоретические и практические аспекты мульти-медиа технологии: монография.-Ч.:НАНИ ЧР, 2009 
4.  Морозов М.Н. и др. Школьное мультимедиа: мир знаний //Мир библиографии, 2000. -№2 
5. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу құралы. –Қызылорда:ҚМУ, 2009 
6.  Вымятнин В.М., Демкин В.П. и др. Мультимедиа-курсы: методо-логия и технология разработки. -Томск, 2011 
7.  Таубаева  Ш.Т.,  Лактионова  С.Н.  Педагогическая  инноватика  как  теория  и  практика  нововведений  в  системе 
образования. Алматы, 2001. 
 
 
 
 
Основной
Основной
Основной
Основной
Основной
Основной
Основной
Основной
Основной
Основной
Основной
Основной
дәстүрлі оқыту әдісі
мультимедияны 
қолдану арқылы

226
 
 
УДК 681.14 
ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ОНЛАЙН-САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Г.Н.Казбекова, Ж.Ж.Шеримбет 
 
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (Ақтөбе қ.) 
 
Оқытудың  қазіргі  заманғы  формаларының  бірі  дәстүрлі  оқыту  әдістерінің  шегін  едәуір  кеңітетін  және 
дамытатын,  әрі  оқушылардың  танымдық  пен  шығармашылық  белсенділігін  дамытуға,  олардың  оқу  материалын 
толық меңгеруіне мүмкіндік тудыратын онлайн сабағы болып саналады.  
Онлайн  сабақтар  (бұдан  әрі-  сабақтар)  –  қашықтықтан  білім  беру  технологиясы  мен  бағдарламалық 
қамтуды  жүзеге  асыратын  шынайы  уақыт  тәртібіндегі  сабақтарға  оқушылардың  қатысуына  мүмкіндік  беретін 
сабақтар  түрі.  Пән  бойынша  онлайн  сабақтарын  жобалау  мен  өткізу  әдістемесі  цифрлық  білімдік  ресурстардың 
көрсетілген  ерекшеліктерінің  негізінде  жасалуы  тиіс.  Ұйымдастыру  қөз  қарасы  тұрғысынан  онлайн  сабақтың  екі 
түрі мүмкін: 
 
дәрісханадағы  қатысушылар тобындағы сабақ; 
 
бір- бірінен алыста тұрған қатысушылардың үлестірілген топтарымен сабақ 
Ұйымдастырудағы  айырмашылық  сол,  сабақтың  екінші  типін  өткізу  үшін  қосымша  алдынала  дайындық  қажет: 
сабақты  өткізу  уақыты  туралы  келісушілікке  қол жеткізу,  сабақты өткізудің  қорытынды  айы-күні  туралы  сабаққа 
қатысушыларды хабарландыру.  
Онлайн сабақтың негізгі мақсаттары сабақтың біртұтас үш дидактикалық мақсаттарына сай болады:  

білімдік  астары:
  білімін  тереңдету,  ғылыми  әдістерді  қолдана  алу  білігін  дамыту,  зерделеу  объектілері 
арасындағы байланыстар мен қатынастарды терең түсіну;  

дамытушылық  астары:
  оқушылардың  таным  белсенділігін  арттыру,  жалпылау,  талдау,  салыстыру 
біліктерін  дамыту,  пәнаралық  байланыстарды  таба  білуге  үйрету,  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетін 
белсендіру;  

тәрбиелік  астары:
  ғылыми  көзқарасты  қалыптастыру,  өзіндік  және  топтық  жұмыстарды  ұйымдастыра 
алуға үйрету, жолдастық, өзара көмек сезімін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс білігін қалыптастыру.  
Онлайн  сабақтарын  басқа  қалада,  мемлекетте  тұратын  білікті  педагогтар  жанды  интерактивтік  тарату 
режімінде  жүргізеді,  ал  оқушылар  біздің  елдің  және  бүкіл  әлемнің  ең  алыс  ауылдарында,  қалаларында  тұрады. 
Онлайн сабағына қатынас құру және оған қатынау үшін  оқушылар өздерінің меншікті компьютерлерін немесе өз 
мектебінің компьтерлік сыныбындағы компьтерлерді  пайдаланады. Екі жақты байланыс, үйден немесе мектептен 
шықпастан, қолайлы оқу мүмкіндігін қалдыра отырып, тікелей сыныптық сабақтардың тиімділігі мен сапасына қол 
жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Осындай  әдеттегі  сабаққа  бір  оқытушы  және  үйден  немесе  сыныптан  әрқайсысы 
жүйеге  кіретін  алты-жеті  мектеп  оқушысы  қатысады.  Онлайндық  оқытудың  ең  тиімді  технологиясы 
бейнеконференция байланысы болып саналады. 
      Онлайн режіміндегі сабақты өткізудің ең айқын формасы технологиялар көмегімен шынайы уақыттағы қарым-
қатынас  болып  саналады.  Бұл  мамандандырылған  технология  ретінде  де  (жаңа  қаратпа  сөздер  пайда  болған 
кезде әрбір қатысушының браузерінің терезесі автоматты түрде  жаңарады), өзара әрекеттестіктің формасы: 
  Форум; 
  Барлық қатысушылардың қатынас құруы бар электрондық пошта жәшігі; 
  Барлық қатысушылар бір мезгілде редакциялай және толықтыра алатын ортақ құжат болып саналады. 
Желілік  мұғалім  мен  оқушылар  арасында  өзара  әрекеттестікті  ұйымдастыру  үшін,  сондай-ақ  онлайн 
режімінде  Интернет-сабақты  өткізу  үшін  оқу  курсы  бойынша  және  әрбір  нақты  сабақ  бойынша  форумдар  бар 
болады. 
Оқу  курсы  бойынша  форумда  жалпы  ұйымдастыру  сипатындағы  ақпаратты  орналастыруға  болады.  Жеке 
жағдайда, әрбір мұғалімге өз сәлемін тұжырымдау және онда оқытудың келешек процесі бойынша жоспарлар мен 
нұсқауларды баяндау ұсынылады.  
Ең  басынан  бастап  бірлескен  жұмыс  ережелерін  айқын  белгілеп  алған  өте  маңызды  болады.    Бар 
ресурстардың  негізінде  оқып  білетін  материалдың  жалпы  схемасын  және  оқушылардың  іс-әрекеттерін 
ұйымдастыруды жобалап алу қажет.  Осының барлығы оқып білетін пәндердің мақсаты және міндеттерімен, оның 
мазмұнының алғашқы құрылымымен, осы пәнді оқып білудегі негізгі маңызды бағыттарымен анықталады.  
Желілік өзара әрекеттестіктегі бастама, әдеттегі сабақ процесіндегідей, мұғалімнен шығуы тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқу ресурсы 
E-mail 
Оқушы 
Оқытуш
ы 

227
 
 
Онлайн  сабақтарының құрылымы  дәстүрлі сабақтардың құрылымындай:  білімдерді өзекті  ету,  жаңа  материалды 
түсіндіру, бекіту, бақылау. Сол әдістер қолданылады: түсіндірме-безендіру, репродуктивті, ішінара іздестіру және 
басқалар.  Бірақ  бағыттылығы  интерактивтілік,  кеңесшілермен-мамандармен  жедел  кері  байланыс,  сабақтың 
ақпараттық  өрісін  кеңейту  мұндай  сабақты  дәстүрлі  оқытудан  ашық  білім  алудың  өзіне  тән  өтпелі    формасына 
түрлендіреді.  
Онлайн сабақтарында келесі әдістемелік тәсілдерді пайдалануға болады:  
1. 
Мұғалімнің  Интернет-технологияларды  пайдалануы
:  сабақтың  пән  саласындағы  жетекші  мамандармен 
оқу сұқбатын ұйымдастыру; 
2. 
Оқушылардың  Интернет-технологияларды  пайдалануы: 
сабақтың 
мәселелік 
саласы 
бойынша 
бейнеконференция режімінде жетекші мамандармен кеңесу;  
3. 
Білімдерді бақылау:
 желілік жоба, желілік жарыстар, олимпиадалар, викториналар;  
4. 
Мектеп  оқушыларының  мультимедиалық  таныстырымдармен  сөйлеуі 
тілін,  ойлауын,  жадын  дамытады, 
бастысын нақтылауға, бөліп алуға, логикалық байланыстарды тағайындауға үйретеді. 
5. 
Рөлдік  ойын  – 
оқушылар  ұжымын  шағын  топтарға  бөліп,  олардың  әрқайсысына  мынадай  тапсырмалар 
беру: 

 Сабақтың тақырыбын талдау керек. Сабақ авторының көзқарасын атап көрсету керек. 

 Интернеттен табу және сәйкес көзқарасты білдіретін ресурсқа сілтемені форумға орналастыру керек. 

 Осы тақырыпқа шетел және отандық ғалымдардың көзқарастарын қысқаша сипаттау керек. 

 Оқып  білетін  тақырып  бойынша  ақпарат  қай  беттерде  бар  екендігін  Интернеттен  табу  және  оған  өз 
қатнасыңды білдіру керек.  

 Ұғымдарды  салыстырып,  олардың  мәтін  мәнінде  қолданылуын,  эмоциялық  бояуын  және  т.б. түсіндіріп, 
форумда талқылау керек.  
 
Онлайн сабақтарды ұйымдастырғанда төмендегідей принциптер ұсталынады:   

жүйелілік принципі барлық оқыту кезеңдерінде қамтамасыз етіледі; 

 оқушылармен  жеке  жұмыс  принциптері  олардың жас  ерекшеліктерін,  білім  деңгейін оқу жадығаттарын 
қабылдау машықтарын, қызығушылығын ескеруге бағытталады;  

оқушылардың  белсенділік  принципі  интернет  технологияларды  қолдануда  ақпараттар  ағымында 
бағдарлай алуымен және өзіндік ойлау қабілеті арқылы анықталады;  

білім ресурстарын тарату принциптері оқу ақпараттарын ұсыну және жеткізу түрлерімен анықталады;   

оқыту үрдісіне авторлық қатысу принципі;  

интерактивтілік  принциптері  желілік  коммуникациялар  арқылы  білім  беру  үрдісіне  барлық 
қатысушылардың байланыс жасауымен анықталады.  
      Демек, онлайн сабақтарды XXI ғасырдың өзіндік оқыту формасы емес, сырттай және күндізгі оқытудың 
иновациялық компоненті ретінде қарастыруға болады.   
 
Әдебиеттер тізімі 
1. Концепция развития образования до 2015 г. - Астана, 2005.  
2.  Есполов  Т.Е.,  Кунанбаева  С.С.,  Курманалина  Ш.Х.,  Моминбаев  Б.К.,  Нургалиева  Г.К.,  Сулеев  Д.К. 
Педагогическая технология информатизации образования. – Алматы: РЦИО, 2012 
3. Полат Е.С. Дистанционное обучение. - М.: Владос, 2010 
4. Ахметова Г.Б. Методология и технология формирования сетевой готовности будущих специалистов. – Алматы, 
2009 
5. Тажигулова А.И. Педагогическая методология и технология информатизации среднего образования. – Алматы, 
2009 
 
 
УДК 004.65 
ADO.NET ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ПРИНЦИПІ 
 
Убаев Ж.Қ. 
 
Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университетінің магистранты, Орал, Қазақстан 
nczhiger@mail.ru 
 
Көптеген  қосымшалармен  жұмыс  кезінде  мәліметтер  қоры  мен  байланысу  қажеттілігі  туады.  Сол  кезде 
клиенттік  қосымшасы  орталықтандырылған  мәліметтер  қорымен  немесе    XML    мәліметтер  қорымен  немесе 
локальді мәліметтер қорымен, яғни клиент орналасқан компьютердегі мәліметтер  қорымен жұмыс жасау керек. 
ADO.NET   технологиясы осы  мәліметтер  қоры  мен  байланыс  орнатып,   жұмыс жасаудың  тиімді жолын  ұсынады, 
яғни максималды системаның ресурстарын толық пайдалану жолын ұсынады. [2, 12б] 
Ажыратылған мәліметтер қорына байланыс орнату 
Алдыңғы  технологиялардың  жұмыс  барысы,  мәліметтер  қоры  мен  тікелей,  үздіксіз  байланыстың  болуын 
қажет  еткен.  Дәл  осындай  модельдегі  қосымшалар  мәліметтер  қоры  мен  байланыс  орнатып,  мәліметтер  мен 
жұмысын  бітіргенде  ғана  барып,  байланыс  үзілетін. Қосымша жұмысының  қиындығы, сонымен  қатар  мәліметтер 

228
 
 
қоры мен жұмыс жасайтын клиенттер санының өсуіне байланысты, жұмыс жүргізілуінің тиімсіздігі пайда болады. 
Олар: 

Мәліметтер қоры мен бірнеше клиент үздіксіз байланыста болып отырса, система жұмысы нашарлайды, 
яғни өнімділігі төмендейді. 

Қосымша  жұмысы  кезінде,  мәліметтер  қорымен  үздіксіз  байланыста  болатын  болса,  көп  клиентпен 
жұмыс  жасай  алмайды.  Мұндай  қосымша  екі  клиентпен  жақсы  жұмыс  жасайды.  Он  клиентпен  қиналып    жұмыс 
жасаса, жүз клиентпен жұмыс жасай алмайтындығы сөзсіз. 
ADO.NET    те  мұндай  проблеммаларды,  ажыратылған  мәліметтер  қорымен  баланыс  орнату  моделі  арқылы 
шешілген.  Мұндай  модельде  мәліметтер  қорымен  байланыс  қажетті  кезде  қосылады.  Мысалы,  қосымшаға 
мәліметтер қорынан деректер қажет болған жағдай да ғана байланысады, яғни мәліметтер қорынан мәліметтерді 
жүктегенде,  осыдан  соң  байланыс  ажыратылады.  Сонымен  бірге  жаңа  мәліметтерді  UPDATE  командасымен, 
мәліметтер  қорына  енгізгенде  де  байланыс  орнатылады,  тиісінше  осыдан  кейін  байланыс  ажырайды.  ADO.NET   
технологиясы байланысты барынша аз уақыт ішіне орнатып, системаның ресурстарын барынша экономды, тиімді 
пайдалануға арналған.  
ADO.NET  мәліметтер қорының архитектурасы 
ADO.NET   мәліметтер қорына байланыс орнатуда негізгі екі компонентті пайдаланады.  Олар: мәліметтер 
жиыны (
DataSet
 обьектісі), яғни мәліметтер локальді компьютерде сақталады және сонымен бірге мәліметтердің 
провайдері (
Data Provider
), программа мен мәліметтер қоры арасындағы байланыс орнатушы қызметін атқарады. 
DataSet обьектісі 
DataSet  обьектісі  –  бұл  мәліметтер  көзінен  бөлек,  компьютер жадындағы  мәліметтер.  Сонымен  қатар  бұл 
обьектіні  мәліметтер  қорының  локальді  көшірмесі  ретінде  қарауға  болады.  DataSet  мәліметтеріне  кез  келген 
мәліметтер көзінен деректерді құюға болады, мысалы SQL Server мәліметтер қорынан, Microsoft Access және XML-
файлдарынан  алуға болады.  DataSet жады  да  сақталады  және ол  мәліметтер  қорынан тәуелсіз  басқаруды  және 
жаңартулар  жүргізуге  құзыреті  бар.  Қажетінде  сервердегі  мәліметтер  қорын  жаңартуға  шаблон  ретінде  бола 
алады. [3, 336б] 
  Сонымен  қатар  DataSet  құрамында  Extended  Properties  жиыны  да  бар.  Мұнда  DataSet  тің  қосымша 
мәліметтері сақталады. [2, 30б] 
Мәліметтердің провайдері 
Мәліметтер  қорымен  байланысты  орнату  және  оны  ұйымдастырумәліметтердің  провайдері  (Data  Provider) 
арқылы жүзеге асады. Шындығында провайдерлер – бұл мәліметтерге тиімді де, өнімді, байланысты қамтамасыз 
ететін,  бір–бірімен  байланысқан  компоненттер  жиыны.  Қазіргі  таңда  .NET  Framework  екі  провайдермен  жұмыс 
жасайды. Олардың бірі SQL Server 7.0 және одан да жоғарғы версияларымен жұмыс жасауға арналған  SQL Server 
.NET Data Provider және өзге де типтік мәліметтер қорымен байланысу үшін OleDb .NET Data Provider. Кез–келген 
мәліметтер провайдері әмбебап компоненттер класының жақын нұсқаларынан тұрады: 
 
Connection — мәліметтер қорына қосылуды ұйымдастырады. 
 
Command  —  мәліметтер  көзін  басқару  үшін  қолданылады;  мәліметтерге  қайта  өңдеу  жасауға  келмейтін 
командаларды  орындайды.  Мысалы  INSERT,  UPDATE  және  DELETE  командалары  немесе  басқа  командалар, 
қалпына келтіруші обьекті DataReader (мысалы SELECT сияқты); 
 
DataReader —мәліметтер қорымен қосылған кезінде, бір бағытта жазбалар жиынын оқуға арналған. 
 
DataAdapter  —  ажыратылған  DataSet  немесе  DataTable  обьектіслерін  толтырады  және  олардың 
мазмұндарын жаңартады. 
ADO.NET те мәліметтермен байланыс былайша жүргізіледі: Connection обьектісі арқылы қосымша мен мәліметтер 
қоры  арасында  байланыс  орнатылады,  яғни  тікелей  Command  жәнеDataAdapter  обьектілері  қол  жеткізе 
алатындай.  Command  обьектісі  мәліметтер  қорына  тікелей  командаларын  орындата  алады.  Егер  де  орындалған 
команда бірнеше жауаптар қайтаратын болса,  онда Command, DataReader обьектісі арқылы байланысты ашады. 
Алынылған нәтижеге қосымша кодтарын пайдалана отырып, тікелей өңдеулерді жүргізуге болады немесе DataSet 
обьектісі  арқылы,  яғни  оны  DataAdapter  обьектісі  көмегімен  толтырады.  Сонымен  бірге  мәліметтер  қорын 
Command немесе DataReader обьектілері арқылы жаңарта алады. 
Connection обьектісі
 
Connection  обьектісі  мәліметтер  қорымен  байланысты  ұсынады.  Visual  Studio  .NET  Connection  нің  екі 
класымен жұмыс жасайды. Олар:  SQL Server 7.0 және одан да жоғарғы версияларымен жұмыс жасауға арналған  
SQLConnection  және  өзге  де  типтік  мәліметтер  қорымен  байланысу  үшін  OleDbConnection.  Мәліметтер  қорымен 
байланысты  орнатуға  қажетті  ақпараттар  Connection  обьектісінің  ConnectionSiring  қасиетінде  сақталады.  Бұл 
обьекті транзакция қолданылған мәліметтерге өңдеу жүргізе алатын бірнеше әдістерді қолдайды.  
Command обьектісі 
Command обьектісі де екі класпен ұсынылады, SqlCommand және OleDbCommand. Ол арадағы байланысты 
пайдалана  отырып  мәліметтер  алмасып,  мәліметтер  қорына  командалар  жүргізе  алады.  Command  обьектісі 
көмегімен  сақтаулы  процедураларды,  SQL  командаларын,  бүтін  кестелерді  қайтаратын  операторларды  жасауға 
болады. Command обьектісі үш әдісті қолдайды, олар: 

ExecuteNonQuery. Мәліметтерге қайта өңдеу жасауға келмейтін командаларды орындайды. Мысалы INSERT, 
UPDATE және DELETE; 

Execute Scalar. Жалғыз мағынаны қайтаратын, мәліметтер қорына сұранысты орындайды. 

Execute Reader. DataReader обьектісі арқылы нәтижелі жиынды қайтарады. 
DataReader обьектісі 

229
 
 
DataReader обьектісі мәліметтер қоры жиынының лектерін ұсынады, ол бір бағытта ғана оқиды. Мәліметтер 
провайдерінің  басқа  да  компоненттерінен  өзгешелігі,  тікелей  DataReader  экземплярын  құруына  рұқсат  етпейді, 
оны  Command  обьектісінің  Execute  Reader  әдісінің  көмегімен  алуға  болады.  SqlCommand.ЕхесuteReader  әдісі 
SqlData  Reader  обьектісін  қайтарады,  ал  OleDbCommand  әдісі  OleDbDataReader  обьектісін  қайтарады.  Егер 
DataReader  обьектісінің  мазмұнын  дискіге  жазу  қажет  болмаса,  мәліметтері  бар  жолдарды  тікелей  қосымшаға 
беруге  болады.  Кез  келген  уақытта  жады  да  бір  ғана  жол  болғандықтан,  DataReader  обьектісін  қолдану 
системаның  өнімділігін  еш  азайытпайды.  Бірақ  DataReader  обьектісінің  өмір  сүріп  тұрған  шағында  Connection 
обьектісіне көп салалы рұқсатты байланыс қажет. [1, 20б] 
DataAdapter обьектісі 
DataAdapter – бұл ажыратылған мәліметтер қорына байланыс орнататын, ADO.NET тегі негізгі класс. Негізігі 
мағынасын  алатын  болсақ  ол  мәліметтер  қоры  және  DataSet  араларын  байланыстырушы  қызметін  атқарады. 
DataAdapter  обьектісінің  Fill  әдісін  шақырғанда,  мәліметтер  қорынан  алынған  мәліметтермен  Data  Table  немесе 
DataSet ті толтырады. Жадыға жүктелінген мәліметтерді өңдеп болған соң, DataAdapter обьектісінің Update әдісін 
шақыру  арқылы,  дайын  болған  жазбаны  мәліметтер  қорына  енгізуге  болады.  Мәліметтер  қоры  команадаларын 
анықтайтын, DataAdapter дің төрт қасиеті бар: 
 
Select  Command.  Мәліметтер  қорынан  мәліметтерді  алатын  текст  немесе  командалардан  құралады.  Fill 
әдісін шақырғанда Data Table немесе DataSet ті толтырады және орындайды. 
 
Insert Command. Кесте жолына қоюға арналған, текст немесе командадан тұрады. 
 
 DeleteCommand. Кестеден жолдарды өшіретін, текст немесе командадан тұрады. 
 
UpdateCommand. Мәліметтер қорын жаңартатын, текст немесе командадан тұрады. 
Update командасын орындағанда барлық өңдеу жүргізілген мәліметтерді DataSet тен мәліметтер қорына көшіреді. 
Орындау  барысында  InsertCommand,  DeleteCommand  немесе  UpdateCommand  командалары  сәйкесінше 
орындалады. [1, 25б] 
Мәліметтер қорына байланыс 
Visual  Studio .NET  құрамында  көптеген  мастерлер  мен  дизайнерлер  бар.  Байланыс  архитектурасын  жасау 
кезінде  жылдам  әрі  тиімді  етуге  көмектеседі.  Кодтарды  жазуға  аз  ғана  күш  жұмсап,  қосымша  мен  мәліметтер 
арасын мықты байланыспен қамтамасыз етеді. 
Мәліметтер қорына қосылу 
Қосымшадан мәліметтер қорына қосылудың бірнеше жолы бар. Ең қарапайымы бұл жасалыну барысында 
Visual Studio .NET тің графикалық құралдарының көмегімен жасау болып табылады. 
Жоғарыдағы  байланысқа  Server  Explorer  терезесі  арқылы  басқарылу  жүргізіледі.  IDE  терезесінің  сол  жақ 
шекарасында  орналасады  және  Toolbox  панелімен  көршілес  болып  келеді.  Егер  IDE  терезесінде  Toolbox  панелі 
болса, онда оның астыңғы бөлігінде орналасқан Server Explorer ярлыгын шертіңіз, аттас терезені ашу үшін.  
Деректермен  байланыс  Server  Explorer  терезесінде  сол  күйіндегі  Data  Connections  байланысы  арқылы 
көрсетілген. Проектке байланыс қосу қажет болса, Server Explorer терезесінен Data Connections байланысын алып 
дизайнерлік  форма  терезесіне  апарып  қойса  болғаны.  Сонымен  бірге  керекті  мәліметтер  қорына  байланысу 
үшін,SqlConnection немесе OleDbConnection жаңа обьектісі құрылады. 
Data Link Properties терезесі мәліметтер қорымен байланысты баптауға арналған графикалық интерфейстен 
тұрады. Providers бөлімінде мәліметтер қоры мен байланысуға арналған провайдерді таңдауға блады. Connection 
бөлімінде  байланыстың  қасиеттерін  баптауға,  ал  Advanced  бөлімінде  міндетті  емес  қосымша  қасиеттерді  беруге 
болады. All бөлімінде барлық әдістерді қарауға, баптауға болады. Жаңадан қосылуды реттеп болсаңыз, Data Link 
Properties терезесін жабу үшін, ОК батырмасын шертіңіз. Server Explorer терезесінде жаңа байланыс пайда болады 
және осыдан оны дизайнер терезесіне қоя салуға болады. 
Мәліметтерге басқару жүргізетін командалар 
Command  обьектісінде  мәліметтер қорының  сақтаулы  процедураларына  немесе  Sql операторларына  сілтеме  бар 
және активті байланысты пайдалана отырып, бұл операторды мәліметтер көзінде де жасай алады. Сонымен қатар 
Command  обьектісінде  активті  байланысқа  сілтеме,  командалар  тексттері  және  олардың  параметрлері  туралы 
барлық деректер бар. 
Command  класының  екі  нұсқасын ұсыну  өзге  мәліметтер  провайдерлерінің  компоненттер кластарына тән. 
Бірінші OleDbCommand көптеген өзге мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған, ал SqlCommand тек қана SQL 
Server 7.0 және одан да жоғарғы нұсқаларымен жұмыс жасауға арналған. 
Command  класына  активті  байланыс  болса  жеткілікті,  DataAdapter  обьектісімен  біріккен  әрекеттер  керек 
емес.  Бұған  себеп  ретінде  Command  обьектісі  түрлі  мәліметтер  қорымен  тез  әрі  тиімді  қызмет  етеді.  Оның 
мүмкіндіктері: 
 
Мәліметтерге  қайта өңдеу жасауға келмейтін  командаларды  орындайды. Мысалы  INSERT,  UPDATE  және 
DELETE; 
 
Жалғыз шешімді қайтаратын командаларды орындай алады; 
 
Тілдер командаларын орындай алады Database Definition Language (DDL); 
 
DalaSet обьектісін қайтаратын, DataAdapter обьектісімен жұмыс жасай алады; 
 
DataReader  обьектісінің  экземпляры  арқылы  нәтижелі  жиынды  қайтарады.  Бұл  байланысқа  қосылудың 
өте жылдам әдісі. Егер деректер оқылуға ғана қажет болса өте тиімді; 
 
Нәтижелі жиынды XML легі ретінде қайтарады. Мұндай мүмкіндікті SqlCommand класы ғана қолдайды; 
 
Бірнеше  кесте  негізінде  жасалынған  немесе  бірнеше  операторлар  мен  жұмыс  кезінде  нәтижелі жиынды 
қайтара алады. 

230
 
 
Командаларды құру және баптау  
Деректерді басқару командасын құрудың үш әдісі бар: 
 
Server Explorer терезесінен дизайнер терезесіне сақтаулы процедураларды сүйреп қою. 
 
Toolbox  панеліндегі  Data  бөлімінде  орналасқан,  сәйкес  SqlCommand  (немесе  OleDbCommand)обьектісін 
дизайнер терезесіне сүйреп қою. 
 
Сәйкес Connection обьектісінің экземплярын шақырып және жасау. 
Бірінші әдіс ең қарапайым жолы. Ол кез-келген мәліметтер қорының сақтаулы процедуралар негізінде Command 
обьектісін  автоматты  түрде  құра  алады.  Дизайнер  терезесіне  сүйреп  қойған  кезде  Command  обьектісінің сәйкес 
түрі пайда болады. Жаңа обьектінің командасы сақтаулы процедураға сілтеме жасайды. Кез-келген уақытта артық 
баптамалар жасаусыз оны шақыра алады.  
Command  обьектісін  құрып  болған  соң,  Connection,  CommandType  және  CommandText  қасиеттерін 
қондырылғаннан кейін конфигурациялау керек.  
CommandType  қасиеті  CommandText  қасиетіндегі  команда  типін  анықтайды.  Ол  төмендегі  жағдайдың 
біреуін қабылдауы мүмкін: 
Text-CommandText  қасиетінің  мағынасын  Sql  командаларының  текстіндей  етеді.  Қасиет  құрамында  нүктемен 
немесе үтірлермен аралары ажыратылған Sql дің бір немесе бірнеше операторлары болуы тиіс. Соңғы жағдайда 
Sql операторлары кезекпенен орындалады: 
 
StoredProcedure  —  бұл  жағдайда  CommandText  қасиетінде  сақтаулы  процедураның  атын  көрсету  керек. 
Бұл команда шақырылғанда процедура орындалады. 
 
TableDirect  —  бұл  жаңдайда  CommandText  қасиетінде  бір  немесе  бірнеше  кестелердің  аты  болуы  тиіс. 
Осы  команда  орындалғанда              CommandText  қасиетіндегі  барлық  кестелердің  бағандары  мен  жолдары 
шақырылады. 
Connection қасиетін активті байланыс типімен сәйкестендіріп байланыстыру керек: SqlCommand обьектісіне 
SqlConnection  обьектісі  негізіндегі  байланыс  қжет  етіледі,ал  OleDbCommand  —OleDbConnection  негізіндегі 
байланыс қажет етіледі. 
Командалардың орындалуы 
Екі Command обьектісі командаларды орындай алатын, үш әдісті қолдайды: 
 
ExecuteNonQuery 
 
ExecuteScalar 
 
ExecuteReader 
SqlCommand  классы қосымша  ExecuteXml  Reader  әдісін  қолдайды.  Бұл әдістер Command обьектісімен ұсынылған 
командаларды  мәліметтер  қорында  орындайды.  Олар  қайтарған  жауаптары  арқылы  бір  бірінен  өзгешеленеді. 
Execute Non Query әдісі ең қарапайымы, ол ешқандай жауапты қайтармайды. Бұл әдіс негізінде Sql командаларын 
және  сақтаулы  процедураларды  шақыру  үшін  қолданылады.  Мысалы  INSERT,  UPDATE  немесе  DELETE  сияқты. 
Сонымен қатар бұл әдісті шақыру, ADO.NET те DDL командаларын орындаудың жалғыз амалы болып табылады. 
Мысалы CREATE немесе ALTER. ExecuteScalar әдісі команда да берілген бірінші жолдың, бірінші өрісін қайтарады. 
ExecuteReader  өзгермейтін  DataReader  обьектісін  қайтарады.  Мәліметтер  қорындағы  деректерді  басқару  керек 
болса немесе реттеу жүргізу керек болса, онда бұл мәліметтерді алу амалы ең тез әрі ең тиімді болып табылады. 
SqlCommand  класында  нәтижелерді  Xml  форматта  қайтаратын  қосымша  ExecuteXml  Reader  әдісі;  нәтижелер  тек 
қана өзгермейтін Xml Reader обьектісі ретінде қайтарады. 
Параметрлер  
Деректерге  амалдар  қолданатын  командалар  параметрмен  шақырылады,  командалардың  кейбір 
элементтері  жасалу  барысында  ғана  барып  белгілі  болады.  Кітаптар  дүкеніндегі  тауарларды  тіркейтін  қосымша 
қызметін  қарастырайық.  Мұнда  кітаптарды  атымен  іздестіру  қызметін  қарастыру  керек.  Sql  операторлары 
көмегімен жүргізіледі: 
SELECT * FROM Books WHERE (Title LIKE [value]) 
Шыныменде  тұтынушыға  кітаптарды  атымен  іздестіру  қажет  етіледі.  Тұтынушының  қандай  кітаптарды  іздейтіні 
алдын ала белгісіз, кейбір Sql операторының механизмдері дер кезінде қойылады. [1, 70б] 
Параметрлер—бұл ұйымдастыру өрісі, жасалыну барысында командалар құрамына текст ретінде енгізілген. 
Әрбір  параметр  кластардың  экземпляры  ретінде  көрсетілген,  провайдерлер  типіне  байланысты  олар 
OleDbParameter  немесе  SqlParameter  болып  бөлінеді.  Параметрлер  Command  обьектісінде  Parameters  қасиетінде 
сақтаулы  болады.  Параметрлердің  орындалуы  барысында  осы  қасиеттен  оқылады  және  Sql  операторларына 
осыдан қойылады, алайда сақтаулы процедураға беріледі.   
Command  обьектісі  Parameters  жиындарын  қолдайды.  Мұнда  сәйкес  Parameters  обьектілері  сақтаулы 
болады. Төменде Parameters обьектісінің кей қасиеттері көрсетілген 
 
DbType (дизайнер терезесінде көрінбейді) 
 
Direction 
 
OleDb Type (тек қанаOleDb Parameters обьектісіне) 
 
ParameterName 
 
Precision 
 
Scale 
 
Size 
 
SourceCoiumn 
 
Source Version 

231
 
 
 
SQL Type (тек қана SQLParameters) 
 
Value 
OleDb  Parameters  обьектісінің  DbType  және  OleDb  Type  қасиеттері  байланысты  болып  келеді.  Біріншісі 
параметр  типін  жалпы  системалар  типінде  (CTS)  қалай  көрсетілген,  солай  көрсетеді,  ал  екіншісі  мәліметтер 
қорындағыдай  етіп  көрсетеді;  бұл  жағдай  мәліметтер  қорының  барлығы  CTS  пен  сәйкес  бола  бермейтіндігіне 
есептелген.  Parameters  обьектісі  қосымшада  қолданатын  типтерден  параметрлерді  өңдейді,  яғни  ол  тип 
мәліметтер қорында қолданылады. Бұл қасиеттер бір бірімен байланысты болғандықтан, бір мағынадан екіншісіне 
ауысқан  жағдайда,  автоматты  түрде  ауысады  және  қолдаушы  типке  қарап  өзгереді.  SqlParameter  объектісінің 
DbType  жәнеSqlType  қасиеттері  байланысты.  SqlType  қасиеті  осы  ұсынылған  параметрмен  Sql  дегі  мәліметтер 
қорының типіне бағыттайды. 
Direction қасиеті параметрлердің кіретін немесе шығатын екендігін анықтайды. Бұл қасиеттердің мәні Input, 
Output,InputOutput  немесе  ReturnValue  сәйкес  болуы  мүмкін.  Қайта  қайтаратын  сақтаулы  процедура  немесе 
функциялардың параметрлері сақталуы керек па соны көрсетеді. 
ParameterName қасиеті бойынша Parameters жиынының мүшесіне кодтағы индекс пен немесе аты бойынша 
бағытталады. Төменде мәндерді қондырудың екі амалы көрсетілген. 
//Бұл команда параметрдің мәнін индексіне қарап қояды. 
DleDbCommand1.Parameters[0].Value = "Hello World"; 
// бұл жол параметрдің мәнін оның атына қарап қояды. 
OleObCommand1.Parameters["myParameter"].Value- "Goodbye for now"; 
Precision,  Scale  және  Size  қасиеттері  параметрлердің  ұзындығын  және  нақтылығын  анықтайды.  Precision 
және  Scale  сандық  және  ондық  параметрлермен  қолданылады  және  разрядтылығын  анықтайды  және  Value 
қасиетінің  бөлінді  мәнінің  ұзындығында,  ал  Size  екілік  және  жолдық  параметрлерде  қолданады  және  осындай 
өрістің максималды ұзындығын көрсетеді. 
Source  Column  және  SourceVersion  қасиеттері  DataTable  обьектісіне  қатысты  өрістерде  параметрлермен 
қолданылады. SourceColumn іздеуші өрісті көрсетеді немесе мағынасына қарай , ал SourceVersion өңделген өрістің 
нұсқасын көрсетеді. 
Value қасиеті құрамында параметр мәні бар. 
Command обьектісінің көмегімен мәндерді қайтармайтын командалар жиыннын жасау 
Мұндай командалар жиынына INSERT, UPDATE және DELETE, сонымен қатар  DDL, CREATE TABLE және ALTER. 
1. 
Сақтаулы  процедураларды  жасау  үшін  CommandType  қасиетіне  Stored  Procedure  қондырылады,  ал  Sql 
операторы үшін Text. 
2. 
CommandText қасиетіне сақтаулы процедураның атын енгізу немесе SQL операторында да дәл солай. 
3. 
Керекті параметрлерді жариялап және сәйкес мәнді енгізу керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет