ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
деп авторлар да айтқан емес, біз де олай дей алмаймыз. Сондықтан да қазақ баспасөзі
жайлы еңбектерде қарастырылмай қалған кей бір мəселелер хақында сөз қозғауды
орынды көрдік.
Қазақ баспасөзінің тарихы дегенде тұңғыш кітап қашан шықты, қайда шықты
деген сауалдар туады. Бұған үзілді-кесілді жауап беру қиын, дегенмен əзірге қолда
бар деректерге сүйенсек, “Иғланаме Қырғыз халқына” деген кітапты тұңғыш деп
атар едік. Бұл кітаптың шығуы туралы қысқаша мəлімет былай: кітап 1831 жылы
Қазан Университетінің баспасында жарық көрді. Бұл жылдары қазақ сахарасында
оба ауруының дендеп, кісі өлімінің көбейіп бара жатқан кезі еді. Осы індетке қарсы
қолданылатын шараның бірі – аурудың зардабын түсіндіріп, одан сақтандыру, емдеу
шараларын көрсету болды. Оны, əрине, əр үйге, əр ауылға барып лекция оқу арқылы
жүзеге асыру қиын еді. Сондықтан Орынбор округінің генерал-губернаторы Сухте-
лин баспасөз арқылы таратуды жөн деп тауып, сол кездегі мұсылман баспасының
орталығы болған Қазан баспаханаларына заказ берген. Арап харіпімен басылған
осы кітаптын бір данасы күні бүгінге дейін Татар АССР-ның Мемлекеттік Орталық
архивінде сақтаулы тұр (ЦА ТАССР, фонд, 92, оп, 1. 3530).
Қазақ өлкесін басқарудың, сұлтандары мен қазақша хат-хабар алмасудың
қиындығы Сухтелинді араб харіпін алдырып, Орынборда əскери баспахананың ішінен
бөлімше ашуга мəжбүр еткен. Сүйтіп Москваның Лазарев институтынан салмағы 13
пуд, 26 фунт араб шрифті əкелінген. Əріп теруші болып Неплюев əскери училищесінің
курсанты сол училищенің оқытушысы бірнеше шығыс тілдерінде оқулық жазған
ғалым Мірсалық Бекчуриннің баласы Мухамедкерем Бекчурин белгіленген.
Əскери баспахананың араб бөлімшесінің тырнақалды кітабы орыс, қазақ
тілдерінде шыққан “Орынбор жол бойы қазақтарының жергілікті жəне дистанциялық
бастықтарына нұсқау” атты кітап болған. Алайда бұдан кейін Орынбор баспа-
сы қазақ тілінде кітап шығармай, тек генерал-губернатордың жарлықтарын ғана
жариялап отырады да, кітап бастыруға Қазан баспасынан заказ береді. Мəселен,
Мірсалық Бекчуриннің “Араб, парсы, татар тілдерін Бұхарлықтар мен Башқұрт,
Қырғыз жəне Түркістан тұрғындарының, сондай-ақ орыс-парсы, татар сөздерін
пайдалану арқылы оқыту туралы əуелгі нұсқаша” аталған кітабының 1359 жылы
Қазан баспасынан шығу фактісінің өзі біздің əлгі ойымызды дəлелдесе керек.
Аталмыш кітапта қазақ текстері болғандықтан, жəне қазақ фольклорынан
көптеген материалдар енгендіктен, бұл кітапты да қазақ баспасөзінің тарихына
жатқызамыз. Орынбор шекара комиссиясының тілмəші Ильминскийдің орыс-
қырғыз бұратана мектебіне арналған “Самоучитель русской грамоты для киргиз”
оқулығы да Қазан баспасынан бірінші рет 1861 жылы, екінші рет 1874 жылы жарық
көрген. Осы автордың 1861-62 жылы Қазан университетінің ғылыми жазбаларын-
да, “Қырғыз тілін үйренушілерге көмекші материалы” жарияланып, кейін ол жеке
кітапша болып шығады. Ильминскийдің қазақ тілі мен əдебиетінің үлкен қамқоры
болғаны бұрыннан айтылып жүр. Сол шындықты біз мына фактіден де айқынырақ
көреміз. Ол 1862 жылы Қазан университетінің баспаханасынан қазақтың халық эпо-
сы “Ер Тарғынды” бастырып шығарады. Бұл эпосты Ильминский көзінің тірісінде
Қазанда өз қаржысына төрт рет бастырған (1871, 1876, 1879, 1883), ал ол қайтыс болған
соң “Ер Тарғынды” үш рет 1893, 1899, 1913 жылдары татар нашриатшысы Шамсуд-
дин Хусаинов қайта бастырған. Сонымен Семейдегі “Жəрдем” баспаханасы Таһир
Жомартбаевтың “Қыз көрелік” романын, ал Қазан баспасы Көлбай Тоғысовтың үш
бөлімді “Надандық құрбаны” пьесасын 3000 дана етіп 1915 жылы жариялады.
Қазақ тілінде кітап шығуының келесі бір пайдалы жағы деп қазақ əдебиетінің
татар жазушыларына, татар əдебиетіне еткен əсерін де айтпай кетуге болмайды.
Татар оқырмандарының қазақтың бай ауыз əдебиетімен таныс болуы, тіпті, татар
жазушыларының қазақ тақырыбына шығарма жазуы Қазан, Уфа басқаларында қазақ
кітаптарының шығарылуының арқасы дер едік. А. Тоқай, Ғ. Ибрагимов, Ш. Камал, Ф.
Амирханов, М. Ғафурилер қазақ əдебиетін насихаттап қана қойған жоқ. Олар əрі қазақ
тақырыбына қалам тербеген жазушы да болды. Татар əдебиетшілері жинаған кейбір
əдеби шығармалар қазірдің өзінде Қазан университетінің ғылыми кітапханасында
287
сақтаулы тұр. Татар əдебиетшілері жинаған ауыз əдебиеті материалдарының ішінде
бірен-саран кітап болып шыққандары да бар. Айталық, ұзақ жылдар бойы Омбы
уезінде қазақтар арасында болған татар əдебиетшісі Хамидулла Садуақасов 1915
жылы “Халық мұңы қазақ тілінде” атты жинақ бастырып, оған халық ақындарының
шығармаларын топтаған. З. Каримов Мақыш Далтаевпен бірігіп фольклорлық
нұсқаларды “Қазақша айна” (1913) деген атпен жариялатқан. Нақ осы кітаппен
мазмұндас “Кітапха-и жұрнағи яхуд шиерлар мажмуғаси” (1910) аталған жинақты
Бекмухаммед Хусаинов, “Қазақ өлеңдері” кітабын Мухаммед Бекметов жариялатқан
болатын. Бұл аталғандармен қатар татар тіліне аударылған жинақтардан Гильман
Саттаров жинап бастырған “Қазақ шиерлари” (1909), Мақыш Қалтаевтың “Қазақ ах-
валенан” (1907), Заріф Ақсақидің “Бұлбұл құсын” (1910, 1911) атау лазым.
Қазан баспаларынан өмірге жолдама алған кітаптар баршылық. Соның көбі
дерлік сақталған. Алайда сақталмай қалған бір кітапты да атай кету жөн. Ол – та-
тар нашриятшысы Ш. Хусаинов шығартқан “Васыят нама” (Қазан, Коковин баспа-
ханасы). Патша əкімшіліктері қазақ халқына тізесін батырды деген сарын бар деп
“айып” тағып бұл кітапты цензура басып тастаған” (Ц.ГИАЛ. фонд 777. Оп.27. д.
312. лл. 2-5). Жүсіп Көбеевтің “Бірлікте көп жасаған бір ғанибет” (1907) атты өлеңдер
жинағы да “Васыят Наменің” кебін киіп авторына үкім жариялаған болатын. Бірақ
қуаныштысы сол, Кубеевтің мекені белгісіз болып үкім орындалмай қалған-ды.
Жұмағазы Темірəлиевтің өлеңдер жинағы, “Өз пікірім бұл яки ішкі ордалықтардың
қазіргі замандағы жағдайымыз” атты (1912) кітабында орыс “Қырғыз жерін басып
алды” деп “жала” жабылып “орыстарға діни де, экономикалық та тұрғыдан қарсы”
үгіттеді деген “кінə” қойылған.
Əрине, мұндай “кедергілер” кітап шығару ісін тежей алған жоқ. Низамеддин
Сағадов, Сəдуақас Сейфуллин, Мұхамади Садық Еңсеұлы, Арғынбай Ысқақи, Бай-
батыр Ержанов жəне басқалардың шығармалары көптеп шығарылып жатты. Бір
ескертетін мəселе – біз тек көркем əдеби кітаптар туралы деректер келтірдік. Ал
тарих, тіл, есеп сабағы жəне басқа салалардан шыққан кітаптардан Қазан архивтері
мен кітап қоймаларында жатқан дүниелер өз алдына бір төбе” [5].
Міне, жоғарыдағы мақалада татар кітаптанушысы Əбрар Каримуллин қазақ
кітабы 1831 жылы жарық көрді дейді. Ал қазақ кітаптанушыларының зерттеуі
бойынша: 1807 жылы жарыққа шыққан 115-беттiк шағатай тiлiнде жазылған
“Сейфүлмəлiк”. Оған қазақ кiтабының тариxын зерттеушi Ш. Елеукеновтің мына
жазбалары дəлел: “қазiр бiзге мəлiм алғашқы қазақ баспа кiтаптары “Сейфiл-
Мəлiк” қиссасы (1807), тағы да басқа фольклорлық шығармалар”. Негiзi, қазақтың
алғашқы кiтабы мынау едi деп дəл айту үшiн ұзақ зерттеу жұмысы қажет. Ал қазақ
кiтабының тариxын зерттеудi алғаш қолға алған Ш. Жиреншин қазан төңкерiсiне
дейiн қазақ тiлiнде мыңға жуық кiтап шыққанын, қазақ баспасөзiнiң тұңғышы
“Түркiстан уəлаятының газетi” 1870 жылы шықса, қазақ тiлiндегi алғаш кiтаптар
XIX ғасырдың басында бой көрсете бастады [6] деген мəлімет айтады.
Қазіргі кезде көнеден бастау алған отандық кітап мəселесін көтеретін, жоғын
түгендейтін, насихаттайтын ірі мəдени жəне ғылыми орталықтар ашылса, онда қазақ
кітаптарының жан-жақты дамуына жол ашық болары сөзсіз. ХХІ ғасырда да кітап -
əлемнің əміршісі болмақ. Адамзат кітап арқылы ғана бақытқа жетпек. Сондықтан қазақ
кітаптарының мəдени маңызын көтеруде зерделі ғылыми зерттеулер аса қажет-ақ.
1. ʈ˛ʴˠʲˑʴʺ˕ʹˆˑʲ ʋ., ʈʺˇ˟˙ˏˏˆˑʲ ɮ. Қазақ кiтабының шежiресi. (1807–1917 ж). – Ал-
маты: Рауан, 1996.– 241 б.
2 kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_кітаптары
3. www.nlrk.kz/page.php?page_id=1037&lang=2
4. ɼʲ˕ˆː˙ˏˏˆˑ ɧ.ɫ. Книги и люди. – Казань: Татарское книжное изд., 1985. – 304 с.
5. ɼʲ˕ˆː˙ˏˏˆˑ ʞ. Қазанда жатқан қазыналарыңыздан // Жұлдыз. – 1971. – №8. –146–149 бб.
6. ɳˆ˕ʺˑ˦ˆˑ ʞ.ʂ. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1971. – 172 б.
288
ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
ʘɧʄɩɧɯɪɧ ɧ˕ʲˇˏ˩ː ʃ˜˕ʹ˩ʸ˜ˏˌ˩˄˩
ʂˬʹʺˑˆʺ˘˘ʲˑ˙ ːʲːʲˑʹ˩ʸ˩ ʴ˓ˇ˩ˑ˦ʲ
ˬˏʺ˙ːʺ˘˘˲ˊ – ʶ˙ːʲˑˆ˘ʲ˕ˏ˩ˌ ˔ˬˑʹʺ˕ ːʲʶˆ˖˘˕˲
ɩʌɾɧʇɧʁʛɾ ɧɾʆɧʇɧʊ ɾʌʇɧʁɮɧʇʛ - ʣʇɼɯʃɸɯʊʊʧɼ ʣʁʘɯʂ
ʃɯɫʧɶʧ
Өркениет - əлі күнге дейін өз мəресіне жетпеген, илеуі қанбаған, бірақ
көптеген сан-саладағы оқымыстылардың қызығушылығын туғызып отырған
өзекті мəселелердің бірі. Өркениет тарихы сонау заманнан басталып, сабақтаса
қалыптасып келе жатыр. «Өркениет» ұғымы ғылыми айналымға XVIII ғасырда фран-
цуз ағартушыларының ықпалымен енді де, ақыл-ой мен əділеттілікке негізделген
қоғам мағынасын берді. Өркениеттің даму өзгерістерінің шапшаң көбеюі - қоғамдық
жəне жеке болмыс пен сана, əлеуметтік-экономикалық, рухани дамумен сипаттала-
ды. Өркениет - бүгінгі таңның өмір сүру формасы екені анық. Өркениеттік өлшем
негіздерінің бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. Идеологиялық негіз қандай елде
болсын ақпарат жүйесі арқылы жүзеге асады.
Қоғамның саяси сферасын модернизациялауда, саяси шешімдердің электоратқа
жеткізілуінде, азаматтардың бүгінгі өзгерістер талабына сəйкес саяси санасы мен
мəдениетін қалыптастыруға көмектесетін құрал – бұқаралық ақпарат құралдары.
Өркениеттілік бұқаралық ақпарат құралдарының дамуымен жəне бостандығымен
белгіленеді. Сондықтан елді демократияландыру үрдістері ақпараттық даму
үрдістеріне тікелей тəуелді бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның дамуында
жəне оның саяси институттар қатарында айрықша орны бар, атқаратын қызметі
жағынан ол саясатқа өте жақын, қоғамның даму бейнесін айнадағыдай көрсетіп от-
ыруды мақсат тұтады.
Қазіргі таңдағы қоғамдық, саяси – экономикалық ахуалдың адам факторынан,
рухани дамуымыздан аса қажетсініп отырған өзекті мəселелердің бірі – ұлттық иде-
ология. Ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыру – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі.
Оның көп факторлары бар. Бұл тұрғыда бұқаралық ақпарат құралдарының алатын
орны ерекше. Еліміздің Конституциясында: «Бұқаралық ақпарат құралдары əрбір
азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен
жəне ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті» [1] деп атап
көрсетілсе, Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы
заңында оның мерзімді баспасөз басылымы радио жəне теледидар бағдарламасы,
киноқұжаттама, дыбыс бейне жазбасы жəне бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе
үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны [2] болып табылатыны айқындалды.
Қазақстан Республикасы өз Тəуелсіздігін жариялаған сəттен бері бұқаралық
ақпарат құралдары қоғамдық пікір қалыптастырудың қуатты қаруына айналып келеді.
Ал, нақтылай айтсақ, ел егемендігі мен Тəуелсіздігі жолындағы саяси күресте, əсіресе,
қазақ басылымдарының тарихи рөлі ерекше. Осы мəселеге айрықша көңіл бөлген
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев: «Біздің бұқаралық ақпарат
құралдарының республика мүдделерін қорғай білуі, дүние жүзілік саяси аренада
өзінің ақпараттық кеңістігін құруды үйренулері қажет. Республикадан тыс жерлер-
де оқырманға жол табу керек, оның үстіне біздің өзіміздің сыртқы жəне ішкі саяси
қадамдарымызды айшықты көрсетер негіздер жеткілікті» [3] деп атап айтқаны белгілі.
Жетпіс жылдан астам уақыт бойына дара идеологияның құрсауында болған
халыққа жаңа тұрпатты мемлекет құрудың өзектілігі мен қажеттілігі турасында на-
сихат айту, иландыру жұмысын жүргізу айтуға ғана жеңіл болғанымен, іс жүзінде
оңай шаруа емес. Осынау тарихи миссияны атқару республикалық бұқаралық
ақпарат құралдарына жүктеледі. Оны жүзеге асыру үшін, оқырмандар аудито-
289
риясын еліктіру үшін саяси əдіс-тəсілдерді ұтқырлықпен қолдану қажеттігі сөзсіз.
Қоғамдық ой-сана үрдісінде əділ айтылып жүргендей, бұқаралық ақпарат құралдары
шын мəнінде «төртінші билік» тұтқасына айнала бастағаны жасырын емес. Себебі,
бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары «адамның санасына, қоғамның саяси
жүйесіне ықпал етудің аса күшті құралы» екені мəлім.
Бүгінгі таңда əлемдік ақпараттық кеңістіктің жаһандасуы мен ұлттық ақпараттық
кеңістіктің қауіпсіздігі күн тəртібіне ерекше қойылып отырған кезеңде, бұл, əрине,
мемлекеттік саясаттың өзекті мəселесі болып қалатыны сөзсіз. Осы мəселені шешу
жолында бұқаралық ақпарат құралдары нендей ізденістерге барады?
Осы мəселелердің бəрі жаңадан қалыптасып, орын жайып келе жатқан
ұлттық идеологияның жеке-жеке арналары. Дəуір талабына, уақыт рухына сай
жаңа тұрпатты идеологияны қазақтық патриотизмді қалыптастырудың жаңа
міндеттері белгіленері күмəнсіз. Олай болса, ақпарттық алмасудың мүмкіндіктері
мен ерекшеліктерін үйлестіріп отыру қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамның саяси жүйесіне əсері, оның
арақатынастары мəселелері, сондай-ақ, ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігі
тақырыптары əлемдік саясаттану мен əлеуметтанудың негізгі нысандарының біріне
айналып, ол бірқатар зерттеушілердің еңбектерінің өзегі болғаны белгілі. Сөйтіп,
қоғам дамуының терең мəнді өзгерістерін, ақпараттық үрдісін бейнелейтін, оның
ішкі мазмұнын ашатын жаңа концепциялар мен ғылыми тұжырымдар жасала ба-
стады. Осы ретте Д. Беллдің «Буырқанып құрсауланған қоғам əлеуметтік болжам
тəжірибесі», З. Бзежинскийдің «Ұлы шахмат тақтасы», М.Кастельстің «Ақпараттық
дəуір, экономика, қоғам жəне мəдениет», Э.Тоффлердің «Биліктің метаморфозасы»
деп аталатын еңбектері мəселелерді саясаттану тұрғысынан көтеруді ерекшеледі.
Бұл еңбектерде ақпараттық саясаттың саяси ғылымдағы алар орны айқындалып,
оның қоғамды жаңғыртудағы рөліне мəн беріледі. Электорат санасына əсер етудегі,
жалпы қоғамдық пікір қалыптастырудағы бұқаралық ақпарат құралдарының
атқарып отырған жұмысына, оның келешегіне барлау жасалынды. Ақпараттық
қоғам тұжырымдамасына сəйкес, Е. Масуд, Д. Белла жəне А. Тоффлер ақпарат
жəне ақпараттық жүйенің болашақтағы ролінің күшейетіндігін жəне мемлекеттік
биліктің сапалы ең маңызды саяси құралы екендігін анықтаған еді.
Сондай-ақ ақпараттық қоғамның тірегі жəне оның қозғаушы күші, онсыз
қоғамның пайда болуы да, дамуы да мүмкін емес.
Қазақстан - əлемдік өркениет дамуының құрамдас бір бөлігі болса, оның сая-
си өміріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының да алар орны ерекше екені мəлім.
Ақпараттану процесі барысында Қазақстан өзге елдер арасында əсіресе Орта Азия
мемлекеттерінің ішінде, олардағы халық саны біздегіден əлдеқайда артық болса да,
жетекші рөлді иеленіп келеді.
Ел президенті Н.Ə.Назарбаев ақпарат жəне ақпараттық дербестік туралы өз
еңбегінде былай деді: «Азаттыққа, Қазақстан аумағының тұтастығына, нақтылы
экономикалық, əскери, ақпараттық дербестікке қол жеткізу дегеніміз мейлінше
күрделі жəне ұзақ уақытқа созылатын, сондай-ақ ұлттың ерекше қажыр-қайратын
қажет ететін үрдіс екенін сезіну əрбір қазақ үшін əліппелік ақиқат».
Қоғамда қоғамның саяси, экономикалық жəне əлеуметтік саласын ақпаратпен
қамтамасыз етіп, дамытып отыратын бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық
қызметі.
Олай болса, ақпараттық қызмет дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
Ақпараттық қызметтің мəні неде? Бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық иде-
ологияны қалыптастыруда қандай орын алады? - деген мəселені шешу маңызды.
Көптеген зерттеушілер ақпараттық қызметке қоғамда қоғам мүшелері мен билік
290
ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
орындарына қажетті ақпараттар беріп, таратып отыратын адам баласының
қоғамдағы демократиялық процестер мен нарықтық экономикаға деген саяси ой-
пікірлерін дамытуға көмектесетін арнайы қызмет жүйесін жатқызады.
Ал қоғамда ақпарат берумен газет, радио, теледидар, журнал жəне сондай-ақ
ғылым мен əкімшілік қызметтері айналысады.
Сонымен қатар еліміздің қазіргі XXI ғасырға аяқ басқан ақпараттық даму
ғасырында ақпарат құралдарының түрі бұрынғыдан да күрделеніп, дами түсуде.
Ақпарат құралдарының қатары бұрынғы көпшілікке арналған анықтамалар
жəне кино, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері кабельді спутник бай-
ланыс, видеоүнтаспа, компьютер жəне оның түрлері мен Интернет жүйелері
арқылы толықты. Бүгінгі өркениетті елдердегі бұқаралық ақпарат құралдары сөз,
ой, шығармашылық бостандығы бойынша қалыптасқан түрлі саяси ой-пікірлер
ақпарат құралдарының түрлі нысандарында жария етілетін немесе таратылатын
қызметі заң арқылы реттелетін үздіксіз жария таратудың нысаны болып табылады.
Ал енді бұқаралық ақпарат құралдарының мəніне тоқталайық. Бұқаралық
ақпарат құралдары қазіргі өркениетті елдердің бəрінде де үлкен саяси күш болып
саналады. Яғни, елдің елдігін, тəуелсіздігін мемлекетіміздің мемлекеттік деңгейде
көтерілу бейнесін жəне оның даму жолдарын жəне оның нысанын анықтап, елін
біріктіретін мықты күш - ұлттық идеологиясын халыққа жариялап, реттеп отыра-
ды. Басқа елдер болса сол елдің саяси жəне экономикалық немесе басқа салалардағы
ерекшеліктерін, дамуын тек осы бұқаралық ақпарат құралдары ғана белгілеп
бағалай алады.
Ғаламдық ақпараттық жүйе өркениетті əлеуметтік өмірді бір-бірімен біріктіріп,
толықтырып, мемлекеттерді өзара байланыстырады.
Қазақстан Республикасы 1990 жылы 25 желтоқсандағы «Мемлекеттік егемендік» ту-
ралы декларациясында демократиялық жолды таңдап алғанын бүкіл əлемге паш етті.
Əлемде демократияның 500-ге жуық түрі бар десек, оның əлем елдерінің
көпшілігі мойындаған бірыңғай анықтамасы жоқ. Əр елдің тұрмыс-тіршілігіне, əдет-
ғұрпына, тарихи ерекшеліктеріне, салт-дəстүріне байланысты демократия сан түрлі
рең алады.
Ұлттық идеология – демократиясыз, демократия – ұлттық идеологиясыз
өмірге бейімделуі мүмкін емес, олар тіпті шиеленісте болғанымен де бір- бірімен
біте қайнасып жатады.
Бұқаралық ақпарат құралдары – демократиялық прцесстерді қалыптастыратын
бірден-бір күш. Ол қоғамның ауа-райын, қоғамдық пікірді де реттеп отырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында біз Тəуелсіздіктің он жеті жылы
ішінде қоғамдағы өз бағытымызды айқындап алдық. Тарихымызды білдік, тіліміз
дами бастады.
Қазақстан Республикасы өз даму жолында саяси-экономикалық өзгерістерді
бастан кешіргенін ескерсек, бұл бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс тапқаны
анық. Еліміз Тəуелсіздік алғаннан кейін, оның алдында да сан алуан қандай даму
жолын таңдаймыз деген заңды сауалдың тұрғаны белгілі. Осыны жете түсінген
мемлекетімізде егемендік тек жария етіліп қана қоймай, аз уақыт ішінде соған дəлел
боларлық біраз батыл, шешуші қадамдар жасалып, демократиялық тұрғыдағы
заңдар қабылданды («Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Тілдер тура-
лы», «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заңдар).
Сонымен қатар қазіргі кезеңде бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның руха-
ни өлшемі ғана емес, демократиялық қоғамның да маңызды саласы.
Демократияландыру үрдістерін ынталандыратын да, демократиялық ой-
жүйені қалыптастыратын да, демократия мəдениетіне тəрбиелейтін де бұқаралық
291
ақпарат құралдары. Демократия үрдістері - сөз бостандығы, пікір алуандығы,
көппартиялық, меншік қатынастары - демократиялық қоғамның ақпарат
құралдарындағы басты құндылықтары. Демократияның мəні қоғамның барлық
мүшелерінің тең құқылығы мен азаттығының сақталуы десек, онда демократияның
ажырағысыз бөлігі – сөз бостандығының қорғалуы осы азаттықтың шынайылығының
көрінісі шығар.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы демократиялық даму жолын анықтап,
əлемдік аренада өзіне лайықты орын алған дербес ел. Осы қиындығы мен қызығы мол
кезеңде, бір саяси құрылымнан екіншісіне өту жолында сан алуан қиыншылықтардың
болғаны белгілі. Бірақ біз ауызбіршілікке, татулыққа жетелейтін идеологиямыздың
арқасында шыға білдік. Біздің бағымызға қарай, басқалармен салыстырғанда
Егемендігімізді алып, қарқынды даму үстіндеміз. Мұны қазақ ұлты ғасырлар бойы
ата-баба арманы мен азаттық жолындағы көп жылғы күресінің өтеуі. Осылайша, ата
- тарихымыз, ана тіліміз, дініміз, діліміз қаз-қаз тұрып, «қазақ» деген атаудың бойына
қан жүгіріп, жан кірді. Осындай аз мерзім ішінде Қазақстан үшін, оның халқы үшін
аса маңызды да мағыналы оқиғаларды ой елегінен өткізіп, оқырмандарға жеткізуде,
дұрыс қоғамдық пікір туғызуда – бұқаралық ақпарат құралдары үлкен рол атқарады.
Егемендік жылдары жаңа саяси ахуалға, ашық нарықтық қатынастарға алып келді,
əрі дүниежүзілік экономикалық интеграцияға жол ашты. Соның нəтежиесінде сөз
бостандығы, іс-қимыл еркіндігі сияқты демократиялық ұғымдар берік орнығып,
оның заңды құқықтық негіздері қаланды [2].
Қазақстан қоғамының демократиялануы барысында қоғамда жариялыққа жол
ашылып, бұқаралық ақпарат құралдарының беделі өсіп, конституциялық тұрғыда
азаматтарға сөз бостандығы беріліп, цензураға тиым салынды. Сонымен қатар,
бұқаралық ақпарат құралдарының пікір алуандығы қалыптасты жəне оған байланы-
сты ашылмай жатқан жабық мəселелерді айту тəсілі пікір алуандығы нəтижесінде
өмірге ене бастады. Бір жағынан, бұл ашу тəсілі ретінде қоғамға енді. Сонымен қатар,
демократияның нəтижесінде бұқаралық ақпарат құралдары көбейіп, өз құқығын
пайдаланып, шерін тарқатам деушілерге өз ақпарат кеңістіктерін жарыса ұсынуда.
Қазақстан егемендігінің тұсында осындай түбегейлі өзгерістерге тұспа-тұс
келген болса, ал оның бұқаралық ақпарат құралдарынан көрініс таппауы, дамуына
ықпал етпеуі мүмкін емес.
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғам өмірінің айнасы десек, ал қазақ тілді
ақпарат құралдары қазақ ұлтының мүдделері мен өмірлік мəселелерін көтеріп
жүрген бірден-бір сала. Қазақ халқының мүддесін қорғау дегеніміз, ұлттар арасына
жік салу емес, керісінше, мемлекет атын иемденіп отырған этностың бай тарихын,
мəдениетін, тілін білу арқылы ұлттарды рухани байыту, халықтар достығын нығайту
болып табылады. Ал осы бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы
қаншалықты екендігі белгілі. Қазіргі қазақ баспасөзі ұлттық мəдениетті қорғауға,
ата салт - дəстүрімізді сақтауды уағыздауға, халық санасын оятып, мемлекеттің
болашағын, ұлт мүддесінің мəселелерін жан-жақты қорғауға, демократиялық
мəдениетті қалыптастыруға зор үлес қосып отырған ерекше күш. Яғни бұқаралық
ақпарат құралдары – ұлттық идеологияны елім, жұртым деген халқына тарататын
басты, əрі өте қажет құрал.
Мемлекетіміздің даму құрылымының өзгеруіне, қоғамымыздағы саяси
жəне əлеуметтік жағдайлардың күрделенуіне байланысты бұқаралық ақпарат
құралдарының мазмұны да өзгереді.
Демократияның басты құндылығы - демократиялық қоғам құру немесе
оны қалыптастыру. Демократиялық қоғамды құру, бұл, əрине, жаңа қоғамдық
құрылымдарды құрумен қатар адам санасын өзгерту немесе жаңа қоғамдық сана-
ны қалыптастыру болып табылады. Қоғамдық сананы қалыптастыру тек бұқаралық
292
Достарыңызбен бөлісу: |