|
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ векеХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
толығынан өз бетімен зерттеу жүргізу және ол жұмыстың бағалау мақсаттарына сәйкес
келетіндігін көрсету.
Тақырыпты таңдау түпкілікті маңызды.
Оқушы оқу процесінде
ө
здеріне аз оқытылған тақырыпты да таңдап алуға болады. Бірақ курстық жұмыстың
тақырыбын таңдап алу негізді болуы қажет. Тақырыпты таңдап алған кезде қандай да
болмасын проблемалық мәні туралы шамалы болса да түсінікті болып, жұмысында қандай
мәселені көрсететіндігін білуге тиіс. Әдебиеттерді пайдалану кезінде белгілі бір ретпен
жұмыс істеу ұсынылады. Оқулықтар мен оқу құралдарынан бастаған жөн. Содан соң
ғ
ылыми, аналитикалық, публицистикалық мақалаларға, ресми интернет ресурс
материалдарымен жұмысқа көшуге болады.
Курстық жұмысты жазудың кезеңдері (үлгі ретінде)
1. Проблеманы өзектендіру (проблеманы табу және болашақ жобаның бағытын белгілеу);
2. Зерттеу тақырыбын таңдау және саласын белгілеу (зерттеу шекараларын белгілеу);
3. Болжамды тұжырымдау (болжам немесе болжамдар жасау, сонымен қатар болуы мүмкін
емес, провокациялық идеялар да болуы мүмкін);
4. Зерттеу әдістемесін таңдау;
5. Ақпаратты жинау және өңдеу;
6. Зерттеуді жүргізу;
7. Алынған материалдарды талдау және қорыту (белгілі логикалық ережелер мен тәсілдерді
пайдалана отырып, алынған материалды құрылымдау);
8. Шешімдер. Есеп дайындау (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижелері
бойынша хабарлама дайындау және т.б.);
9. Көптің алдында таныстыру (құрбыларыңның, ересектердің алдында қорғау, сұрақтарға
жауап беру);
10. Аяқталған жұмысты талқылау. Рефлексия. [7].
Жоғарыда айтылғандарды жалпылама талдай келе, төмендегідей қорытындылар жасауға
болады:
1.Пән бойынша өзге ұлт өкілдерін қазақ тілінде жобалап оқыту әдісі арқылы үйретуде, ең
алдымен олардың танымдық қызығушылығын, тілге үйренуге деген ұмтылыс өз еркімен
болуы керек.
2. Жобалап оқыту әдісі арқылы білім алушының қазақша ресурстарды өз бетімен оқып, өз
ойын тыңдаушысына түсінікті етіп жеткізе білу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік
жасайды және оқушы алдына қойып отырған мәселенің шешімін тауып, оның нәтижесін
көруі үшін ізденеді, игерген теориялық білімінің маңыздылығын анықтайды. Бұл әдіс
оқушылардың әр түрлі жағдаяттарды шешудің әдіс-тәсілін игеруге мүмкіндік жасайды,
іскерлік қабілеттерін қалыптастырады.
3.Оқушының алған білімін тәжірибеде пайдаланады.
4.Зерттеу не шығармашылық бағыттағы мәні бар проблемаларды табуға үйрету.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
1. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы. www. akmo. gov. kz
2. Дьюи Джон. Общество и его проблемы. Перевод с англ.И. И. Мюрберг, А. Б. Толстова, Е.
Н. Косиловой. —М.: Идея-Пресс, 2002. — 160 с.
3. Frey, Karl Die Projektmetode. Text. / Weinheim (Beltz), 1993. - 89 s.
4. Полат Е.С., Бухаркина М.Ю., Моисеева М.В., Петров А.Е. Новые педагогические и
информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов пед.
вузов и системы повышен. квалифицир. пед. кадров. – М.: Академия, 2000. – № 4. – С. 7
5. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку //
Иностранные языки в школе. – 1991. – № 3. – С. 10
6. Олешков М.Ю. Современные образовательные технологии: учебное пособие. –– Нижний
Тагил: НТГСПА, 2011. – 115с
7.Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәні бойынша
курстық жұмысты жазу нұсқаулығы. «НазарбаевЗияткерлік мектептері» Дербес Білім Беру
Ұ
йымы Педагогикалық Өлшеулер Орталығы,Астана, 2015. б-3.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Туткишбаева Жаннур Кенбеиловна
№10 жалпы білім беретін орта мектеп,
бастауыш сынып мұғалімі,
Қ
арағанды қаласы, Қазақстан
Түйін
Ж.К.Туткишбаеваның «Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу»
атты мақаласы рухани адамгершілік мәселесіне назар аударады. Әрбір сабақ пен сыныптан
тыс іс-шаралар туралы тоқталады.
Аннотация
Статья Туткишбаевой Ж.К. «Воспитание духовности учащихся» посвящена
вопросам воспитания человечности, душевной доброты и гуманности на уроках и
внеклассных мероприятиях.
Адамгершілік тәрбиесі - адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі
мәселенің бірі. Сондықтан да адамгершілікке жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептің алатын
орны зор. Адамның адамгершілігі - оның жоғары қасиеті. «Адамгершілік» адамның
санасындағы, оның ішкі дүниесіндегі асыл қасиеттердің жиынтығы немесе биік шыңы. Адам
баласында адамгершілік қасиеті қараптан -қарап туындамайтын қасиет. Ол қасиет
отбасында, ортада, мектепте, айналадағы адамдармен қарым-қатынасында қоғамдық
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
тәрбиелермен қалыптасады. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген мақал бар.
Тәрбие болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін емес. Адамның адамгершілік қасиеттері
ең алдымен дұрыс амандаса білу,айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болу,өзара
сыйласу, қарапайымдылық, кішіпейілділік,салмақты да сабырлы болу,үлкенге ізетті, кішіге
қ
амқор болу жатады. Сондай-ақ өз қолыңнан келгенше көмегіңді аямау,біреудің жақсылығын
бағалау,оны қанағат тұту. Қазақта «Айналаңда досың көп болуы үшін жақсы бол,арың таза
болсын» деген сөз бар. Сондай-ақ «жамандық-жамандықпен аяқталады»,-дейді. Қай жерде
болса да біреуге жамандық жасасаң қашан да болса да өмірі алдыңнан шығады.
Адамгершілік қасиет қоғамның тарихына байланысты қалыптасып отырады.
Заман өзгеріп отырған сайын,адам да өзгереді.Бірақ әркім өскен ортасында адамгершілік
қ
асиетін берік ұстауы тиіс.
«Көргендінің қылығы,көңіл марқайтады»,-деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Әр бала өзін
мәдениетті ұстаса, өз ортамыздың көңілін марқайтады. Адамның бойындағы жақсы
қ
асиеттер оның істеген қылығынан,сөйлеген сөзінен көрінеді. Ең бастысы-адамгершілікті
бойға сіңіре білу. Осы мақсатта біздің С.Меңдешев атындағы жалпы білім беретін
мектепте «Өзгені сыйлау үшін,әуелі өзіңді сыйлай біл», «Әдеп жолы әріден басталады»деген
тақырыпта шығармашылық жұмыстар, «Көргендінің қылығы көңіл марқайтады» атты
анкеталық сұрақтар, «Имандылық-инабаттылық мұраты», «Тәрбиелі-тәртіптің құлы»
атты баяндамалар, «Сәлемдесе білесің бе?»,«Ар-абыройыңды жасыңнан сақта» т.с.с өнеге
сағаттар өткізу арқылы жас жеткіншек бойында адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға
баулудамыз.
Мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл
қ
асиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді. Адам бойындағы жақсы қасиеттер
рухтан туындайды, ал барлық жаман қасиеттер амалдың көрінісі. Адам денесі біреу
болғанымен оның ішінде қарама-қарсы,яғни жақсы мен жаман екі күш болады.Ол екеуі үнемі
күресте болады.Адамның жақсы не жаман болуының осыған байланысты екенін
Ш.Құдайбердиевтің мына бір өлеңі айқындай түседі.
«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нүр,
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап тұр.
Тағдырдың бір қиын,сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.»
Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын бәріміз білеміз. Бірақ
рухани адамгершілік адамның бойынан толық көріне бермейді. Сондықтан да,білім берудің
барлық кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге алған жөн. Сонда мінез-
құ
лқы жетілген, саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің:
жүректің,ақылдың,қолдың келісімі. Бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің ғана
айтқанын орындаса өмірден өз орнын таба алады деп сенемін. Мұндай тәрбие әуелі
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
отбасында, мектепте, оқу пәндерінде, тәрбиелік іс-шараларда,ойындарда қойылымдар
арқылы жүзеге асуы тиіс.
Осыдан келіп адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі күші мұғалімнің үлесіне тиеді.
Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыру нәтижесінде
баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі байи түседі.
«Адамға ең керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың қас жауы,
ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика
ғ
ылымының зерттейтін негізгі категориясының бірі - тәрбие. Тәрбие түрлі болады.
Адамгершілік тәрбиесі балаға жападан –жалғыз әсер етпейді. Барлық тәрбие біріге келіп,
адамгершілік сапаларын және адамзат құндылығын арттырады.
Төменгі сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы міндеттердің бірі оған
адамгершілік туралы ұғымдар, түсініктер байыту болып табылады. Мұғалім балаларға
сыныптан тыс оқуға түрлі тапсырмалар береді. Қол еңбегі, суретті бейнелеу, сұрақтарға
жауап беру, оқыған кітаптары туралы ойларын білуге, адамгершілік көзқарасын білуге
болады.
Мектеп жанындағы балаларға әр пән бойынша адамгершілікке тәрбиелеу үшін зор
мүмкіндіктер бар.
Еңбек сабағында өздері жасайтын бұйымдар балаларға тәрбиелік ықпал жасайды. Өздері
істеген жұмысын көрсетуге ұялмайтындай болып істеуге ұмтылады. Ал бейнелеу пәнінде
ә
лемді эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттілігін тудырады. Баланың адамгершілік
қ
асиеті ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынаста қалыптасады. Ол турасында
«Менің жолдасым», «Біз мектеп ауласында ойнаймыз» деген тақырыпта әңгіме құрап,
суретін бейнелесе де жеткілікті. Мектепке барған баланың негізгі әрекеті оқу болғанымен,
ойын бұрынғысынша олардың өмірінде кең орын алады.
Мұғалімнің адамгершілікке тәрбиелеуінің арқасында оқушы өз бойындағы жақсы жаман
қ
асиеттерін ажырата біледі. Өзінің қалыптасуына айналадағы ортаның әсері мол екенін, өз
ойын еркін жеткізе білуге, ойлап сөйлеуге үйренеді. Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде жас
ерекшелігін ескере отырып, мына факторларды есте ұстаған жөн деп есептеймін.
Тәрбиелеу
Еңбек
жолымен
байланыс
Тұрмыс салт
-дәстүрді
меңгерту
Ана
тілін
қ
адірлеу
Сапалы білім
Елбасы Н.Назарбаев «Оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық
қ
асиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда біз рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне өз
ү
лесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»- деген болатын.
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларды жас кезінен бастап ең
маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті, жанашырлықты және басқа да асыл
қ
асиеттерді дамыту керек. Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынандай
мүмкіндіктері бар:
1.
Рухани адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.
2.
Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал
ететіндей бағытта ұйымдастыру.
3.Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.
Рухани тәрбие өзінің қуатын әлемнің әрбір құбылысынан алуы мүмкін. Олай болса кез-
келген оқу пәні балалардың адамгершілігін, жақсы мінез-құлқын қалыптастыру құралы бола
алады. Үлкен адам қай жерде де болмасын өзі рухани сабағында балаларды жай ғана қосуға,
көбейтуге және бөлуге үйретудің орнына мұғалім адамгершілік қасиеттерді шешуге
арналған есептерді ойлап таба алады. Мысалы: Болат 12 кг салмақты оп-оңай көтере алады,
ал кішкентай Сәкен небары 4 кг көтере алады. Егер олар бірлесіп бір-біріне көмектескен
болса, онда олар үлкен жүкті көтере алар еді. Сонда үш дос қандай салмақтағы жүкті
көтереді? «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы. Бір әже дүкеннен үйіне қарай баяу
жүріп келе жатты. Оның қолында жалпы салмағы 6 кг болатын екі сөмкесі бар.
Болат екіншісіне қарағанда ауырлау келетін бір сөмкені алып, үйіне жеткізуге көмектесті.
Егер көмекшінің арқасында әженің жүгі 3есе жеңілденген болса, бұл сөмкенің салмағы қанша
болған?
Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу
оңайға түспейді. Баланың рухани-адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлар:
соғыс ойыншықтары, жат қылықтары бар фильмдер, бейне таспалар және компьютерлік
ойындар бар.
Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда тапқырлық таныту
қ
ажет. Балаларға спорт, табиғатқа серуен, мектептен тыс кездесулер кезіндегі пікірталас,
ә
серлі әңгімелер, мұражайға, концертке бару, осының бәрі рухани адамгершілік тәрбие. Олар
баланың шығармашылығын оятып, жан дүниесімен сезетін тамаша ойларға жетелейді. Ал
одан тек жағымды қасиеттер туындайтыны белгілі. Баланың адамгершілігін, рухани жан
дүниесін оятып, дүниетанымын төмендегіше іріктеп алуға болады.
1.Оларды тыңдағанда олардың көлеміне назар аудару керек
2.Мазмұны сабақ тақырыбына сай болғаны жөн.
3.Оларды жас ерекшелігіне қарай іріктеп алған жөн.
Сабақ кезінде жағымды әуен естіліп тұратын болса, балалар сабақты жақсы игеріп
ә
кетеді. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Әннің терең мазмұнды мәні оятар.»,- деп
Абай атамыз айтқандай, адам бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуына олардың
маңызы зор.
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.А.К.Маркова.
Кәсіби
құ
зыреттіліктің
даму
деңгейі//2009
2.
М.И.Скаткин.Зерттеу
мәдениеті-педагогикалық
қ
абілет//
2008
3. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар – 3-2015
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
Қ
ЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Хусаинова Рашида Сеилбековна
«№63 мектеп-гимназия» КММ,
ағылшын тілі пәні мұғалімі,
Астана қаласы, Қазақстан
Түйін
Бұл мақалада ойын арқылы интерактивті әдістерін пайдалану – мәселені бірлесіп
шешуді қарастырылады.
Аннотация
Аннотация
В данной статье рассмотрены основные интерактивные методы обучения языку
через игровые моменты.
Ойынның оқыту мүмкіндігі жөнінде ертеден белгілі. Көптеген алдыңғы қатарлы
педагогтар оқыту процесінде ойынды қолдану тиімділігіне әділ назар аударған. Ойында
адамның, әсіресе баланың толық және кейде күтпегенжердеқабілетітанылады.
Ойын – ақыл-ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын
сабақтар. Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай ұту
қ
ажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер
жасөспірім сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады.
Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы – еліктіргіш сабақ. Сонысымен
ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде
барлығы тең. Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан
нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін: кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен
түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, еліктей мен қуаныш
атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну – сөзінде басқа тіл сөздерін еркін
қ
олдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді, және
оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқалаусыз тіл материалы меңгеріледі – «мен
басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін».
Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен – сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен,
күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі-
жағдайлы жаттығу ретінде қаралады.
Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндіктуғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың
қ
ажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтыруға.
Сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда үйретуші ойындарды пайдаланудың
ә
дістемелік маңызы зор. Ойын арқылы баланың есте сақтау және ойлау қабілеттерін
дамытуға болады. Ойын оқушыларды сөйлеуге психологиялық жағынан дайындап тіл
материалын бірнеше қайталауға мүмкүндік береді және керекті сөз бірікпелерін таңдауға
жаттықтырады. Мен ағылшын тілінде ойындарды үш топқа бөліп өткіземін. Олар: 1.
Фонетикалық ойындар. 2. Сөйлуге дағдыландыру ойындары. 3. Жазба жұмысындағы ойындар.
1. Фонетикалық ойындарды сабақта 5-6 мин. Жарыс түрінде өткіземін.
а) Оқушыларды топқа бөліп, ағылшынша 4 сөз айтамын. Сол айтылған төрт сөздің ішінде
біреуі қалған 3 сөзден жазылуы басқаша.
Жазылуы басқаша сөзді тапқан топ жеңеді. Мысалы:
Man-man-men-man
Bad-bed-bad-bad
Ship-sheep-ship-ship
Live-leave-live-live
ә
) Сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша ойын жүргіземін. Мысалы [әe]
дыбысына. Әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызамын. Қай топ көп сөз
айтса, сол топ жеңеді.
That, back, hand, map, bad, cap, lamp, glad, to have, man
2. Сөйлуге дағдыландыру ойындары.
а) Тақта жанында екі орындық тұрады. Біреуінде «дұрыс», ал екіншісінде «қате»деген
жазулар тұрады. Мен «The weather is fine» деймін. Бірақ бұл кезде далада боран. Мен бір
баланың атын айтамын. Аты аталған бала «қате» деген жазуы бар орындыққа отырады да
«The weather is fine» - деп қатені дұрыстайды. Бұл ойынды да топ арқылы жарыстыруға
болады. Қай топ аз қате жіберсе сол топ өздеріне ұпай жинайды.
3. Жазба жұмысындағы ойындар.
а) Мен тақтаға қандай да бір сөз жазып қоямын. Мысалы: Schoolchildren. Осы жазылған
сөздерден оқушылар жаңа сөздер құрастырып шығару керек. Шығатын сөздер мыналар: ( he,
she, side, shoe, son, nose, ill, red, doll, line, child, school) т.б. Қай топ көп сөз жинаса, сол топ
жеңеді.
ә
) Бір оқушы ағылшынша бір сөз айтады. Келесі оқушы сол айтылған сөздің екінші әріпнен
басталатын сөз айту керек. Қай бала сөз құрай алмаса сол бала ойыннан шығып қалады.
|
|
|