Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата28.12.2016
өлшемі1,76 Mb.
#659
түріСборник
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
    Қазақстан  Республикасының 
Президенті  мҧрағатының  141  қорындағы  -  (РК(б)П-ның  Қазақ  ӛлкелік  партия 
комитеті) қҧжаттары деректік мәліметтер берді. 
Міне,  сондықтан  зерттеу  барысында  жаңа  бағыттағы  ғылыми  ой-пікірлер 
мен  тҧжырымдар,  жаңа  тарихи  кӛзқарастар  тҧрғысынан  жазылған  зерттеулер 
басшылыққа алынды 
Әдебиет 
1.
 
Бердяев Н.А. Судьба России. –М.: МГУ, 1990. –240 с.  
2.
 
Дулатов  М.  Ахмет  Байтурсунович  Байтурсунов  //  Труды  общества 
изучения Казахстана. – Оренбург, 1923. –Вып.3. –213 с.  
3.
 
Жургенов  Т.К.  К  задачам  нового  педвуза  КССР:  Коренизовать  мировую 
культуру  //  Советская  степь.  –1926.  7  сентября;  Кабулов  И.  За  решительное 
развертывание культурного строительства // Большевик Казахстана. –1933. –№ 
8-9.  –  С.  2-3;  Алексеев  Г.Д.,  Желтова  Г.И.  Становление  и  развитие  советской 
системы  научно-исторических  учреждений  (20-30-е  годы).  –Ташкент,  1977; 
Лунин  Б.В.  Из  опыта  историко-краеведческой  работы  в  Средней  Азии  и 
Казахстана (20-30-е годы) // История СССР. –1968. –№ 5. –С.190-191. 
4.
 
Бисенов Х.И. Из истории развития науки в Советском Казахстане (начало 
20-х  годов)  //  Известия  АН  КазССР.  Серия  ист.,  арх.  И  этнографии,  1961.  –
Вып.3.(17). 
 

154 
 
ӘОЖ 821.512.122.09 
Атахан Қ.,Чекетаева Р. 
«БАҦО «Ӛрлеу» АҚ ШҚО ПҚ БАИ Ӛскемен қ. 
kanat_vko_73@mail.ru
 
 
МҦХТАР ӘУЕЗОВ – АЛАШ ТҦЛҒАЛЫ ҒАЛЫМ 
 
Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы  қазақ  тарихының  ӛткенін  қайта  зерделеп, 
жаңа  заман  тҧрғысынан  шынайы  бағалауға  мҥмкіндік  туғызғаны  ақиқат. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақтың  бҥкіл 
тарихы  –  бірігу  тарихы,  тҧтастану  тарихы»,  –  деген  пікірін  мемлекеттікті 
гуманистік, демократиялық, қҧндылық ретінде бағалау деп қабылдауға болады. 
Осындай  қажеттілік  –  Қазақстан  тарихының  кейбір  кҥрделі  кезеңдерін  толық 
зерттеп,  қалыптасқан  кӛзқарастарды  ӛзгертіп,  қайта  қарастыру  –  заңды 
қҧбылыстарға айналуда. Тӛл тарихымыздың қай кезеңін алып қарасақ та, зиялы 
атанған  тҧлға,  халқына  қызмет  еткен  оқығандар,  интеллигенцияның  таңдаулы 
ӛкілдері  ҧлттық  элита  қатарына  кіреді.  Оның  себебі,  халқымыз  рухани  жан-
дҥниесі бай  адамдарды  дәулетті  адамнан  жоғары  санап,  қҧрметтеп  келді.  Осы 
тҧрғыда, қазақ халқының тарихында із қалдырған зиялылардың ғҧмырнамасын 
жасау,  кӛзқарастарын  тарихи  негізде  зерделеу  –  басты  қажеттілік  болып 
саналады. 
ХХІ ғасыр басындағы Қазақ елінің алдындағы абыройлы мақсаттың ҥлкені – 
рухани  және  материалдық  мәдениетімізді  дамыту  арқылы  қоғамымызды, 
Қазақстан  мемлекетін  ілгері  жылжыту  болып  табылады.  Осы  биік  мақсаттан 
мәдениеттің  субъектісі,  авторы,  жасаушысы  ҧлттық  шығармашылық 
интеллигенцияға  айрықша  кӛңіл  бӛлу  қажеттігі  келіп  туындайды.  Ӛркениетті 
елдерде  ӛздерінің  кӛрнекті  оқығандарын,  ғалымдарын,  қалам  және  қылқалам 
шеберлерін,  бір  сӛзбен  айтқанда,  мәдениет  қайраткерлерін  қадірлеп,  оларды 
материалдық  және  моральдық  жағынан  қолдаудың  бай  дәстҥрі  қалыптасқан. 
Сондай  игілікті  де  ізгілікті  дәстҥрлер  Қазақстанда  да  қалыптасып,  берік 
орнығуына бағытталған шаралар қабылдануы қажет. 
Ҧлттық шығармашылық интеллигенцияның тағдырын зерттеу рухани тегімізді 
тануға септігін тигізеді, тарихымыздың тҧңғиық тереңінен бастау алатын рухани 
әлемімізге  бойлауға  мҥмкіндік  береді.  Белгілі  ғалым  Ақселеу  Сейдімбек  бҧл 
туралы:  «Халықтың  рухани  әлеміне  ден  қойғанда,  ӛткенін,  бҥгінін  және 
болашағын  біртҧтас  тарихи-мәдени  процесс  ретінде  қарағанда  ғана  ғылыми 
шындықтың  шоқтығына  қол  тигізуге  болады»  [1,  66  б].  дей  келіп,  жеке  бір 
саладағы  рухани  ӛрісті  бажайлаумен  ақиқатты  тануға  болмайтындығын  атап 
кӛрсетеді. 
Шығармашылық  интеллигенциясының  қазақ  қоғамындағы  атқарған  рӛліне 
байланысты  осы  кҥні  кҥрделі  проблемалар  кешені  жинақталып,  ӛз  шешімін 
кҥтуде.  Бҧл  кҥрделі  тақырыпты  ғылыми-объективті  тҧрғыдан  арнайы 
зерттемейінше ҧлтымыздың тарихы толымды тҥрде жазылмайтыны айқын болса 

155 
 
керек. Ҧлттық шығармашылық интеллигенцияның тарихын объективті зерттеу 
ҥшін  тарихшыға  мәдениеттану  атты  ҥлкен  ғылымның  қҧрамдас  бӛліктері  – 
әдебиеттану,  ӛнертану,  ғылымтану,  театртану  сияқты  әрқайсысы  дербес 
ғылымға  айналған  ілімдердің  жетістіктерін  ҧқыпты  тҥрде  зерделеп-қорытуға 
тура келеді. 
Жаңа  тәуелсіздік  заманасында  біз  қазақ  зиялыларының  бейнелерін  жасап, 
тарихтағы  ӛз  орнын  анықтап,  тҧғырына  қондырамыз  десек  Мҧхтар  Әуезов 
сынды  тҧлғалардың  тарихтағы  орындарын  анықтауымыз  қажет.  Оның  тарихи 
тҧлға  екеніне  кҥмәніміз  жоқ.  Отандық  тарихтағы  кӛрнекті  тарихшы  М. 
Қозыбаев былай дейді: «Тҧлға – ол қандай қасиеттерімен елден ерек, жҧрттан 
бӛлек  болуы  керек?  Тҧлға  –  интеллект,  ақыл,  парасат  иесі.  Ол  ӛткірлігімен, 
тапқырлығымен,  кӛрегендігімен,  қажымас  кҥш-қуатымен,  ақыл-парасатымен, 
басқаша  айтқанда  кӛсемдігімен,  шешендігімен,  әділдігімен,  ӛз  мҥддесін  ҧлт 
мҥддесімен  ҧштастырумен,  ҧлтжандылығымен  ерекшеленген  жан».  Осы 
қасиеттердің барлығы Мҧхтар Әуезовтің бойынан табылған. 
Шығармашылық  интеллигенцияның  аса  кӛрнекті  ӛкілі,  зиялылардың 
зиялысы  деуге  келетін  Мҧхтар  Әуезовтің  мҧрасын  зерттеу    ҧлы  қаламгерді 
тануда  науқаншылықтан  арылып,  жҥйелі  әрі  ҥздіксіз  ғылыми  ізденістің 
қажеттігін  дәлелдейді.  1997  жылы  Мҧхтар  Әуезовтің  туғанына  100  жыл 
толуына  байланысты  жарық  кӛрген  кӛптеген  мақалалар  мен  кітаптар 
әуезовтанудың деңгейін ӛсірумен қатар, оның ӛмірі мен шығармашылығындағы 
әлі де жӛнді зерттелмеген ―ақтаңдақтарды‖ ашып кӛрсетті. Мысалға, ҚР Ғылым 
академиясының мҧрағатынан табылған қҧжат Мҧхтар Әуезовтің 1934 жылғы 2 
сәуірде  Қазақтың  ҧлттық  мәдениеті  ғылыми-зерттеу  институтының  театр-
музыка    хореография  секторының  меңгерушісі  етіп  тағайындалғанын 
айғақтайды [2]. Мҧхтар Әуезовтің аталған институт қабырғасында қазақ ӛнерін 
алға  бастырудағы  ҧйымдастырушылық    басшылық  қызметі  мен  жеке  ӛзінің 
шығармашылық  ҥлесін  нақтылайтын  кӛп  санды  қҧжаттардың  ғылыми 
айналымға  енгізілмегендігін  ҚР  Президенті  мҧрағатындағы  БК  (б)П  Қазақ 
ӛлкекомы  қоры  (№141),  ҚР  Орталық  мемлекеттік  мҧрағатындағы  Қаз  АКСР-і 
Халық  ағарту  халкоматы  қорындағы  (№81)  ӛте  қҧнды  дҥниелердің  қозғаусыз 
жатқандығын  кӛруге  болады.  Соңғы  мҧрағаттағы  Абай  атындағы  Қазақ 
пединститутының  (№1142),  С.М.  Киров  (қазіргі  әл-Фараби)  атындағы  Қазақ 
мемлекеттік  университетінің  (№1352),  ҚазОАК-нің  жанындағы  Ғылым 
комитетінің (№1252) қорларында тарихшылардың зерттеу объектісіне айналмай 
келген  М.Әуезов  туралы  бірталай  материалдар  сақталған.  Ал  осы  ғылыми-
танымдық маңызы зор қҧжаттарды, оның ішінде М. Әуезов ӛз қолымен жазған 
тҥрлі  қатынас  қағаздары,  ҥлкенді-кішілі  хаттарды  пайдаланбайынша  қазіргі 
қолға алынып отырған алғашқы томдары жарық кӛре бастаған ҧлы жазушының 
академиялық толық шығармалар жинағы толық бола қояр ма екен?  
Мҧрағаттық  деректер  қазақ  әдебиеті  «қай  жылдары  қандай  ақын-
жазушылармен толықты» деген сауалға нақты жауап беруге мҥмкіндік береді. 
Қаламгерлердің  әдебиетке  келуін  баспа  тҥрінде  (газет,  журнал,  кітап  бетінде) 

156 
 
жарық кӛрген тырнақалды шығармасынан бастау алады деп келісіп, жҥйелейтін 
болсақ,  онда  қазақ  әдебиетінің  сан  жағынан  молығып-толығуының  тиянақты 
шежіресін жасауға болады. 
1917  жылдың  Қазан  тӛңкерісі  қарсаңында  қазақ  зиялыларының  ҥлкен 
шоғыры  Семей  қаласында  жиналды.  Мҧхтар  Әуезов,  Жҥсіпбек  Аймауытов, 
Сҧлтанмахмҧт  Торайғыров,  Кӛлбай  Тӛгісов,  Халел  Ғаббасов,  Райымжан 
Мәрсеков,  Имам  Әлімбеков,  Мәннан  Тҧрғанбаев,  Нҧрғали  Қҧлжанов  т.б. 
зиялылар  Семейді  ірі  мәдени  орталыққа  айналдырды.  1916  жылдың  қараша 
айынан  бастап  1917  жылдың  мамырына  дейін  Семейде  Кӛлбай  Тӛгісовтың 
―Алаш‖  газеті  шығып  тҧрды.  1917  жылдың  маусымында  Санкт-Петербург 
университетінің заң факультетін бітірген Райымжан Мәрсеков (1879 - ӛ.ж.б.) пен 
Мәскеу  университетінің  физика-математика  факультетінің  тҥлегі  (1915)  Халел 
Ғаббасовтың  (1988-1931)  редакторлығымен  Шығыс  Алашорданың  ресми  ҥні 
болған ―Сарыарқа‖ газеті шықты. 1918 жылы Семейде Жҥсіпбек Аймауытовтың 
редакторлық  етуімен  ―Абай‖  әдеби  журналы  жарық  кӛрді.  1919-1928  жылдары 
Семей қаласында Сәбит Дӛнентаев, Шәймерден Тоқжігітов, Ілияс Молдажанов, 
Сәду  Машақов  т.б.  қаламгерлер  редактор  болған  ―Қазақ  тілі‖  газеті  шығып 
тҧрды.  Бҧл  газет  кӛптеген  қазақ  журналистері  мен  әдебиетшілерін  тәрбиелеп 
шығарды. Осының бәрі Семейді қазақ баспасӛзінің астанасы етті. 
Мысалға,  Мҧхтар  Әуезовтің  журналистік  қызметін  арнайы  зерттеген 
ғалымға жҧмыс аумағы жетіп артылады. 1918 жылы Мҧхтар Әуезов Жҥсіпбек 
Аймауытов  екеуі  Семейде  ―Абай‖  журналын  шығарды.  Сол  Семейде  ол  1920 
жылы «Қазақ тілі» газетінің шығуын ҧйымдастырды.  
1922-1923  жылдары  Ташкентте  «Шолпан»,  «Сана»  журналдарының 
редакциялық  алқаларының  мҥшесі  болды.  1924  жылы  Семейде  «Таң» 
журналын шығаруға белсене қатысты. 
Мысалы,  1917  жыл  қазақ  әдебиетіне  ҧлы  жазушы  Мҧхтар  Әуезов  (1897-
1961)  келген  жыл  деп  толық  сеніммен  айтуға  тиіспіз.  Мҧхтар  Әуезов  ӛзінің 
белгілі  «Ӛз  жайымнан  мағлҧмат»  атты  ӛмірбаянында  ең  алғашқы  баспаға 
шыққан  статьям  ―Сарыарқа‖  газетінде  1917  жылы  5  қыркҥйекте  жарияланған 
«Адамдық негізі – әйел» атты мақала деп кӛрсетіп келді. Авторы «Семинарист 
Әуезов» деп кӛрсетілген бҧл туындыны Тҧрағҧл Абайҧлы (1876-1934) екеуіміз 
жазып едік дейді. Анығында, мҧнан жарты жыл бҧрын 1917 жылы отызыншы 
наурызда  Кӛлбай  мен  Мәриям  Тӛгісовтардың  Семейде  шығарған  «Алаш» 
газетінде  Мҧхтар  Әуезов  пен  Жҥсіпбек  Аймауытовтың  «Қазақтың  ӛзгеше 
мінездері»  деген  мақаласы  жарық  кӛрген  еді  [2].  Жҥсіпбек  Аймауытов 
ақталмағандықтан бҧл тҧңғыш еңбегі туралы Мҧхтар Әуезов ҥндемей ӛтті.  
Сәбит  Мҧқанов  БК(б)П  Қазӛлкекомы  баспасӛз  бӛліміне  жазған  «Қазақтың 
кӛркем  әдебиетінің  қазіргі  халі  туралы  менің  пікірім»  деген  қҧжатта  ақын-
жазушыларды  ӛзінше  жіктеді.  Мен  қазіргі  жазушыларды  тӛрт  тҥрге  бӛлем:  1. 
Сәкен  Сейфуллин  бастаған  Октябрь  ҧлдары;  2.  Бҧрын  ҧлтшыл  болған, 
тӛңкерістен  соң  ӛзгеріп,  кеңес  тілегіне  қосылған  Бейімбет  Майлин  бастаған 
топ;  3.  Нағыз  оңшыл  ҧлтшылдар  Мағжан  Жҧмабайҧлы,  Мҧхтар  Әуезҧлы, 

157 
 
Міржақып  Дулатҧлы,  Ахмет  Байтҧрсынҧлдары;  4.  Жолбикелер  Жҥсіпбек 
Аймауытҧлы, Шәкәрім Қҧдайбердіҧлы, Иса Байзақҧлы, Сәбит Дӛнентайҧлдары 
және т.б.‖ деп жазды [2, 158 б] .  
Смағҧл  Садуақасов  пікірталас  ҥстінде  ҥлкен  парасаттылық  танытты.  Ол 
қаламгерлерді  жӛн-жосықсыз  жіктерге  бӛлуге  ӛзінің  қарсылығын  білдірді. 
«Жолбике»,  «шӛре-шӛре»  деген  атау  дҧрыс  емес,  оның  орнына  олардың 
партияда  жоқ  жазушылар  деп  қана  атаған  жӛн,  партияда  жоқ  екен  деп 
Мағжанды  мінеуге,  Жҥсіпбек  пен  Мҧхтарды  кеудеден  итеруге  болмайды 
«Жҥсіпбек  те,  Мҧхтар  да  сӛзсіз  ішімізде  болуы  керек.  Бҧлар  коммунист 
партиясы  басқарып  отырған  жаңа  жҧртшылықтың  дҧшпаны  емес,  досы. 
Жҥсіпбек пен Мҧхтарды жоқ қылу осы кҥнгі қазақ әдебиетінің бір қолы мен бір 
аяғын кесіп тастаумен бір» [3], қаламгерлердің бәрі бір ҧйымға бірігуге тиіс деп 
жазды.  
Қошке  Кемеңгеров  ескі  ақын-жазушыларды  қолдаса  да  екі  жақты 
байсалдылыққа  шақырып,  ӛзара  тҥсіністікке  келуді  ҧсынды:  «әзірге  қазақ 
әдебиетінде  екі  ағым  бар:  біреуі  –  кедейшілік,  екіншісі  –  бҧқарашылдық»  дей 
келіп,  бір  әдебиетті  бӛле  жарған  дҧрыстыққа  жатпайды,  қаламгерлердің  бәрі 
бірігіп,  бір  ҧйымға  жиналуы  керек,  ортақ  журнал  сияқты  басылымдарын 
шығарса еңбектері жемісті болар еді деген сенімін білдірді. Ол «пролетариат» 
сӛзінің орнына қазақи «кедейшілік» деп, «ҧлтшылдың» орнына «бҧқарашылық» 
терминін  қолданды.  Қошке  Кемеңгеров  әдебиетке  саяси  қҧрал  ретінде  қарау 
дҧрыс емес, әдебиеттің кӛркемдік жағын жақсартуды ойластыруға шақырды.  
Ҧлттық шығармашылық интеллигенцияның қалыптасу жолында ҥлкен белес 
болып  табылатын  «Талап»  және  «Алқа»  ҧйымдарының  тарихын  зерттеудің 
маңызы  зор.  Қазақстан  Жазушылар  одағы,  ҚазАПП-тан  бҧрын  қҧрылған 
қауымдар қазақ зиялыларының алғашқы шығармашылық ҧйымдары болды. 
Әдебиеттанушылар  мен  тарихшылар  бірігіп  кҥш  салса,  қазірдің  ӛзінде 
«Талап» сынды ҧйымға мҥше болған зиялыларды тҥгендеуге жақындап қалдық. 
«Талапқа»  қатысты  Ташкент  мҧрағаттарында  бірталай  қҧжаттар  ғылыми 
айналымға  енгізілді.  Қазақстан  Рсепубликасы  Орталық  мемлекеттік 
мҧрағатының  Халық  ағарту  халкоматының  (81-қор),  мәдени  қайраткерлердің 
жеке  қорлары  мен  ӛзге  де  дерек  кӛздері  «Талап»  қҧрамын  анықтауға  негіз 
болып  табылады.  Біздің  есебіміз  бойынша,  бҥгінгі  кҥнде  «Талапқа»  мҥшелігі 
қҧжаттармен дәлелденген жиырма тӛрт адамның тізімі тӛмендегідей: Жҥсіпбек 
Аймауытов, Ишеналы Арабаев (қырғыз ағартушысы), Мҧхтар Әуезов, Абдолла 
Байтасов, Ахмет Байтҧрсынов, Қажым Басымов, Жҧбаныш Бәрібаев, Әбубәкір 
Диваев,  Халел  Досмҧхамедов,  Міржақып  Дулатов,  Мырзағазы  Есболов  кейбір 
қҧжаттарда  Испулов  делінеді),  Кәрім  Жәленов,  Мағжан  Жҧмабаев,  Қошке 
Кемеңгеров,  Шамғали  Сарыбаев,  Қабылбек  Сарымолдаев,  Біләл  Сҥлеев,  Иса 
Тоқтыбаев, Мҧқаметжан Тынышбаев, Қасым Тыныстанов (қырғыз қайраткері), 
Даниял  Ысқақов,  еуропалықтар  Н.  Архангельский  мен  А.Э.  Шмидт,  ҧйғыр 
қайраткері Абдолла Розыбакиев. 
Бҧл тізім «Талапқа» әртҥрлі мамандық иелері; басшы қайраткерлердің мҥше 

158 
 
болғандығын  айғақтайды.  «Талаптың»  алдына  қойған  мақсаттары  да  ӛте 
ауқымды, жалпы ҧлт мәдениетіне қатысты ҥлкен мәселелер болды. Сондықтан 
да  қалам  иелері  қазақ  әдебиетінің  мезгілі  жеткен  ӛзекті  мәселелерін  қауым 
болып шешу ҥшін ӛзінің шығармашылық ҧйымын қҧруға ҧмтылды. 
«Алқа»  атты  әдеби  ҧйым  туралы  алғашқы  деректер  1924  жылдың  аяғында 
пайда  болды.  «Алқаның»  «Талаптан»  айырмашылығы  –  бҧл  ҧйым 
әдебиетшілердің,  «таза»  ақын-жазушылардың,  газет-журнал  қызметшілерінің 
қоғамы болмақшы еді. Сонымен бірге ―Алқа‖ қаламгер-әріптестердің сынаулы 
тобын  біріктіретін  жабық  клуб  емес,  атақты,  тәжірибелі  ақын-жазушылармен 
бірге әдебиет жанашырлары, жаңа қалам тербеткен жастардың басын қосатын 
ашық  ҧйым  болуға  тиісті  еді.  Тура  және  жанама  деректерді  саралай  келіп, 
«Алқаны» ҧйымдастыруға ат салысқан азаматтардың есімдерін атайтын болсақ, 
олар:  Мағжан  Жҧмабаев,  Әлихан  Бӛкейхан,  Ахмет  Байтҧрсынов,  Міржақып 
Дулатов, Жҥсіпбек Аймауытов, Мҧхтар Әуезов т.б.  
Жаңа  интеллигенцияның  пайда  болуына  әсер  еткен  алғашқы  шаралар 
туралы айтқанда, ескі және жас интеллигенция әрдайым айырып кӛрсетілмеуін 
атауға  тиіспіз.  Мысалы  «Қазақ»  газеті  тӛңкерістен  кейін  1918  жылға  дейін 
шығып  тҧрса-дағы  оны  тӛңкеріске  дейінгі  баспасӛзге  жатқызу  орын  алған. 
Зиялылар тӛңкеріс кезеңін қазақтың ҧлттық санасын оятуға қолайлы уақыт деп 
танып,  осы  бағытта  белсенді  әрекетке  кӛшті.  «Екеу»  деген  псевдониммен 
жазған  Жҥсіпбек  Аймауытов  пен  Мҧхтар  Әуезов  қазақ  халқының  санасын 
оятқан, алдымен оята бастаған Абай деп, ҧлы ағартушының ісін жалғастыруға 
тырысты.  Ҧлттық  оянуға  екінші  себепкер  –  «Қазақ»  газеті,  жҧртымыздың 
«бетін тҥзеп» жолға салып, ілгерілеуіне қамшы болған – «Қазақ» газеті. 
Ораз  Жандосов  қазақтың  тҧңғыш  жоғарғы  орындарына  ҧлттық 
шығармашылық  интеллигенция  ӛкілдерін  молынан  тартуға  нақты  қадамдар 
жасады.  1928  жылы  11  шілдеде  БК(б)П  Қазақ  ӛлкекомның  ҥгіт-насихат 
бӛліміне  жазған  қатынас  қағазында  ол  бҧрынғы  Алашорда  қайраткерлері 
Мҧхтар Әуезов (Ленинград университетінің тҥлегі), Абдолла Байтасов (САГУ-
ді  бітірген),  Ғазымбек  Бірімжановты  (Берлин  университетін  бітірген)  ―Бізге 
қарсы  лагерьдің,  партияда  жоқ  ҥш  жас  ӛкілі‖  деп  ашық  баяндай  отырып, 
оларды  оқытушылық  қызметке  орналастыруды ҧсынды.  Ол  Мҧхтар  Әуезовтің 
әдебиетті  зерттеуде  әлеуметтік  имманенттік  әдіске  кӛшкендігін  атап  ӛтеді. 
Тарихи  әдебиеттерде  Ораз  Жандосовтың  ҧлы  жазушы  Мҧхтар  Әуезов 
тағдырына  тигізген  осы  игілікті  әсеріне  жҧртшылық  назарын  алғаш  аударған 
Ҧлттық  Ғылым  академиясының  академигі,  тарих  ғылымдарының  докторы 
профессор  Кеңес  Нҥрпейіс  болды.  Кадр  мәселесінің  тҥгелімен  Коммунистік 
партия  комитеттерінің  қолында  болғандығын  ескерсек,  Мҧхтар  Әуезовтің  кӛп 
ҧзамай  Казинпростың  қазақ  әдебиеті  тарихының  оқытушысы  әрі  САГУ-дің 
шығыстану  факультетінің  аспиранты  болып  орналасуына  Ораз  Жандосовтың 
оған  жоғарыдағыдай  кепілдеме  беруі  шешуші  рӛл  атқарды  деп  пайымдауға 
болады. 
Тарихшылар  1929-1931  жылдары  Алаш  зиялыларына  жасалған  қиянатта 

159 
 
сталинистердің  жалпы  қазақ  интеллигенциясына  қарсы  жасаған  саяси  қуғын-
сҥргіннің  бірінші  толқыны  деп  бағалады.  1929  жылғы  19  сәуірде  «Советская 
степь»  газетінде  Ораз  Исаев,  Ілияс  Қҧрамысов,  Ғаббас  Тоғжанов,  Садықбек 
Сапарбеков,  Ораз  Жандосов,  Хамза  Жҥсіпбеков,  Әбдірахман  Байділдиннің 
«Қазақ  жазушыларының  творчествосы  туралы»  атты  ашық  хаты  жарияланды. 
Бҧл хатты қазақ коммунистерінің Алаштың ақын-жазушыларына тигізген ауыр 
соққысы деп бағалауға келеді. 
Хат  Мәскеуде  шыққан  «Әдебиет  энциклопедиясында»  Мҧхтар  Әуезов  пен 
Ахмет  Байтҧрсынов  туралы  оң  сипаттағы  мақалалардың  жариялануына  қарсы 
шықты.  Хат  авторлары  энциклопедияның  Мҧхтар  Әуезов  пен  Ахмет 
Байтҧрсыновқа  берген  бағасы  маркстік  кӛзқарасқа  мҥлдем  жат  деп  есептеді. 
Мҧхтар  Әуезов  Кеңес  ӛкіметі  орнағанға  дейін  Алашорданың  белді  қайраткері 
болып, Колчакпен одақтасып большевиктерге қарсы кҥресті, 1917 жылдан соң 
да,  кҥні  бҥгінге  дейін  ескі  бай,  билерді,  сал-серілерді  мадақтаумен  келген 
реакциялық  идеологиядағы  жазушы  делінді.  Ахмет  Байтҧрсынов  –  қазақ 
байларының  идеологі,  алашордашыл  интеллигенцияның  кӛсемі,  оны  да 
энциклопедияға  енгізген  ҥлкен  қателік  табылады  делінді  1930  жылғы  17 
қыркҥйекте  Мҧхтар  Әуезовті  кеңеске  қарсы  қайраткер  деп  санап,  бҧрынғы 
алашордашыл зиялылармен бірге тҧтқынға алды. 
 Осы  тҧста  тҧтқынға  алынғандардан  Мҧхтар  Әуезов  пен  Әлімхан  Ермеков 
сынды бірен-сарандары ғана аман қалды. Жазушы Жайық Бектҧров 1934 жылы 
Алматыда  Қазақ  драмтеатрында  Мҧхтар  Әуезовтің  «Хан  Кене»  пьесасының 
премьерасын  кӛргендігін,  Қалыбек  Қуанышбаевтың  Кенесары,  Елубай 
Ӛмірзақовтың  Наурызбай  рӛлін  шебер  ойнағандығын  («Қалибек  жҧрт  кӛзінде 
Кенесарының  дәл  ӛзі  болды  да  шықты.  Елубайды  жҧрт  нағыз  Наурызбай  деп 
тҥсінді»),  премьерадан  соң  пьесаға  жабық  талқылау  ҧйымдастырылғандығын, 
газет-журналдар бетінде пьесаға қарсы, Абылай хан әулетіне, шығарма авторы 
Мҧхтар  Әуезовке  қарсы  қаралау  науқаны  басталғандығын  жазды.  Оған  саяси 
сенімсіздік  жалғаса  берді.  Ол  әдебиетші  ретінде  де  ауық-ауық  орынсыз 
айыптауларға ҧшырады.  
Сонымен  қатар  Абайтануды  қазақтың  әдебиеттану  ғылымының  ҥлкен  әрі 
дербес  саласы  дәрежесіне  кӛтерген  Мҧхтар  Әуезов  болды.  Қазақ  ӛмірінің 
кӛркем шежіресі, қазақтың тҧңғыш эпопеясы «Абай жолын» Мҧхтар Әуезов он 
бес  жылдай  (1941-1956)  жазды.  Сыншы  –  академик  Мҧхаметжан  Қаратаев 
Мҧхтар  Әуезовтің  эпопеясының  алғашқы  кітабы  «Абай»  романына  кірісуден 
бҧрын жиырма жылдық әзірлік кезеңнен ӛткендігін айрықша атап кӛрсетеді .  
Абай  тақырыбына  жиырмасыншы  жылдардың  басында  бет  бҧрған  Мҧхтар 
Әуезов  бҥкіл  саналық  ғҧмырын  Абайтануға  арнады.  Кейбір  зерттеушілер 
Мҧхтар  Әуезовтің  1933  жылы  жазған  Абайдың  тҧңғыш  ғылыми  ӛмірбаянын 
Абайтанудың  бастамасы  деп  қарайды.  Данышпан  Абай  Қҧнанбаевтың  ӛмірі 
мен шығармашылығын Мҧхтар Әуезовтей ҧлы суреткер мен ғалымның ғҧмыр 
бойы  зерттегенімен  Абай  тану  ілімінің  бастамасы  ғана  жасалды.  Әбіш 
Кекілбаев  заңғар  жазушы  Мҧхтар  Әуезов  туралы:  «Дҥниежҥзі  классиктері 

160 
 
санатынан  мәңгілік  орын  тепті»  [8]  деп  жазды.  Қазақ  елі  тҧрғанда  Мҧхтар 
Әуезовтың аты ӛшпек емес.  
Әдебиет 
1.
 
Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. – Алматы: Санат, 1997. 
2.
 
Дҥкенбаева З.О. Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы 
(1917-1941 жж). – Алматы: Ғылым, 2003. – 330 б. 
3.
 
Нҧрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: Ататек, 1995. – 256 б.  
4.
 
 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы: Санат, 1994. – 368 б.  
5.
 
Мухтар  Ауэзов  в  воспоминаниях  современников.  –  Алма-Ата:  Жазушы, 
1972. – 360 б.  
6.
 
Әбжанов Х., Әлпейісов Ә. Қазақ интеллигенциясы мен мәдениеті туралы. 
–  Алматы:  Республикалық  мәдениет  қызметкерлерінің  мамандығын  арттыру 
институты, 1992. – 128 б.  
7.
 
Әуезов М. Абайтанудан жарияланбаған материалдар.  – Алматы: Ғылым, 
1988. – 368 б. 
8.
 
Кекілбайҧлы Ә. Тәуелсіздік толғауы// Егемен Қазақстан, 2001, 28 ақпан. 
 
ӘОЖ  94 (574) 
Булгынбаева А.Қ. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Ӛскемен қ. 
bak_ayauly@mail.ru
 
 
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ – ӘЛІМХАН ӘБЕУҦЛЫ ЕРМЕКОВ 
 
Қазақ елінің сан ғасырлық қилы тарихында Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, 
айрықша  қҧбылыс  ретінде  ҧлтымыздың  мәдени-рухани  даму  жолын  жаңа 
арнаға  бҧрғаны  айқын,    ҧлт-азаттық  ҧлы  қозғалысқа  айналған  осы  оқиғаның 
маңызы  мен  мәнін  таразылау  –  бҥгінгі  егемендік  мҧраттарымен  байланысты 
екендігі белгілі. Ол қазақ баласының саясат, мәдениет, ғылым, білім саласына 
етене  араласып,  болашақта  ҧлт  ретінде  дербес  ӛмір  сҥруге,  ӛзге  елдермен 
терезесі  тең  халық  ретінде  азат  кҥн  кешуге  болатындығына  әлеуметті  сендіре 
алған  жаңашыл  қозғалыс  еді.  Қозғалыстың  мақсаты  мен  мҥдесі–  қазақ  халқы 
ҥшін қиын-қыстау сол бір кҥрделі шақта азаттық ҧранын салып, сахара тӛсінде 
дербес  мемлекет  идеясын  қҧруға  белсене  кірісуінде  еді.  Қысыл  тайан  кезеңде 
амал  тауып,  халқының  басын  қосып,  ертеңіне  сендірген  осындай  зиалы  топ 
бҧғанға  дейін  болмағаны  тарихтан  белгілі.  Сол  шақта  кездескен 
қиындықтардың  барлығын  тӛтеп  беріп,  тҥпкі  мақсатқа  жету  ҥшін,  қандай  да 
болмасын,  замана  сауалының  оңтайлы  шешімдерін  таба  білді.  Кеңес  ӛкіметі 
Алаш  қозғалысына  теріс  пиғылды  баға  бергенімен,  оның  идеялары  ҧлтжанды 
азаматтардың  жҥрегі  мен  санасында  ӛмір  сҥріп  келді.  Тәуелсіздік  алып 
ӛткенімізбен  ӛшкеімізді  қайта  еске  алған  шақта,    Алаш  идеясының  қайтадан 
жаңа  кҥшпен  жаңғыруы  осыған  мысал.  Мҧның  басты  себебі,  Алаш 

161 
 
қозғалысының  ең  ҧлы  мақсаты  –  ҧлттық  тәуелсіз  мемлекет  қҧру  идеясымен 
сабақтасып  жатқанында  еді.  ХХ  ғасырдың  басында  ҧлтының  теңдігі  ҥшін 
қауымдасумен  де,  қаламмен  де,  қарумен  де  кҥреске  тҥскен  Алаш 
қайраткерлерінің  пәрменді  еңбегі  Алаш  баласының  есінен  еш  кетпек  емес. 
Оның  дәлелі  –  тәуелсіз  Қазақстанның  барлық  тҥкпіріндегі  қазақ  зиялы 
қауымының  ісіндегі,  ойындағы  алашшылдық  сана.  Бҥгінгі  ҧрпақ  Алаш 
қозғалысына  жаңаша  оң  баға  беріп,  алашшылық  сананы  бойларына 
қалыптастырып Қазақ халқының ҧлттық ӛресі де биіктей бермек. 
Алаш  қайраткерлері  ҧлтымыздың  рухани  мҧрасын  жинауда,  жариялауда 
және  зерттеуде  маңызды  істер  атқарғаны  белгілі.  Олардың  бҧл  саладағы  аса 
нәтижелі  жҧмыстары  –  осы  халық  ҥшін  маңызды  мәселенің  бастауында 
тҧрғандығымен  де  бағалы.  Алаш  зиялылары  ҧлттың  саяси  бостандығы  мен 
азаттығы  жолында  кҥреске  шыға  отырып,  халықтың  рухани  болмысын 
тҥгендеуді де ҧмытқан емес.  
Алаш  зиялылары  ішінде  осы  рухани  қҧндылыққа  ҥлес  косқандардың  бірі 
Алаш  қозғалысының  жас  та,  алғыр,  іскер  қайраткері.  Алашорда  ҥкіметінің 
мҥшесі,  табиғатынан  зерек  тҧлға,  математика  ғылымдарынан  тҧңғыш  қазақ 
профессоры Ермеков Әлімхан.  
Әлімхан  Ермеков  1891  жылы  осы  кҥнгі  Қарағанды  обылысы,  Ақтоғай 
ауданы, Бӛріктас деген жерде дҥниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық 
ойлы,  орысша  сауат  таныған,  ӛз  уақытының  зиялылардың  бірі  болған.  1899 
жылы  Қарқаралыдағы  қалалық  училищеге  оқуға  қабылданады.  Мектеп 
қабырғасында  зейінді,  алғыр  Әлімхан  мектепті  ҥздік  бітіріп,  1905  жылы 
Семейдегі  ерлер  гимназиясына  оқуға  тҥсіп,  оны  1912  жылы  алтын  медальмен 
бітіріп, Томск технология институтының тау-кен факультетіне қабылданады. 
Әлімхан  Томскте  оқып  жҥріп  орыстың  озық  ойлы  ойшылдарымен, 
ғалымдарымен  танысады.  Шоқан  Уалихановтың  досы  Григорий  Потанин 
Әлімханның  бойындағы  білімге  деген  талпынысты  кӛріп,  тәнті  болады.  Қарт 
Потанин  Әлімханға  ағалық  ақыл  беріп,  оған:  «Әлімхан  сенің  білімің  –  ол 
қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және ӛзгелерді оқыт» – деп, ҥлкен ҥміт 
артқан.  Бҧл  сӛздер  Әлімхан  Ермекоатың  ӛмірлік  ҧстанымына  айналып,  ақтық 
демі қалғанша ҧлтымызға еңбек етті. Григорий Потанин Ермековке бекер назар 
аудармағанын уақыт ӛзі дәлелдеді [1].  
Әлімхан  Әбеуҧлы  Ермеков  Том  технология  институтының  бесінші 
курсында  оқып  жҥргенде,  Ресейде  әуелі  Ақпан,  одан  кейін  Қазан  тӛңкерісі 
жҥзеге  асырылып,  Сібірде  де,  Қазақстанда  да  тӛңкерістік  қозғалыс  кең  ӛріс 
жайып  кетті.  Бҧл  жағдайлар  елінің  ертеңін  ойлайтын  қауымды  бей-  жай 
қайлырмады,  соларды  бірі  болған  Әлімхан  Ермеков  бірден  саяси  жҧмысқа 
араласып, оқуды уақытша тоқтатады да, Қазақстандағы ҧлт-азаттық қозғалысқа 
тікелей  белсене  араласып  кете  барады.  Қазақ  халқын  қалайда  сан  ғасырлық 
езгіден қҧтқарып, теңдік әперуді мақсат тҧтқан Әлімхан Алашорда жҧмысына 
белсене араласып кетті.  
Патша  ӛкіметі  қҧлатылғаннан  кейін  елдегі  қалыптасқан  жағдайды  барлап, 

162 
 
алда  істелетін  жҧмыстарды  анықтап,  ӛзіндік  баға  беру  ҥшін  жер-жерде  қазақ 
съездері  жҧмыс  істей  бастады.  Әлімхан  Ермеков,  алғаш  рет  саяси  іске  алаш 
қозғалысына, 1917 жылы 27 сәуір, 7 мамыр аралығында ӛткен Семей облыстық 
қазақ съезіне қатысады. Онда ол съезд президиумының хатшылығына, кейіннен 
съезд  шешімімен  Семей  облыстық  қазақ  комитетінің  мҥшелігіне  сайланады. 
Халел  Ғаббасов  екеуі  қазақтар  жағынан  Семей  облыстық  атқару  комитетінің 
тӛрағасының орынбасары болады. 
Осы  жылдың  шілде  айындағы  жалпықазақтық  съезде  Семей  облысынан 
Бҥкілресейлік қҧрылтай жиналысына депутаттыққа ҧсынылады. 
1917  жылы  8-17  қазанда  І-ші  Сібір  облыстық  съезіне,  ӛкілдер  жиналысы 
атынан  қатысады  да,  оның  президиумына  Семей  облысынан  кіреді.  Съезде 
Сібір  автономиясының  негізгі  заңын  жазатын  комитет  қҧрылып,  оған  қазақ 
делегаттары ішінен Әлімхан Ермековті кіргізеді. 
Алаш  жолындағы  кӛптеген  саяси  істерге  қатысып,  шыңдалған  Әлімханды 
«Қазақ»  газеті  «Технологический  институтқа  асқан  зеректер  ғана  тҥседі. 
Әлімхан  білімді,  шешен,  ӛткір,  халыққа  қызмет  етуді  ӛзіне  парыз  санаған 
жігерлі  жас  азамат»,  –  деп  сипаттайды.  Осындай  жан-жақты  дарын  иесі  жас 
сҧңқардың  желтоқсанда  ӛткен  жалпы  қазақ  съезінде  Алашорда  ҥкіметінің 
мҥшелігіне ӛтуі таңғажайып емес еді. Сондай-ақ, «Алаш» партиясының Семей 
облыстық комитетінің мҥшесі де болатын [2]. 
1918  жылғы  сәуірдің  2-сі  кҥні  Әлімхан  Әбеуҧлы  Ермеков  Алашорда 
басшылары  Әлихан  Бӛкейханов,  Халел  Хаббасовпен  бірге  Семейден  тіке  бай-
ланыс  желісі  арқылы  В.И.  Ленинмен  және  ҧлт  істері  жӛніндегі  халық 
комиссары И.В. Сталинмен сӛйлеседі. Ондағы айтылған әңгіме жайлы Семейде 
Жҥсіпбек 
Аймауытовтың 
редакторлығымен 
шығып 
тҧрған 
«Абай» 
журналының 1918 жылғы ҥшінші санындағы мына мәтіннен аңғаруға болады: 
«Қуаныш қҧтты болсын! Журналымыз басылып қойғаннан кейін мынадай қуа-
нышты  хабар  алып,  теңдікке,  билікке  сусаған,  Алаштың  ауылын  қуантқалы 
журналдың  тысына  осы  хабарды  асыға  басып  отырмыз.  20  март  кҥні  (ескіше) 
Мәскеудегі  Совет  ҥкіметінің  басшысы  Ленин  мен  народный  комиссар 
Сталиннен  Бӛкейханов,  Ғаббасов  атына  тілграмм  келді.  Мҧндағы  Халел, 
Әлімхан  прямой  проводпен  ауызба-ауыз  Ленин  мен  Сталинге  тілграммен 
сӛйлескендегі жауабы мынау:  
«Әр  халықтың  ӛз  билігін  ӛзіне  береміз  деп  шыққан  закон-жарлығымыз  әлі 
сол қалпында, айтқанымыз айтқан. Сіздердің ӛкілдеріңіз бізге әкеліп тапсырған 
жалпы  қазақ  съезінің  қаулысын  тҥгелімен  қабыл  аламыз,  жалғыз-ақ  Совет 
ҥкіметін  танысаңыздар.  Енді  біздің  билік  береміз  деген  сӛзімізді  іске  асыру 
керек.  Ол  жердегі  тҧрған  әкімшілікпен  бірігіп,  съезд  шақырып,  автономияны 
жария  қылу  жолында  болатын  комиссия  жасаңыздар.  Қазақ  сияқты  тҥрі,  ісі, 
ғҧрпы,  елі,  жері  басқа  жҧрттың  ӛз  билігін  ӛзі  алуға  ерікті.  Қазақтың 
қамқорлары  тезінен  комиссиясын  жасап,  автономиясын  жария  қылуға  асығар 
деп  білеміз.  Ендігі  бір  ниет,  бір  тілектегі  адамдармен  ақылдасып,  байлаған 
сӛздеріңізді  бізге  білдіреміз»,  –  деп  Ленин,  Сталин  қол  қойған...  21  мартта 

163 
 
Бӛкейханов, Ғаббасов, Ермеков атына Мәскеуден тағы тілграмм алдық: «Халық 
комиссарларымен сӛйлесіп жатырмыз. Алаштың автономиясына қарсылық жоқ. 
Бҥгін,  ертең  Алашордамен  Сталин  ӛзі  сӛйлеседі»,  –  деп  Жаһанша,  Халел 
Досмҧхамедовтер. Жоғарыдағы ӛкілдер осы сарбаздар екен. «Басқарма» [3].  
1919  жылдың  шілдесінде  РКП  (б)  Орталық  Комитеті  мен  Кеңес  ҥкіметінің 
Қырғыз  (Қазақ)  ӛлкесін  басқару  жӛніндегі  Әскери  революциялық  комитеті 
ҧйымдастырылды  (Кирвоенревком).  Оның  тҥпкілікті  қҧрамы  1919  жылғы  20 
желтоқсанда бекітілді. Тӛраға ретінде қарт большевик Станислав Пестковский, 
мҥшелері  болып  Әліби  Жангелдин,  Сақыпкерей  Арғыншиев,  Ғҧбайдолла  мен 
Әлиасқар  Әлібековтер,  Бақытжан  Қаратаев,  Ахмет  Байтҧрсынов,  Мҧхамедияр 
Тҧнғаншин,  Нысанғали  Бегімбетов  тағайындалды.  Ол  уақытта  біздің  екі 
облысымыз  –  Ақмола  мен  Семей  –  Сибревкомның  қарауында.  Бҧлар  Сібірге 
жасалатын  билік  орны  еді.  Әлгі  аталған  аймақтар  қазақ  елінде  болғандықтан, 
Қазақстанда  әлгіндей  басқарма  жасалғандықтан,  бҧлар  соған  кіруі  керек 
болатын. 
Осы  мәселені  шешу  ҥшін  1920  жылы  мамыр  айының  басында  Әлімхан 
Ермековті  Семей  облысының  губерниялық  комитеті  уәкіл  етіп  Орынборға 
жібереді.  Онда  ол  Семей  мен  Ақмоланың  Кирвоенревкомға  енуі  жӛнінде 
баяндайды.  Ол  Қазақ  автономиясының  қҧрылмаған  кезі.  Мҧны  талдау  кезінде 
болашақ  автономиялы  республика  қҧруға  және  оның  шекарасын  белгілеуге 
байланысты мәселе қаралады [10 ].  
Бҧл  мәселе  барысында,  Қазақ  автономиясы  шегарасының  біртҧтастығын 
жан  -  тәнімен  қорғауы-  Әлімхан  Ермековтің  тарихи  зор  еңбегінің  бірі  болды. 
Бҧған байланысты осы жылы 17 тамызда Лениннің тӛрағалығымен ӛткен қазақ 
ӛкілдері  қатысқан  Халық  комиссарлары  кеңесінің  мәжілісінде  Қазақ 
автономиясы  туралы  мәселе  қаралғанда,  Қазақстанның  жағдайы  туралы 
Әлімхан  Ермеков  баяндама  жасайды.  Онда  ол  жер,  Қазақстанның  шегарасы 
туралы  мәселелерді  қамтып,  ӛктемшіл,  озбыр,  отаршылдық  пиғылдағы 
ӛкілдермен  қызу  айтысқа  тҥсіп,  ӛз  пікірін  тиянақты,  жан-жақты,  бҧлтартпас 
дәлелдермен  қорғап  шығады.  Окупанттар  ӛз  кінәсін  мойындап,  нәтижесінде, 
кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы ені бір 
шақырымдық  және  Ертістің  сол  жағалауындағы  он  шақырымдық  ҧлан-ғайыр 
жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады [3]. 
Қазақстанның  Батыс  және  Шығыс  шекаралары  қалай  айқындалғаны 
туралы Әлімхан  Ермековтің  ӛз  естелігінен:  «Баяндамаға  кіріспей  тҧрып  Қазан 
тӛңкерісі  кӛсемінің  алдында  қатты  толқыдым.  Бірақ  оның  қарапайымдылығы, 
мейірімділігі,  кіші  халықтарға  деген  ерекше  қамқорлығы  маған  жаймашуақ 
әсер  етті.  Баяндама  кезінде  мені  оның  ширақтығы,  ойының  ӛткірлігі, 
баяндамашыны  әділ  де  батыл  қолдауы  бейжай  қалдырмады.  Енді  Владимир 
Ильичтің  шиеленіскен  мәселелерді  дҧрыс  шешуге  қатысып,  кӛмегі  туралы 
жеке-жеке эпизодтарға тоқталайын.  
Мен  ӛзімнің  баяндамамда,  негізінен,  Қазақстандағы  шекараны  анықтауда 
ҥлкен  маңызы  бар  кҥрделі  де  шиеленіскен  жер  мәселесіне  тоқталдым. 

164 
 
Патшалық  Ресей  кезінде  қазақ  жҧртының  иелігінен  ӛзен,  кӛл  жағалауында, 
орман алқабында орналасқан қара топырақты жерлер тартып алынған. 
Мҧндай  әпербақандық  помещиктердің  қҧлқын  жоқтайтын  столыпиндік 
реформадан кейін тіпті ӛрістеп кетті. Ол Мемлекеттік Дума мінбесінен «қырғыз 
даласын игеру керек» деп патшалық саясаттың тірегі болды, сӛйтіп, жергілікті 
тҧрғындарды  ойламай,  Қазақстан  мен  Тҥркістанда  кулактық  шаруашылықтың 
қанат жаюына бар кҥшін салған еді. Мҧнда Каспий жағалауы туралы мәселелер 
ӛткір  пікірталастар  тудырды.  Ал  жергілікті  тҧрғындардың  жер  туралы 
мәселесін  тіпті  қараған  жоқ болатын.  Ертістің  он  шақырым  сол  жақ беті  1904 
жылғы орыс-жапон соғысы алдында Сенат ҥкіметінің қаулысымен Сібір казак-
тарының  иелігіне  берілген.  Ал  қазақ  елі  бҧл  жерден  айырылып,  оның  ҥстіне, 
жайылымдарда малын бағу ҥшін орыс кулактарына орасан зор қаржы тӛлеп, тез 
арада кедейлікке ҧшырады. Сӛйтіп, олар әрбір қазақ отбасына қызмет ететін ҥй 
шаруасындағы  жҧмысшы  ретінде  батрактарға  айналды.  Архивтерден  қазақ 
ӛзінің ӛлген кісісін жерлеу ҥшін жерге 18-20 сом тӛлегені белгілі. 
Баяндамамның  соңында  қазақтарға  иеленіп  келген  жерлері  ӛздеріне 
қайтарылып  және  жергілікті  қазақ  пен  отырықшылданған  орыс  тҧрғындары 
орнығып  біткенше,  Ресейден  қоныс  аударуды  тоқтатқан  жӛн  деген  ҧсыныс 
жасадым. 
Комиссияның  мәжілісінде  біздің  республиканы  анықтау  кезінде  Каспий 
теңізінің  солтҥстік  жағалауларын  кіргізу  керектігін  айттым.  Бҧған  кӛптеген 
адам  қарсы  болды.  Әсіресе  Астрахань  губерниялық  атқару  комитетінің 
председателі  (фамилиясы  есімде  жоқ),  Лежава,  Брюханов  секілді  басшылар 
«Каспий балығымен Мәскеу жҧртшылығын асырап отырмыз, еліміз азық-тҥлік 
қиындығын  бастан  кешіп  отыр»  деді.  Бҧл  мәселеге  сӛйлегендердің  теріс 
кӛзқарасын  байқаған  Владимир  Ильич  маған  бҧрылып,  былай  деді:  «Біздің 
экономистер  жан-жақты  талдап,  батыл  айтқан  секілді,  ҧялмаңыз,  ӛзіңіздің 
ойыңызды еркін айта беріңіз, енді сӛз сізге беріледі». 
Владимир  Ильич  Астрахань  губерниялық  атқару  комитетінің  тӛрағасына 
бҧрылып:  «Жағалаудағы  қазақ  және  орыс  тҧрғындарының  сан  жағынан  ара 
қатынасы  қандай?»  деген  сҧрақ  қойды.  Тӛраға  есептелген  мәліметтер  жоқ 
дегенге келтіріп, сҧрақтан бҧлтарғысы келіп еді, Владимир Ильич: «Жағалауда 
қанша қазақ, қанша орыс бар деп отырғаным жоқ, осы ӛңірдегі тҧрғындардың 
қайсысы  басым?»  –  деді.  Сонда  тӛраға  амалсыздан  «қазақтар  басым  секілді» 
дегенге сайды. Владимир Ильич «мәселе тҥсінікті болды» деп, дауысқа салды, 
сӛйтіп, менің ҧсынысым кӛпшілік дауыспен қолдау тапты. 
1920 жылдың 24 тамызында Халық Комиссарлар Советінің Қырғыз (Қазақ) 
Автономиялық  Республикасы  туралы  декрет  жобасының  мәселесі  жӛніндегі 
мәжіліске  баяндамашының  бірі  ретінде  мен  де  қатыстым.  Мәжілістегі 
атмосфера  аса іскерлік  жағдайда  болды,  әрқайсысы ӛздерінің жауапкершілігін 
сезініп,  қатал  тәртіп  пен  саналылық  орнағандай  еді.  Бҧл  мәжіліске  
В.И. Лениннің ӛзі қатысып отырды. 
Мәселе  туралы  Ҧлттар  жӛніндегі  наркомат  тӛрағасының  орынбасары 

165 
 
Каменский  баяндама  жасады.  Ол  ӛзінің  жауапкершілігін  қатты  сезініп, 
баяндама барысында қатты  қиналды. Сӛйтіп, декреттің жобасы тҧтас оқылып, 
РСФСР Халық Комиссариатының мәжілісінде бекітілді. Тиісті қосымшалар мен 
ӛзгерістерімен қоса декрет 1920 жылғы 26 тамызда бҥкіл елге жарияланды [8]. 
1920  жылы  23  маусымнан  7  тамызға  дейін  Коминтерннің  ІІ  конгресінің 
мәжілістері  ӛткен  еді.  РКП  (б)  делегациясының  қҧрамына  В.И.  Лениннің 
басқаруымен партия мен ҥкімет басшылары кірді. Сондай-ақ бҧған автономия-
лық  республикалардан  да  делегаттар  келді.  Қазақ  автономиясын  Тҧрар 
Рысқҧлов пен Ахмет Байтҧрсынов бастап барды. 
В.И.  Ленин  ӛзі  тӛрағалық  еткен  алғашқы  мәжілістің  аяғында  автономияны 
қҧру  жӛнінде  «қазір  Сталинге  барып  пікірлесіңдер,  оның  дайындаған  жобасы 
бар, сонымен танысып, бар ойларыңызды тҥйістіріңіздер» деп кеңес берді. 
Мәжіліске  қатысушылар  ҥзіліске  дәлізге  шықтық.  Қазақстандық  делегация 
15-тей  адамбыз.  Әлихан  Бӛкейхановты  тостық.  Әлекең  Ленинмен  оңаша 
пікірлесіп,  әңгімелесіп  қалған  болатын.  Бір  15-20  минуттан  кейін  ол  кісі  де 
шықты. «Біз сізді Сталинге кіруге тосып тҧрмыз», – деп айттық. 
Әлихан бәрімізге салқындау қарап: «Сталин не шешер дейсің, оның не ойы, 
не білімі кӛлемді емес, қанша бір жетіскен жоба бар дейсің. Онан да ӛзіміз жеке 
шешкен  дҧрыс»,  –  деп,  жҥріп  кетті.  Біз  бәріміз  де  аңтарылған  қалпы  Әлекеңе 
ілесіп, Кремльден шығып кеттік. Осы кҥні «бәлкім, кіріп пікірлескеніміз дҧрыс 
болар ма еді, мҥмкін, басқаша шешілер ме еді» деген ой келеді («Жалын», 1992, 
№7-8, 59-бет.) 
Осы  мәжілістен  кейін  бір  жеті  ӛткен  соң  В.И.  Ленин  Қазақ  АССР-ін  қҧру 
жӛніндегі  декретке  қол  қояды.  Қазақ  республикасының  территориялық 
шекарасын  белгілеуде  29  жасар  талантты  Әлімхан  Ермековтің  жасаған  еңбегі 
тарих алдындағы, қазақ халқының алдындағы перзенттік парызына айналады. 
Әлімхан  Ермеков  1919-1920  жылдар  аралығында  Қырғыз  (қазақ)  ӛлкесін 
басқару  жӛніндегі  әскери-ревком  комитетінің  мҥшесі,  әрі  коллегия  тӛрағасы 
болған,  Семей  губревкомының  мҥшесі  болып,  Кеңес  ҥкіметінің  саяси  басқару 
жҥйесінде қызмет істеп, қазақ жерінің тҧтастығын сақтау, шекарасын анықтау 
сияқты маңызды жҧмыстар атқарып, қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде 
тҧтас дерлік топтастыруда айрықша еңбек сіңіргенін кӛруге болады. 
 Ермеков  Әлімхан  1920  жылы  Қазақ  Советтік  Социалистік  Республикасын 
қҧрысуға  тікелей  атсалысқанымен,  алғашқы  Қазақстан  Орталық  Атқару 
Комитетіне  мҥше  болып  сайланғанымен,  С.  Меңдешев,  Ә.  Әйтиев,  Ә.  Жан-
гелдин,  А.  Асылбеков,  С.  Сейфуллин,  Н.  Нҧрмақов,  Ә.  Досов  сияқты 
коммунистер  бастаған  жаңа  ҥкімет  бҧрын  Алашта  болған  қайраткерлерді 
басшы қызметтерге қойғысы келмегендей. Тек А.Байтҧрсынов қана оқу халық 
комиссары  болып  тағайындалады.  Басқалар  сырттап  қалады.  Бҧлардың ішінде 
Әлімхан Ермеков те шеттеп қалып, ӛз еліне оралады. Қарқаралыда жаңа ашыл-
ған  техникумда  сабақ  береді.  Жалпы  айтқанда,  теміржолдан,  ірі  әкімшілік 
аймақтардан  бір  қыран,  томаға-тҧйық  жатқан  аядай  Қарқаралы  қаласы  ӛткен 
ғасырдың  бас  кезінде  Ахмет  Байтҧрсыновқа  да,  Әлихан  Бӛкейхановқа  да, 

166 
 
Әлімхан  Ермековке  де  әр  кезеңде  мекен  болады.  Бҧл  қала  ӛз  кезегінде  ӛзгеде 
Алаш зиялылырына қоныс-мекен болды. 
Қазақ  автономиясын  қҧруда  Ә.Ермековтің  ӛлшеусіз  еңбегін  зерделей 
отырып, онан кейінгі жасампаздық жолдары Қазақ елінің шаруашылық жайын 
қалыптастырып,  нығайтуға  халықты  ағарту  сияқты  нақты  істерге  бағыт-
талғандығына  кӛз  жеткіземіз.  Әлімхан  Ермеков  ендігі  біржолата  ғылыми-
педагогикалық қызметке ауысып, бар кҥш жігерін білімге арнады. Қарқаралыда 
мектеп ашады [3]. 
1926  жылы  Ташкентте  Қазақстанның  тҧңғыш  педагогикалық  оқу  орны  – 
Қазақ  педагогикалық  институты  (Казпедвуз)  ашылады.  Әлімхан  Ермеков 
алғашқылардың  бірі  болып  осы  институтқа  оқытушы  ретінде  шақырылып, 
математика  пәнінен  сабақ  береді.  Әрі  жаратылыстану-математика  факульте-
тінің  деканы  қызметін  атқарады.  Алғашқы  ректоры  және  ҧйымдастырушысы, 
қазақтың  тағы  бір  аяулы  перзенті  Темірбек  Жҥргенов  болған  бҧл  жоғары  оқу 
орнына Мәскеу, Ленинград, Киев сияқты еліміздің аса ҥлкен ғылыми орталық-
тарынан білікті мамандар, тәжірибелі ғалым-педагогтер шақырылады. Бҧл жыл-
дары  Әлімхан  Ермеков  кҥйеу  баласы  Темірбек  Жҥргеновпен  (Темірбек  1927 
жылы Әлімханның қарындасы Дәмеш Әмірханқызы Ермековаға ҥйленеді) туыс 
әрі жасы ҥлкен, кӛргені мен кӛкейге тҥйгені мол аға ретінде ӛте жақын арала-
сады.  Әлімхан  мен  Темірбектің  т.б.  азаматтардың  ҥлкен  қажыр-қайраты  мен 
табандылығының арқасында 1928 жылы Казпедвуз Алматыға кӛшіріледі [4]. 
Қазақстанның жаңа астанасы Алматыда 1930 жылдың 30 мамыр – 6 маусым 
аралығында  VII  Ӛлкелік  партия  конференциясында  ҧлттық  интеллигенция 
атынан  суырылып  шығып  сӛз  сӛйлеген  азаматтардың  бірі  Алматы  зоотехни-
калық-мал  дәрігерлік  институтында  жҧмыс  жасап  жҥрген  Әлімхан  Ермеков 
болды.  
Алайда,  Әлімхан  Ермековтің  конференцияда  сӛйлеген  сӛзі  ҧлттық 
интеллигенцияның  таңдаулы  ӛкілдерін  қуғын-сҥргінге  ҧшыратып  жатқан  
Ф.И. Голощекиннің кӛңілінен шығақпады. Әлімхан Ермековтің  жағымпаздық 
атаулыға жаны қас еді, ӛз сӛзінде ӛлкелік партия комитеті бірінші хатшысының 
есімін  ауызға  да  алмады.  Голощекиннің  кҥткеніндей,  Ермеков  Алаш 
арыстарының  «қылмысын»  әшкерелеп,  кӛгендеген  қозыдай  халық  жаулары 
қатарына  қосып  беруден  де  бойын  аулақ  салады.  Ары  таза,  азаматтығы  биік 
Ермековтің ондай қиянатқа баруы мҥмкін емес те еді. 
Голощекин  конференцияның  алдында  Алашорда  ҥкіметінің  мҥшесі  болған 
қазақтың  ғҧлама  ғалымы  Ахмет  Байтҧрсыновты,  тарлан  ақын  Мағжан 
Жҧмабаевты,  кӛрнекті  жазушы  Жҥсіпбек  Аймауытовты  контрреволюциялық 
жҧмысқа  араласты  деген  жалған  айып  тағып,  халық  жауы  ретінде  тҧтқынға 
алдырады.  Конференциядан  кейін  кӛп  кешікпей  Әлімхан  Ермеков 
«контрреволюциялық  қызметі  ҥшін»  қазақтың  тағы  бір  ҧлы  перзенті  Мҧхтар 
Әуезовпен  бірге  тҥрмеге  отырады.  Осылайша  ол  сталиндік  зҧлмат  енді  ғана 
қылаң беріп келе жатқан кезде абақтыға жабылады. 
Қаншама  пәле-жаланы  басына  ҥйіп-тӛгіп,  екі  жыл  бойы  әуреге  салғанмен, 

167 
 
ештеңе шығара алмаған соң, Ермеков пен Әуезовті тҥрмеден босатуға мәжбҥр 
болады.  Бірақ  екі  азаматтың  сағын  сындырып,  жігерін  жасыту  мақсатымен 
республикалық  газеттерде  «Алашорданың  бҧрынғы  кӛрнекті  басшылары 
ӛздерінің  ӛткендегі  қызметін  айыптап,  Алашорда  ҧйымының  контр-
революциялық  ҧлтшыл  мәнін  әшкерелейді»  деген  редакциялық  мақала 
жариялап, соңында Ермеков пен Әуезовтің мәлімдемелерін басады [3]. 
Осы жағдай туралы Әлімхан Ермековтың ӛзінің естелігінде: 
Біз тҥрмеде кӛп ҥгіттен, зорлықтан кейін жаздық бҧл хатты. Бізге тіпті оны 
қалай  жазуды  да  ҥйретті.  Біздің  бҧл  хаттарымыз  ол  кезде  ҥгіт-насихат  ҥшін 
керек  болды.  Міне,  Алаштың  кӛрнекті  екі  ӛкілі  ӛз  айыптарын  мойындап 
отыр. Бҧлар  Совет  ӛкіметі  алдында  тізе  бҥкті  деп  айтуға  керек  болды.  Басқа 
сӛздеріме тоқталмайын. 
Бірінде: «мен  халықты  жерге  орналастыру  жӛнінде  таптық  бағыт  ҧстамай, 
жалпы,  қазақ  ауылдарын  қоныстандыру  керек  деп  бҧра  тарттым»  дедім.  Ал 
расына  келгенде,  Қазақстанда  ол  кезде  жерге  орналаспаған  орыс  шаруалары 
жоқ-ты. Оларды патша ҥкіметі, әсіресе реакцияшыл Столыпин қазақтың ӛзенді, 
кӛлді,  шҧрайлы  аймақтарына  революциядан  бҧрын-ақ  мықтап  орналастырған 
болатын.  Ал  қазақ  ауылдарын  тез  қоныстандырмасақ,  елді  сәулеттендіруге 
болмайды  деп  Ф.И.  Голощекин  жаналқымға  алды.  Сондықтан  біз,  жоспарлау 
комиссиясындағы  мамандар,  наркомымыз  Ж.  Сҧлтанбеков  болып,  қазақ 
ауылдарын отырықшылыққа кӛшіруді жоспарладық. Осы кҥні республикада әр 
жерде  кездесетін  «Казгородок»  дегендер  соның  бір  кӛрінісі  еді.  Мҧнайда  бір 
ауылдың  кедейлерін,  орташаларын,  әр  ауылда  кездесе  бермейтін  жекелеген 
байларды  жерге  орналастырудан,  қора-қопсы  салудан  қалайша  бӛліп  тастай 
аласың? Кімді де болса жер бетінен қуа алмайсың ғой. Қуып кӛрдіңіздер, бірақ 
олар қайда барса да, әйтеуір бір пҧшпақты қоныс қылып отырды. Міне, кейін 
бізге  «сендер  бай-кедей  демей  қазақ  ауылын  тҥгел  жерге  орналастырамыз, 
қоныстандырамыз  дедіңдер»  деп  айып  қылды.  Біз  әлді  адамдарды  заңсыз  жер 
аударып  жібере  алмаймыз  ғой.  Міне,  мен  ӛз  хатымда  осыны  ӛзімнің  зор  айы-
бым,  таптық  қырағылығымның  жоқтығы,  марксизмді  білмеуім  деп  мойын-
дадым. 
Екінші  бір  мойныма  алған  айыбым:1928  жылы  қазақ  байларының  мал-
мҥлкін тәркілеп, кәмпескелеу теріс іс деп білгендігім. Бҥгін байлардың малын 
сыпырып  алсақ,  ертең  мҧның  теріс  әсері  кҥллі  қазақ  еліне  тиеді.  Бірте-бірте 
малды адамдардың бәрі де қара тізімге ілігеді. Сонан соң малдың сҥмесімен кҥн 
кӛріп  отырған  егіншілік  кәсібі  жоқ  кӛшпенді  халық  ашаршылыққа  душар 
болады,  азып-тозады,  бет-бетімен  қаңғып  кетеді  деп  ойладық.  Міне,  ӛзімнің 
осы  ой-пікірімді  іс  басында  болмаса  да,  Москвада  отырған,  ҧлықтар  алдында 
ертеден  беделі  бар  Әлихан  Бӛкейхановқа  хат  арқылы  жеткізіп,  оның  орталық 
ҥкімет  басшыларына  барып,  Қазақстандағы  асырасілтеушілікті  бӛгейтіндей 
ықпал  жасауын  ӛтіндім.  Алайда  біздің  мҧнымыздан  ештеңе  шықпады.  Бізді 
шетімізден кӛгендеп, тҧтқындап, соттағанда менің әлгі Ә.Бӛкейхановқа жазған 
хатым  ӛзіме  ҥлкен  айып,  қылмыс  болып  саналды.  Міне,  мен  ӛзімнің  хатымда 

168 
 
«негізгі бір қателігім, ауыр айып-кінәм – осы» дедім. («Орталық Қазақстан», 
1989, 10 қыркүйек). 
Әлімхан  Ермеков  осы  жағдайларды  басынан  кеше  жҥріп  ағарту  саласында 
ӛзінің  зор  ҥлесін  қосып,  ӛшпес  ізін  қалдырып  жҥрді,  оған  мысал  «Ҧлы 
математика  курсы»  1-бӛлім  (1935),  «қазақ  тілінің  математика  терминдері» 
(1936)  атты  оқулық,  кітаптарды  жарыққа  шығарады.  Қазақ  арасынан  тҧңғыш 
математика ғылымының профессоры атағын алады. Сонымен бірге нағыз білім 
мен  біліктілікті  қажет  ететін  сала  –  Халық  шаруашылығын  жоспарлау 
комитетінде және басқа да жауапты қызметтерде болады.  
Ермеков  1938  жылдың  3  ақпанынан  17  наурызына  дейінгі  аралықта 
Куйбышев  қаласындағы  Жоспарлау  институтының  математика  кафедрасының 
меңгерушісі  болып  істеді.  Алайда  лақаптан  жала  жабысып  қамалды.  Әлімхан 
Ермеков жабылған жаладан бас тартып, 1 мамырдан 17 шілдеге дейін жоғары 
жаққа алты рет арыз жолдап, әділдікті сҧрады. 1939 жылы 28 ақпан кҥні НКВД-
ның әскери трибуналы оны РСФСР Қылмыстық істер кодексінің 49 жеке 58-1а 
статьясы  бойынша  10  жылға  бас  еркінен  айырады.  Профессор  Ермековке 
тағылған  айыптары  бірін-бірі  жоққа  шығаратын,  шындыққа  мҥлде 
жанаспайтын, ойдан шығарылған  жалалар болатын. 
Кейінірек  жаза  мерзімін  алты  жылға  дейін  тӛмендетеді.  Алайда  екінші 
дҥниежҥзілік соғыс басталып кетіп, оны 1947 жылға дейін лагерде ҧстап, тоғыз 
жылдан кейін ғана шығарды. Сол жылдың 15 тамызынан Ә. Ермеков Шымкент 
технологиялық  институтының  математика  кафедрасын  басқарып,  қайтадан 
ҧстаздық қызметін жалғастырады. 1948 жылы қайтадан тҧтқындап, тағы да он 
жылға соттады. Бҧл – тҧтқындау мен қуғын-сҥргіннің ҥшінші толқыны болатын 
[6].  
Әлімхан  Ермеков  ГУЛАГ-та  адамдық  бет-бейнесін  жоғалтқан  жоқ,  рухы 
сынбады,  сыртқы  әлеммен  байланысып  отырды.  Сол  кеткеннен  мол  кеткен 
Әлімхан  Ермеков  1955  жылғы  7  наурызда  КСРО  Бас  прокурорының 
қаулысымен тҥрмеден мерзімінен бҧрын босатылып, 1957 жылғы 26 қарашада 
толық  ақталды.  Оған  ӛзінің  туған  ӛлкесіне  қайтуына  рҧқсат  берілді.  1955 
жылдан  бастап  Қарағанды  политехникалық  институтында  жҧмыс  істеп,  1958 
жылы  зейнетке  шықты.  Ол  кісі  1970  жылы  Қарағандыда  қайтыс  болған  кезде 
ың-шыңсыз, тыныш қана жерлей салды [9]. 
Әлімхан  Ермеков  –  тҧңғыш  қазақ  математигі,  профессор,  жоғары 
математикадан  қазақ  тіліндегі  оқулық  ауторы.  1932-1936  жылдары  жоғары 
техникалық оқу орындары ҥшін қазақ тіліндегі математикалық терминологияны 
жариялады. Бҧл – математика бойынша қазақ тілінде шыққан бірінші оқулық. 
Қазір  Қарағанды  мен  Қарқаралыдағы  кӛшелер,  мамандандырылған  Кітап 
ҥйі, Ақадырдағы №131 мектеп Әлімхан Ермековтің атымен аталады. 
1998 жылдың жазында Әлімхан Ермековтің туған жері Ақтоғайда Алашорда 
кӛсемдері  Әлихан  Бӛкейханға,  Әлімхан  Ермековке  және  Жақып  Ақбаевтарға 
ескерткіштер ашылды.  

169 
 
Әдебиет 
1.
 
Алаш. Алашорда: энциклопедия  Алматы: Арыс, 2009. 544 б.  
2.
 
Ермеков
 
Әлімхан
 
Әбеуҧлы
. //
shuak.kz/kaz/index.php?itemid=93&ca..
 
3.
 
Кӛлбаев Т. Тҧңғыш профессор математигі 
//alashainasy.kz
 
4.
 
Қазақстан ҧлттық энциклопедиясы, 3 том.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет