Қазақстан Республикасындағы сот қҧрылысы мен судьялар
мәртебесi, сондай-ақ сот тӛрелiгiн iске асыру тәртiбi Қазақстан Республика-
сының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң
актiлерiмен белгiленедi. Бағдарламада Би мен судья орнынан тергеусіз тҥспеу
керек деп кӛрсетіледі. Қазіргі кезде билер болмағымен судьялардың қҧқықтары
заңмен қорғалған. Судьяны, қылмыс ҥстiнде ҧсталған немесе ауыр қылмыс
жасаған жағдайларды қоспағанда, тҧтқынға алуға, кҥштеп әкелуге, оған сот
тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот
Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң
келiсiмiнсiз, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында белгiленген
жағдайда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз оны
қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке
басына, меншігіне, ол тҧратын тҧрғын ҥй және қызметтік ҥй-жайларға, ол
пайдаланатын жеке және қызметтік кӛлік қҧралдарына, оған тиесілі қҧжаттарға,
багажына және ӛзге де мҥліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.
Ал, бағдарламадағы ауыр жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралады
деген ҧсыныстарда қазіргі кезде алқа билердің ауыр қылмысты істерді қарауда
сотқа қатысуымен дәлме-дәл келіп отыр. Елімізде алқабилердің қатысуымен
қылмыстық сот ісін жҥргізуді енгізу мақсатында 2006 жылдың 16 қаңтарында
«Алқабилер туралы» Заң қабылданған еді. Бірақ бағдарламадағы ӛзгешелік
присяжный қазақтан алады делінген. Қазір бізде алқа билерді әр ҧлттың
ӛкілінен ала береді, бірақ ол мемлекеттік тілді білуі тиіс.Ӛйткені менде алқа би
ретінде сот істеріне қатысып, онда алқа билерге қойылатын талаптармен жақсы
таныс болдым. Бҧл әрине сот істерінің әділ жҥруіне септігін тигізеді.
VI. Ел қорғау. Ел қорғау ҥшін әскер осы кҥнгі тҥрде ҧсталмауы тиіс.
Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде ҥйретіліп, жерінде қызмет ету керек.
Әскер табына бӛлгенде туысқан табына қарай бӛлу. Әскерлік міндеттерін қазақ
атты милиция тҥрінде атқару.
Бағдарламаның бҧл бӛліміде қазіргі кезде ӛзекті болып отыр. Еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін біздің әскери қорғаныс ісімізде жаңа сатыға
кӛтерілді. Әскери қауіпсіздік жҥйесін қҧрудағы шешуші қҧқықтық акт –
«Қазақстан Республикасының Қарулы кҥштерін қҧру туралы» Президенттің
1992 жылғы 7 мамырдағы Қаулысы болды. Бҧл қҧжатта Қазақстан аймағында
орналасқан Қарулы Кҥштер және оның мҥліктері республикасының
юрисдикциясына ӛтетіні айтылған. Алғашқы кҥннен бастап ақ Жоғарғы Бас
Қолбасшы еліміздің әскери әлеуетін нығайтуға ғана емес, сонымен бірге басқа
мемлекеттермен бірлесіп ҧжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жӛніндегі
шешімдер қабылдады. Президент ҧлттық әскери ғылыми базаны дайындау
және дамыту ҥшін әскери мамандарды дайындау мәселесіне барынша назар
218
аударды. Қарулы Кҥштерді білікті мамандармен қамтамасыз ететін жоғарғы
әскери оқу орындары ашылды. Қазақстан Республикасы Қарулы Кҥштері
толықтыру жҥйесінің жауынгерлік дайындығын жоғарылату және жетілдіру
мақсатында 2004 жылдан бастап келісім-шарт бойынша әскери қызметкерлерді
қабылдау артты. Әскери дайындық интесивтілігі ӛсті. «Қазақстан Республи-
касын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып
табылады.
VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-
кедейше әділ жолмен таратылуы керек.
Бағдарламаның бҧл бӛлімінде – салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-
байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек делінген. Қазіргі кезде
елімізде 2013 жылы қарашада қабылданған салық кодексі бойынша зәулім
ҥйлері бар, ҥлкен машиналары бар адамдар кӛбірек салық тӛлейтін болды.
Бірақ бҧл мәселе 2014 жылдан бастап сатып алынған машиналардан жиналады
деп қайтадан ӛзгертілді. Бҧл жерденде ортақ ҧқсастықтарды байқауға болады.
VIII. Жҧмысшылар. Жҧмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ
жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жҧмысшылары да аз. Алаш
партиясы жҧмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик
табының бағдарламасын жақтайды. Бҧл ҧшқыр ойларда қазіргі кездегі еліміздің
дамуында кӛрініс тауып отыр. «Демократиялық қҧндылықтарды, заң билігін,
транспаренттілікті, толеранттылықты және сауда еркіндігін ҧстанудың
арқасында біз тҧрақты мемлекет қҧрып, мықты әрі білімді орта тап
қалыптастырдық» деп жазды президент Назарбаев.
Қазақстандық әлеуметтанушылар елдегі орта таптың ҥлесін 65 пайыздан
бастап 20 пайызға дейінгі аралықта қарастырады. Мамандар осы аралықтағы
меженің бірін орта тап кӛрсеткіші деп анықтау ҥшін ӛзінің әртҥрлі
критерийлерін ҧсынып келеді. Олардың қайсысы қоғамның объективті кӛрінісі
екендігін дӛп басып айту оңай емес. Сондада Елбасы еліміздегі
жҧмысшылардың жағдайын жақсарту мақсатында жҧмыс берушілерге кӛптеген
талаптар қойып отыр. Бағдарламаның бҧл бӛліміде қазіргі кезде ӛзекті болып
отыр. 1917 жылы жарық кӛрген бағдарламаның осы бӛлімін қазақстандық
жҧмыс берушілер толық оқып шықса халықтың әлеуметтік жағдайы біршама
кӛтерілер еді.
IX. Ғылым-білім ҥйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және
ақылсыз болады. Жҧртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана
тілінде оқуы; қазақ ӛз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы ӛз
алдына автономия тҥрінде болуы; ҥкімет оқу ісіне кіріспеу; мҧғалімдер,
профессорлар ӛзара сайлау мен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы
керек.
Бағдарламадағы кӛрсетілген талаптар қазіргі кезде толығымен іске
асырылып отыр. Осының ішіндегі оқу жолы ӛз алдына автономия тҥрінде
болуы керек деген жолға келсек, бҧл мәселеде жақында еліміздегі білім беру
саласында кӛрініс табатын болады. Ҥкімет отырысындағы Білім және ғылым
219
министрлігінің баяндамасында жоғары оқу орындарына дербестік беруді
кӛздейтін автономия туралы хабарланды. Автономдық мәртебесін алған
жоғары оқу орны білім беру сапасы ҥшін, ӛз студенттерінің жҧмыспен толық
қамтамасыз етілуі ҥшін жауапкершілік кӛтереді. ҚР Білім және ғылым
министрлігінің жоспарына сәйкес, жеке даму бағдарламасын әзірлеп,
басқарудың алқалық тҥрін енгізген, Қамқоршылық кеңес қҧра алған және
жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдай алатын жоғары оқу орындарына ғана
автономия беріледі. Бҧл ретте, мемлекет тарапынан бақылау мен қолдау,
қаржыландыру сақталады. Жергілікті атқарушы органдар, бизнес пен қоғам
жоғары оқу орнын басқаруға қатысады. Бҧл жоғары оқу орындарының
ашықтығын кӛтеріп, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ ҥздік
әлемдік тәжірибеге сәйкес, жоғары білім беру саласына инвестициялар тарту
ҥшін тиімді шарттар қалыптастырады.
Бағдарламаға байланысты осы айтылғандар алаш зиялыларының
капиталистік қоғам немесе таза ҧлттық мемлекет орнату сияқты мҥдделерді
ӛздеріне мҧрат етіп қоймағандығын, олар ҥшін бірінші кезекте ҧлттық саяси
дербестік пен экономикалық-ӛлеуметтік даму жолына тҥсу тҧрғандығын
кӛрсетсе керек. Сондықтан да бағдарламада қойылған мақсат-мҥдделердің
жалпыҧлттық, жалпыдемократиялық сипатын негізге ала отырып, біз «Алаш»
партиясын «буржуазиялық ҧлтшылдар» немесе «буржуазиялық либералдар»
партиясы емес, ҧлттық демократиялық бағыттағы партия деп атауға толық негіз
бар деп санаймыз. Ал оны қҧрушы ҧлт зиялыларын ҧлттық-демократиялық
зиялы қауым деп атау орынды болады[3].
X. Жер мәселесі. Тӛтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы
алдымен жергілкті жҧртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған
жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мҧжық келмеуі, бҧрын
алынған жерлердің мҧжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер
сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға ӛлшеу – норма жерлердің
топырағы мен шаруалық тҥріне қарай жасалуы; сыбағадан артылған жер
земство қолында болуы тиіс; Артық тҧрған жерден ел ӛскенде ауық-ауық
сыбаға кесіліп берілуі. Тҥркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі жерді
қазақ ҥйі басына иленбей ауыл-аймақ туысқан табына меншіктеп алу, ӛзара
әділдік жолымен пайдалануы керек. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім
ӛзі пайдалануы керек. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну.
Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу.
Аса зор ағаш, ӛзендер мемлекеттік болып, аз ағаш және кӛл байлықтары
земство мҥлкіне саналуы керек.
Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді.
Кӛлемі жағынан шағын, мазмҧны жағынан терең осы бағдарлама жобасы 1917
жылғы қараша айының ортасында ӛткен Қҧрылтай съезінде ӛткен сайлауда
Алаш партиясының ҥлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті. Қазақстан
Республикасының Президенті, Ҧлт Кӛшбасшысы, Елбасы Нҧрсҧлтан Әбішҧлы
Назарбаев бҧл бағдарлама жайында «Алаш партиясының жетекшілері ҧсынған
220
кӛптеген қағидалар кҥні бҥгінге дейін ӛз маңызын сақтап отыр. Сондықтан да
олардың ҧлттық бағдарламасы сол тҧста ӛлкеде тҧрған барша халықтың бас
біріктіруіне жағдай туғызды. Бір сӛзбен айтқанда, олар елді ӛркендетудің
демократиялық жолын ҧсынды. Алаш қайраткерлерінің озық ойларын қазіргі
демократиялық қоғамда тиімді қолдана білсек, біздің еліміз дамыған
мемлекеттердің қатарына кӛтерілері сӛзсіз.
Әдебиет
1.
«Қазақ» газеті//21 караша, 1917.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы.,1995
3. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – А.:Санат, 1995. – З б.
4. Қҧл-Мҧхаммед М. Алаш-бағдарламасы. А: Атамҧра, 2000. – 8 б.
ӘОЖ 54 (794)
Темірбеков Б.Н.
Семей облыстық Тарихи-Ӛлкетану мҧражайы, Семей қ.
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ӚЛКЕТАНУ ІСІ
(Орыс географиялық қоғамының Семей бӛлімшесі жҧмысы негізінде)
ХVІІІ-ХІХ ғасырда дамып келе жатқан Ресей капитализмі жаңа жерлер мен
тҧтыну кӛздерін кеңейту мақсатында Ҧлы далаға қызыға қарап, оның табиғи
байлықтарын, шаруашылық қҧрылымын және әлеуметтік, мәдени мҥмкіндік-
терін зерттеуге мҥдделі болды. Осы себепті де барлау мақсатында далалық
ӛлкеге бірінің артынан бірі зерттеу экспедициялары мен топтары сабылып,
әртҥрлі деңгейдегі ғылыми қоғамдар қҧрыла бастады. Солардың бірі далалық
ӛлкенің географиялық,статистикалық, этнографиялық және тарихи мағлҧматтар
жинау және зерттеу мақсатында 1868 жылы Ом қаласында Ресейдің ғылыми
қоғамдарының алғашқыларының бірі болып «Сібірді зерттеу қоғамы»
қҧрылды. Артынша 1877 жылы Сібірде Орыс Географиялық қоғамының
Батыс-Сібір бӛлімі (ОГҚБСБ) ашылады.
1882 жылы орталығы Ом қаласы болып, басқарудың жаңа тҥрі -Далалық
генерал-губернаторлық қҧрылғаннан бастап, қазақ ӛлкесінде зерттеу
жҧмыстарын жҥргізу ОГҚБСБ-нің қызметінің басты бағытының біріне
айналады. Бҧл іске орталықтан шыққан ғалым-саяхатшылармен бірге ОГҚБСБ-
не мҥше болған жергілікті оқымыстылар кӛптеп жҧмылдырылады. Олардың
арасында шоқ жҧлдыздай жарқыраған Е.П. Михаэлис, И.Я. Словцов,
Г.Е. Катанаев, Г.Н. Потанин, Н.Я. Коншин тәрізді Қазақстан мен Сібірдің
далалық ӛлкелерін,сол сияқты Алтай мен Монғолияның біраз аймақтарын
зерттеуде ерекше еңбек сіңірген тамаша таланттар бар еді. Ал 90 жылдардан
бастап орталықтан қаржыландырылған ғылыми экспедициялардың сиреуіне
байланысты, зерттеу жҧмыстарына барған сайын жергілікті қоғам мҥшелері
221
кеңінен тартыла бастайды.Бҧл кезең ӛлкетану мәселелерімен ежелден
айналысып келе жатқан Н.Я. Коншин бастаған ӛлкетанушы ғалымдардың
ОГҚБСБ-нің Семей бӛлімшесін қҧру туралы бастамасына дӛп келеді. Ҧсыныс
«жоғары деңгейдегі ғылыми» қажеттіліктен басқа, жергілікті биліктің шет
аймақты тереңірек білуге деген мҥддесімен де сәйкес келетіндіктен облыстың
сол кездегі губернаторы Проценконың қолдауына ие болады.
Бҧл кезең, қазақ даласында орыс патшасының отарлау саясатының
нәтижесінде қалыптасқан ӛте кҥрделі саяси және әлеуметтік хал-ахуалмен
қабаттас келген еді. Ресейдің әскери-монархиялық басқару жҥйесі исі қазақ
жерін орыс меншігі деп жариялағандықтан қазақтардың ӛз елінде жер иелігінен
айрылуы, келімсек орыс шаруаларының таусылмас кӛшінің қҧнарлы жерлерге
баса-кӛктеп иелік етуі нәтижесінде қазақ қоғамының дәстҥрлі шаруашылық
жҥйесі кҥйрей бастады. Қазақ қоғамы ҥлкен кҥйзелісті бастан кеше бастады.
Ендігі жерде қазақ халқы алдында ҧлт ретінде жоқ болу немесе ашық кҥрес
арқылы тәуелсіздікке жету таңдауы тҧрды. Бҧл жағдай қазақ оқығандарының
жаңа ой-санасы қалыптасуының тарихи процесінің басы болған еді. Ол екі
бағытта ӛрбіді. Дәстҥрлі кӛзқарасқа берік билер мен ақындар қазақ қоғамының
қалыптасқан тәртіпті сынай отырып ежелгі кӛшпелі ӛмірді аңсаса, кӛзі ашық,
оқыған бӛлігі (кӛрнекті ӛкілдері Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және
Абай Қҧнанбаев) қоғамның жарқын болашағына жеткізетін жол орыс
ҥлгісіндегі жаңаша қалыптасу деп тҥсінді.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары ӛздерінің тарихи миссиясын
білім мен озық ой-санаға ие болу арқылы халықтың еркіндік сҥйгіш рухын
тәрбиелеу деп білді. Олар қазақ ҧлтының ӛз жеріне иелік етуімен қатар,
азаттыққа қол жеткізу, жаңа дербес қоғам қҧру бағдарламасын жасауды да
міндетіміз деп қарады. Яғни қалыптасқан жаңа тарихи жағдайда азаттық ҥшін
кҥрестің тҥрін таңдаумен бірге оның стратегиясы мен тактикасын да ойластыру
қажет еді. Бҧл әрине терең біліммен бірге саяси сауаттылықты, қажымас ерік-
жігерді және саяси кҥрес тәжірибесін керек ететін. Қазақ зиялыларының
жарқын ӛкілі, уақыт аралай «Алаш» қозғалысының кӛшбасшысы Әлихан
Бӛкейхан ҧлттық-демократиялық кӛзқарасқа осындай қалыптасу кезеңдерінен
ӛту арқылы келген еді. Ол жас кезінен Санкт-Петербор мен Ом қалаларының
басылымдары беттерінде публицист ретінде тамаша қабілетімен танылады.
1896 жылы бірнеше сібір ғалымдарының ҧсынысымен Императорлық Орыс
Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бӛлімінің шынайы мҥшелігіне
сайланады.
Ә.Бӛкейханның ОГҚ-ның Батыс-Сібір бӛліміндегі жемісті еңбегінің бірі
А.Н. Сидельников, С.Д. Чадов, Н.А. Бородин тәрізді танымал ғалымдармен
бірлесіп шығарған «Қырғыз аймағы» («Киргизский край») атты тҥбегейлі
ғылыми шығармадағы ол жазған ауқымды тарау болды. Ал «Қырғыз
аймағының тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері» атты еңбегінде
Ә. Бӛкейхан қазақтың малмен шҧғылданушы рулары тарихымен ғана
шектелмей, VІІІ ғасырдың соңындағы орыс кӛшпенділері мен отарлау
222
саясатының зардаптары туралы да қамти жазып, ҧлттың мәдениеті пен оқыту
салалары туралы да баяндайды. Қазақ ӛлкесін зерттеу ісіндегі зор еңбегі ҥшін
Ә.Бӛкейхан ОГҚБСБ-нің басқару Комитетінің мҥшелігіне сайланады.
Әлихан Бӛкейхан ел ішіндегі ӛмірді ҥнемі жіті қадағалап, елдегі зиялы
қауыммен тығыз байланыста болған. Оған айғақ Ҧлы Абай қайтыс болғанда
географиялық қоғамның Семей бӛлімшесіне, ақынның қазасы туралы баспа
беттерінде хабар (некролог) жариялауға тапсырыс береді. (Хаты мен баспахана
есебі Семейдің облыстық тарихи-ӛлкетану музейі қорында сақтаулы).
1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде және ОГҚС бӛлімшесінің
«Жазбалар» жинағының 3-санында Әлихан Бӛкейхан Абайдың ӛлеңдер
жинағының кітап болып шығуы және ӛлеңдерінің орыс тіліне аударылуы
туралы мәселе кӛтерген мақаласы шығады.
Бҧл туралы Міржақып Дулатов
«Қазақ» газетінің 1914 жылғы 67 санында (23 июнь) «Абай» атты кӛлемді
мақаласында жазады.
Кейінірек Әлихан Бӛкейхан Семейге келіп-кетіп жҥргенінде Абай
шығармаларының тҧңғыш рет кітап болып басылып шығуына да бас-кӛз
болғаны белгілі.
ХХ ғасырдың басында ОГҚБСБ-нің Семей бӛлімшесі жҧмысына қаланың
кӛптеген қазақ зиялылары қатысқан. Олардың қатарында А.С. Абылайханов,
А. Сәтпаев, Н.Х. мен Н.С. Қҧлжановтар, А. Барлыбаев, И.Т. Тарабаев,
Ж. Иманқҧлов, О.Оспанов, С. Сағындықов, А. Айткин, М. Хамитов т.б. болды.
Семей бӛлімшесі жыл сайын шығарып тҧратын «СОГҚ-ның жазбалары» атты
жинақтың (1912 ж.ҤІ саны) мәліметіне қарағанда 1903 жылдан 1907 жылға
дейін Шәкәрім де осы қоғамда мҥшелікте тҧрып, тіпті қаржылай кӛмек кӛрсетіп
тҧрған. Ал 1914 жылы Алаш зиялыларының ҧсынысымен және тікелей
қатысуымен ҧлы ақын Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты
географиялық қоғамның Семей бӛлімшесінде ғылыми жиынның ӛтуі аймақ
ӛміріндегі елеулі оқиғалардың бірі болады.
Сонымен бірге ҥнемі әкімшілік бақылауындағы Орыс Географиялық
қоғамының Семей бӛлімшесі де ҧлы Даланы отарлаушылар саясатынан тыс
тҧра алмай,патша ҥкіметіне жақпайтын мәселелерден сақтанып, бойын аулақ
ҧстауға тырысты. Мәселен, 1903 жылы 30 наурызда ӛткен СОГҚ-ның кезекті
отырысында жас заңгер, Семей округы сотының мҥшесінің кӛмекшісі, кейіннен
Алаш қозғалысының белгілі қайраткері Райымжан Мәрсековтің (1879-1934)
«Қырғыз сайлауы туралы» жасаған баяндамасын іске алғысыз қылып тастауын
тек осы себеппен тҥсіндіруге болар еді. 1902 жылдан осы қоғамның мҥшесі,
әртҥрлі басылымдарда жарияланған «Әйел», «Сайлау және оның зиянды
жақтары», «Қырғыздың халық соты» атты мақалалардың авторы Райымжан
жоғарыда айтылған ғылыми хабарламасында қазақ даласындағы сайлау
жҥйесінің партияға бӛліну, жала жабу, пара беру, берілген дауысты жалған
санау т.б. жағымсыз қылықтардың етек жаюда екендігін сынайды. Мҧндай
сҧрқия іс әсіресе болыс старшындары мен сотын сайлауда ел ішін бҥлдіріп
болды дей келе, «Баяндамашы сайлау жҥйесіне ӛзгерту енгізу қажет.
223
Старшынды әр ауылдан тағайындалған ӛкілдер емес, әр тҥтін иесінің тікелей
дауыс беруі арқылы сайлау керек. Ал соттарды бҥкіл ауыл болып, жиын
ҥстінде сайлағаны жӛн» деді деп жазылған бӛлімше отырысының
хаттамасында. Мҧндай ҧсыныс бҥкіл отаршылық саяси жҥйесіне жасалған
шабуыл еді. Баяндама бойынша пікір айтушылар ӛз сӛздерінде зерттеу
жҧмысының кемшілік жақтары ӛте кӛп, автор қазақ сайлауындағы партиялар
тарихын «ашпаған», нені мҧрат етіп отырғанын да тҥсіндірмейді дей келе,
отырыс тӛрағасы айтқандай мәселені тереңірек зерттеуге кеңес беріп, еңбекті
«Бӛлімше жазбаларында» жарияламау туралы шешім қабылдайды.
Ал Райымжан Мәрсеков Алаш партиясы мен Алашорда Ҥкіметінің
кӛсемдерінің бірі. Ол 1879 жылы бҧрынғы Семей облысы Ӛскемен уезінің
Айыртау болысында (қазіргі ШҚО Ҧлан ауданы) дәулетті отбасында дҥниеге
келген. Ӛскемендегі уездік орыс мектебін бітіреді. Жасынан зерек, алғыр
Райымжан Омбы қаласындағы классикалық гимназияға тҥсіп, оны 1897 жылы
ойдағыдай тәмәмдап шығады. Озық ойлы, оқымысты ҧстаздардан дәріс алған
ол, сол жылы Ресей империясының астанасы Санкт-Петербургтегі император
университетінің заң факультетіне тҥсіп, 1902 жылы бітіреді. Райымжан 1912
жылы Семейге қоныс аударып, ӛзін тез арада білгір заңгер-адвокат ретінде
таныта білді.
Райымжан Мәрсекҧлының ӛмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері: 1917
жылы – Семей облыстық қазақ комитетінің тӛрағасы, облыстық атқару
комитетінің мҥшесі, «Сарыарқа» газетін ҧйымдастырушылардың бірі, кезекті
редакторы; 1917 жылы 27 сәуір – 7 мамырда ӛткен Семей облыстық қазақ
съезін ҧйымдастырып, басшылық еткендердің бірі; 1918 жылы қаңтар – 1919
жылы маусым – Семей облыстық жер басқармасының тӛрағасы; 1918 жылы –
Семей облысындағы Алаш полкін жасақтаушылардың бірі және оның
командирі. 1918 жылы жазында Алашорда басшылары қатарында Ҥрімші
қаласында болып,келіссӛздер жҥргізіп, жаңадан қҧрылған Алаш партиясы мен
Алашорда Ҥкіметінің жаңалықтарымен таныстырады.
Қазақ оқығандарының жан-жақты сауатты, әр саладан озық хабары
болғандығы белгілі. Солардың ішінде саяси ӛмір жолы ӛте кҥрделі болған
Райымжан Мәрсеков қазақ халқының тҧрмыс хәлі, мәдениеті, оқу-білім
мәселелері мен билік-заң саласы туралы «Қазақ» газетінде кӛлемді («Қазаққа
бӛлек мҥфтилік керек пе?» (1913 ж. 22 желтоқсан), «Қазақ қайда бара жатыр?»,
1914 ж. 17 мамыр, «Жер мәселесі» (1914 ж. 23 шілде), «Ата қонысынан
айрылған қазақ жайлы», (1916 ж. 30 сәуір), «Патшалық (Ресей мемлекеті
туралы», «Патшалықтар арасындағы заң» (1913,1914 ж.ж.) және қазақтан әскер
қатарына адам алу туралы «(Петроградтан) Райымжан хаты» (1916 ж. 31
наурыз) әр тақырыпқа жазылған мақалалары ҧлтын сҥйген оқыған қазақ
азаматының туған халқына қызмет кӛрсетудің ҥлгісіндей. 1915 жылы наурыз
айында Семейде ӛткен әдеби кеште Р.Мәрсеков жасаған «Қазақ әдебиеті
жайында» баяндамасы («Қазақ» газеті (1915 ж. 19 наурыз) ӛзінің ғылыми мәні
мен кӛтерген мәселелерінің кӛкейкестілігі жағынан бҥгін де аса бағалы
224
екендігін кӛруге болады.
Қазақ зиялыларының екінші бір кӛрнекті ӛкілі, қазақтан шыққан тҧңғыш
магистр-заңгер, зерттеуші, Алаш қозғалысының қайраткері, Алашорда
ҥкіметінің мҥшесі Жақып Ақпаев (1876-1934) Орыс Географиялық қоғамының
Семей бӛлімшесінде басқарма мҥшелігіне кандидат ретінде 1907 жылдан есепте
тҧрады. «Қазақтардың некелік қҧқы туралы» Санкт-Петерборда оқып жҥргенде
бастаған зерттеу жҧмысын отаршылыққа қарсы шыққаны және императорға тіл
тигізгені ҥшін деген айыппен Семей тҥрмесінде отырған кезінде аяқтап, 1907
жылы ОГҚСБ «Жазбалар» жинағында жарялайды.
Ж. Ақпаев тумасынан дарынды адам болды. Ол Сакт-Петербор университе-
тінің заң факультетін ҥздік бітіреді. Университетте оқып жҥрген жылдары
қосымша Санкт-Петербор археологиялық институтын тәмәмдайды.
Жоғары оқу орындарында оқып жҥрен жылдарында Ж.Ақпаев патша
ҥкіметінің мемлекеттік билеу жҥйесінің халыққа қарсы зҧлымдың мәнін жақсы
тҥсінеді. Ҥкіметтің салық саясатын сынаған мақалалары «Санкт-Петербургские
ведомости» газетінің беттерінде жарияланады. Кейінірек ол еңбектердің
аудармасы 1900 жылғы «Дала уәләты» газетінің 12 санында басылып шығады.
1905–1907 ж.ж. Омбыдағы, Петропавлдағы, Семейдегі, Павлодардағы,
Баянауыл мен Қарқаралыдағы демонстрацияларға қатысып, митингілілерге
және жиналыстарда жиі сӛз сӛйлейді. Отаршылдық жҥйеге, патша ҥкіметіне
қарсы Омбыда шығатын «Степной край» газетінде мақалалар жариялап,
патшаның отаршылдық саясатын сынайды.
Семейде болған жылдарында Ж. Ақпаев ҧлы Абайдың тҧңғыш ӛлеңдер
жинағын дайындап, баспадан шығуына елеулі ҥлес қосады. Бҧған себепкер
болған М. Әуезовпен етене таныс, аралас болуы да себепші болса керек. Бҥгінгі
зерттеушілер Ж.Ақпаевтың «Қазақстандағы отбасылық некенің қарым-
қатынасы» (1907ж.), «Қазақтардың шығу тегі туралы» (1927 ж.) және басқада
зерттеулері ӛзінің ішкі дҥние танымы жағынан Абайдың «Қарасӛздері» мен
«Біраз сӛз қазақтың тҥбі қайдан шыққандығы туралы» жазбаларымен ҥндес
екендігін байқай алады.
«Қазақтардың шығу тегі туралы» ғылыми еңбегімен Ж.Ақпаев 1927 жылы
желтоқсан айында Семейдің педагогикалық техникумында ӛткен географиялық
қоғамның кезекті отырысында хабарлама жасайды.Бҧған дейін кӛшірмесі ғана
белгілі болған еңбектің тҥпнҧсқасы Семейдің облыстық тарихи-ӛлкетану
музейінің қорында сақталған. Жаңа табылған тҥпнҧсқаның бҧрыннан жарық
кӛрген кӛшірмеден айырмашылығы тасқа басылған орыс тілінде жазылған
еңбектің, бҧрын жарияланбаған, қолдан жазылған, кӛлемі әртҥрлі алты тҥрлі
қосымшалар мен сӛйлем жолдары арасындағы тҥзетулер, автордың 1927
жылдың 26 қаңтарында географиялық қоғамға ӛткізгендігін куәландырған қолы
тҧруында. Бҧл қҧжаттар Семейдің облыстық тарихи – ӛлкетану музейі қорында
сақталуда.
Қазақтың алғашқы математик – ғалымы, профессор, қазақ тілінде шыққан
жоғарғы оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтың авторы Әлімхан
225
Ермековте (1891-1970) ОГҚСБ-нің белсенді мҥшесі және ӛлкетанушы болғаны
мәлім. ХІХ ғасырдаң екінші жартысында басталып, әсіресе столыпинның жер
реформасы жҥргізілген 1906-1911 жылдардағы отарлық саясат салдарынан
айрылып қалған қазақ жерлерін қайтару ісі Қазақ Автономиялық
Республикасын қҧру және қалыптастыру кезеңіне дәл келгені белгілі. Міне тап
осы кезеңде Алашорда ҥкіметінің ҥш басшысының бірі Әлімхан Ермеков ҧлт
кӛшбасшысы Әлихан Бӛкейханмен бірге жаңа қҧрылған кеңес ҥкіметі
басшыларымен болған тікелей келіссӛздер барысында Қазақстан автономиясын
мойындауды талап етеді. Бҧл туралы 1974 жылы СОКП Орталық комитеті
жанындағы марксизм-ленинизм Институты жарыққа шығарған «Владимир
Ильич Ленин. Биографическая хроника» кітабында «Апрель, 2 [1918 года].
Ленин вместе с И.В. Сталиным ведет переговоры по прямому проводу с
А. Букейхановым, Х. Габбасовым и А. Ермековым (том 5, стр. 352–353) деп
жазылған.
«Қазақстан. Ҧлттық энциклопедия» атты кітаптың екінші томында: «В 1920
году А. Ермеков, в должности члена Центрального исполкома Казахской АССР,
командируется в Москву, где на заседании, под председательством В. И.
Ленина делает доклад о положении Казахстана. В процессе острой дискуссии о
границах республики ему удалось добиться возвращения Казахстану ряда очень
важных территорий, которые раньше были отведены к России. Среди них
Коростылевская степь, Семипалатинская, Акмолинская области и северное
побережье Каспийского моря. В наши дни эти территории имеют огромное
значение: в Акмолинской области теперь находится столица Республики –
Астана, на Каспийском побережье сосредоточены основные запасы нефти и
газа» деп жазылған.
Географиялық қоғамның Батыс Сібір бӛлімінің Семей бӛлімшесінде
кӛптеген қазақ зиялылары мҥше болғаны белгілі. Солардың бірі Алаш
қозғалысының жетекшілерінің бірі Халел Ғаббасов Семейдің ерлер
гимназиясын бітірген соң, Москва университетінің заң факультетінде, соңынан
физика-математика факультетін тамамдайды.
Студент кезінен езілген қазақ халқының арман мен мҥддесін қорғауға
белсене араласқан ол Алаш туы кӛтерілгенде кҥрескерлердің алдыңғы
қатарынан табылады. Алаш партиясының тӛрағасы Ә.Бӛкейханның тапсыр-
масымен 1918 жылы 2 сәуірде Семейден тура байланыс арқылы Сталинмен
келіссӛзді бастайды. Алашорда басшылары келіссӛз барысында В. Ленин мен
И. Сталиннің: «елдегі барлық мемлекеттік автономиялық қҧрылымдар кеңес
ӛкметін орталық билік деп мойындайтын болсын», - деген бірбеткей талабын
қабылдауға мәжбҥр болады.
1917-1919 жылдар аралығында Алаш партиясы мен ҥкіметінде жауапты
қызметтерді (Семей облысы Алаш партиясы облыстық комитетінің тӛрағасы
(1917 ж. қараша), Алаш-Орда ҥкіметінің тӛрағасының орынбасары (1918 ж.
сәуір), 1918 ж. тамыз айында қҧрылған І Алаш полкын ҧйымдастырушылардың
бірі, Семейдегі «Сарыарқа» газетінің редакторы) атқарған Х. Ғаббасов ҧзақ
226
жылдар Республиканың Мемлекеттік жоспарлау комитетінде қызмет істейді.
Барша қазақ зиялыларының Географиялық қоғамның Семей бӛлімшесінің
мҥшесі ретінде тарих пен ӛлкетану ісіне белсене араласуы да осы кезеңге
сәйкес келеді.
1924 жылғы шілде айында жарық кӛрген ОГҚ-ның Семей губерниясы
бӛлімшесі бюллетенінде қоғам мҥшелері қатарында Қарқаралыдан Жақып
Ақпаев, Ахметолла Ақтайҧлы Барлыбаев, Кәрім Дҥйсебаев, Әлімхан
Әбутайҧлы Ермеков, Әбікей Зейінҧлы Сәтпаев, Нәзифа Сегізбайқызы
Қҧлжанова, Халел Ахметжанҧлы Ғаббасовтар деген мәлімет келтірілген. 1924
жылдың қазан айында М.Т. Тҧрғанбаев, Ш.А. Айманов, Ж.Т. Шанин,
М.О. Әуезов ОГҚСБ-нің нақты мҥшелігіне сайланады. Ӛлкетану ісіне қазақ
зиялыларының халқы мен елін қалтқысыз сҥйген алдыңғы қатарлы ҥлкен
тобының қосылуы қоғам жҧмысын жаңа белеске кӛтергені анық.
1924 жылдың тамыз айында Семей қаласында республика ӛлкетанушыла-
рының тҧңғыш конференциясы ӛтеді. Оған республиканың губерниялары мен
уездері мекемелері мен ҧйымдарынан 74 делегат қатысады. Конференцияның
шақырылуы және ол талқылаған мәселелер сӛз жоқ республика кӛлемінде
ӛлкетану ісіне соны серпін берді.Оның ҥстіне ОГҚ-ның Семей губерниясы
бӛлімшесі Кеңесінің тӛрағасы болып аса ықпалды бедел иесі Б.Г. Гераси-
мовтың, ал оның орынбасарлығына қазақ оқығандарының кӛрнекті ӛкілі,
шығармашылық саламен қоса мемлекет қайраткері ретінде де таныла бастаған
М.О. Әуезовтың сайлануы әрине айтулы ӛзгеріс әкелуі тиіс еді.
Ол кӛп кҥткізген жоқ. Бӛлімше кеңесінің кезекті отырысында Зайсан мен
Бҧқтарма уездеріне, соның ішінде Шыңғыстай болысына фольклор мен тарихи
мәліметтер жинау мақсатында этнографиялық экспедиция аттандыру туралы
шешім қабылданады. Кеңес отырысында тағы да бір ӛте маңызды шешім – Ҧлы
Абайдың ӛмірі мен шығармашылығына арналған салтанатты жиын ӛткізу
туралы шешім қабылдануы еді. Сӛйтіп, 1924 жылдың 27 желтоқсанында
облыстық кітапханада ОГҚ-ның Семей губерниясы бӛлімшесінде ақынның
дҥниеден қайтқанына 20 жыл толуына арналған 150-ден астам адам қатысқан
салтанатты мәжіліс ӛтеді. Салтанатты мәжілісті кіріспе сӛзбен кеңес тӛрағасы
Б.Г. Герасимов ашып, баяндаманы Х. Ғаббасов жасайды. Келесі кҥні Луна-
чарский атындағы театрда Абайға арналған әдеби кеш ӛтеді. Кеште ОГҚ-ның
мҥшесі Х. Ғаббасов «Абай Қҧнанбаевтың ӛмірбаяны» тақырыбында баяндама
жасаса, «Абайдың қазақ әдебиетіндегі орны» тақырыбында М. Әуезов екінші
баяндаманы жасайды. Қос баяндаманы жиналғандар ҥлкен ықыласпен
тыңдап,жоғары бағалайды.
Бҧл жылдары жаһандық әдебиеттің болашақ классигі М. Әуезов губерния
ӛлкетану ісінде белсенді қызмет атқарады. Оның тікелей ықпалымен Ӛскемен,
Павлодар, Риддер қалаларында, Семейдің кӛптеген оқу орындары мен
ҧжымдарында ӛлкетану ҧйымдары қҧрылады. 1927 жылы Москвада ӛткен
ӛлкетанушылардың Бҥкілроссиялық конференциясында Орталық бюроның
мҥшесі болып сайланады. 1928 жылдың наурыз айында географиялық
227
қоғамның кеңесі шешімімен М.Әуезов пен Ж.Шаниннің жетекшілік етуімен
қазақ этнографиясы кеші ӛтіп, «Қаракӛз» спектаклі қойылады. Кей мәліметтер
бойынша кешті 600-ден астам адам тамашалаған кӛрінеді.
Алаш қайраткерлерінің ел тарихын, этнографиясын, мәдениетін зерттеумен,
жиналған деректерді ғылыми жҥйелеп, жариялап отырумен де айналысқаны
белгілі. Бҧл істе 1913 жылдан бастап Ахмет Байтҧрсынов пен Міржақып
Дулатовтың басшылық етуімен шыға бастаған «Қазақ» газетінің орны ерекше
екендігін баса айтқан жӛн. Газет беттерінде Ҧлы ақын Абайдың опат болғанына
10 жыл толуына байланысты 1914 жылы 26 қаңтарда Семей географиялық қоғамы
мҥшелерінің Нәзифа Қҧлжанова ханымның басшылығымен қазақ жастарын
ҧйымдастырып, әдебиет кешін ӛткізгендігі туралы Міржақып Дулатовтың
мақаласы жарияланады. «Бірінші ақынымыз» деп ақын қабірін халқы жиі-жиі
зиярат етер, халық пен Абай арасы кҥшті махаббатпен жалғасар. Ол кҥндерді біз
кӛрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...» деген Міржақып сӛздері Алаш
қайраткерлерінің болашаққа деген зор сенімін айқындап тҧрғандай.
1913 жылғы «Қазақ» газетінің бірнеше санында жарияланған Әлихан
Бӛкейханның «Қазақтың тарихы» мақалалар жиынтығында «Бір халық ӛзінің
тарихын білмесе, бір ел ӛзінің тарихын жоғалтса, оның артынша ӛзі де
жоғалуға ыңғайлы болып тҧрады. Тарих тіршілікте жолбасшы дейтініміз осы»
деген сӛздері бҥгін де кӛсемсӛз ретінде мәнін жойған жоқ. Ал, 1915 жылы
жарияланған «Екі жол» атты мақаласында қазақ халқының тарихына шолу
жасап, ХҤІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында патшаның отарлық саясаты
негізінде қалыптасқан әл-ахуалды ашына баяндай келе халқын білімге, заңды
ҥйренуге, заңды игеру арқылы кҥресуге шақырады. Осы тәрізді мақалалар
газеттің әр санында әртҥрлі автордың атынан жарияланып отырды.
Газет беттерінде ӛлке тарихын зерттеуші – ғалымдар туралы, әсіресе Шоқан
Уәлиханов, Григорий Потанин, Әбубәкір Дивеев, Петр Семенов-Тянь –
Шанский туралы, олардың қазақ даласының тарихын, мәдениетін зерттеудегі,
тарихи деректерді, аңыз-әңгімелер мен мақал-мәтелдерді жинаудағы істерін
ҥлгі қылған Әлихан Бӛкейханның, Ахмет Байтҧрсыновтың, Міржақып
Дулатовтың, Мҧстафа Шоқайдың, Жҥсіпбек Аймауытовтың т.б. мақалалары
жарық кӛреді. Осы тәрізді газет оқушыларына арналған тарихи ескерткіштерді
қорғап, сақтау және кӛне заттар мен қҧжаттарды жинақтап, музейге ӛткізу
туралы да мақалалар мен ҥндеулер жарияланып отырған.
Бҧл бекер болған жоқ еді. Езілген, жоқшылық азабын тартқан қазақ елінің
жҥрегіне жол тартқан ҧлы сӛз, зәру дән ӛз шығымын бере бастады. Азаттық
сҥйгіш халықтың рухани санасы ояна бастады. Ҧлы Қазақ Жҧртын алдағы бір
ғасырға жуық уақыт ішінде бабалар аңсаған теңдікке жету жолындағы кҥрес
тосып тҧр еді.
Әдебиет
1.
Абилев А.К. Вклад Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского
отдела Русского Императорского географического общества в научное
228
изучение Казахстана. Целиноград, 1990
2.
Аманжолова Д.А. Партия Алаш: история и историография.
Семипалатинск, 1993.
3.
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. М., 1994. Асылбеков
М.Х., Сеитов Э.Т. Алихан Букейхан – общественно-политический деятель и
ученый. Алматы, 2003;
4.
Буктугутова Р.С. Очерки истории общественного движения в Степном
крае в конце ХIХ – начале ХХ вв. Кокшетау, 2006.
5.
Записки
Семипалатинского
Отдела
Государственного
Русского
Географического Общества: вып. VI. Семипалатинск. 1912.
6.
Записки
Семипалатинского
Отдела
Государственного
Русского
Географического Общества: вып. XI. Семипалатинск. 1917.
7.
Записки
Семипалатинского
Отдела
Государственного
Русского
Географического Общества: вып. XVI. Семипалатинск. 1927.
8.
«Қазақ» газеті жинағы. Қҧрастырушылар Субханбердина, Дәуітов, Сахов.
Алматы. 1998
9.
Касымбаев Ж.К. История города Семипалатинска (1718-1917 г.г.)
Алматы. 1998г.
10.
Кашляк В.Н. Три века истории. Семей. 2002 г.
11.
Труды Семипалатинских краеведов конца ХІХ – начала ХХ века Астана.
«Алтын кітап» 2007
ӘОЖ 94(574.42)
Толембаев О. М.
«К. Нҧрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ
ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы
Tolembaev63@mail.ru
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚАТЫСҚАН ТАРБАҒАТАЙЛЫҚТАР
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдегі әлеуметтік-саяси ахуал қоғамдық санаға
зор әсерін тигізді. Соның салдарынан империя бодауында болған халықтардың
сана-сезім мен ой-пікірі оянып, тҥрлі саяси кӛзқарастардың қалыптасуына
себепші болды. Міне, осы кезеңде Ресей империясының отарлық билік
жҥйесіне қарсы бағытталған – алаш қозғалысы қалыптаса бастады. Ӛткен
ғасырдың басында қазақ қоғамы тҥрлі ағымдардың ӛзара қақтығыс кҥрес кезеңі
болды. Осындай жағдайда қоғамдық кҥреске қазақ елі ҥшін енді қалыптасып
қоғамнан ӛз орынын ала бастаған саяси – әлеуметтік топ – ҧлттық зиялылар
араласа бастайды.
Ал осы қазақ зиялы қауымының қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етті,
не тҥрткі болды деген сауал туындайды. Тарихта XIX ғ. 60 жылдарының
аяғында Патшаның қазақ жерін ҥш генерал-губернаторлыққа бӛлген әкімшілік
– территориялық реформасы болғаны белгілі. Реформаға байланысты
229
отаршылдық басқару жҥйесіне тілмаштар, дәрігерлер, ағарту саласының,
шаруашылық және шенеуніктік әкімшілік қызметкерлерін жергілікті ҧлттан
шыққан мамандармен толықтырудың және солар арқылы қазақ жерін
басқарудың қажетілігі туындады. Сондықтан әр генерал-губернаторлық
кеңселері жанынан қазақ жастарына жылына 3-4 степендия белгіленіп отырды.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде бағдарлама аясында ҧлт жастары Мәскеу,
Петербург, Қазан, Варшава, Орынбор, Омбы, Томск сияқты қалалардағы оқу
орындарында тҥрлі мамандықтар бойынша білім алды. Сол кезеңдегі білім
алған – оқыған жастар туған елі мен жеріне оралып ӛз мамандықтары бойынша
тҥрлі салаларда халқына қызмет етсе, ал кейбірі сол қалалардағы тҥрлі
әкімшілік кеңселерінде қызметке тартылып сол кезеңдегі Ресейдегі дамып келе
жатқан тҥрлі ағымдар – ҧйымдарға, партиялар мен қозғалыстарға қатысып
мҥше болып ӛздерінің адами – саяси кӛзқарастарын бекітті. Бҧл «Негізінен
метрополия оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік басқару
аппаратындағы қызметке және қазақ арасына орыс мәдениетін егіп, тарату ҥшін
даярланған зиялылар мҧның бәрін жиып қойып, ҧлттық тәуелсіздік пен ҧлттық
мәдениеттің ӛсіп- ӛркендеуіне, ҧлт ӛмірін қайта қҧру мақсатына қызмет ете
бастайды» [М.Қойгелдиев. «Алаш қозғалысы»] [4:3]. Міне, сол бір алмағайып
уақытта тарих сахнасына кӛтерілген ҧлт зиялылары осылай қалыптасып
«алаш» туының аясында бірігу идеясын орнықтырды. Алаш идеясы- шын
мәнінде тәуелсіздікке жету тҧрғысындағы ХХ ғасыр басындағы қазақтың
ҧлттық – мемлекеттігін қалпына келтіру идеясы болатын.
Алаш идеясы догмалық тҥрде қалып қойған ағым емес, ол ӛмірде ӛзіндік
таңбасы мен ізі қалған алаш қозғалысына ҧласты. «Алаш қозғалысының
мақсаты – қазақ елінің ӛзін –ӛзі басқару, яғни ҧлттық мҥдесін қорғай алатын
мемлекеттік жҥйе қҧру, дәстҥрлі шаруашылық ҥрдісін ӛркениет деңгейіне
ҧластыру, мәдениетті ӛркендету» [2:35]. Ҧлттық менталитетті идеялық
тҧрғыдан ту қылып кӛтерген зиялылар қоғамдық-саяси болмысы тҧрғысынан
кімдер еді деген заңды сҧрақ туындайды. Елбасымыз Н.Назарбаев «Тарих
толқынында» атты кітабында «ХХ ғасыр басында ҧлттық бірлікті нығайту
идеясын алға тартқан рухани зерделі игі жақсылар қазақтың ҧлттық идеясын
жасау міндетін ӛз мойына алды. Олар қоғамның тҥрлі тарабынан шыққандар, әр
ең алдымен дәстҥрлі дала ақсҥйектерінің ӛкілдері еді. Қазақ зиялыларының
жаңа буыны жалпы ҧлттық мҥделерді білдіріп, ағайыншылдық, рушылдық
пиғылдардан арылудан тырысты. Олардың пікірінше, қазақ қоғамын рулық –
тайпалық ҧстанымдар бойынша бӛлінуден арылту, тҥптеп келгенде, ҥдеген
отарлық ҥстем саясат жағдайында ҧлттық бірлікті орнықтыру ҥшін қажет
болды» – деп кӛрсетті [1:156-158].
Міне осындай аласапыран уақытта Алаш идеясын қолдаған, қозғалысының
ӛрістеуіне ат салысқан, «Алаш орда» деп аталған ҧлттық ҥкіметіне мҥше
болған тарбағатай ӛңірінен қатынасқан жерлестеріміз Ережеп Итбаевты,
Отыншы Әлжановты, Бияхмет Сарсеновті және «Ҥш жҥз» партиясының
серкелері К.Тӛгісов пен Ы.Кабековті бҥгінгі ҧрпақ зор мақтан тҧтады.
230
Осы аталған аталған қайраткерлердің ішінде алғаш қоғамдық – саяси
істерге бҧрынырақ араласқан жас шамасы жағынан ҥлкендері Ережеп Итбаев
пен Отыншы Әлжанов еді.
ХІХ ғасырдың 70-90 жылдарында патша ҧлықтарының тарсырмасын
орындау мақсатында Зайсан уезіне қарасты Ӛкпеті болысын отыз жылдай
басқарған Кӛкебай Сейітҧлының тҧсында Ережеп, Жәкулә, Жҧмажан және
Шойқожа атты жасӛспірімдер Ресейдің Қазан, Томск, Омбы сияқты қалаларына
оқуға жіберіледі. Олар оқуын бітіргенен кейін Жәкулә Кішікҧлы алғашында
Қырғызстанда дәрігер кейінен ӛз елінін Ӛкпеті болысын басқарады, Жҧмажан
Базарҧлы білікті адам дәрігері, Шойқожа Қапанҧлы мҧғалім мамандығын алып,
елге оралады. Ал Ережеп Итбайҧлы алғашында Омбы гимназиясын бітіріп,
заңгер мамандығын алып, 1894 жылы оқуын одан әрі Томск университетінде
жалғастырады. Мақаламыздың ӛзегінің арқауы Алаш қозғалысының және
Алаш орда ҥкіметінің белді қайраткері ретінде танылған Ережеп Итбайҧлы
1870 жылы 1 қазанда Зайсан уезі, Ӛкпеті болысында Тоғасбайҧлы Итбайдың
отбасында дҥниеге келген. Ол оқуын бітіргеннен кейін, дәлірек айтсақ 1896-
1900 жылдары Ф.А. Щербина экспедициясы қҧрамында Кереку және
Қарқаралы уездеріндегі жер қатынастарын зерттеуге қатынасқан. Тарих
беттеріне ҥңілсек, «Бҧл экспедицияның қҧрамында орыс зиялыларымен қоса
қазақ зиялыларының ҥлкен тобы Ә. Бӛкейханов, Ҧ. Базанов, И. Жақсылықов,
Е. Итбаев, Р. Марсеков т.б. болған. Дала облыстарын зерттеу жӛніндегі
экспедицияның мақсат міндетіне аймақты тарихи-табиғи жағынан зерттеп,
суреттеу жер тҥрлерін бҧл мәселедегі ауылдар мен болыстардың маңызын,
шаруашылық жҥргізу жерді пайдалану тәсілдерін анықтау кірді. Ресейдің
Орталық губерияларынан әкелінген шаруалапрды қоныстандыру мақсатында
шаруашылық статистикалық зерттеуге баса кӛңіл бӛлінді» [3:562]. Осындай
мақсатты кӛздеген Ф.А. Щербина басқарған экспедицияның қызметіне
қатнасқан ҧлт зиялыларының кӛзғарасын кейінен ҥлкен ӛзгеріске ҧшыратып,
саяси- қоғамдық қозғалыстың қалыптасуына әсер етті.
1905 жылы басталған орыс революциясының әсері қазақ елі азаматтық
қозғалысының ҧмтылыс, ӛрлеу, кӛтерілу кезеңінің бастауы болып саяси кҥрес
ереуіл ең алдымен, патшаға петиция жазып тапсыру тҥрінде кӛрінді. 1900- 1906
жылдар аралығында Қарқаралы уезі кеңесінің тілмәші қызметін атқарған
Ережеп белгілі қазақ зиялыларының алдынғы қатарлы ӛкілдері А. Байтҧрсынов,
Ж. Ақпаев, К. Тӛгісовтармен бірге Қоянды жәрменкесіндегі 14,5 мың адам қол
қойған 11 тармақтан тҧратын халықтың талап тілегі Қарқаралы петициясын
ҧйымдастырушылардың бірі болды. Кейіннен осы оқиғаны ҧйымдастырушылар
қуғындалды, кейбіреулері жҧмыстан босатылды, тіпті жер аударылды. Ережеп
1907 жылы Ақмола облыстық сотының тілмәші болып 1917 жылдың ақпанына
дейін істейді.
Тарихтан белгілі ақпан тӛңкерісі нәстижесінде патша тақтан тайдырылып,
уақытша ӛкіметтің басқару органдары азаматтық комитет қҧрыла бастаған
уақытта, қазақ зиялыларының мҧрындық болуымен стихиялы тҥрде облыстық,
231
уездік, болыстық деңгейде қазақ комитеттері қҧрыла бастайды. Бҧл «уақытша
ҥкіметтің мемлекеттік унитаризм идеясына қарсы Қазақ жерінде ҧлттық
мемлекеттік автономия мәселесін шешудегі алғашқы саяси қадамы болды»
[4:219]. Міне осы кезеңде ӛзге Алаш азаматтарымен тізе қосып, наурыз-мамыр
айларында Омбы, артынан Ақмола облыстық қазақ комитеттерінінің сьезін
ҧйымдастырып, оның тӛрағасы қызметін атқарған. Мҧндай ҧйымдастыру сьезі
барлық жерлерде болып «Алаштың» әлеуметтік негізін қҧрап, мҥшелерінің
саны 5 мың адамнан асқан. Сӛйтіп, қазақтың мемлекеттігі, ҧлттың ӛзін-ӛзі
билеу ҥшін қажетті алғышарттармен идеялар пісіп жетілді. «1917 жылы 21- 26
шілде де 1 – жалпы қазақ сьезі Орынборда ӛтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай,
Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Бӛкей ордасынан барлығы
20-дан астам делагат – ӛкіл қатынасқан тҧңғыш сьезде» [7:262] Ақмола
облыстық комитетінің басқарушысы ретінде кҥн тәртібіндегі 14 мәселенің
қаулы қарарларын қабылдауда оның ӛзіндік ҥлесі болды. Алаш партиясы
қҧрылғаны мен, сьезде қазақ елінің мемлекетік қҧрылымы, басқару формасы
туралы ӛзекті мәселе шешімін таппады. Сьезд «Ресей қҧрамында ҧлттық
автономия қҧру» [5:47] идеясын кҥн тәртібіне қойып, оның демократиялық
жолмен шешілуіне бағыт-бағдар іздеді.
Міне осыған байланысты алаш зиялылары 1917 жылы қазан айының 8-17
жҧлдызы аралығында Томск қаласында ӛткен 1-Сібір облыстық сьезіне
қатысады. «Ондағы мақсаттары демократиялық жолмен Қазақстанды тәуелсіз
мемлекет статусына кӛтеру» деп жазады заң ғылымының докторы, профессор
Сәкен Ӛзбекҧлы ӛзінің «Автономия жӛніндегі айтыс» деген зерттеу
мақаласында. Архив деректерін арқау еткен осы мақалада «Сьезде жалпы 182
делегат қатынасқан, қазақтардан атап айтқанда: Ә. Бӛкейханов, А. Айтпенов,
Х. Ғаббасов, С. Досжанов, С. Желкілдеков, Ә. Ермеков, Р. Мәрсеков, Е. Итбаев,
А. Сейітов, И. Тҧрмҧхамедов болған. Сьезд Сібір кеңесін сайлап, оның
қҧрамына облыстардан Х. Ғаббасов, Е. Итбаев, С. Досжанов, ал жалпы қазақ
жҧртының атынан Ә. Бӛкейханов пен М. Тынышбаев енген» [10].
Жастық шағында студенттік ӛмірі ӛткен сонау Томскідегі Сібір сьезіне
қатысуы ғалымның сӛзімен айтсақ, «жарғақ қҧлақтары жастыққа тимей»
Ресейдің ҧлы державалық саясатынан саналары уланған орыс шовинистерімен
пікір таластыра отырып, қазақ халқының ӛзін-ӛзі басқару қҧқығына ие болу
идеясын жан-тәнімен қорғаулары ҧлт қамын ойлау белгісі болып кӛрінеді.
Ал ҧлттың азатығы жолында аянбай қызмет кеткен, сол мақсатта жанын
қҧрбандыққа байлап, от жалынына оранған Отыншы Әлжанов 1873 жылы 12
тамызда Семей облысы Зайсан уезінің Нарын болысына қарасты №6 ауылында
дәулетті отбасында туған.
1882-1887 жылдары Зайсандағы бастауыш орыс-қазақ училищесінде оқиды.
1887 жылы Омбы қаласындағы қазақ-орыс гимназиясына тҥсіп, оны 1890 жылы
ҥздік бітіреді. Білімін одан әрі жетілдіру мақсатында осын жылы қаладығы
мҧғалімдер сеимнариясына тҥсіп, оны 1894 жылы бітіріп шыққан Отыншыны
Дала генерал-губернаторының кеңсесіне қызметке қалдырады. Бір жылдай
232
қызмет еткен сон 1895 жылы 30 наурыздағы генерал-губератордың
бҧйрығымен Ақмола облыстық сотының аудармашысы болып тағайындалады.
Омбыда оқыған кезеңдерінен бастап қалада 1888-1902 жылы қазақ және орыс
тілдерінде шығып тҧрған «Дала уалаяты» газетінде қазақ тҧрмыс тіршілігіне,
тарихына, әдет-ғҧрып, салт-санасына, оқу ағарту мәселелеріне қатысты тҥрлі
ғылыми мақалаларын «Орта жҥз», «Бабай-Бҥркіт» деген бҥркеншік атпен
молынан жариялап тҧрған. Мысалы, «Толағай һәм Бӛрі тастаған таулары»,
«Зайсан оязынан хат», «Ғылымға қарай тағы бір қадам» сияқты туған жерге
қатысты материалдарды жазған [6:8]. 1895-1907 жылы Омбы, Ақмола
облыстарынның сот органдарында қызмет атқаруы оның қоғамдық саяси
кӛзқарасының қалыптасуына мол әсері болды. Осы жылдары ӛзінің сҥйікті
жары Омбы уезінің ауқатты адамы Дҥйсембай қажының Әлдия (Нҧржәмилә)
атты қызына ҥйленген. Оның Санк- Петербург университетінің заң факультетін
бітірген Ж. Ақпаев, Р. Марсековтармен те таныстығы осы кезеңде басталады.
Әсіресе оның саяси кӛзқарасының қалыптасуына Жақып Ақпаев ҥлкен әсер
етеді. Ж. Ақпаев Петербург университетінің заң факультетін бітіріп. 1903-1905
жылы сот палатасында жҧмыс істеген. Отыншының зайыбының әңгімесіне
қарағанда ол «орысшаны таза сӛйлеген, ашаң жҥзді, зиялы жас жігіт олардың
ҥйіне жиі-жиі қонаққа келіп тҥн ортасына дейін әңгімелесіп отырады екен», –
деп жазады [9].
Отыншы Омбы, Ақмолада болған жылдарында қалалық гимназияда оқитын
ӛзінен жасы кіші жерлестері Б. Сәрсенов, Қ. Кемеңгеров сияқты жастарға
ақылшы болып, қоғамдық-саяси кӛзқарастарының қалыптасуына себепші
болды. Қошке Кемеңгеров ӛзіне ақылшы болған жездесі Отыншы туралы
кейінен «Білім дариясына сусындауыма, саяси кӛзімнің ашылуына себепкер
болып, ҧлтшылдықтың ӛріне сҥйреп едің, алыста жатсаңда ақыл сабағыңды
хатпен беріп, ҧстаз болып едің», – деп еске алады [9].
«Қазақ халқының болашағы оқу-білім, ғылымды меңгеруде деп тҥсінген
Отыншы Ы.Алтынсариннің ҥлгісімен Семей облысында, алдымен ӛзі туып-
ӛскен Зайсан уезінде жаңа әдіспен оқытатын азаматтық мектептерді ашуды
кӛздейді.
Отыншының осындай ой-пікірлерімен санасқан дала округтік оқу ісінің
меңгерушісі белгілі орыс миссионері А. Алекторов (1861-1918) Отыншыны
оқу-ағарту саласындағы білікті маман деп біліп, жақсы қарым-қатынаста
болған»[6:13].
1901
жылы
17
шілдеде
Дала
генерал-губернаторы
облыстық
губернаторларға: «Халық арасында болып, қандай жерлерге мектеп ашуға
қолайлы болатыны жӛнінде ақылдасыңдар. Алғашқы кезеңде әр уезде 3-4
мектептен артық аша алмайтынымыз байқалады. Осы сан қайсымызға болсын,
мақсат болуға тиіс» – деп нҧсқау тапсырма береді. Міне, осы нҧсқау негізінде
1902 жылы 15 қыркҥйекте Зайсан уезі бойынша ашылған ҥш ауылдық
мектептің біреуі Ақсуат-Нарын болысында ашылуына Отыншы ҧйытқы болған.
1907 жылы А.Е. Алекторов Отыншыны Кӛкпектідегі қазақ-орыс училищесінің
233
меңгерушісі етіп тағайындайды. Кӛкпектідегі қызметіне тағайындалғанан кейін
А.Е. Алекторовпен бірге ол сол жылдың қазан айында Санкт- Петербургтегі
«Бҧратана халықтардың оқу ісі мен мектептер туралы» заң жобаларын қайта
қҧру комиссиясының жҧмысына Дала генерал-губернаторлығына қарасты
қазақтардың ӛкілі ретінде қатынасыды.
ХХ ғасырдың бас кезінде яғни, 1908 жылдан ҥкіметтің ҧлттық
интеллигенцияны қудалау саясаты басталды. Қарқаралы петициясын
ҧйымдастырушы деген желеумен Бӛкейханов, Байтҧрсынов және Дулатовтар
Семейдегі абақтыға қамалады. Тӛгісов Ӛскемен тҥрмесінде отырады. Ақпаевты
екі жыл мерзімге Жетісудың Қапалына жер аужарады. Бҧл қудаланудан
Отыншы да шет қалмайды. Бҧл уақытта Кӛкпектіде ноғай-татар саудагерлері
мен молдаларының және орыс қоныстанушыларының ықпалы кҥшті еді. Олар
Семей облысы губернаторының және дала генерал-губернаторының атына
Отыншы жӛнінде бірнеше арыз-шағымдар мен жала хаттар ҧйымдастырады.
1909 жылы мамыр-маусым айларында Семей облысы губернаторы
А.Тройнцский дала генерал-губернаторына Отыншы туралы жазбаша тҥрде
«О.Әлжановтың сауатты, қазақ халқының арасында беделінің зор екенін,
жасырын адвокаттық қызметпен айналысатыны... Қазақтардың жерін орыс
қоныстанушыларына беруге қарсы шығып, жергілікті халық арасында ҥкіметке
қарсы ҥгіт жҥргізеді» – деп баяндайды [9]. Оның осындай «саяси белсенділігі»
салдарынан 11 мамырда қызметінен босатып, 15 маусымда Жетісу облысына 5
жылға жер аударуға әскери-губернатордың жарлығы шығады. Міне, осы
уақыттан ӛмірінің соңына дейін, яғни Дулатовтың сӛзімен айтқанда «Отыншы
айдалып барып тҧрған еліне басшылық қҧрып, жол кӛрсетіп... Ҥркіген елге
жоқтау айтып.. сол елге қызмет етіп қалады» [6:21].
1917 жылы Уақытша ҥкіметтің тҧсында ол Ленсі уезінің комиссары болады.
Сол жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда Ӛткен екінші бҥкіл қазақ
сьезіне Жетісу облысынан делегат болып қатысып, Алашорда ҥкіметіне
мҥшелікке сайланды. Сьездің кҥн тәртібінде 11 мәселенің бірі милиция қҧру
қажеттігі қойылады. Отыншы Жетісудағы милицияны қҧру, оны тиісті қҧрал –
жабдықтармен қамтамассыз ету ісіне бел шеше кірісіп, оны 1918 жылдың
мамырында, яғни, елдегі билік Кеңестердің қолына ӛткенге дейін басқарады.
Билікке келген большевиктер Отыншыны тҧтқындайды. Бірақ кӛп ҧзамай
шетел интервенциясы мен Азамат соғысы басталған кезде Отыншы тҥрмеден
босап, ӛзінің қҧрған жасақтарын қайта топтастырады. Ел ішінде аласапыран
уақыт басталып, Алаш Орданың кӛптеген адамдары ақгвардияшылдармен тізе
қосып, большевиктерге қарсы соғысады. Белгілі қоғам қайраткері
Тынышбаевтың адмирал Колчакка жазған хатында «Контреволюцияшылдығы»
ҥшін айыпталған қызметкерлеріміз Верный, Жаркент, Бішкек, Нарын,
Говреловка, Қанал, Ленсіден қашып қазақ отрядтарын қҧрып, Сібір
іскерлерімен бірге ҧрыстарға қатысты. Олардың бірі, батыл қайраткер Отыншы
Әлжанов Мақаншы ауылында большевиктер қолына тҥсіп, аюандықпен ӛртеліп
жіберіледі» – деп жазған [9]. Халық ардақты ҧлын қайғырып аза тҧтады. Қошке
234
Кемеңгеров сынды Алаш азаматтары «Ертеден ел ойлап, Алаш тілегін қолына
шырақ қылып ҧстап едің, сол шырақтан ӛміріңнің ақтақ сағатына шейін
айырылмадың» – деп жазса [9]. Дулатов 1918 жылы «Қазақ» газетіне (263 саны)
Әлжанов туралы «Тағы қҧрбан» атты қазанамасында «Алаш жолында қҧрбан
болды! Қызықты ғҧмырының кӛбі абақтыда, айдауда ӛтті, қымбатты Отыншы
Алаштың кӛркейгенін кӛре алмай арманда кеттім деме, сендей ҧл туған ел
ешкімнен кем болмас» – деп еске алады [6:28].
Алаш қозғалысы тарихында ӛзіндік орны бар тҧлғалардың бірі Биахмет
Шегедекҧлы Сарсенов 1885 жылы Семей облысы, Зайсан уезінің Нарын
болысында дәулетті отбасында дҥниеге келген. Биахметтің әкесі Шегедек екі
әйелінен 7 ҧл бәйбішесінен Шарахмет, Бірахмет, Биахмет, кіші әйелі Қасиеттен
Қалел, Дәлел, Салық және 7 қыз кӛрген кіндікті
адам екен. Шегедек ҧлдарының
бәрін оқытқан. Ал қыздарын оқытпаса да жасауына қоса малынан енші беріп
ҧзатқан кең пейіл, ақылды кісі болса керек. Жеті ҧлдарының ішінде Жанахмет,
Биахмет, Қалел, Дәлел ерекше білімді, аса зиялығымен ерекшеленген. Қалел
Ташкентте бірнеше жылдар САГУ-дың доценті боп жҥргенде, Қазақстанға
шақырылып Шымкентте қайтыс болды. Далелде Ӛзбекстанда ҥлкен кен инженері
болып қызмет істеп сол жақта қайтыс болған. Семейде ҧстаздық еткен Жанахмет
аса мәдениетті, әрі мҧсылманшылдыққа берік кісі болған.
Ал Биахметке келсек ХІХ ғасырдың аяғында әкі ауыл мҧғалімінен сауат
аштырған балаларын Жанахмет пен Биахмет Семей Семинариясына оқуға
жіберді. Оны ҥздік бітіргенен кейін Ақсуаттағы «Тышқанкӛз правиласында»
ҧстаздық қызмет атқарған [9]. Оның ӛз қолымен 1917 жылы жазылған архив
қҧжаттарының бірінде «Семинарияны бітіргенен кейінгі 5 жыл педагогтік
қызметте, 3 жыл қоғамдық қызметте болдым». – делініпті [11]. «Қоғамдық
қызмет» дегені 1912-1915 жылдар аралығында Зайсан уезіне қарасты Нарын
болысын басқарады. 1916 жылдан ӛмірінің соңына дейін оның саналы ғҧмыры
Алаш қозғалысы мен Алашорда ҥкіметімен байланысты болды. 1916 жылы
«бҥкіл Ресейлік земство одағы Семей бӛлімшесінен майданға қара жҧмысқа
алынғандары «мыңбасылық» қызмет атқарған [4:196]. 1917 жылы ақпан
тӛңкерісінен кейін ол Семей
облыстық Қазақ комитетіне мҥше болып сайланып,
Павлодар
уезінде жергілікті комитеттер кҧруға атсалысады. 1917 жылы Алаш
партиясы қҧрылатын бірінші жалпықазақ сьезінің де, Алаш автономиясы
жарияланатын екінші жалпықазақ сьезінің де ҧйымдастыру және ӛткізу
жҧмысына белсене катысады. 1919 жылы Семей
облыстық жер басқармасы
халық ағарту бәлімінің қазақ бӛлімшесіне басшы болып тағайындалады. Осы
кезде Семейде жаңадан ашылған мҧғалімдер курсында, ӛзі оқыған мҧғалімдер
семинариясында әр тҥрлі пәннен сабақ береді. Қаладағы мәдени ҧйымдардың
жҧмысына атсалысады. «Қазақ», «Сарыарқа» газеттеріне мақала жазып тҧрады.
Оның «Автономия кеңесі», «Біріккен елде береке бар», «Азық-тҥлік», «Русияда
осы кҥнде зор мәселе – азық-тҥлік» т.б жарияланымдары сол шақта қазақ
қоғамына ҥлгілі істерді нҧсқады [11]. Биахмет Сәрсенов «Ҧлт қазынасы» деген
мақалсында: «Қанша айтсақ та, қазақтың ел болуы ҥшін ҧлт қазынасын жасау
235
керек. Осынған негіз салуға алаш балалры шамасынан келгенін аянбасын,
берсін. Ардақты ақсақалдар, ел ағасы адамдар, оқығандар жҧртқа айтып
тҥсіндірсін, ҧлт қазынасына жиылудың әр шарасына кіріссін, осы мойнымдағы
парызым деп білсін. Әрбір уолосной, ауылнай, комитеттерде ҧлт қазнасына
жәрдем жәшігі болсын. Әрбір елдегі бас қосып жиылған жерге маңайындағы
мҧғалімдер, оқығандар барып айтсын, тҥсіндірсін. Ҧлт қазынасына пҧл жиюға
Семейдегі облосной қазақ комитетінен сенімді адамдарға книжка жіберілді.
«Сарыарқа» басқармасы да ҧлт қазынасына жіберген ақшаны сҥйіне-сҥйіне
қабылдайды. Кім бергендігін жазып отыруға «Сарыарқа» беті ашық» – деген
келелі ойларымен ӛз халқының санасын оятуға ҥлкен ҥлес қосты [8:213].
1920 жылы Орынборда Қазақ автономиялық республикасы жарияланғанда,
оны жаңа астанаға қызметке шақырды. Алғаш Соғыс
комиссариатының саяси
білім бӛлімін басқарды. Сонан кейін Халық ағарту комиссары А. Байтҧрсын-
ҧлының шақыруымен білім саласына ауысып, комиссариат алқасының мҥшесі,
әлеуметтік тәрбие бӛлімінің басшысы, мектеп істері бӛлімінің меңгерушісі
секілді сол уақыттың жауапты қызметтерін абыроймен атқарды. Осы уақытта
Орынбордағы мҧғалімдер курсында, Қазақ халыққа білім беру институтында
(КИНО) ҧстаздық етеді. Мҧрағат деректерінде қайраткерге физика, математика
пәндерінен мектеп оқулығын жазуға ҧсыныс жасалғаны, сондай-ақ геометрия
оқулығының авторы екені кӛрсетілген. Ғалым-ҧйымдастырушы ретінде ол
Қазақ ғылым комиссиясының, Академиялық орталықтың негізін қалауға
атсалысты. Сол кездегі мерзімді басылымдардан қайраткердің отандық мектеп
жҥйесін калыптастыруға аянбай кҥш-жігер жҧмсағанын, ӛлкеде алғашқы
әскери және кәсіптік оқу орындарын ашуға бастамашы болғанын оқимыз.
Қазақта кеңестік-пролетарлық асыра сілтеу саясаты салдарынан 1931-1932
жылдардағы қырғынға дейін 1921
жылы алапат ашаршылық
болғаны мәлім. Осы
кезде елді тҥрлі індеттер жусатып кетті. Қайраткер 1921 жылы 36 жасында халыққа
тиген оба ауруынан қайтыс болды. Сол жылдары Ташкентте шығып тҧрған
«Ақжол» газеті редакциясының басқармасы: «Қазақ елінің кӛгінде ҥркердей
жҧлдыздардың бірі сӛнді. Биахмет сол санаулы жҧлдыздардың арасындағы ең
жарық, нҧрлы кӛрінгендерінің біреуі еді. Оның ӛлімі қазақ жҧрты ҥшін орны
толмайтын қаза, қаруы қайтпайтын шығын» деп кӛңіл айту білдірді [8:212].
1917 жылдың кҥзінде «Алаш партиясының басшылары ҧлттық автономия
жариялаудан басқа жол жоқ, саяси тҧрақсыздық жағдайында тек біртҧтас
ҧлттық мемлекеттік қҧрылым ғана қазақ елін апаттан қҧтқарып, бостандық
жолына алып шыға алады деген тҧжырымға келеді» [10].
Сонымен 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда ӛткен 2 – жалпы қазақ
сьезінде Қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қаралып, «Алашорда» ҥкіметі
қҧрылады. Тӛрағасы Ә. Бӛкейханов бірауыздан сайланады да, орынбасары және
Алашорданың Ақмола облыстық басшылығына Ережеп Итбаев сайланып, 1920
жылы яғни, ҥкімет тарағанға дейін осы қызметте болады. Сьездің кҥн
тәртібіндегі оқу-ағарту ісі бойынша бес адамнан комиссия қҧрылып,
басшылығына А. Байтҧрсынов, орынбасарлығына Б. Сәрсенов сайланады.
236
Сонымен қатар, Жетісудан делегат болып қатынасқан Отыншы Әлжанов
Алашорда ҥкіметінің мҥшесі қҧрамына кіреді [7:262-263].
Ҧлт болашағы ҥшін Алаш қозғалысына белсене атсалысқан Е. Итбаев,
О. Әлжанов, Б. Сәрсеновтердің бҥгінгі Тарбағатай ӛңірінің азаматтары екенін
кейінгі ҧрпақ білуі парыз.
«Қазақ АССР-і қҧрылған алғашқы уақыттарда оның шекарасын анықтау
қажеттілігі туындаған кездерде Ә. Бӛкейханов, А. Байтҧрсынов, Ә. Ермеков,
М. Сералиндермен бірігіп, Ережеп Итбаев та заңгер ретінде ӛз ҥлесін қосқан»[10].
Алаш қозғалысы ӛз уақытында Қазақстандағы жаңашылдық пен жасампаз-
дықтың, ҧлттық сипатты сақтай отырып еуропалық бағдарда дамудың
кӛшбасшы бағыты еді.
Алаш қозғалысы тарихында елдік пен мемлекеттіліктің, зайырлықтың батыл
тәжірибесін бастаған, білім мен ғылымды, әдебиет пен мәдениетті ҧлт қажетіне
лайықты пайдалана алған, Алаш тҧлғаларының орны ерекше.Бҧл ретте
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп жазды:
«Алаш зиялылары... сол айтулы есімдердің білімдардық һәм азаматтық
тәлімдерінде кейде кӛріне бермейтін де арналар бар. Оның бағасын ҧрпақтары,
бҥгінгі қазақ зиялылары беруге тиіс. ...Бҧлар тарих толқынындағы
мәдениетіміздің кіндік тҧлғалары» [1:156-157].
ХХ ғасыр қазақ даласы табалдырығын тҥнере аттаса, ХХІ ғасыр арайланған
шуағы-шапағатымен бостандығын ала келді. Бҥгінде еркіндік аңсаған ел
тәуелсіздікке қол жетті, ел жаңарып, санасы озып, қоғам ӛзгерген қазіргі
уақытты Ережептей, Отыншыдай, Биахметтей асыл да ардақты перезенттерінің
қоғамдық-саяси істерін, публицистикалық саладағы шығармашылығы мен ӛмір
жолдарын игілікке жаратып, есімдерін облыс, аудан кӛлемінде есте қалдыру
шараларын лайықты деп санаймын.
Әдебиет
1. Н.Назарбаев. Тарих толқынында, ―Атамҧра‖ А. 2001.
2. Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. Аруна баспасы
Алматы, 2010.
3. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы. 9 сынып. Алматы. ―Мектеп‖. 2013.
4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, «Санат», 1995.
5. Бӛкейханов Ә. Шығармалар. Алматы: «Қазақстан», 1994.
6. Әлжанов О. Шығармалар. Алматы «Алаш», 2004.
7.Алаш кӛсем сӛзі. 9 том Алматы «Ӛнер», 2011.
8. Нургалиев Т. Ақсуат-Атамекенім. Семей, 2003.
9. Егізбай К. Тағылым. Семей, 2003
10. Бектенҧлы М. 1916 жыл. Дастан.қолжазба.
11. Тӛлембаев Ӛ. Алаш қайраткері// Тарбағатай газеті. – 5мамыр 2007.
12. Тӛлембаев Ӛ. Алаштың ақиығы.//Семей таңы. – 15 қаңтар 2009.
13. Тӛлембаев Ӛ. Б.Сәрсенҧлы// Тарбағатай энциклопедиясына ҧсынған
материалдар.
237
Достарыңызбен бөлісу: |