Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет18/22
Дата01.01.2017
өлшемі2,56 Mb.
#942
түріСборник
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 
МЕКТЕПТЕ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН 
ОҚЫТУ ЖҼНЕ Қ.О. БІТІБАЕВАНЫҢ ҼДІСТЕМЕСІ 
 
«Қазақ» деген атаумен қатарласа аталып, егіз ҧғымға айналған ҧлы тҧлға  - 
Абай хакім. Хакімнің тҧңғиық ойларының тереңіне бойлау, одан ғибрат алу  – 
қазақ ҧлтының мҽңгілік ел болу жолдарының бірі десек те болады. Абайды тану 
арқылы ҿзімізді танимыз. 
Елбасымыз  Н.Ҽ.Назарбаев:  «Абай  қазақ  халкының  рухани  қазынасына 
ҿлшеусіз  ҥлес  косқан  ғҧлама  ғалым  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ол  қазақ 
халқының  ел  болуына  ҧлан-ғайыр  еңбек  еткен  данагер.  Абай  -  ҽлемдік 
ойшылдардың  катарындағы  ғажайып  тҧлға...  Абай  ҽрқашан  біздің  ҧлттық 
ҧранымыз  болуы  керек.  Абайды  тану  арқылы  біз  Қазақстанды  ҽлемге 
танытамыз.  Менің  балаларым  мен  ертеңгі  ҧрпағыма  Абайдан  артық,  Абайдан 
ҧлы, Абайдан киелі ҧғым болмауға тиіс» [1, 186б.] – деген еді.  
Абай ҽлемі – сарқылмас қазына ҽрі ҧлт болашағын рухани індеттен сақтап 
қалатын  баға  жетпес  мҧра.  Ал  осы  тҧнғиық  ой  мен  сыршыл  сезім  иесін  жас 
ҧрпаққа  бҥгінгі  ҧстаздар  қалай  танытып,  қалай  оқытып  жатыр  деген  заңды 
сауал  туындайды.  Ҿйткені,  Абайды  жас  ҿскіндерге  ҧлттық  қҧндылық,  ҧлт 
мақтанышы, ҽлемдік ҿркениетке ҥлес қосқан ҧлы тҧлға ретінде таныта оқыту - 
басты міндеттердің бірі.  
Мектепте  Абай  мҧрасын  оқыту  ҽдістемесінің  бай  тарихы бар.  Абай  ҽлемін 
жас ҿскіндерге кеңінен таныту талабы 1930 жылдардан шығармаларын мектеп 
оқулықтарына енгізуден кҿрініс тапты [2, 11б.]. Сол жылдардан бастап Абайды 
мектепте  оқыту  қазақ  ҽдебиеті  оқулығының  авторлары  М.  Ҽуезов,  М. 
Жолдыбаев,  Ҽ.  Қоныратбаевтардың  еңбектері  аркылы  жолға  қойылып, 
С.Сейфуллин  мен  Ҿ.Тҧрманжанов,  Е.Ысмайлов  пен  Т.Ақшолақовтардың  оқу 
қҧралдары арқылы жаңа сапаға кҿтерілді. 
Абайдың  ҽдеби  мҧрасын  орта  мектептің  ҽдебиет  оқулығына  енгізіп, 
шығармаларын  жҥйелі  тҥрде  кҥрделі  такырыптарға  жіктеп  танытуда  ғалым 
Қ.Жҧмалиевтің 
еңбегі 
зор 
екені 
баршамызға 
мҽлім. 
Сондай-ақ, 
Қ.Мҧхамеджановтың  «Абай  в  школе»,  Қ.Ҿмірҽлиевтің  «Абайдың  нақыл 
сҿздерін оқу-тҽрбие ісінде пайдалану» атты енбектері хакім мҧрасын мектепте 
оқытуды арнайы қарастырған маңызды еңбектер санатынан орын алды. 
1942-1943  жылдардан  жоғары  оқу  орындарында  тҧрақты  тҥрде  ҿтіле 
бастаған  Абайтану  курсы  Абай  шығармашылығын  мектепте  оқыту  ісін 
жандандырды.  Бҧл  жерде  Абайтану  курсын  негіздеп,  болашақ  ҧстаздардың 
кҽсіби  даярлығының  ҿсуіне  М.О.Ҽуезовтің  ҿлшеусіз  еңбек  сіңіргенін  ерекше 

248 
 
айтуға болады. 
1960 жылдары Абай мҧрасын орыс тілді мектептерде оқыту ҽдістемесі тың 
ізденістерді ҿмірге ҽкелді. 1968 жылы И.Орешникованың орыс мектебінің қазақ 
ҽдебиеті  мҧғалімдеріне  арналған  «Абай  в  русской  школе»  деген  ҽдістемелік 
қҧралы  жарық  кҿрді.  Кітапта  Абайдың  ҿмірі  мен  шығармаларын  орыс 
мектептерінде оқыту тҽжірибелері жинақталды. 
Ақынның  мҧрасы  тҽуелсіз  сана  тҧрғысынан  бағаланып,  ой  теңізінің  жаңа 
қырлары  мен  сырларының  ашылуы,  бҧрын  бҧрмаланып  келген  бірқатар 
тҥсініктердің    тҥзетілуі  150  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  жарық  кҿрген 
зерттеулерде  кҿрініс  тапты.  Ҧлы  ақынның  халқына  сіңірген  енбегі  жоғары 
бағаланды.  Ғалымдар,  ҽдіскер  ҧстаздар  бірлесіп  оның  адами  жҽне  ақындық 
тҧлғасын  жаңа  денгейде  -  қазақ  халкының  рухани  кҿсемі  -  деңгейінде  оқыту 
жолында  тер  тҿкті.  Сол  ізденістер  нҽтижесі  хакім  шығармашылығының  жаңа 
сапада  оқытылуына  мҧрындық  болды.  «Абайдың  тҽлімгерлік  тағлымы» 
жинағына  кірген  Ш.Беркімбаеваның  «Абай  мҧрасы  білім  беру  жҥйесінде», 
Ҽ.Дайырова,  Г.  Қҧрманбаева,  С.Дҥйсебаевтардың  «Болашақ  негізгі  мектепте 
Абай  шығармаларының  берілу  жҥйесі  жҽне  оқытудын  кейбір  мҽселелері», 
Қ.Бітібаеваның  «Ҧлы  Абайды  ҧрпағымен  кайта  кауыштырудың  кейбір 
мҽселелері»,  С.  Рахметова,    П.  Жаманқҧловалардың  «Бастауыш  сыныптарда 
Абай  шығармашыларын  оқыту»  сияқты  теориялық  маңызы  зор  мақалалары 
ҧстаздар қауымының ҽдістемелік қоржынына қомақты ҥлес қосты [3, 33 б.]. 
Ҧлы  ақынның  170  жылдық  мерейтойы  қарсаңында  да  «Қазақ  ҽдебиетінің 
сындарлы  саласы»  (М.О.Ҽуезов)  абайтанудың  қол  жеткізер  табыстары  мол 
болмақ. Сонымен қатар Абайды оқыту ҽдістемесі де ілгерілеуін тоқтатпақ емес.  
Ҧзақ  жылдар  бойы  қазақ  ҽдебиетін  оқыту  ҽдістемесі  саласында  тың 
ізденістер жасап, толымды еңбектер берген зерттеуші – Қанипа Омарғалиқызы 
Бітібаева. Ҧстаз Абайды оқыту дҽстҥрін жаңашыл ізденістерімен байытты. 
Ҧлағатты 
ҧстаз 
жайлы 
естелік 
еңбектерге 
зер 
салсақ, 
Абай 
шығармашылығына  барынша  ынтық  болуы  балалық  шағынан-ақ  басталғаны 
айқын  аңғарылады.  «Қазақтың  Қанипасы»  атты  кітапта  ақынға  деген 
қызығушылық  қасиеті  ананың  сҥтімен,  ҽкенің  батасымен  сіңгенін,  сондай-ақ, 
студенттік  шағын  қазақ  зиялыларының  рухани  орталығы  Семей  қаласында 
ҿткізгенін ҽрі Қ.Мҧхамедханов сынды ірі абайтанушыдан дҽріс алып, тағлымын 
тыңдауы да ерекше ҽсер еткендігін мақтанышпен айтады. 
Ҧстаздың  1994,  2003  жылдары  жарық  кҿрген  екі  кітабы  Абай  мҧрасына 
жаңғырған сана, жаңаша кҿзқарас тҧрғысынан қарауымен қҧнды. Ҧстаз «Абай 
шығармашылығын  оқыту»  (2003)  еңбегінде  ҧлы  хакімді  оқушыларға 
танытудың  жаңа  жҥйесін  жасаған.  Аталмыш  еңбектерді  ғылыми-ҽдістемелік 
қҧндылығы зор, Абайтануға қосылған зор ҥлес деп  білеміз.  
Педагог  ғалымның  басқа  еңбектерін  былай  қойғанның  ҿзінде  Абайтануға 
қосқан  ҥлесі,  ақын  шығармашылығын  оқытуға  арналған  ҽдістемесі  арнайы 
зерттеуді  қажет  етеді.    Ҧстаз  еңбегіне  зер  салсақ,  Абайды  жас  ҿскінге  таныту 
дҽрежесі  қандай,  қазір  кҥн  тҽртібінде  нендей  кҿкейкесті  сауалдар  тҧр,  оны 
оқытудың  жаңа  заманға  лайық  бағыт-бағдары  қандай  болмақ  т.б.  мҽселелерге 
жауап табарымыз сҿзсіз. 

249 
 
Осы орайда ҽдіскер-ғалым Ҽ.М.Дайырова: «Мектепте Абай шығармаларын 
оқытуды  арнайы  карастырған  ҽзірге  белгілі бірден  бір  еңбек  –  Қ.Бітібаеваның 
«Мектепте Абай шығармаларын оқыту» (Ҿскемен, 1994) атты кітабы». Автор ҿз 
еңбектерінде  Абай  хакімнің  шығармаларын  оқытудың  ең  ҿзекті  мҽселелерін 
сҧрыптап  алып,  проблема  етіп  қоя  білген  жҽне  оларды  қазіргі  педагогика 
ғылымы  жетістіктеріне  иек  арта  отырып  шешудің  жолдарын  кҿрсеткен»  – 
дейді.  Сондай-ақ,  еңбекке  талдау  жасай  келе:  «Қ.Бітібаеваның  бҧл  зерттеуі 
оқушыны  Абаймен  қауышу  куанышына  кенелтуге  мҧғалімге  ҥлкен  кҿмекке 
келетін  пайдалы  да  зҽру  еңбек  екендігі  сҿзсіз»  [11,  15б.]  деп  кҿрсетеді. 
Ғалымның осы пікірі Қанипа Омарғалиқызының  ҽдістемелік оқулықтары Абай 
мҧрасымен  жас  ҿскіндерді  сусындату  айналасындағы  жаңа  сападағы  еңбектер 
екеніне кҿзімізді жеткізе тҥскендей. 
Автордың  «Абай  шығармашылығын  оқыту»  (2003)  еңбегі  IX  бҿлімнен 
тҧрады. Еңбектің ҽр бҿлімі Абай мҧрасын оқытудың ең кҿкейкесті  мҽселелері 
мен  сауалдары  тҿңірегінде  ой  қозғайды.  1-3  бҿлімде  автор:  «Қазір  жас 
ҿскіндерге  нағыз  Абайды,  дана  Абайды  кайта  танытып,  қайта  қауыштыру 
мҽселесі  кҿтерілуде.  Кезінде  оқулықтарда  Абай  тек  ҥстем  тап  ҿкілдерін, 
қоғамдағы  ҿз  заманында  орын  алған  кемшіліктерді  сынаушы,  жҥрегі  у  мен 
зарға  толы  «ҽлеуметтік  Абай»,  біржақты  Абай  ретінде  ғана  қарастыру 
басшылыққа  алынды.  Ал  осы  тҧлғаның  басқа  қыры  қағыс  қалды»  [5,  4б.]  - 
деген  тҥйін  жасап,  кеңестік  кезеңдегі  ҽдебиеттанудағы  кемшіліктер  Абайды 
оқыту  ісіне  де  салқынын  тигізгенін  орынды  сынға  алады.  Абайды  оқытудың 
альтернативті  бағдарламасын  ҧсынып,  бағдарламаға  енген  шығармаларын 
оқытудың  ҽдістемесін  береді.  4-бҿлімде  Абай  мҧрасын  оқытуды  тақырып-
тақырыпқа  саралап  беріп,  оны  оқытудың  тың,  инновациялық  жолдарын 
ҧсынады.  5-бҿлімде  Абай  туралы  ҽдеби-сын  еңбектерді  оқыту  амалдарын  сҿз 
етеді.  Кейінгі  бҿлімдерде  ҧлы  ақын  мҧрасын  окыту  барысында  оқушылардың 
білім-білік  дағдыларын  жетілдіру  тҽсілдері,  дидактикалық  материалдардың 
ҥлгілері, сыныптан тыс жҧмыстарды жҥргізу жолдарын ҧсынады. 
Автор  аталмыш  еңбегінде  абайтану  саласындағы  іргелі  еңбектерге  де  ден 
қояды.  М.Ҽуезов,  С.Мҧқанов,  Қ.Жҧмалиев,  3.Ахметов,  М.Мырзахметов, 
Р.Нҧрғали, Т.Жҧртбаев т.б. ғалымдардың ғылыми ой-пікірлерін сана сарабына 
салып, ғылым жетістіктерін мектеп партасындағы ҽр баланың жҥрегіне жеткізу 
жайын  да  басшылыққа  алады.  Ғалымдардың  пікір-тҧжырымдарын  сабақтап, 
ҽрбір  тақырып,  тапсырманы  ҧсыну,  орындау  барысында  пайдаланудың 
тҽсілдерін  нақты  мысалдар  негізінде  кҿрсетіп  береді.  Абайды  оқулық  не 
мҧғалім тҥсінігі арқылы ғана емес, ғылыми еңбектер негізінде тереңдете таныту 
жҽне ҽлем ҽдебиетімен байланыстыра оқыту  қажеттігін дҽлелдейді. 
Ҧсынған бағдарламасында Абай ҽлемін ғылыми негізде танытуды маңызды 
орынға  қояды.  Мҽселен,  ҧстаздың:  «Абай  поэзиясының  алтын  арқауы  болып 
Адам тҧрады, Адамға деген махаббат тҧрады» деген ойлары абайтану ілімінің 
алыптары  М.Ҽуезов,  Қ.Жҧмалиев,  З.Ахметов,  М.Мырзахметов,  Ғ.Есімов 
сияқты  ғалымдардың  пікірлерімен  сабақтас.  Оған  дҽлел  ретінде  академик 
М.Ҽуезовтің:  Абайдың  тҧлғасын  танытатын  ерекшеліктерін  «Ҽкенің  ҧлы 
болмай,  халықтың  ҧлы  боламын»  деген  тартысында,  «Ҽкесінің  баласы  - 

250 
 
адамның дҧшпаны, адам баласы  - бауырың», деген ой Абайдың адамгершілік, 
гуманистік жолы, – деген қҧнды пікірін келтіруге болады [5, 269б.]. Сондай-ақ, 
белгілі абайтанушы ғалым М.Мырзахметовтің: «Абай шығармаларында кҿп сҿз 
болатын  тҥбірлі,  желілі  негізі  бар  толық  адам  жайлы  ҿте  кҥрделі,  тамыры 
ғасырлар  қойнауында  жатқан  гуманистік  танымға  мейілінше  мол  тҥрде  кҿңіл 
бҿлген» [6, 230б.] – деген пікірін басшылыққа алуы, ҽрі дамытуы ҧстаз ҧсынған 
альтернативті 
бағдарламаның, 
Абай 
мҧрасын 
оқытуда 
ҧстанған 
концепциясының ғылыми негізділігін айқындай тҥседі.  
Қ.О.Бітібаева  ақынның  «ҽлеуметтік  теңсіздік  жайында»,  «ҿнер-білім 
тақырыбындағы», «махаббат тақырыбындағы» шығармасы дегендей ҽр жерден 
ҥзіп-жҧлып, таптаурын жолмен оқытуға тҥбегейлі қарсы. Ол – Абай поэзиясын 
тҧтастай,  кешенді  қарастырудың  ҽдістемелік  негізін  жасап,  бағдарламасы  мен 
ҽдістемелік  оқу  қҧралдарын  ҧсынған  тҧңғыш  ҽдіскер  деп  білеміз.  Сондай-ақ, 
ҧлағатты  ҧстаз    Абай  тағылымын  Егеменді  еліміздің  негізгі  идеологиясы,  жас 
ҧрпақты  тҽрбиелеудегі  басты  ҧстаным дҽрежесінде  оқыту  қажеттігін  айрықша 
атап  кҿрсеткен.  Бҥгінгі  ҧстаздарды  ҽдебиет  сабағында  Ҧлы  ақын  мҧрасын, 
тағлымын  исі  қазақтың  жҥрегіне  жеткізу  жолындағы  бҥкіл  ҧлттың  тҽрбие 
кітабына айналдыруға бағыттайды. 
Қанипа  Омарғалиқызы  Абайдың  ҽрбір  шығармасын  оқыту  барысындағы 
мҧғалім  мен  оқушының  іс-ҽрекетін,  оқу  еңбегін  жан-жақты  кҿрсете  білген, 
оның алгоритмін ҧсынған. 
Бҥгінгі  таңдағы  білім  беру  –  ҿсіп  келе  жатқан  ҧрпақтың  ақыл-ойы  мен 
дамуының, мҽдениетінің деңгейін анықтаушы фактор.  
Елбасымыз Н.Ҽ. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы ҥшін 
қазіргі нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни ойлана алатын, 
шығармашыл адамдар қажет.  
Белгілі ғҧлама Эдисон былай деген екен: «Ҿркениеттіліктің басты міндеті – 
адамды  ойлай  білуге  ҥйрету».    Ал,  ой  жоқ  жерде  жҥйелі  сҿйлеу  жоқ.  Осы 
орайда  Кембридж  (PISA)  бағдарламасы  бойынша  сыни  ойлау  технологиясы 
2009  жылдан  Қазақстанға  еніп,  курстар  жҥргізіліп  жатса,  Қ.Бітібаева 
кҿрегендікпен,  шебер ҽрі білікті ҧстаз ретінде кеңес заманының ҿзінде-ақ, «Ой 
тастау,  ойланту,  ойлау»  технологиясын  енгізіп  қойған  еді.  Жоғарыда 
айтқанымыздай  ҧстаздың  «Ой  тастау,  ойланту,  ойлау»  технологиясы  ҽдеби 
айтыс,  пікірлесу,  диологиялық  ҽңгіме,  проблема  шешу,  іздену,  миға  шабуыл 
сияқты  ҿнімді  ҽдістермен  қатар  оқушылардың  ҿз  бетімен  ізденуіне,  ғылыми 
зерттеу жҧмысына, шығармашылық қабілетті дамытуға  негізделеді. 
Ҧстаздың  осы  технологиясы  арқылы  Абай  туындыларын  меңгерту 
барысында  жасалған  ҽдеби  талдаулары  бала  ҧғымына  лайықтылығымен, 
тҧжырымдылығымен  ерекшеленеді.  Ақынның  100-ге  тарта  ҿлеңіне  талдау 
жасап,  ҽр  ҿлеңнің  негізінде  жатқан  ҿзекті  ой  мен  проблематиканы,  ақынның 
кҿркемдік-эстетикалық табысын дҽлме-дҽл танытады. 
Қ.О.Бітібаева мектепте Абайды танытудың жаңашыл технологиясын ҧсына  
отырып,  білім  беру  жҥйесін  модернизациялауды,  нҽтижеге  бағытталған  білім  
беру  ҧстанымдарын  басшылыққа  алады.    Ҧстаздың  бҧл  тҧрғыдағы  еңбектері 
оқушы қҧзіреттілігін қалыптастыруға тҥрткі жасайтын тапсырмалар жҥйесімен, 

251 
 
дидактикалық материалдардың алуан тҥрлілігімен, ғылымилығымен қҧнды.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
Назарбаев Н. Ҽ. Ғасырлар тоғысында / Н. Ҽ. Назарбаев. - Алматы, 1998. - 
272 б. 
2.
 
Дайырова Ҽ. Абай мҧрасы мектепте оқыту ҽдістемелік еңбектерде // Абай 
тағлымы  :  Республикалық  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары  / 
Ҽ. Дайырова, Б. Ҽрінова. - Алматы : Рауан, 1995. - 326 б. 
3.
 
Ҽрінова  Б.  А.  Қазақ  ҽдебиетін  оқыту  ҽдістемесінің  ғылым  ретінде 
қалыптасуы мен дамуы : монография / Б. А. Ҽрінова. - Алматы : Жазушы, 2004. 
- 152 б. 
4.
 
Бітібаева  Қ.  Абай  шығармашылығын  оқыту  /  Қ.  Бітібаева.  -  Алматы  : 
Мектеп, 2003. - 231 б. 
5.
 
Ҽуезов М. Абай Қҧнанбаев / М.Ҽуезов. - Алматы : Санат, 1995. - 320 бет. 
6.
 
Мырзахметов  М.  Жоғарғы  оқу  орындарында  Абай  мҧрасын  меңгерудің 
ғылыми-педагогикалық  негіздері  :  Республикалық  ғылыми-практикалық 
конференция материалдары / М. Мырзахметов. - Алматы : Рауан, 1995. - 288 б. 
 
ҼОЖ 821.512.122.09 
ЗАЙСАНБАЕВА Г.Н.  
«Ҿрлеу» БАҦО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ, ШҚО, Ҿскемен қ., 
Қазақстан 
 
АБАЙ ТАҒЛЫМДАРЫ ЖҼНЕ БІЛІМ БЕРУДЕГІ  
АКСИОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТ 
 
Қоғамдағы  болып  жатқан  жаһандық  ҿзгерістер  білім  беру  жҥйесінен  де 
жаңаша  кҿзқарас,тың  бағыттарды  талап  етуде.  Қазақ  елі  жаһандық 
қауымдастықтың дамыған елдері қатарына ену ҧлы мақсаттарын алдына қойып 
отырған  –  қарқынды  дамушы  ел  жҽне  ҽлемде  болып  жатқан  ҿзгерістер, 
дағдарысты  жағдайларбізді  айналып  ҿтпейтіні  белгілі.Осынау  аумалы-тҿкпелі 
ҿзгермелі қоғамда  елдің елдігін, тҽуелсіздік тҧғырының беріктігін сақтап қалу 
ҥшін  ҿскелең  ҧрпаққа  дҧрыс  тҽрбие  мен  терең  білім  берудің  маңыздылығы 
артып отыр.  
Қазақстанда  қолға  алынып  жатқан  бетбҧрыстар  халқымыздың  рухани 
ҿрлеуі,  болашақ  ҧрпақтың  адами  қасиеттерінің  дамуын  алға  тартып,  Абайдың 
«толық  адам»  тҧжырымының  ҿзектілігін  алға  тартуда.  Елбасының  Қазақстан 
халқына Жолдауында да: «Мҽңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан 
бергі  асыл  арманы.  Ол  арман  –  ҽлем  елдерімен  терезесі  тең  қатынас  қҧрып, 
ҽлем  картасынан  ойып  тҧрып  орын  алатын  Тҽуелсіз  Мемлекет  атану  еді.  Ол 
арман  –  тҧрмысы  бақуатты,  түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен 
қарайтын  бақытты  Ел  болу  еді.  Біз  армандарды  ақиқатқа  айналдырдық. 
Мҽңгілік  Елдің  іргетасын  қаладық»  -делінген  [1].  Сондықтан  тҥтіні  тҥзу, 
ертеңіне  сенімді  ҧрпағы  бар  бақытты,  зайырлы  қоғамды  орнатуда  білім  беру 
саласы  мамандарына    басты  салмақ  тҥсіп  отырғаны  белгілі.  Қазіргі  жағдайда 

252 
 
педагогикалық  қызметкерлердің  кҽсіби  біліктілігі  деңгейі  ел  дамуының  бір 
кҿрсеткіші  десек  артық  айтпаған  болармыз.Бҧл  ретте  «Ҿрлеу»Біліктілікті 
арттыру  ҧлттық  орталығының  Шығыс  Қазақстан  облысы  бойынша  филиалы 
білім  берудің  басым  бағыттары  бойынша  ҧстаздардың  біліктілігін  арттырып, 
жан-жақты  белсенді  қызмет  атқарауда.  Қазіргі  таңда  «Абайтану»  пҽнін 
мазмҧндық,  ҽдістемелік  тҧрғыда  ҧйымдастыру  бағытында  мҧғалімдердің 
біліктілігін арттыру курстары да ҿткізілуде.  
С.Назарбаева  бастамасымен  «Бҿбек» 
Ҧлттық  ғылыми-тҽжірибелік,  білім  беру 
жҽне  сауықтыру  орталығы  ҽзірлеп,  енгізіп  отырған, 
болашақ  ҧрпақты  жоғары 
руханиятқа жетелейтін, адамгершілік қасиеттерін жарқыратып, жандандыратын 
ілім,  «Ҿзін-ҿзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  бағдарламасы  білім  берудің 
басым  бағыттарының  бірі  болып  табылады.Оқушыларға  «ҿзін-ҿзі  тану»  пҽні 
арқылы рухани-адамгершілік білім беру жҽне  рухани-адамгершілік білімді ҿзге 
пҽндермен  ықпалдастыру,  оның  жҥйе  тҥзуші  ҽлеуетіне  мҥмкіндігінше  жағдай 
жасау бҧл бағдарламаның басты бағыты болып табылады.  
 «Ҿзін-ҿзі  тану»  рухани-адамгершілік  бағдарламасы  ҽр  адамның  Рухани 
бастауларына  жол  сала  отырып,  оның  Ҧлылықтың  бір  Бҿлшегі  екенін,  Ҧлы 
Рухтың  иесі  екен  сезіне  отырып,  айналадағы  барлық  адамдармен  ҽлеуметтік 
ортасына,  ҧлтына,  дініне  қарамастан  Хакім  Абайдың  «Адамзаттың  бҽрін  сҥй, 
бауырым  деп»  -  дҽрежесінде,    ынтымақтастықта  ҿмір  сҥруге  ҥйретеді. 
Бағдарлама  ҽр  баланың  шексіз  Білімге  тереңдей  тҥсіп,    сол  арқылы  Ақиқатты 
танып,  айналаны  Риясыз  сҥйіспеншілікке  бҿлеп,  шексіз  Мейіріммен 
қатыгездікке  қарсы  тҧра  білуге,  ойының,  ісінің,  сҿзінің  бірлігімен  Жан 
тыныштығына жетуге    жол  нҧсқайды. Ҿзін-ҿзі  тану  пҽні ҿмірдің бізге  қоятын 
сансыз сҧрақтарына ҿзіміздің жауап іздеуімізге кҿмектеседі.  
Жалғыз  қалғанда  жаныңды  аяздай  қаратын,  ауыртатын,  кҿзіңнен  шынайы 
жасты  парлататын,  ҿкіндіретін,  ҿсіретін,  шабыттандыратын,  шаттандыратын 
СҦРАҚТАР жауабын қайдан іздейміз?  
Жауабын тҥпсіз-шексіз, мҽңгілік Білімнен, сол Білім шексіздігінде Мҽңгілік 
Рухымен  жарқыраған  Даналықтың  қҧпиясын  таныған  Ҧстаздарымыздан 
іздейміз. Адам ҿз-ҿзін танымай ҿзгені тани алмайды, ҧлт та солай, ҿз ҧлтының 
жаһҧтын  кҿрмейтіндер  адамзаттың  асылын  қалай  танысын!  Сондықтан  да 
ҧрпағымызды  тҽрбиелеуде,  Ҧлтымызды,  сол  арқылы  Адамзатты  тҽрбиелеген 
Ҧлт  Ҧстаздарын  тануымыз  керек.  Ҧлтымыздың  ҧлы  ҧстаздары  Тҿныкҿк, 
Кҥлтегіннен  бастау  алып,  Абай,  Шҽкҽріммен  негізі  қаланып,  Мағжан, 
Жҥсіпбектермен  жалғасын  тауып  келе  жатқан  Даналық  иірімдері  Бҥкіл 
адамзаттық  Сана  Мҧхитының  тереңдеріне  бойлатып,  Шынайы  Ақиқатты 
тануымыздың бастаулары болмақ.  
Бҧл  ретте  адамзаттың  даналық  биік  шыңынан  кҿрінген  Абай 
тағлымдарының  маңызы  зор.  Жаһандану  жағдайында  ҽрбір  ҧлт  ҿз 
қҧндылықтарын  қалай  сақтап  қалмақ,  тҽрбиеде  нені  мақсат  етіп,  ҧрпағымызға 
қалай  жҿн  сілтейміз.  Бҧл  сҧрақтардың  жауабына  да  біз  Абай  тағлымдарын 
терең зерделеу арқылы жете аламыз.  
Білім  берудегі  аксиологиялық  бағыттың,  яғни  қҧндылық  бағдарлы 
оқытудың ҿзегі де Абай шығармашылығы болмақ. Аксиология (грекше  ἀξία – 

253 
 
қҧндылық  жҽне  λόγος  –  ілім)  –  «қҧндылық»  категориясын  зерттейтін 
философия    саласы.    Адам  ҥшін  аса  маңызды  заттар,  қҧбылыстар,  қасиеттер, 
жай-кҥйлерді қҧндылықтар деп  аталынады [2]. 
Адам  ҿмірінде  басты  деп  танылатын  қҧндылықтар  ҽртҥрлі  болуы  мҥмкін. 
Адам ҿміріндегі қҧндылықтар жҥйесі ҽр кезеңде ҽртҥрлі маңызға ие болады. Ол 
жайында Абай 15-сҿзінде: «Пенде адам болып жаратылған соң, дҥниеде ешбір 
нҽрсені  қызық  кҿрмей  жҥре  алмайды,  сол  қызықты  нҽрсесін  іздеген  кезі 
ҿмірінің  ең  қызықты  уақыты  болып  ойында  қалады»-  деген  [3].Дҥниенің 
қызығы  адам  ҿміріндегі  қҧндылықтардың  негізі  болады.    Қҧндылықтар  адам 
ҿмірінде  ҿзгеріп,  бірінің  орнын  бірі  алмастырып  отыратыны  да  табиғи 
ҥдерістер.  
Ҿмірдегі жеке адамның басына тҥсетін тҥрлі жағдаяттар: сырқаттану, жақын 
адамдардан айырылу, материалдық қиындықтар т.б.жағдайлар қҧндылықтарды 
қайта  қарастыруға  себеп  болып  жатады.  Тҧлғаның  ҿмірдегі  бағыт-бағдарына 
қоғамның бағыт алған қҧндылықтар жҥйесі де айтарлықтай ықпал етеді.  Жеке 
тҧлғаға  басқа  бір  беделді  тҧлға  да  ҿзінің  қҧндылықтық  кҿзқарастарымен    зор 
ықпал  ете  алады.   Бҧл  ретте  ҿсіп  келе  жатқан  жеткіншекке  ата-анасы,  ҧстазы, 
т.б тҧлғалар ҽсер етуі мҥмкін.  
Қҧндылықтар  туралы  мҽселені  алғаш  рет  Сократ  кҿтерді.  Сократ  бҧл 
мҽселені  ҿз  философиясының  негізі  етіп  алды  жҽне  оны  игілік  тҧрғысында 
қарастырды.  
Педагогикада жалпыадамзаттық қҧндылықтарды білім мазмҧнына мақсатты 
тҥрді енгізу мҽселесі ХХ ғасырдың 80-90 жылдары жолға қойылды (И.Я. 
Лернер, В. Оконь, Л.Я. Зорина жҽне т.б.).  
 Қҧндылықтарға  бағытталған  білім  беруде  қазіргі  орта  білім  мазмҧнын 
жаңартуда    жалпыадамзаттық  қҧндылықтарға  негізделген  материалдарды  оқу-
тҽрбие ҥдерісіне енгізу маңызды болмақ.  
Бҧл ретте Т.И. Петракова ҧсынған қҧндылықтар жҥйесінің жіктемесі оларды 
ҥш  тҥрге  бҿліп  қарастыруды  кҿздейді:  табиғи,  жҥре  пайда  болған  жҽне 
абсолюттік.   
Табиғи  құндылықтар  –  бҧл  адамның  табиғи  кҥші  мен  жан-дҥниесінің 
қабілетілігі  қҧндылықтары:  яғни  ақыл-ой,  сезім,  кҥш-жігер  (ақылдың 
айқындығы,  ойдың  ҧшқырлығы,  сезімнің  тазалығы,  естің  сенімділігі,  кҥш-
жігердің қайраттылығы).   
Жүре  пайда  болған  құндылықтар  –  бҧл    адамның  интеллектуалды  жҽне 
адамгершілік  тҧрғыдан  дамуы  барысында  меңгерген  қҧндылықтар  (ҽдептілік, 
сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкҿңілділік, сабарлылық 
жҽне т.б.) 
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын,  
ешқандай  ортамен,  қоғаммен  шектелмейтін,  бҥкіл  адамзат  ҥшін  маңызы  зор 
қҧндылықтар  [3].    Жалпыадамзаттық  қҧндылықтар  табиғи  қҧндылықтар  мен 
жҥре пайда болған қҧндылықтарды қоса қамтиды.  
Рухани-адамгершілік 
білім 
беруде 
Мҽңгілік 
жалпыадамзаттық 
қҧндылықтарды  негізге  аламыз.  Бҧл  адамның  бойындағы  рухани 
қҧндылықтары,  яғни  Ақиқат,  Сҥйіспеншілік,  Дҧрыс  ҽрекет,  Ішкі  тыныштық 

254 
 
жҽне  Қиянат  жасамау.  Бҧл  қҧндылықтардың  ҽрқасысын  терең  философиялық 
таныммен  зерделей  аламыз.  Абай  шығармаларының  ҿзегі  де  Мҽңгілік 
жалпыадамзаттық қҧндылықтар болып табылады.  
Абайдың мына ҿлеңіне жҥгінсек: 
Ақыл мен жан - мен ҿзім, тҽн – менікі. 
«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. 
«Мен» ҿлмекке тағдыр жоқ ҽуел бастан, 
«Менікі» ҿлсе ҿлсін, оған бекі– дейді. 
Мҽңгілік  жалпыадамзаттық  қҧндылықтарды  біз    Абай  ҿсиет  еткен  «Мен», 
яғни  ҿлмейтін,  ақыл  мен  жан,  рухани  қҧндылықтар    деп  танимыз.  41-
қарасҿзінде Хакім былай дейді: «Адам ҧғылы екі нҽрседен: бірі –тҽн, бірі –жан. 
Ол екеуінің қайсысы жибили( туа біткен қасиет), қайсысы кҽсіби (жинақталған, 
еңбекпен  табылған)  оны  білмек  керек.  Ішсем,  жесем  демектің  басы  -  жибили.  
Ақыл,  ғылым  –бҧлар  -кҽсіби»  [4;  113].  Яғни  туа  біткен  қасиеттерімен  ғана 
шектелген  адамның  деңгейі  мен  жинақталған,  еңбектенген  рухани  білімнің  
адамның  тҧлғалық  дамуындағы  маңыздылығын  ҿсиет  етеді.  Тҽн  қуатымен 
сырттан  табатын  дҽулеттің,  яғни  материалдық  қҧндылықтарды  мақсҧт  еткен 
қоғамның кеселдерін де айқындап береді. «Ішпек, жемек, кимек, кҥлмек, кҿңіл  
кҿтермек,  қҧшпақ,  сҥймек,  мал  жимақ,  мансап  іздемек,  айлалы  болмақ, 
алданбастық  –  бҧл  нҽрселердің  де  ҿлшеуі  бар»  [4;  114].  Қоғамдағы  ҿлшеусіз 
материалдық қажеттілік неге ҽкеліп соқтырып отырғанына бҽріміз куҽміз.  
Рухани-адамгершілік  білім  Мҽңгілік  жалпыадамзаттық  қҧндылықтар 
негізінде  оқушылардың  рухани  бастауларының  кҿзін  ашуды,  сол  арқылы 
адамгершілік қасиеттерді дамытуды мақсат етеді. Ҧлы тҧлғаларымыздың Абай, 
Шҽкҽрім,  М.  Жҥсіп  Кҿпейҧлы  т.б  ҿмірі,  тағлымдары,  даналық  сҿздері,  ҿсиет 
ҽңгімелері  арқылы  балалардың  шығармашылық  ізденістерін  ҧйымдастыра 
отырып,  мҧғалім  ҿз  бойындағы  биік  рухани-адамгершілік  білімімен  шҽкіртіне 
жол  кҿрсетеді.  Сондықтан  да  Абай  тағлымдарының  тереңдігі  қазіргі  ҧрпаққа 
басты  қажеттілік  болып  отырған  рухани-адамгершілік  білім  беруде 
шҽкірттердің  жҥрегінде  ҧстаздар  арқылы  жол  тауып,  білім  берудің  барлық 
деңгейлеріде белсенді енгізілуі қажет 
 
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ҽ.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы. 2014 жылғы17қаңтар
, BNews.kz «www.bnews.kz» 
2.
 
Жаңафилософиялық энциклопедия , http://iph.ras.ru/elib 
3.
 
Петракова 
Т.И. 
Духовные 
основы 
нравственного 
воспитания 
http://www.twirpx.com 
4.
 
Абай Қара сҿздері.- Алматы: Ҿнер, 2010.-124 б.  
 
 
 
 
 
 

255 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет